Қоғамының 014 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы тамыздағы №890 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»



жүктеу 229,87 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата20.11.2018
өлшемі229,87 Kb.
#22303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

барынша азайту үшін оларды сақтау кезіндегі технологияларды пайдалану қажет.

      Азық-түлік шикізаты мен дайын өнімді сақтау тамақ өндірістеріндегі кез келген

технологиялық процестің бастапқы және соңғы сатысы болып табылады. Оның қажеттігі шикізат пен

өнім өндірісі маусымдық, ал тұтыну – жыл бойғы сипатта болатынымен негізделген. Бұл операцияның

басты міндеті белгілі бір уақыт ішінде, кейде тіпті ұзақ уақыт бойы шикізаттың саны мен сапасын

сақтау болып табылады. Сақтау шарттары мен мерзімдері көкөніс пен жемістерді сақтаудың

технологиялық циклін, қоймаға орналастыруды және қоймалардың санитарлық-гигиеналық жағдайын

белгілейді.

      Экологиялық факторлар

      Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде өндіріс күштерін орналастыру кезінде экологиялық

фактордың маңызы ерекше, өйткені ол табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланумен және тұрғындар үшін

қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

      Табиғатты пайдалануды басқару жүйесі жаһандық, өңірлік және орман сияқты барлық

деңгейлерін икемді үйлестіру есебінен экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз етуі тиіс.

Ұлттық мүддеге бағынышты табиғат пайдалануды басқарудың өңірлік жүйесінің қызмет етуіне жағдай

жасайтын нысаналы мақсаты болады, оның қатарына табиғатты пайдалануды оңтайландыру, табиғи

ресурстарды алудың лимиттерін белгілеу, табиғи экожүйелерге экологиялық ауыртпалықтың шектеулі

өлшемдерін белгілеу, тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту, экологиялық басымдықтарды

ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын түзету жатады.

      Ішкі ортаны талдау

      Компанияның ішкі ортасы – компания ішіндегі жағдайға орай факторлар. Басқару тетігі алға

қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізу үшін басқарудың барлық деңгейлері мен

басқарудың функционалдық салаларының оңтайлы өзара іс-әрекет етуіне қол жеткізуге бағытталған.

Басшылықтың назарын талап ететін компанияның өзіндегі негізгі өзгерістер мақсаттар, құрылым,

міндеттер, технологиялар және адамдар болып табылады.

      Ішкі ортаға терең және мұқият талдау басқару шешімдерін қабылдауға қажетті алғышарт болып

табылады. Экономикалық ақпарат – бұл фирма ішіндегі болып жатқан процестерді нақты көрсету.

Мұндай ақпаратсыз және талдаусыз ӘКК тиімді қызмет етуі мен өндірістік қызметін дамыту мүмкін

емес.

      ӘКК алдына қойылған міндеттерді іске асыру инфрақұрылымды жасау, өңірдегі іскерлік



белсенділікті арттыру және инвестициялар тарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік

проблемаларды және міндеттерді шешуге жәрдемдесу арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын

жақсартуға мүмкіндік береді.

      Ұйымдық қалыптасуы.

      Компания «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік

қоғамын (бұдан әрі – «Сарыарқа» ӘКК) қайта ұйымдастыру жолымен құрылған. Акционерлердің Жалпы

жиналысының 2010 жылғы 26 мамырдағы шешімін орындау үшін «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және

өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Сарыарқа» ӘКК-нің барлық дауыс беруші акцияларын

иеленуші тұлға бола отырып, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ны ірі кәсіпкерлік субъектілері ретіндегі үш

акционерлік қоғамға бөлу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының 

 орындау


Заңын

үшін ӘКК-ге ұлттық компания мәртебесі берілді.

      ӘКК заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы

заңнамасы мен Жарғының негізінде жүзеге асырады. ӘКК-нің заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты

2013 жылғы 18 қарашада заңды тұлғаны қайта тіркеу жүргізілді.

