ИНФОРМАТИКА
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.
Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып, құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.
Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:
ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;
ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;
әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың ролі;
оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.
Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:
ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);
оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау пригциптері, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).
Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.
2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың міндеттері ҚР БжҒМ-нің 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген ҚР орта жалпы бiлiм берудің “Информатика” пәні бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (ҚР БжҒМ-нің 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген) негiзiнде жүзеге асырылады.
Базистiк оқу жоспарында мектептiң негiзгi сатысында (7-9 сыныптарда) информатиканы оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 102 сағат, оның iшiнде:
7 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
8 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
9 сыныпта - аптасына 1сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.
Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген (2002 ж.) және де онда 11-жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2009-2010 оқу жылдарында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады.
Базистiк оқу жоспарында 10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда информатикаға және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын арттыра алады.
7-9 сыныптарда информатиканы оқытуда 7-сыныпқа арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы: РОНД, 2003 (ҚР БжҒМ-нің 11.03.2003 ж. № 148 бұйрығымен бекітілген); 8-9-сыныптарға арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы, 2004 (ҚР БжҒМ-нің 12.05.2004 ж. № 405 бұйрығымен бекітілген) пайдаланылатын болады.
ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 18.10.2005 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген Информатиканы 10-11 сыныптарда оқыту үшін келесі бағдарламалар қолданылады: Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006. Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
Бағдарламаға ескерту. Бағдарламада техникалық қате жіберілген. Сондықтан 3-беттегі берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: «10-11 сыныптарда информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген».
2009-2010 оқу жылында білім беру ұйымдарына пайдалануға рұқсат етілген оқулық басылымдарының тізбесі ҚР БжҒМ-нің 03.04.2009 ж. № 160 бұйрығымен бекітілген және оған сәйкес 7-9 сыныптарда келесі оқулықтармен оқыту жалғасатын болады:
7 сынып. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамура, 2007
8 сынып. Информатика. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008
9 сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2006.
Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). – Алматы: Жазушы, 2006.
7-11 сыныптарда мектептерге сәйкес келесі оқу-әдістемелік кешендерін қолданылу ұсынылады:
7-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.
7-сынып. Информатикадан практикум. Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.
8-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Е.Шевчук, Н.Кольева, Н.Завертунова. - Алматы: Мектеп, 2008
8-сынып. Информатика. Жұмыс дәптері. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008
9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Әдiстемелiк құрал. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Есептер мен жаттығулар жинағы. Б.Бөрібаев, Р.Дузбаева, А.Махметова – Алматы: Мектеп, 2009
9-сынып. Информатика (Паскаль). - әдістемелік құрал. - Н.Ермеков, .Криворучко, Л.Кафтункина - Алматы: Мектеп, 2009
10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Ермеков Н., Криворучко В.А., Заречная О. – Алматы: Жазушы, 2006.
10-сынып. Информатика. Дидактикалық құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006.
10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Шпигарь – Алматы: Жазушы, 2006
10-сынып. Информатика. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006
Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат қоса алады. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.
Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау» және т.б.
Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі информатиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.
Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін негізгі материалдар болып табылады. Сонымен бірге оқу үрдісінде информатика пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ ретінде оқыту үшін қосымша оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық және техникалық лицейлерде, физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd - 2008» және т.б. баспалардан шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық оқу құралдарын қолдануға болады.
Ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқыту үшін осы тілдерде аударылған оқулықтар қолданылады.
Информатиканы оқыту бағдарламаларын арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т.б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Мектептің кітапхана қорында «Информатика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |