Әдістемелік нұсқау Нысан
Н СО ПМУ 7.18.2/05
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
050301 «Құқықтану» мамандығы студенттеріне арналған
ҚР Еңбек құқығы пәні бойынша
Пәнді оқыту бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
Еңбек құқығы пәнінің қысқаша сипаттамасы – Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек заңдылығын қолдану тәжірибесінде бірнеше мәселелер туындады.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес «Құқықтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған.
Еңбек құқығының пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланыста қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылымы пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады.
Еңбек құқығы пәнінің міндеттері: студенттердің аталған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы бөлімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтық қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.
Пререквизиттер
Еңбек құқығы пәнін оқығанда қажетті пәндер тізімі:
1 Мемлекет және құқық теориясы
2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
3 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Студент әртүрлі дәуірлердегі көрнекті ғұламалардың саяси және құқықтық ілімдерін салыстыра білуге дағдылану керек.
Студент аталған пәнді оқып, үйренген соң қазіргі кезде ғалым-құқықтанушылар бағыттаған ғылыми зерттеу тәжірибелері мен теорияларын студенттің күнделікті өмірде қолдана білуі керек.
Курсты оқытудың қорытында кезеңінде студенттің алған ең аз мөлшердегі білімі, білігі және машығы: оқу үрдісінде студенттер жалпы білімнің теориялық мәселелері, ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттары жөнінде білім алуы қажет, сонымен қатар тәжірибелік жағдайларды шешуде қолданатын нормативтік-құқықтық актілерді қолдану және сараптау жөнінде біліктену және машықтану қажет.
1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.
Еңбектік қызмет және еңбектік қатынастар.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі және ұлттық құқық жалпы жүйесінде алатын орны. Еңбек құқығының пәні: еңбек заңдылығымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер, жеке еңбек ұжымдық шарттармен бекітілген қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісімдер негізінде туындайтын құқықтық қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 1 апта.
2-тақырып. Қазақстан республикасы еңбек құқығының қағидалары.
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясында қағидалардың жіктелуі, мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың арақатынасы.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 2 апта.
3-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.
Еңбек құқығының субъектілерінің түсінігі және түрлері. Еңбек құқығының субъектілерінің еңбектік құқық субъектілері, оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі. Еңбек құқығындағы арнайы құқық субъектілігі.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 3 апта.
4-тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.
Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі. Әлеуметтік әріптестік мақсаттары, қағидалары, жүйесі, нысандары. Әлеуметтік әріптестік тараптары. Әлеуметтік әріптестіктің мазмұны.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 4 апта.
5-тақырып. Жеке еңбек шарты.
Шарт туралы білімнің жалпы мазмұны. Жеке еңбек шартының түсінігі, олардың түрлері. Жеке еңбек шартының тараптары. Жеке еңбек шарты бойынша еңбек функциясы мен жұмыс орнының түсінігі. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі. Жеке еңбек шартының мазмұны мен мерзімі. Жеке еңбек шартының нысандары.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 5 апта.
6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
Жұмыс уақытының түсінігі және оның белгілері. Жұмыс уақытының түрлері. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. Жұмыс уақытының қысқартылғын ұзақтығы. Толық емес жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талаптары және тәртібі.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 6 апта.
7-тақырып. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.
Жалақының түсінігі және еңбегі үшін көтермелеудің басқа да түрлерінен айырмашылығы. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жалақының функциялары. Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері. Жалақының минималды шегі. Ең төмеңгі жалақы, өмір сүру деңгейі, айлық есептік көрсеткіштің арақатынасы.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 7 апта.
8-тақырып.Еңбекті қорғау.
Еңбекті қорғау түсінігі және қағидалары. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай азаматтардың азаматтардың қонституциялық құқығы. Еңбекті қорғау бойынша заңдылық. Еңбекті қорғауды және өндірістік санитарияның жалпы және арнайы нормалары. Қызметкердің еңбекті қорғау құқығының кепілдігі.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 8 апта.
9-тақырып. Еңбек даулары.
Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері. Азаматтардың жеке және ұжымдық еңбек дауларына конституциялық құқығы, ереуілге құқықты қосқанда. Еңбек дауларын қарайтын органдар.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 9 апта.
10-тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.
Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу пәні, әдісі және қағидалары.
Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің субъектілері. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҮ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ, ТМД актілері). Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҮ стандарттары, еңбектің аумақтық стандарттары).
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 10 апта.
11-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.
Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және олардың жіктелуі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының сала жүйесі және ғылым жүйесі.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 11 апта.
12-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы. Республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібі және еңбекке қабілетсіз азаматтарды қаржыландыру. Жергілікті бюджет әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көздері.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 12 апта.
13-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі.
Еңбек өтілінің құқықтық мәні және оның түрлері. Жалпы еңбек өтілі. Жалпы еңбек өтіліне кіретін уақыт кезеңі. Жалпы еңбек өтілін есептеу тәртібі. Жалпы еңбек өтілін офицерлерге, прапорщик (мичмандарға), ішкі істер органдары құүрамының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі жүйесіндегі қылмыстық-атқарушы жүйесінің Комитеті, қаржы полициясы органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызметі және оларға теңестірілгендердің өтілін есептеу.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 13 апта.
14-тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.
Еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру түсініг. Зейнетақылық төлемдердің басқа ақшалай төлемдерден айырмашылығы(жәрдемақы, жалақы, алимент, өтемақы және т.б.) Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы: негізгі бағыттары, жүзеге асыру талаптары және даму үрдісі.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 14 апта.
15-тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.
Жинақтаушы зейнетақылық жүйенің ерекшеліктері. Зейнетақылық жинаулардың сақталуының кепілдіктері. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі және түрлері. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу. Зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт, оның орны және зейнетақылық қамсыздандыру жүйесіндегі ролі, шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік.
Бақылау нысаны. Ауызша.
Мерзімі: 15 апта.
Достарыңызбен бөлісу: |