      Жұмыс істеген жылдары, негізінен ӘКК-нің қалыптасуының ұйымдастырушылық кезеңі аяқталды:

      1) ұйымдық құрылым мен еңбекақы төлеу жүйесі қалыптасты;

      2) ӘКК қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар топтамасы әзірленді;

      3) жарғылық қызметті жүргізу үшін бастапқы ресурстар қалыптастырылды (қаржы активтері,



жер, мүлік);

      4) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, даму

институттарымен, сондай-ақ кәсіпкерлердің қауымдастықтарымен және бірлестіктерімен өзара

іс-әрекет орнатылды.

      Қаржылық көрсеткіштер

      ӘКК активтерінің теңгерімдік құны 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 7 755 403 мың

теңгені құрады, оның ішінде:

      қысқа мерзімді активтер – 1 694 762 мың теңге;

      ұзақ мерзімді активтер – 6 060 641 мың теңге;

      2013 жылғы пайда 10 086 мың теңгені құрады;

      қызметкерлердің штат саны – 29 адам.

      ӘКК-нің негізгі қаржылық нәтижелерін талдау қазіргі уақытта ӘКК-нің қалыптасу және

мемлекеттен берілген активтерді айналымға тарту кезеңінде тұрғанын көрсетіп отыр. Активтердің

құрылымы, негізінен, қомақты инвестицияларды талап ететін және ұзақ мерзімді перспективада кіріс

түсіретін активтер болып табылатындықтан, бұл активтерден түсетін пайда инвестициялаудың 5-7

жылдық кезеңі өткеннен кейін ғана шоғырлана бастайды деп межеленіп отыр.

      Корпоративтік басқару жүйесі

      Құрылымы:

      1) жоғары орган – жалғыз акционер;

      2) басқару органы – ӘКК Директорлар кеңесі;

      3) директорлар кеңесінің төрағасы – Астана қаласының әкімі;

      4) атқарушы орган – төраға басқаратын басқарма.

      Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, ӘКК-нің қызметін жалпы

басқаруды ӘКК-нің Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Басқарма алқалы орган болып табылады және

жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған функцияларды

қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін ӘКК-нің ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге

асырады. Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін,

сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды айқындайды. ӘКК басқарудың қазіргі

моделі, ең алдымен, оның ұйымдық-құқықтық нысанымен және ӘКК-нің негізгі қызметінің

ерекшелігімен негізделген.

      ӘКК басқару құрылымы иерархиялы жүйе түрінде түзілген, оның негізінде төмен тұрған,

басқару субъектілерінің жоғары тұрғандарына бағынуына негізделген «тігінен» бақару моделі жатыр.

Жергілікті атқарушы органдар мен ӘКК-нің өзара іс-қимыл жасауы корпоративтік басқару

қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тиімді корпоративтік басқаруды жүзеге асыру мақсатында ӘКК корпоративтік басқару кодексін,

сондай-ақ тұтас ӘКК қызметін де, еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

мәселелерін де регламенттейтін басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеп, бекітті.

      Тиімді басқару моделін, тиімділікті және ашықтықты жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін ӘКК

үздік әлемдік практикада бар заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізетін болады,

сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру жөнінде жоспар әзірлейді.

      Тиімді менеджмент жүйесі енгізіледі, оның нарықтық жағдайларда жұмыс істеуіне байланысты

барлық тәуекелдерді анықтауға бағытталған ішкі бақылау және мониторинг тетіктері реттеледі.

      Корпоративтік басқару тиімділігін бағалау жыл сайын жүргізілетін корпоративтік басқару

рейтингінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      Кадр саясаты.

      ӘКК-нің кадр саясаты біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін

қызметкерлердің кәсіпқой құрамын қалыптастыруға бағдарланған. Персоналды ынталандырудың аса



жүктеу 229,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау