алады.
Компанияның активтегі өзінің акциялар пакетін/қатысу үлесін сату туралы шешімі нарықтық
бағалау негізінде іске асырылады, сондай-ақ активті сатып алған кезде қарсы нарықтық бағалау
жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ӘКК-нің қарауында мынадай инвестициялық жобалар бар:
1) көпфункционалды сауда-логистикалық кешен, жобаның жалпы құны 56 420 000 мың теңгені
құрайды, оның 90 % құны инвесторды тарту есебінен жабылады, 10 %-ын инженерлік және
инфрақұрылымды тарта отырып, жер учаскесі түріндегі ӘКК үлесі құрайды. Өзін-өзі өтеу мерзімі 6-7
жыл. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың барлығына арналған қазіргі заманға сай келетін, әлемдік
талаптарға жауап беретін кешенді салу, көлеңкелі сауда ағындарын жария ету жолымен мемлекеттік
бюджетті толықтыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, 3 000 астам жұмыс
орнын ашу жоспарланып отыр.
2) жеке инвесторды тарта отырып, 500 тоннаға арналған жеміс сақтау қоймасын салу, жобаның
құны 243 410 теңге. ӘКК жобаға инженерлік желілерді және коммуникацияларды тарту шартымен жер
учаскесі болып кірді. Жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 4,5-5 жылды құрайды. Мақсаты тұтынушыға
дейін оңтайлы бағамен сапалы жеміс жеткізу болып табылады, сондай-ақ тиімді көтерме сауда
түйінін құруға мүмкіндік береді және елорданың азық-түлік қауіпсіздігі аймағын кеңейту
шеңберінде тағы да бір сатысы болады.
3) 5 000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын салу меншікті және бюджет қаражаты
есебінен жүргізілуде және 734 356 мың теңгені құрайды. Жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 7-9 жыл.
Мақсаты азық-түлік өнімдеріне сұранысты қанағаттандыру, азық-түлік тауарларының бағаларын
тұрақтандыру, әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындарды қолдау, отандық тауарлардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру болып табылады, Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын
іске асыруға жәрдемдеседі, салық төлемдерінің есебінен бюджет қаражатының қосымша ағыны;
4) энергоаудит (кәсіпорындарды энергетикалық тексеру), жобаның жалпы сомасы 6 000 мың
теңге, мұндағы 3 600 мың теңге жеке инвестордың қаражаты, ал 2 400 мың теңге ӘКК қаражаты.
Өзін-өзі өтеу мерзімі 1,5-2 жыл. Жобаға отынға, әртүрлі энергияға, суға және кейбір энергия
тасымалдауыштарға жұмсалатын шығындармен байланысты кәсіпорындар қызметінің барлық аспектілерін
бағалауды жүргізу жатады.
5) Италия технологиясы бойынша жеңіл және жүк автомашиналарына арналған отандық автомобиль
сүзгілерін өндіру, жоба 11 860 мың теңге тұрады, мұндағы ӘКК үлесі 5 811,326 теңгені құрайды.
Жоба перспективалық әлеуеттің болуын, отандық өндірушіні қолдауды, өнімнің нақты бағасын
қалыптастыруды көздейді.
Инвестициялық қызмет перспективалары.
Инвестициялық қызметтің рөлін жоғарылату мақсатында ӘКК мынаны жоспарлап отыр:
1) лизингтік қызметті жүзеге асыру;
2) шағын және орта бизнесті жаңғырту (өндірісті жаңғыртуды қаржыландыру, технологиялер мен
инновациялар трансферті);
3) бірлесіп қаржыландыру және даму институттарының нысаналы қаражатын экономиканың басым
салаларына тарту үшін мемлекеттік және жекешелік әріптестік қағидаты бойынша инвестициялық
жобаларды әзірлеу;
4) кепілдік беру жөніндегі салалық бағыттарды кеңейту және бизнесті дамытуды қолдаудың
басқа да түрлері;
5) шағын және орта бизнес өндіретін өнімді ынталандыру және экспортқа бағдарлау;
6) инновациялық бағдарланған жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
7) ӘКК рөлін насихаттау мақсатында әлеуметтік жобаларды қолдау;
8) біліктілігі жоғары техник-мамандарды оқытуға және даярлауға жәрдемдесу;
9) ӘКК акцияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) ресми тізіміне қосу;
10) шетелдік инвестициялар көлемін, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды жыл
сайын 2-3%-ға ұлғайту;
11) 2023 жылға қарай шетелдік, оның ішінде «Global-2000» тізіміндегі әріптестер санын
23-ке дейін ұлғайту;
12) барлық даму институттарымен, атап айтқанда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты»
АҚ-мен, «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен, «Astana
Innovations» АҚ-мен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен, «Техникалық даму жөніндегі ұлттық
агенттік» АҚ-мен және басқаларымен Астана қаласының қолайлы ахуалын дамыту бойынша кешенді өзара
іс-қимыл жасау жөнінде меморандумдар мен келісімдер жасасу.
Әртүрлі қаржыландыру көздерінен инвестициялар тарту бойынша қолайлы орта жасау үшін қаржы
институттарын құрамдастыру жоспарланып отыр:
1) ірі жобаларды екінші деңгейдегі банктермен, «Қазақстан даму банкі» АҚ-мен, «ҚазАгро»
ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен және «Еуразиялық
қайта құру және даму банкі», «Ислам даму банкі» шетелдік даму институттарымен, сондай-ақ
бизнесті қолдаудың басқа да қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру;
2) нақты инвестициялық жобалар бойынша қарыз қаражатын ӘКК-нің және шетелдік қаржы
құрылымдарының кепілдігімен тарту;
3) қаржы лизингі құралын дамыту және қолжетімді басқа қаржы құралдарымен құрылымдау;
4) борыштық бағалы қағаздар шығару.
ӘКК өсу әлеуеті мен кірістілігі жоғары жаңа секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар
аударатын болады. Жеке сектордағы денсаулық сақтау және білім беру жобаларын қоса алғанда,
туризм, фармацевтика, логистика мен көлік, баламалы энергетика, химия және мұнай химиясы,
қаланың сатып алуындағы қазақстандық қамтудың өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістерді дамыту
жобалары, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеке меншік сектормен әріптестік
қағидаттарындағы тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік басым секторлар болып табылады.
Жаңа секторларға инвестицияларды жүзеге асырған кезде ӘКК шағын және орта кәсіпкерліктің
коммерциялық мүддесін сақтау қағидатын басшылыққа алады.
2. SWOT-САРАПТАМА
Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
1) ұлттық компанияның мәртебесі;
2) Компанияның акционері Астана
қаласының әкімдігі болып табылады;
3) ӘКК-нің бизнес-жобаларды іске
асыруға арналған қаржылық емес
активтері болуы (жер ресурстары, жер
қойнауын пайдалану құқығы, басқа
мүліктер);
4) салалық саралау және көпбейінділік;
5) тиімді геосаяси орналасуы;
6) жоғары білікті еңбек ресурстарының
болуы;
7) Қазақстан Республикасының даму
институттарымен өзара байланысу;
8) аймақтың инвестициялық тартымдылығы;
9) нәтижеге бағдарланған іс-әрекет.
1) басқа қаржы даму институттарымен
қарым-қатынастың дамымағандығы;
2) қаржы-шаруашылық іс-әрекеттің әлсіз
көрсеткіштері (жыл қорытындысы бойынша
шығын 135 мың теңгені құрады);
3) қоржында ұзақ мерзімді, сонымен қатар
әлеуметтік-бағдарлы жобалардың болуы,
сол себепті қазіргі кезеңдегі
инвестициялық іс-әрекеттен әлеуметтік
тиімділік табу мүмкін емес;
4) шикізаттық бағытқа тәуелділік;
5) іскерлік тарапынан сенімсіздік;
6) ӘКК іс-әрекетінің алғашқы кезеңінде
жіберілген қателіктер зардабынан болған
күрделі қаржылық жағдай қалыптасуы;
7) кіші компаниялардағы жоғары дәрежелі
кәсіби мамандардың тапшылығы;
8) компания активтерін тиімсіз қолдану;
9) ӘКК-нің қазіргі іс-әрекеті мен
жобалары туралы бизнестің хабарсыз
болуы;
10) жобаны қарастыру барысында
қызметкерлердің өзара байланысқан
қызығушылықтарының болмауы;
11) инвесторларды тартуда