қызметкерлердің мотивациясының болмауы;
12) өтінімдерді қарауда регламенттің
болмауы және сақталмауы.
Мүмкіндіктер
Қауіптер
1) жергілікті атқарушы органдар
тарапынан қолдаулар болуы;
2) мемлекеттік активтерді алудағы
басымдылық пен құжаттарды қысқа
мерзімде қарастыру;
3) инвестициялық жобаларды іске асыруға
бюджеттік инвестициялар алу;
4) шетелдік инвестицияларды тарту;
5) шағын және орта бизнеске
ынтымақ-қолдау жасау;
6) мемлекеттік бағдарламаларға қатысу.
1) ӘКК іс-әрекетінің қорытынды қаржы
нәтижесіне ықпал ететін дивиденттердің
қайтарылмауымен байланысты шығынның,
қаржы шығынының, сәйкес емес тәуекелдің
ұлғаюы және ӘКК-нің 2014 жылға шығынсыз
өтуін баяулатады;
2) соңғы қарызгердің міндеттемелерді
орындамауы және алынған активтердің
мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда
құнсыздануы;
3) стратегиялық мақсаттарға қол
жеткізілмеуі;
4) импорттық өнімнің бәсеке
қабілеттілігі өсуі;
5) инфляция, қаржылық дағдарыс.
Миссиясы және пайымы
ӘКК миссиясы Астана қаласының әкімдігімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз
іс-әрекет ете отырып, мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша кәсіпкерлік қызмет
негізінде қаланың дамуына жәрдемдесуге бағытталған.
ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өсу нүктелеріндегі экономикалық белсенділікті,
оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы, ынталандыратын және бәсекеге қабілетті тұрақты
өндірістерді қалыптастырушы катализатор ретіндегі дамудың өңірлік институты болмысында таниды.
Мақсаты – мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру негізінде ӘКК-нің белсенді
инвестициялық саясатын жүргізу арқылы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуі.
ӘКК-нің негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлік қызметті дамыту және отандық тауар өндірушілердің инвестициялық
тартымдылығын арттыру;
2) Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру;
4) қолөнершілікті дамытуды қолдау және ынталандыру;
5) инновациялық технологияларды, энергия үнемдеуді, импортты алмастыруға және экспортқа
бағдарланған өндірілген өнімнің халықаралық сапа стандарттарын енгізу негізінде жоғары
технологиялық өндірістер құру;
6) әлеуметтік маңызы бар жобалар мен қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнестің
жобаларын іске асыру арқылы тұрғындардың өмір сүруінің сапа деңгейін арттыру;
7) өндірістердің, оның ішінде пайдасыз ұйымдарды қайта құру негізінде құрылғандардың
бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8) қолданыстағы және компанияға берілетін активтердің негізінде тиімді және қажетті
өндірістер құру.
Басымдықтар:
1) Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру.
ӘКК даму стратегиясын іске асыру кезеңдері
1-кезең – 2014 – 2015 жылдары
Бұл кезеңде ӘКК-нің әлсіз жақтарын күшейту және күшті жақтары мен мүмкіндіктерді барынша
пайдалану жолымен болуы мүмкін тәуекелдерді жою жұмыстары жүргізіледі, мұның өзі ӘКК-ге
стратегияның келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде мынадай нәтижелерге
қолжеткізуді ұйғарады:
1) шығынды қызметі бар еншілес кәсіпорындарды сауықтыру;
2) дебиторлық берешекті өтеу;
3) инвестициялық ахуалды жақсарту;
4) имиджді көтеру жөніндегі белсенді насихаттау жұмысы.
2-кезең – 2016 – 2023 жылдары
Бұл кезеңде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізу жөніндегі толық ауқымды
жұмыс жүргізілетін болады, оларды іске асыру мынадай нәтижелерге қолжеткізуге көмектеседі:
1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
2) жоғары қосылған құны бар, экспортқа бағдарланған отандық өнімдерді өткізу, кәсіпкерлік
субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу қызметінің тиімділігін
арттыру үшін берілген компаниялардың нәтижелілігін басқару жүйесін жақсартуды қамтамасыз ету –
активтерді қайта құрылымдау және ӘКК құрамына кіретін еншілес және тәуелді кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігінің жаңа сапалы деңгейіне қолжеткізу;
4) ӘКК-нің еншілес кәсіпорындарының қор нарықтарына шығуы, сондай-ақ ӘКК-ні бастапқы
орналастыруға (ІРО) дайындауды қамтамасыз ету;
5) ӘКК инвестициялық қоржыны көлемінің өсуін қамтамасыз ету.
3. Қызметтің стратегиялық бағыты (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттар, қызметтің түйінді
көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер.
ӘКК алдына қойылған міндеттердің шеңберінде қызметтің мынадай басым бағыттары белгіленген:
1) өңірдің өсу нүктелеріне инвестициялар тарту және онда жаңа өндірістер құру;
2) коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру;
3) активтердің құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін арттыру.
1-ҚСБ. Өңірдің өсу нүктелеріне инвестициялар тарту және онда жаңа өндірістер құру.
Мақсаты:
1) өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетелдік инвестицияларды
тарту жұмысын жандандыру;
2) өңірге жаңа (инновациялық) технологияларды тарту және енгізу.
1-мақсат. Өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетелдік
инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру.
Міндеттер:
1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті
өндірістердің жаңаларын құру және қолданыстағыларын жаңғырту;
2) перспективалық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша
іске асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;
3) әлеуетті нысаналы инвесторларды іздестіру және айқындау;
4) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске