Архивтану саласында негізгі ұғымдар терминологиясы
Арнаулы мемлекеттік архив –Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі
2) Архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) архив коллекциясы – қор құрушылар қызметінде қалыптасқан, бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
4) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
5) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
6) архивтік құжаттарды есепке алу (бұдан әрі – есепке алу) – есепке алу бірліктерінде архивтік құжаттардың саны мен құрамын белгілеу және әрбір есепке алу бірлігінің белгілі бір кешенге және олардың есепке алу құжаттарындағы жалпы санына тиесілігін тіркеу;
7) архивтік құжаттарды пайдаланушы – ақпаратты пайдалану мақсатында алу үшiн архивтік құжаттарға жүгінетін жеке немесе заңды тұлға;
8) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі – ретке келтіру) – архивтік құжаттарды сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
10) архив ісі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастырумен, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құрумен, архивтік құжаттарды жинауды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды ұйымдастырумен байланысты қызмет саласы;
11) аса құнды құжат – Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының баға жетпестей тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар архивтік құжаты;
12) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – заңды тұлғалардың құжаттама жасау және құжаттарды жасау, алу кезінен бастап архивтік сақтауға бергенге дейін олармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі;
13) ведомстволық архив – архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
14) жеке архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі немесе қызметі, жинауы және сатып алуы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғаның архивтік құжаттары;
15) жеке құрам жөніндегі құжаттар – жұмыскерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәлiметтер;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) – тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес архив қорларының, коллекциялардың және архивтік құжаттардың жиынтығы;
17) құжат – материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
18) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры – аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;
19) мемлекеттік архив – Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме;
20) орталық мемлекеттік архив – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік архив;
21) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;
22) уәкiлеттi орган – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрі – мемлекеттік есепке алу) – архив қорларының саны мен құрамы, сақтау бірліктерінің саны туралы мәліметтерді қамтитын, Ұлттық архив қорының құжаттарын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда мемлекет деңгейінде есепке алу жүйесі;
24) Ұлттық архив қорының құжаты – құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке қойылған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат;
25) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкiметтiң» архитектурасын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
26) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) Арнайы куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі;
28) арнайы куәландырушы орталықты аккредиттеу – арнайы куәландырушы орталықтың қызметті жүзеге асыруға құзыретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми тануы;
Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға;
Куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
28-1) Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығы – арнайы куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
28-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
28-3) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
28-4) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы – трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;
28-5) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;
29) Қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
30) Құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
31) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін электрондық құжат;
32) тіркеу куәлігін иеленуші – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
33) электрондық архив – архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы;
34) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
35) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу;
36) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
37) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
38) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
39) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
40) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
41) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
42) құжатталған ақпаратты тасымалдаушы: Сөйлеу, дыбыстық немесе бейнелі, сондай-ақ өзгертілген түрдегі ақпаратты бекіту, сақтау және беру үшін қолданылатын материалдық объект.
