2014 жылғы 1 қаңтарға шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындарының саны 6 008
бірлікті
құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 %-ға ұлғайды.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында жұмыспен
қамтылғандар саны 49,8 мың адамды құрады (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2 %-ға
ұлғайды).
2013 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында ШОК өндірген өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің көлемі 9,2 %-ға ұлғайып, 315 030 млн. теңгені құрады.
ШОК қолдау аясында инвесторларды қолдау орталығын (бұдан әрі – ИҚО) құру жоспарланып, оның
базасында кәсіпкерліктің негізін оқытатын экспресс-курстар ұйымдастырылады. Негізінен
кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетін
болады. Бұдан басқа, ИҚО өңірдің әлеуметтік деңгейін жақсарту мен инвестицияларды тартуға ықпал
етеді.
Қаладағы инвестициялық
жағдайды бағалау
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 545 705,2 млн теңгені (2012 жылдың деңгейіне
қарағанда 85,0 %) құрады. Негізгі капиталға республикалық көлемде жасалған инвестициялардағы
Астана қаласы үлесінің көлемі 9 % (2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 11,3 %) құрады.
Қаражатты негізгі капиталға салудың негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың меншікті
қаражаты болып табылды – 252 501,7 млн. теңге (46,3 %), бюджет қаражаты – 207 052,6 млн.
теңгені (37,9 %), қарыз қаражаты 84 789,3 млн. теңгені (15,5 %), шетелдік қаражат 1 355,6 млн.
(0,2 %) теңгені құрады.
2-кесте. Қаржыландыру көзі бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы
Көздер
2013 жылғы қаңтар-желтоқсан
2012 жылға
млн. теңге
қорытындыға
%-бен
Негізгі капиталға инвестициялар,
барлығы, оның ішінде мыналардың
есебінен:
545 705,2
100,0
85,0
республикалық бюджет
191 323,1
35,1
94,7
жергілікті бюджет
15 735,5
2,9
64,2
кәсіпкерлердің, мекемелердің және
тұрғындардың жеке қаражаты
252 501,7
46,3
72,3
шетелдік инвестициялар
1 355,6
0,2
36,6
қарыз қаражаты
84 789,3
15,5
135,4
Ғимараттар мен құрылыстарды салу мен күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар салымдардың негізгі
құрамдас бөлігі болды, олардың үлесіне 60,2 % немесе 328 716,1 млн.теңге тиесілі. 2012 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,1 %-ды құрады.
Машиналар мен жабдықтарды, құралдар мен мүкәммалды сатып алуға инвестициялардың жалпы
көлемінің 36,2 %-ы тиесілі болды, бұл 2012 жылға қарағанда 24,5 %-ға аз.
Есепті кезеңде қала кәсіпорындары, ұйымдар мен тұрғындар жалпы ауданы 1 101 023 шаршы метр
тұрғын үй салып, пайдалануға берді (оның ішінде пайдалы ауданы – 834 872 шаршы метр), бұл 2012
жылғы деңгейден 14,8 %-ға төмен. Тұрғын үйдің негізгі көлемін жеке меншік нысанындағы
кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындар пайдалануға берді.
Тұрғын үй құрылысына барлығы 91 347,4 млн. теңге жұмсалды, бұл 2012 жылғы деңгейден 36,3
%-ға жоғары.
Пайдалы инвестициялар тарту міндеттерін құрылған «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық
аймағы (бұдан әрі – АЭА) шешеді. Ол бүкіл әлемде өңірге инвестициялар ағынын ынталандыру құралы
ретінде пайдаланылатын «еркін экономикалық аймақ» рөлінде әрекет етеді.
Ауданы 7,5 мың гектар АЭА аумағы 2 аймақты қамтиды: ауданы 1 031,2 гектар өнеркәсіптік
аймақ және ауданы 6 531,1 гектар әкімшілік-іскерлік аймақ.
АЭА құрылған кезден бері жобаларды іске асыру кезінде оның аумағына 2,0 трлн. теңгеден
астам инвестициялар тартылды, олардың 50 %-ы игерілді (1,2 трлн. теңге).
АЭА аумағы өнеркәсіптік аймақ пен әкімшілік-іскерлік аймақты қамтиды.
Әкімшілік-іскерлік орталықтың аумағында әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй
объектілерін салу көзделеді. Бүгінгі күні 42 жоба іске асырылуда, бұлар – тұрғын үй, әкімшілік,
әлеуметтік-мәдени объектілер.
АЭА өнеркәсіптік аймағының аумағына қазірдің өзінде 194 млрд. теңге сомасына 50 жоба
тартылды, оның ішінде 13 өндіріс 51,3 млрд. теңге инвестиция көлемімен іске қосылды, олардың
қатарында шетелдік инвесторлардың қатысумен тікұшақ құрастыру және оларға қызмет көрсету
жөніндегі «Еврокоптер» (Франция), локомотив құрастыру жөніндегі «GE» (АҚШ), жолаушылар
вагондарын «Talgo» (Испания), электровоздар «Alston» (Франция) құрастыру жөніндегі, фото-электр
модульдерін шығаратын зауыттар (Франция) бар.
Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
былайша қалыптасты.
2010 жылдан бастап 2013 жылдың 7 айы ішінде аталған кәсіпорындар қызметінің бүкіл
кезеңінде 183,8 млрд. теңге сомасына өнімдер шығарылып, қызметрер көрсетілді, оның ішінде 2013
жылдың басынан бері – 50,9 млрд. теңге.
Қызметтің бүкіл кезеңінде бюджетке төленген салықтар мен салықтық түсімдердің көлемі 15,1
млрд. теңгені, оның ішінде 2013 жылдың басынан бері 5 млрд. теңге сомасын құрады.
Жұмыс орындарының саны 1 693-ті құрады.
2013 жылдың соңына дейін инвестициялар көлемі 15,9 млрд. теңге сомасын құрайтын 8
өндірісті іске қосу жоспарланған, бұлар – Түркияның «ASELSAN» компаниясымен бірлескен
электронды-оптикалық аспаптар, шыныдан жасалған бұйымдар мен шыны пакеттерінің, құрылыс
материалдарының, жиһаздың, трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі мен аффинаж зауыты.
Қалған 29 жобаны 2016 дейін іске асыру көзделген, олар қазіргі уақытта құрылыс және
жобалау сатысында.
Жобалардың көпшілігі ішкі нарықты молықтырғаннан кейін экспорттауға бағдарланғанын атап
өту керек. 2012 жылдан бері бүгінгі күнге дейін 2,7 млрд. теңге сомасына 4 бірлік көлемінде «GE»
локомотивтері экспортқа шығарылады, жоспарда Тәжікстан, Өзбекстан, Украина мен Қырғыз елдеріне
12,0 млрд. теңге сомасына локомотивтер экспорттау бар.
Жобаларға өтінім берушілерді мемлекеттік қолдау шеңберінде өнеркәсіптік аймақтың аумағынан
қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері беріледі, ол бюджет қаражатының
есебінен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ АЭА жеңілдікті режимі көзделген. Инвесторлар құрылыс
мақсаты үшін АЭА аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сату жөніндегі айналымдарға салынатын қосылған құн салығынан босатылған. Толықтай объектілер
құрылысында пайдаланылатын тауарлар мен жабдықтарды сату кезінде нөлдік салық мөлшерлемесі
пайдаланылады. Инвесторлар объектілер құрылысы жүргізілетін жер учаскесін жалға алғаны үшін
төлемақы төлеуден 10 жылға дейін босатылған.
Бұдан басқа, арнайы экономикалық аймақтың аумағы еркін кедендік аймақ режимі қолданылатын
аумақ ретінде қаралады.
№ 1 индустриялық парктің жобалармен толығуына байланысты бүгінгі күні өнеркәсіптік
аймақтың шекарасы кеңейтілді – ауданы 433 гектар № 2 индустриялық парк құрылды. Қазіргі уақытта
инфрақұрылым салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.
№ 1 индустриялық парктің мәлімдеген жобаларының бәрін іске қосу және № 2 индустриялық
парктің аумағына индустриялық-инновациялық жобаларды тарта отырып, оның инфрақұрылымын салу
таяудағы перспективаға арналған жоспар болып табылады.
Қаладағы инвестициялық белсенділікті бағалау
2013 жылдың қорытындысы бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда
1 622 инновация мен республикадағы инновациялық қызметпен айналысатын 982 кәсіпорын бар, олардың
ішінде Астана екінші орынды (Алматы қаласынан кейін) иеленеді, мұнда 107 кәсіпорын мен ұйым
инвестициялық қызметін жүзеге асырады.
Бұған қарамастан, инновациялар саласындағы Астана қаласының белсенділігі орташа 7,5 %
күйінде, ал пассивтілік деңгейі жоғары (92,5 %) күйінде қалып отыр.
2013 жылы Астанада 1 796 респонденттің 134-інде инновациялар тіркелген, оның 122-сі
технологиялық инновациялар болып табылады.
2013 жылы Астанада инновациялық өнімдердің жалпы көлемі 4 787 млн. теңгені құрады, 23
687,9 млн. теңге болатын орташа республикалық деңгейді ескерсек, бұл төмен болып саналады.
Осылайша, инновациялық өнім көлемі жағынан Астана Алматы қаласынан, ШҚО, Павлодар, Қарағанды
облыстарынан артта.
Дегенмен, 2013 жылы инновацияларға жұмсалған шығыстар бойынша басқа өңірлермен
салыстырғанда Астана алда, өткен жылы инновацияларға 105 млрд. теңге жұмсалған. Бұл ретте, осы
шығыстардың құрылымында инновациялық гранттар бар болғаны 2 %-ды, кәсіпорындардың меншікті
қаражаты – 27 %-ды, республикалық бюджет шығыстары – 24 %-ды құрады.
Инновациялық қызметпен айналысатын 107 кәсіпорынның ішінен қалада жаңа технологияларды,