маңызды элементтері мыналар: ұлттық компаниядағы жұмыс; мансаптық өсу перспективалары; өңірлік
ауқымда еңбекақының жоғары деңгейі; бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері; инвестициялық
жобалармен жұмыс.
ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, қызметкерлер арасындағы өкілеттіктердің
аражігін нақты ажыратуға арналған лауазымдық нұсқаулықтар әзірленді.
ӘКК-нің жақсы имиджін қалыптастыру инвесторлар тартудың аса маңызды элементтерінің бірі
болып табылады, оны қалыптастыруға ӘКК қызметкерлері де қатысады. Осыған байланысты өзіңнің
кәсіптік біліміңді көрсетудің және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктеме берудің, сондай-ақ
құжаттарды, өтінімдерді уақтылы әрі жедел қараудың маңызы зор.
Персоналдың барынша беріліп жұмыс істеуге тарту, сондай-ақ кәсіпкерлердің кәсіпқойлығын
өсіру мақсатында қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру,
сондай-ақ менеджерлердің еңбегін бағалауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
ӘКК жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында әріптестермен, еншілес және тәуелді
ұйымдармен ұдайы «кері байланыс» ортану жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі, атап айтқанда
электронды құжат айналымы жүргізіледі, бұл қағазбен ресімдеуді азайтуға; ішкі құжаттардың да,
сыртқы құжаттардың да қозғалысын жылдамдатуға, сондай-ақ құжаттардың орындалуын тиісінше
бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелерін, еншілес және
тәуелді ұйымдарды және басқа да мүдделі тұлғаларды біріктіретін бірыңғай ақпараттық кеңістік
құру жоспарланып отыр.
Отандық және шетелдік инвесторларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін Компанияның
web-сайты құрылды, ол үнемі жаңартылып, Компания қызметі туралы ақпаратпен толықтырылып тұрады,
қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша форумдар ұйымдастырылатын болады.
Активтерді басқару (проблемалық активтерді оңалту)
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК ұйымдық құрылымына 3 еншілес және 5 тәуелді
ұйым кіреді.
ӘКК берілген активтермен үлкен жұмыс көлемін атқарды және оларды оңтайландыру бойынша оң
нәтижелерге қол жеткізілді. Алайда бүгінгі күні айтарлықтай қаражат жұмсауды талап ететін
бірқатар түйткілді мәселелер бар.
3-кесте. 2013 жылғы ӘКК еншілес және тәуелді ұйымдарының тізбесі
р/с
№
Атауы
ӘКК қатысу үлесі
1.
«Сапаржай Астана» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
100 %
2.
«Целинсельмаш» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
100 %
3.
«Астана Агро» сервистік-дайындау
орталығы жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
ӘКК үлесі «Целинсельмаш Астана»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
арқылы 95 % және «Сарыарқа Агро»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
арқылы 5 %
4.
«Сарыарқа-Агро» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
100 %
5.
«RBS Techologies» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
49 %
6.
«Astana service» басқарушы компаниясы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
49 %
7.
«Ас Арго» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
20 %
8.
«Агростар KZ» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
49 %
ӘКК қаржылық сауықтыру және шығынсыздық деңгейіне шығу мақсатында қаржылық сауықтыру
жөнінде жұмыс жүргізіп отыр. Жобаларды табысты іске асырған жағдайда ӘКК 2014 жылы шығынсыздық
деңгейіне шығуды жоспарлап отыр.
Инвестициялық қызмет
Инвестициялық қызмет ӘКК қаржылық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, ол әлеуметтік
және экологиялық мәселелермен байланысты міндеттерді шешудің бастамашысы бола отырып,
мемлекеттік инвестициялық саясат пен жеке бизнестің арасындағы байланыстырушы буын болып
табылады.
ӘКК инвестициялық саясатының негізгі мақсаттары инвестициялық қызметке қажетті қаржы
ресурстарын жұмылдыру, инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне жол бермеу және күрделі
салымдардың белсенділігін арттыру болып табылады.
ӘКК-нің даму институттары беретін құралдардың ауқымды спектрін пайдалануы бірлесіп іске
асырылатын жобаларда тәуекелдерді басқаруды тиімді бөлу және бақылау мүмкіндігімен ӘКК-нің
инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде икемді тәсілге ықпал етеді. Негізінен, жеке
бизнеспен ынтымақтастық жөніндегі жобалар жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында
кәсіпорындар құру жолымен ғана жүргізіледі, мұндағы ӘКК-нің үлесі жарғылық капиталға жер
учаскелері мен мүлік салымы ретінде бағаланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы
мақұлданған
қаулысымен
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес
ӘКК инвестор мен инвестицияларға қолайлы жағдайлар жасау арқылы өңірге инвестициялар тартуға
қатысып, тіршілікке бейім бастамаларды қолдауға тиіс.
Қалыптасу жылдарында ӘКК қала экономикасына жалпы құны 1 702 млн. теңге инвестиция тартты,
олар экономиканың басым салаларына жіберілді.
ӘКК өңірдегі өсу нүктелерінде индустриялық даму, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы және басқа да салалардағы жобаларды іске асырады.
Компанияның инвестициялық саясаты мынадай мінедттерді шешуге бағытталған:
1) экономиканың нақты секторындағы жобаларды іске асыруға жеке капиталды белсенді түрде
тарту;
2) әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп қаржыландыру;
3) өндірілген өнімді тұтынушылық нарыққа тиімді ілгерілету жүйесін құру (коммуналдық
базарлар, сауда үйлері), сыртқы нарықтарға экспорт;
4) инновациялық бағытталған бизнес бастамаларды қолдау;
5) ӘКК-нің инвестициялық артықшылықтары мен жетістіктерін ілгерілету.
Компания инвестициялық жобаға жобаның ең бастапқы сатысында (start-up) немесе даму
сатыларында кіреді.
Бизнес-жобаларға қатысу тұрғысынан оларды қарау кезінде ӘКК әлеуметтік бағытталған, яғни
құрамында экологиялық құрамдасы бар, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, халық денсаулығын
жақсартатын жобаларға, сондай-ақ рентабельділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің мәні
неғұрлым жоғары, инновациялар мен технологиялар трансфертін енгізетін жобаларға басымдық береді.
Жобадан шығу ӘКК-нің даму тұржырымдамасына сәйкес мынадай негізгі өлшемдер бойынша жүзеге
асырылады:
1) ӘКК-нің жобалық компаниядағы акцияларын/үлесін сатудан алынған кіріс ӘКК-нің жобалық
компанияға инвестицияларын және осы инвестициялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін жабады;
2) жобалау компаниясында инвестициялық жобаны ӘКК-нің қатысуынсыз іске асыру
перспективалары бар.
Бұдан басқа, ӘКК инвестициялардың құнсыздану қаупі болған кезде инвестициялық жобадан шыға