43) бейнелі құжат: Кез келген объектіні (объектілерді) бейнелеу арқылы көрсетілген ақпаратты қамтитын құжат;
44) графикалық құжат: Сызықтар, штрихтер, сәуле түстері арқылы объекті (объектілер) бейнеленген бейнелі құжат;
45) аудиовизуалды құжат: Бейнелі және дыбыстық ақпаратты қамтитын құжат;
46) киноқұжат: Кинематографиялық әдіспен белгіленген бейнелі (үнсіз кинода) немесе аудиовизуалды (дыбыстық кинода) ақпаратты қамтитын бейнелі құжат;
47) фотоқұжат: Фотографиялық әдіспен белгіленген ақпаратты қамтитын бейнелі құжат;
48) иконографиялық құжат: Өнер, арнайы немесе көркем фотографиялар шығармаларының бейнелерін қамтитын құжат;
49) фоноқұжат: Кез келген дыбыс жазу жүйесімен белгіленген дыбыстық ақпаратты қамтитын құжат;
50) бейнефонограмма: Кез келген бейне-дыбыс жазу жүйесімен белгіленген аудиовизуалды ақпаратты қамтитын құжат;
51) мәтіндік құжат: Кез келген жазба түрінде немесе кез келген аудиожазба жүйесі арқылы белгіленген сөз ақпаратын қамтитын құжат;
52) жазба құжаты: Жазудың кез келген түрімен белгіленген ақпаратты қамтитын мәтіндік құжат;
53) қолжазба құжаты: Жазба белгілері қолмен жазылатын жазба құжаты;
54) машинамен жазылатын құжат: Жазба белгілері техникалық құралдармен жазылатын жазба құжаты;
55) машинамен тасымалданатын құжат: Құжат ақпаратының электронды-есептеуіш машинасымен өңделуін қамтамасыз ететін тасымалдауыш құралдар мен жазба тәсілдерін қолдану арқылы жасалатын құжат;
56) Құжат бейнеграммасы: Электрлік сәуле экранындағы құжаттың бейнеленуі;
57) таза құжат: Мәтні жоба құжаттан көшірілген немесе түзетусіз қолмен немесе машинамен жазылған құжат;
58) жоба құжат: Автордың немесе оның мәтінімен жұмыс жасаған редактордың жұмысын көрсететін қолмен немесе машинамен жазылған құжат;
59) құжат авторы: Құжатты жасаған жеке немесе заңды тұлға;
60) жеке тектік құжат (Ндп. Жеке құжат): Өзінің атқаратын қызметінен немесе қоғамдық міндеттерінен тыс саладағы тұлғамен жасалған құжат;
61) ресми құжат: Белгіленген тәртіпте ресімделген және куәландырылған, заңды немесе жеке тұлғамен жасалған құжат;
62) қызметтік құжат: Ұйымның ағымдағы қызметіне қолданылатын ресми құжат;
63) құжаттың заңды күші: Ресми құжатқа қолданыстағы заңңнамамен, оны жасаған заңды тұлғаның құзыретімен және белгіленген ресімдеу тәртібімен берілетін сипат;
64) түпнұсқа құжат: Авторы, жасалған уақыты мен орны туралы құжаттың өзінде баяндалған немесе басқа жолмен айқындалған мәліметтер оның шығу тегіне шек келтірмейтін құжат;
65) (ресми) құжаттың түпнұсқасы: Ресми құжаттың бірінші немесе алғашқы данасы;
66) телқұжат: Заңды күші бар құжат түпнұсқасының екінші данасы;
67) құжат реквизиті: Ресми құжатты ресімдеудегі міндетті элемент;
68) құжат реквизитінің тұрақты бөлігі: Дайындалатын кезде құжат бланкісінде орналасатын құжат реквизитінің өзгермейтін бөлігі;
69) құжат реквизитінің өзгермелі бөлігі: Толтырылатын кезде құжат бланкісінде жазылатын құжат реквизитінің өзгеретін бөлігі;
70) құжат формуляры: Белгілі бірізділікте орналасқан ресми жазба құжат реквизиттерінің жинағы;
71) құжаттың формуляр-үлгісі: Қолданылу саласын, форматын, поля өлшемдерін, конструкциялық кестені құру талаптырн және негізгі реквизиттерді белгілейтін құжат жасау үлгісі;
72) құжат бланкісі: Ресми жазба құжат авторының бірдейлендірілетін реквизиттер жинағы;
Құжат айналымы көлемі: Ұйымға келіп түскен және онда белгілі кезең ішінде жасалған құжаттар саны;
73) кіріс құжат; келіп түскен құжат: Ұйымға келіп түскен құжат;
74) шығыс құжат; жолданатын құжат: Ұйымнан жолданатын ресми құжат;
75) ішкі құжат: Дайындаған ұйым шеңберінен шықпайтын ресми құжат;
76) құжатты тіркеу: Құжаттың жасалғанын, жолданғанын немесе қабылданғанын белгілейтін нысан бойынша құжат туралы есептік деректерін жазу;
77) құжатты тіркеу индексі; құжаттың тіркеме нөмірі: Құжат тіркелген кезде оған берілетін сандық немесе әріптік-сандық белгі;
78) құжаттардың орындалуын бақылау: Құжаттың уақытылы орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жиынтығы;
79) құжатты орындау мерзімі: Нормативті құқықтық актімен, ұйымдық-өкімдік құжатпен немесе бұрыштамамен белгіленген мерзім;
80) құжатты орындаудың үлгілік мерзімі: Нормативті құқықтық актімен белгіленген құжатты орындау мерзімі;
81) құжатты орындаудың дербес мерзімі: Ұйымдық-өкімдік құжатпен немесе бұрыштамамен белгіленген мерзім;
82) іс: Жеке мұқабаға орналастырылған қызметтің бір мәселесіне немесе бөліміне қатысты құжаттар жиынтығы немесе құжат;
83) іс түзу: Белгіленген ережелерге сәйкес істі сақтауға тапсыруға дайындау;
84) іс тақырыбы: Белгілі уақыт кезеңіне жататын істегегі құжаттар құрамы мен мазмұны туралы мәліметтерді қысқаша белгілеу;
85) істер номенклатурасы: Ұйымда түзілетін, сақтау мерзімдері көрсетілген және белгілі тәртіпте ресімделген істер атауларының жүйеленген тізбесі;
86) іс индексі: іс нөмірі: Ұйымның істер номенклатурасындағы істің сандық және/немесе әріптік-сандық белгісі;
87) мұрағаттық анықтамалық: Мұрағат қорлары және (немесе) мұрағаттық құжаттар туралы ақпаратты іздестіруге арналған анықтамалық;
88) мұрағатаралық анықтамалық: Екі немесе одан да көп мұрағаттардың құжаттары туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтамалық;
90) мұрағаттық тізімдеме: Мұрағат қорының жүйеленген сақтау бірліктері тізбесін, топтамаларды қамтитынжәне оларды есепке алуға және мазмұнын ашуға арналған мұрағаттық анықтамалық;
91) мұрағат қорлары бойынша көрсеткіш: Жүйеленген тәртіпте мұрағат қорлары туралы сипаттамалар немесе қысқаша мәліметтерді қамтитын және оның құрамы мен мазмұны туралы ақпарат алуға арналған мұрағаттық анықтамалық;
92) мұрағаттық құжаттарды шолу: Дереккөзді тану талдауын жасау арқылы қажетті жағдайда толықтырылған мұрағаттық құжаттардың жеке кешендерінің құрамы, мазмұны мен іздестіру деректері туралы жүйеленген мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтамалық;
93) мұрағаттық каталог: Таңдалған классификациялау сұлбасына сәйкес орналастырылған мұрағаттық құжаттар туралы ақпаратты қамтитын мұрағаттық анықтамалық;
94) (мұрағаттық) нұсқаушы: Зататр мен объектілер атауларының жүйеленген тізбесі бар мұрағаттық анықтамалық; іздестіру деректері көрсетілген мұрағаттық құжаттарда олар туралы мәліметтер бар.
95) мұрағаттық құжаттарға қол жеткізу: Нормативті құжаттарда көзделген мұрағаттық құжаттарды қолдау жағдайлары;
96) мұрағаттық анықтама: Заңды күші бар және сұраным нысаны, құжаттарды іздестіру деректері туралы мұрағаттық ақпаратты қамтитын ресми құжат;
97) мұрағаттық көшірме: Іздестіру деректері көрсетілген мұрағаттық құжаттың мәтінін немесе бейнесін беретін мұрағаттың ресми құжаты;
98) мұрағаттық үзінді: Белгіленген тәртіпте ресімделген мұрағаттық құжат бөлігінің көшірмесі
99) мұрағаттық құжаттарды пайдалану: Мәдени, ғылыми, саяси, экономикалық мақсатта және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін мұрағаттық құжаттар ақпаратын қолдану;
100) мұрағаттық құжаттарды жариялау: Белгіленген ережелерге сәйкес құжаттарды басылымға дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |