1. Мейірбике ауыр жағдайдағы науқастың қасына барып оның тыныс алу жиілігін науқасқа білдіре отырып және де оның бір минуттай әдеттегідей демалу қажеттігін айтты. Мейірбикенің тактикасын бағалаңыз.
2. Науқастың екі қолына да гипс қойылған. Тамыр соғуын білезік артериясында анықтап болмайтын жағдай. Мұндай жағдайда науқастың тамыр соғуын қалай анықтайды.
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 10 – бөлім , 493 – 562 бет
10 - сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Дәрілік заттардың негізгі топтары. Дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптар. Дәрілік заттарды есепке алу, оларды сақтау, есептен шығару
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды дәрілік заттардың негізгі топтарымен, дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптармен, дәрілік заттарды есепке алу, оларды сақтау, есептен шығаруды үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда дәрілік заттарды есепке алу, оларды сақтау, есептен шығару кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда дәрілік заттарды есепке алу, оларды сақтау, есептен шығару, бақылау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Тамыр соғуының анықтамасы. Тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістері
тамыр соғуының сипаттамасы: ырғығы, жиілігі, толықтығы, күші, биіктігі, жылдамдығы
артериалдық қысымды өлшеу әдісі
артериалдық қысымының өзгеруіне әсер етуші факторлар
тыныс алу сипаттамасы: жиілігі, тереңділігі, ырғағы
тыныс алудың патологиялық бұзылыстары: ентігу, тұншығу
тыныс алу түрлері: қалыпты (кеуделік, құрсақтық, аралас), патологиялық тыныс алу (Куссмауль, Биотт, Чейн-Стокс)
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Дәрілік заттардын негізгі топтары
Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі
ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері
Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау
Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері
Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері
Дәрігердің тағайындау кағазы
Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.
Ауру тарихынан таңдап алынған тағайындалулар максаты: дәрігер тағайындалуын дер кезінде орындау. Күнделікті пост медбикесі дәрігерлік караудан кейін ауру тарихының тағайындау парағынан барлык тағайындауды келесі кұжаттарға көшіреді.
Тағайындау журналы, әрбір наукаска бөлек парақ берілген, сонда барлык тағайыңдауды енгізеді (таблетканы пр-р, май, тамшы ж.т.б.)
Егулерді тағайындау парағы парентеральды жасаған дәрінін атын жазады егу медбикесіне бір рет тағанындалуға арналған дәптер, ұйкы алдында беріледі- бұл кезекші медбике үшін
Наукасқа жаңа дәрі тағайындалса постағы медбике бүл туралы аға медбикеге хабарлайды себебі оны дәріханадан жаздырып алу ушін (егер дәрі жок болса медбике дәрігерге хабарлау міндетті)
Дәрігердін тағайындауымен косымша зерттеулер журналға ауыстырылады (лабараторлы,рентгенге, ЭКГ)
Дәрілік заттарға талаптар жазу
Максаты: Дәріханадан дәрілерді алу
Бөлімшеде дәріні жаздырып алу аға медбике өткізеді бүл палаталык медбикенің
өтінішіне сай болады өйткені кунделікті ауру тарихынан дәрігер тағайындаудан көшіріп
арнайы дәптер немесе кағазға әрбір наукаска бөлек жазылады.
Аға медбике бөлімше бойынша тағайындалған дәрілер бойынша мәлімет курайды.
Алынған мәліметті косып форма 1 -77 толтырады. Талаптар парағы екі бөлімнен түрады; бір бөлігін аптекаға және түбірін бөлімшеде калдырады. Наркотикалық улы дәрілер және спиртін бөлек бланктерде жазылады аурухана штампымен бірге. Емдеу мекемесінін баскарушысының колы және мөрі болады.
Науқастарға дәріні, ауруханада ем алып жатқан арнайы бланктерге жазады.
Жалпы топтағы дәрілік заттарды екі экземплярда ручка немесе черниламен жазады.
Бір экземпляр дәріханада калады, ал екіншісі жауаптыға кайтарылады
Накладнойда міндетгі турде толык дәрінін аты орыс тілінде, дәрі формасы, дозасы, орауымы және мөлшері көрсетіледі.
Улы наркотикалык дәрілер латын тілінде 3 экземплярда жазылады.
Улы, наркотикалык және барлык заттар, есепке алынатын ауру тарихы көлемі, наукастың аты- жөні, препараты енгізу жолы сондай-ақ этил спиртінің концентрациясы көрсетіледі.
Емдеу -профилактикалык және басқа уйымдар өзінін курылысында дәріханалар жоқтар баска заттармен бірге шаруашылык есепті дәріханадан камтамсыз етіледі .
Егер де емдеу мекемесі шаруашылык есепті дәріханаға бекітсе оны улы, наркотикалық дәрілерді басқа дәрілерден бөлек 5 экземплярда латын тілінде жаздырылады.
Міндетгі түрде бөлімше аты, этил спиртінін концентрациясы сондай-ак дәрінін тағайындауы көрсетіледі (егуге арналған, көз тамшылары ж.т.б.)
Баска калған барлык дәрілер және дәріхана затгары 4 экземплярда жазылады.
Барлык талаптар мөрмен, штамп, кол коюмен көрсетіледі.
Арнайы есепке алынбайтын дәрілер, Б тізіміндегі дәрілер орыс тілінде жазылады.
Спирт жене спиртті ерітінділер латынша колдану әдістері көрсетіледі.
Барлык дәрілердін дозасы және саны көрсетіледі.
Дәріханадан дәріні алу.
Аға медбике күнделікті ауруханадан дайын дәрілерді алады, дайындау кажет ететін дәрі келесі күні шүғыл кағазды сол күні толтырады.
Дәріханалар дәрілерді тек кана зауыт тұрінде немесе аптекалык орауыштарда шығарады.
Дәріні алғанда оның сырткы түрі ,этикетка, дозасын дайындаған күнін, орауыш герметикасын, фармацефт қорлын, бағалайды.
Бөлімшелерде дәріні сактау.
Постағы медбикеде дәрі сақтайтын кілтпен жабылатын шкаф болуы кажет
Дәрілік заттарды сактаудын негізгі принциптері катан тәртіпке сәйкес токсикологиялык топпен тарату.
Әрбір наркотикалық анальгетикке бөлек қагаз арналады, онда дәрі атауы, саны, колданатын күні, науқастың аты-жөні, ауру тарихының нөмірі,қолданған ампула саны,олардың қалдыгы,медбике қолы көрсетіледі.
Бос және қодданбаған ампулалар ("наркотикалық затгарды есепке алу"
журналы, сейфтің кілті кезекші медбикеге тапсырады.
Кезекшілікті тапсыру кезіңде журналдагы көшірмелердің сөйкестігін тексереді.
Таңертең бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.
Медбике наукасқа наркотикалық анальгетикті дәрігер тағайындауы бойынша береді.
"А және Б" тізіміндегі дәрілерді сақтайтын сейфтің кілті тек қана наркотикалық, улы және қатты өсер ететін дәрілерге жауапты адамдарда
сақталады. Түнге қарай бұл кілттерді кезекші дәрігерге береді. Наркотикалық
дәрілер бар сейфтің кілті берілгенін тіркейтін арнайы дәптер" колдарын
қояды.
Арнайы комиссия бас дәрігермен бірге 10 күнде 1 рет қолданылатын
ампулаларды сәйкес актке байланысты жояды.
Науқасқа дәрілік заттарды беру жолдары
Құрамында улы және наркотикалық дәрілерді науқасқа басқа медикаменттерден бөлек беріледі.
Ампуланы,орауышты ашар кезде дәрінін атын, дозасын салыстырып осыдан кейін ғана науқасқа береді.
Дәрілердің тағайындауы бойыеша наркотикалық дәрілерді қолдану егу
немесе палата медбикесінің дөрігер қатысуымен өткізіледі. Ауру тарихы және
тағайындау қағазына белгілейді.
Наркотикалық дәріні ауыз арқылы қабыддау және тек қана медбике
қатысуымен өткізіледі.
Руксат етілмейді
1. Дез ерітінді техникалык, мақсатқа арналған ерітінділер (кол,күрал,жиһаз, киімдер ж-т.б. өңцеу) медициналық дәрілермен бірге сақтауга.
Дәріні дәрігердін рүқсатынсыз беруге, бір дәріні екінші дәрімен
алмастыруға , алдын-ала дәрілерді ұяшыққа,мензурна, пакеттерге қоюга.
Фарм. комитетінің бекітілмегені бойынша дәрілерді толтыру, сақтауға
ЕПМ-ге дәріханадан дөрілік заттарды босатуға егерде рүқсат кағазы болмаса
Санитар, шоферге дәріханадан дәрі алуга мүлдем тыйым салынады.
Наукастарга дәрілік заттарды үйлестіру.
Дәрігер тағайындауымен дәріні үйлестіру медбике жүргізеді. Медбике өзі дәріні тағайындауға, ауыстыруға басқа дәрімен орын ауыстыруға қүхы жоқ.
Әсер ету алгоритмі
Жылжымалы сталге дәрілік заггары бар ьдысты қойыңыз (қатты және
сүйық), пипеткалар (өрбір флаконға бөлек), мензуркалар.график суымен,
кайшы, тағайындау парағы.
Бір науқастан екінші науқасқа дәріні үлестіріңіз.
Дәріні үлестірер кезде науқасқа оның ерекшеліктерін түсіндіріңіз ащы
дәм, жагымсыз иіс, зэр түсінің өзгеруі немесе нәжісін.
Науқас медбикенің көзінше дәріні ішу керек.
Дәріні үйлестіру тәртібі көбінесе қолайлы себебі:
медбике науқастың дәрі ішкенін бақылайды
медбике науқастың сүрақтарына жауап береді
дәрі үлестіруде қателер болмайды
Дәрілік заттарды үлестіру кезінде мыналарды білу қажет
ДәрілІк заттар жиі тамакқа дейін 15-30 минут беріледі себебі тамақпен
олардың сіңірілуі бәсендейді
Асқазан-ішек жолы кілегейлі қабатын тітіркеңдіретін дврілер (темір
препаратгары, аскорбин қышқьілы,кальций хлорид ерітіндісін 15-30 минуг
тамақтан кейін) қабылдайды
3. Ферментативті дәрілер, асқорыту процесін жақсартатын(фестал,палдинорм,асқазан сөлі ж.т.6.) тамақ үстінде ішіледі
Науқастарга аш қарынга ішілетін дәрілерді 20-60 минутта таңертеңгілік
тамаққа дейін ішеді.
Үйықтататын дөрілер 30 минут үйқы алдында
Нитроглицерин,валидол науқастардын сөрелерінде сақталады.
Қайнатпа, түнба, еріівділер,микустура ас қасықпен )15 мл), ауруханада
градирленген мензуркалар мен береді.
Спиртті түнбалар, экстракт және басқа да ерітінділер {мысалы 0,1% атропин сульфаты) тамшы күйінде беріледі
Пилюля, драже, капсула,түймедақ құрамында темір бар өзгертілмеген күйде
беріледі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
бөлімшелердің мейірбикелік бекеттерінде дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптармен танысу
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Наркотикалық дәрілер сақталады:
А) шкафта бөлек сөрелерде
Б) сейфте
В) тоңазытқышта
Г) столдың жәшігінде
2. Дәріханада дайындаған стерильді флакондағы ерітінділерді сақтау мерзімі қанша ?
А) 1 төулік
Б) 3 тәулік
В) 7 тәулік
Г) 10 тәуілік
Д)1ай
3. Тез бұзылатын дәрілер кайда сақталады
А) жарықтан тыс жерде
Б) шкафта бөлек сөрелерде
В) сейфте
Г) тоңазытқышта
4. Наркотикалық дәрілерді тіркеу журналында нені көрсету қажет
а) дәрінің егу жолдары
б) дәріні егу мақсаты
в) науқастың диагнозы
г) науқастын аты-жөні,ауру тарихының нөмірі
5.Дәрілік заттарды энтеральды жолмен енгізуге жатады
А) көзге
Б) тіл асты
В) тыныс алу жолдары
Г) бүлшық ет
б.Парентеральды жолмен дәрілік заттарды енгізу басымдылықтарын атаңыз
А) энтеральды
Б) пероральді
В) парентеральды
Г) сублингвальді
Д) ректальді
7.Дәрілік заттарды тіндер,қан тамыр,куыстарға енгізу:
а) пункция
б) тесу
в) егу
г) блокада
д) экстракция
8.Науқастарга ашқарынға ішуге тағайындалған дәріні ішу керек:
а) тускі тамаққа дейін 30 минут
б) таңертеңгілік тамақтан кейін
в) 20-60 минут таңертенгілік тамаққа дейін
г) ұйқы алдында
9. Спиртті тұнба,экстрактар тағайындалады:
А) тамшылы
Б) ас қасықпен
В) шай қасықпен
Г) суда еритін капсула
10. Микстура беріледі:
а) тамшылы
б) ас қасық
в) шай қасық
г) суда еритін капсула
Ситуциялык есептер
Науқасқа эритромицин 0,25 г бір реттік: постағы расфосовка 0,1 г. Бір
кабыддауға қанша тұймедақ керек екендігін есептеңіз.
Флаконда 2 клофелин түймедағы қалды. Медбике оны басқа клофелині бар флакоңға салды.Не істеу қажет ?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
11 - сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Пероральдық дәрілік заттарды бөлу, тарату және қолданылуын бақылау.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды пероральдық дәрілік заттарды бөлу, тарату және қолданылуын бақылауды үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда пероральдық дәрілік заттарды бөлу, тарату және қолданылуын бақылау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда дәрілік заттарды есепке алу, оларды сақтау, есептен шығару, бақылау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Дәрілік заттардын негізгі топтары
Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі
ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері
Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау
Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері
Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері
Дәрігердің тағайындау кағазы
Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Организмге дәрілердін пероральдік түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі
ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері
Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау
Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері
Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері
Дәрігердің тағайындау кағазы
Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.
Пероральдік дәрілік заттардың жіктелуі
Пероральдік дәрілік заттарды қабылдаудың басылымдылғы және кемшіліктері
дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері:ауыз арқылы, тіл астына және тік ішекке.
Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері
Науқастардың дәрі қабылдауын бакылау.
Дәрі-дәрмек енгізудің ең көп тараған, қарапайым да ыңғайлы тәсілі оларды ішке қабылдау, яғни ішу. Ұнтақ дәрі, түйме дақ, пилюль, тамшы және микстура түріндегі дәрілерді ішеді. Олардың бәрі дерлік организмге жалпы, ал қарын-ішек жолына жиі әсер етеді. Дәріні қарын ішек жол тітіркендірмейтіндерінен (темір, мышьяк, йод) басқасын көбіне тамақтану алдында береді, ал тітіркендіретін дәрілерді тамақтан соң қабылдайды. Ұйықтатын дәріні жарты сағат бұрын, тәбет қоздыратын дәріні тамақтанудың алдында береді.
Бұл тәсілдің артықшылығы мұнда дәрі-дәрмек заттарды түрлі формада және зарарсызданбаған түрде қолданады, ал кемшілігі дәрі қарын ішек жолында баяу және түгелдей емес дерлік сіңіріледі, соған байланысты оның мөлшерін дәл анықтауға болмайды. Медбике науқастарға ауыз қуысы арқылы дәрі беру және тік ішек арқылы енгізу тәсілдерін жақсы меңгеруі қажет.
Ұнтақ дәріні қабылдағанда қағазын ашып, астауша сияқты формамен бүгіп, ішіндегісін науқас тіліне салады да, сумен жұтқызады. Егер дәрі қабықты немесе капсулада болса, науқас оны тілінің түбіне қойып, бір жұтым мол сумен жұтады. Егер науқас дәріні үлкен қабығымен жұта алмаса, оны аузында сулап, келесі жұтым сумен жұтады, ол асқазанға тез барып түседі. Түймедақты тұтастай жұта алмайтын науқасқа медбике оны ұнтақтап ішкізеді.
Дәрінің сулы ерітіндісі (микстурамен қайнатпа) 5,10,15,20 мг деген белгісі бар градуске бөлінген шағын стакандармен, ал үй жағдайында қасықпен беріледі: ас қасықтың орташа сыйымдылығы 15мл, десерт қасық 10мл, шай қасық 5мл. Спирт пен эфир тұрындылар, сол сияқты сұйық экстрактар тамшымен өлшенеді. Дәріні стаканға немесе пиалаға тамызадыда, үстіне су құяды. Өйткені спирт немесе эфир тұрындылар мен экстркатылары таза күйінде ішуге болмайды. Әрбір дәрі үшін тамызғыш керек.
Дәріні тіл астына салғанда, тез сіңіреді, тамақ қорыту ферменттерімен бұзылмайды және бауырға соқпай қанның жалпы айналысына түседі. Нитроглицеринді, валидолды және т.б. осылайша қабылдайды. Жұта алмайтын, құсып ес-түссіз, сандырқтап жатқан науқастарға дәрі дәрмек заттарын балауыз түрінде тік ішекке енгізеді, өйткені тік ішек көк тамыры кейбір дәрі дәрмек заттарды жақсы сіңіреді. Балауыздың формасы ұшы конус тәрізді цилиндр. Оны дәрмек препаратын салып араластыра отырып, какао майымен дайындайды. Балауызды тоңазытқышқа немесе салқын жерде сақтау қажет. Тік ішекке енгізілгеннен кейін балауыз ериді де, шырышты қабықты бүркеп тастайды. Балауызды дәрі-дәрмек заттар тек шырышты қабыққа немесе қанға сіңіріледі де организмге жалпы әсер етеді. Балауызды енгізу алдында тазалау клизмасын жасау қажет. Балауызды тік ішекке түгелімен енгізу үшін науқас екі аяғын ішіне тартып қырынан жатады. Медбике балауызды қабынан босатып, сол қолымен науқас құйымшағын екі жағына ажыратып, оң қолымен балауыздың үшкіл тік ішектің сыртқы сфинктерінен өткенше тығады, әйтпесе сфинктер бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде балауыз шығып қалуы мүмкін. Балауызды қолға ұзақ ұстап тұруға болмайды, себебі ол тез еріп кетеді. Балауыз енгізген соң науқас бірнеше мин жатады, ал содан кейін медбике оның бөкселерінің арасына мақта салады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
бөлімшелердің мейірбикелік бекеттерінде дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптармен танысу
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Наркотикалық дәрілер қайда сақталады
А) шкафта бөлек сөрелерде
Б) сейфте
В) тоңазытқышта
Г) столдың жәшігінде
2. Дәріханада дайындаған стерильді флакондағы ерітінділерді сақтау мерзімі қанша ?
А) 1 төулік
Б) 3 тәулік
В) 7 тәулік
Г) 10 тәуілік
Д)1ай
3. Тез бұзылатын дөрілер кайда сақталады
А) жарықтан тыс жерде
Б) шкафта бөлек сөрелерде
В) сейфте
Г) тоңазытқышта
4. Наркотикалық дәрілерді тіркеу журналында нені көрсету қажет
а) дәрінің егу жолдары
б) дәріні егу мақсаты
в) науқастың диагнозы
г) науқастын аты-жөні,ауру тарихының нөмірі
5.Дәрілік заттарды энтеральды жолмен енгізуге жатады
А) көзге
Б) тіл асты
В) тыныс алу жолдары
Г) бүлшық ет
б.Парентеральды жолмен дәрілік заттарды енгізу басымдылықтарын атаңыз
А) энтеральды
Б) пероральді
В) парентеральды
Г) сублингвальді
Д) ректальді
7.Дәрілік заттарды тілдер,қан тамыр,куыстарға
а) пункция
б) тесу
в) егу
г) блокада
д) экстракция
8. Қандай дәрілер мына тізімге жатады
"А" (наркотикалық улы заттар)
"Б" (қатты әсер ететін заттар)
а) кұкірт дөрілері
б) промедол
в) адренолин
г) стрихнин
д) омнапон
е) кафеин
9. Медбикенің науқасқа дәрілік заттарды жазу тәртібі қандай ?
а) аға медбике дәріге арнайы талаптар жазу
б) ага медбике дәрілік заттар мерзіміне сәйкестігін тексеру
в) дәрігер ауру тарихына және тағайындау қағазына белгілеулер жасайды
г) палаталық медбике тағайындау парағына сәйкес өтініш құрайды
д) бөлімше меңгерушісі талаптарды тексеріп дәріханага жібереді.
10. Таблеткаларды бөліп қабылдауға науқасқа дәрілік заттарды жазу тәртібі қандай ?
а) аға медбике дәріге арнайы талаптар жазу
б) ага медбике дәрілік заттар мерзіміне сәйкестігін тексеру
в) дәрігер ауру тарихына және тағайындау қағазына белгілеулер жасайды
г) палаталық медбике тағайындау парағына сәйкес өтініш құрайды
д) бөлімше меңгерушісі талаптарды тексеріп дәріханага жібереді.
Ситуциялык есептер
1.Науқасқа эритромицин 0,25 г бір реттік: постағы расфосовка 0,1 г. Бір
кабыддауға қанша тұймедақ керек екендігін есептеңіз.
2.Флаконда 2 клофелин түймедағы қалды. Медбике оны басқа клофелині бар флакоңға салды.Не істеу қажет ?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
12 - сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Дәрілік заттарды сыртқы және ингаляциялық жолмен енгізу әдістері.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды дәрілік заттарды сыртқы және ингаляциялық жолмен енгізу әдістерін үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда дәрілік заттарды сыртқы және ингаляциялық жолмен енгізу әдістері кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда дәрілік заттарды сыртқы және ингаляциялық жолмен енгізу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Тамыр соғуының анықтамасы. Тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістері
тамыр соғуының сипаттамасы: ырғығы, жиілігі, толықтығы, күші, биіктігі, жылдамдығы
артериалдық қысымды өлшеу әдісі
артериалдық қысымының өзгеруіне әсер етуші факторлар
тыныс алу сипаттамасы: жиілігі, тереңділігі, ырғағы
тыныс алудың патологиялық бұзылыстары: ентігу, тұншығу
тыныс алу түрлері: қалыпты (кеуделік, құрсақтық, аралас), патологиялық тыныс алу (Куссмауль, Биотт, Чейн-Стокс)
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
ингаляциялық әдіс, өткізу.
дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу әдісі:жағу, уқалап жағу, емдік пластырды қолдану, присыпка, көз, мұрын, құлаққа мазь жағу және тамшы тамызу.
осы әдістердің жақсы жақтары және кемшіліктері.
ингаляциялық енгізу әдістері кезінде қолданатын дәрілік заттардың түрлері.
сан.эпидемиологиялық талапқа сай және енгізуге қолданатын инструментарилер
науқастың дәрілік заттарды қабылдауын бақылау.
дәрілік заттарды таратуға медбикенің жұмыс орнын , құралдарды , медбике қолдарын дайындау.
қолданылған құралдарды тазарту.
медбикенің жеке қауіпсіздік барьерлері.
Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану олардың белгілі бір жеріне әсер етуге негізделген. Зақымданбаған терінің сіңіру қабілеті өте төмен; заттарды тек май бездерінің шығару өзектері , май – ерігіш және шаш фолликулалары арқылы сіңіреді. Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және мұқият жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсызданған салфеткаға жағады да, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын түрде қабаттап мақта төсейді. Егер май компрессі қажет болса, онда мақтаның астына компрестік қағаз салады да, бинттеп тастайды. Кейде тереңде жатқан тканға сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді. Ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, содан соң алақанға қажетті мөлшерде май салып ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене аймағына 30-40 мин-тай мұқият жағылады. Дененің түкті жерлеріне жағуға болмайды: егер осындай қажеттілік туса онда түгін қырып тастау керек.
Уқалап сипау үшін жылы дәрі-дәрмек заттың шағын мөлшерін алақанға құяды да, алақаны құрғап, терісі қызарғанша ысқылайды. Кейде теріге сырқат көңілін басқаға бұру ретінде йод тұнбасын жағуды қолданып отырады . Ол үшін ағаш немесе темір стерженьге домалақтанған мақта орап , содан кейін оны 5 спиртке жасалған йодқа батырып , теріге бірнеше рет жағады . Майламастан бұрын шишадағы бар йодты бүлдірмеу үшін шамалы малады. Процедурадан соң қалған йодты төгіп мақтаны лақтырып тастайды немесе жағып жібереді.
Ингаляция - дәрі-дәрмек заттарды тыныс алу жолымен ішке дем тарту арқылы енгізетін әдіс. Бұл принцип бойынша газдарды, тез ұшатын заттарды, сондай ақ бүркуге арналған арнайы аппараттар құрылысына айналған ұсақ бүркілетін заттарды жатқызуға болады. Ингаляцияны дәрі-дәрмек ингаляторының көмегімен де жасауға болады.
Ингаляция жасарда сырқат іш киімдері кірсіз болу үшін оның кеудесіне клеенка жабады. Сырқат бөлінген бұға күймейтіндей жерге, аппарат алдына отырғызады. Бұды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Тыныс демікпесімен ауыратын сырқаттар үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Дәрі-дәрмек заттары пластмасса дан жасалған түтікшеден болады, оған резеңке балон кигізіледі. Сырқат балонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.
Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану олардың белгілі бір жеріне әсер етуге негізделген. Зақымданбаған терінің сіңіру қабілеті өте төмен; заттарды тек май бездерінің шығару өзектері, май-ерігіш және шаш фолликулалары арқылы сіңіріледі. Дәрі жағу таза теріге таза аспатармен және мұқият жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізіне тері ауруларына қолданады. Зарарсызданған қалақшамен жағатын майды екіге бүктелген зарарсызданған салфеткаға жағады да, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын түрде қабаттап мақта төсейді. Егер май компресі қажет болса, онда мақтаның астына компрестік қағаз салады да, бинттеп тастайды. Кейде тереңде жатқан тканға сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді. Ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, содан соң алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене аймағына 30-40 минуттай мұқият жағылады. Дененің түкті жерлеріне жағуға болмайды: егер осындай қажеттілік туса, онда түгін қырып тастау керек.
Ұқалап сипау үшін жылы дәрі-дәрмек заттың шағын мөлшерін алақанға құяды да, алақаны құрғап терісі қызарғанша ысқылайды. Кейде теріге сырқат көңілін басқаға бұру ретінде йод тұнбасын жағуды қолданып отырады. Ол үшін ағаш немесе темір стерженге домалақтанған мақта орап, содан кейін 5% спиртке жасалған йодқа батырып, теріге бірнеше рет жағады. Майламастан бұрын шишадағы бар йодты бүлдірмеу үшін шамалы йодты банкеге құйып алып, домалақтанған мақтаны малады. Процедурадан соң қалған йодты төгіп, мақтаны лақтырып тастайды, немесе жағып жібереді.
Көз- өте нәзік мүше, травма және инфекцияға өте сезімтал. Көз ешқашан микроорганизмдерден бос болмайды, бірақ көз жасының сұйықтығы антимикробты әсер етеді.Конъюнктивальді қалтаға енгізілетін дәрілік зат және мазь залалсыздандырылған болу қажет.
Төменгі конъюнктивальді қалтаны ашу.
Төменгі конъюнктивальді қалтаны мынадай жолмен ашады:
- науқасқа жоғары қара деп сұрану.
- төменгі кірпік астына үлкен саусақты қою.
- қабақты төмен қарай тарту.
- конъюнктивальді қалтаны ашады.
Көзге тамшы тамызу.
Залалсыздандырылған көз тамшылары тамызғышы бар пластикалық немесе шыны флакончикте шығарылады.
Дайындау: 0,9 % натрий хлор ерітіндісіне батырылған, залалсыздандырылған мақталы тампон, тамызғышы бар дәрілік зат.
Іс әрекет.
- қолды жақсылап жуу.
- көзден іріңді (бар болса) ылғалды мақталы тампонмен, көз қабағын ішкі бұрышынан сыртқа қарай бағыттап сүрту. Ескерту: құрғақ тампонмен ешқашан сүртуге болмайды.
- науқас жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
-төменгі конъюнктивальді қалтаға қажетті тамшыны тамызу.
- тамызғышты көздің еш жеріне тигізбеу.
-науқасқа көзін жұмып, көз алмасын ары – бері айналдыруын сұрану.
Ескерту: көзге арнайы арналған, залалсыздандырылған дәрілік затты қолдану.
Көзге мазь жағу.
Көзге мазь жақпас бұрын, көз қабағын және кірпіктерден іріңді тазалау қажет.
Дайындау: залалсыздандырылған дәкелі салфетка, тюбик.
Іс әрекет:
- тюбикті горизонтальді ұстау қажет: ол мазьдің жағылып жатқан мөлшерін бақылау үшін және конъюнктиваға немесе көз алмасына тюбиктің тиіп кетпеуіне әкеледі.
- төменгі конъюнктивальді қалтаға 1,5см мазьді жағу.
- мазьді жағып болған соң, науқасқа көзін жұмып көз алмасын ары-бері қимылдатуын сұрану қажет, ол қабақтың ішкі беткейінде мазьдің бірдей жағылуына алып келеді. Артық мазьді залалсыздандырылған мақтамен сүрту.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
бөлімшелердің мейірбикелік бекеттерінде дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптармен танысу
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1.Тері және кілегей қабат арқылы дәрілік заттарды енгізу қалай аталады:
А) парентеральді
Б) энтеральді
В) сыртқа
Г) ингаляциялық
2. Жағу, пластыр және присыпканы қолдану қайсысына жатады.
А) парентеральді
Б) энтеральді
В) сыртқа
Г) ингаляциялық
3. Сыртқа енгізуге арналған дәрілік заттың түрі.
А) микстура
Б) пилюля
В) мазь
Г) балауса
4. Дене аймағында сүртіп жағу жүргізіледі, мынадан басқа:
А) иық алдының бүгкіш беті
Б) санның артқы беті
В) иық алдының жазғыш беті
Г) іш
5. Конъюнктивальді қалтаға енгізілетін барлық мазьбен, ерітінділер қандай болу қажет.
А) жылы
Б) стерильді
В) мұздай
Г) маңызы жоқ
6. Көз және құлаққа дәрілік заттарды енгізу қандай жолға жатады.
А) парентеральді
Б) сыртқы
В) энтеральді
Г) ингаляциялық
7. Көзге дәрілік затты тамшылатып енгізу үшін нені дайындау қажет:
А) 0,9 % натрий хлор ерітіндісіне батырылған, залалсыздандырылған мақталы тампон, дәрілік зат.
Б) пипетка, құрғақ мақталы тампон.
В) дәрілік заты бар флакон, изотоникалық ерітінді.
8. Жағу, пластыр және присыпканы қолдану қайсысына жатады.
А) парентеральді
Б) энтеральді
В) сыртқа
Г) ингаляциялық
9. Дене аймағында сүртіп жағу жүргізіледі, мынадан басқа:
А) иық алдының бүгкіш беті
Б) санның артқы беті
В) иық алдының жазғыш беті
Г) іш
10. Қандай дәрілер мына тізімге жатады
1."А" (наркотикалық улы заттар)
2."Б" (қатты әсер ететін заттар)
а) кұкірт дөрілері
б) промедол
в) адренолин
г) стрихнин
д) омнапон
е) кафеин
Ситуциялык есептер
1.Науқастың құлағына 3 тамшы отипол тамшысын тамызу тағайындалған. Осы емшараны қалай орындайсыз?
2.Науқастың оң жауырынының астында аллергиялық жаралар бар, оған диклофенак жақпа майын жағуға болама?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
13 - сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыруға үйрету
тәрбиелік: оқушыларда емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
ингаляциялық әдісті өткізу.
дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу әдісі:жағу, уқалап жағу, емдік пластырды қолдану, присыпка, көз, мұрын, құлаққа мазь жағу және тамшы тамызу.
осы әдістердің артықшылықтары және кемшіліктері.
ингаляциялық енгізу әдістері кезінде қолданатын дәрілік заттардың түрлері.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
емшара бөлмесінің құрылымы мен құрал жабдықтарын;
емшара бөлмесінің санитарлық тазалық талаптарын:
емшара бөлмесінің жұмыс тәртібін;
емшара бөлмесінің функционалдық міндеттері;
емшара бөлмесінің құжаттамасы;
емшара бөлмесінің ағымдағы және жалпы жинастыруды жүргізу;
- емшара жүргізудегі асептика мен антисептика ережелері;
- қызыл сызық ережесі;
- емшара бөлмесінің медбикесінің жұмыс орнындағы қауіпсіздігінің жалпы шаралары.
Емшара бөлмесі – стерильдік ережелерін сақтауы қажет, бірқатар медициналық процедураларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Процедуралық кабинетте қан алу үшін венепункция, инъекциялар, трансфузия, кейбір медициналық процедуралар жүргізіледі. Процедуралық кабинеттер стационар (аурухана, клиника) амбулаторида да болады. Процедуралық кабинетке ауданы 15 м2 кем емес, жақсы жарықталған және желдетілетін,суық және ыстық сумен жабдықталған жарық бөлмені арнайды. Кабинеттің едені мен қабырғасы жинау үшін қолайлы болуы тиіс. Әр процедуралық кабинетте анық бөлмелеріне қарамастан ыстық және суық су ағатын рановина болуы тиіс. Реновинаны есікке жақын орналастырады. Процедуралық кабинетте науқастардың өтуіне рұқсат етілметін, кабинеттің стерильді аймағын шектейтін майлы болуымен салынған еденде «қызыл сызық» болады, онда пердесіз стерильді халаты, бас киімі жоқ мед жұмысшылардың өтуіне де рұқсат етілмейді. Емшара бөлмесін күн сайын екі рет ылғалды жинау жұмыстың алдында және жұмыс күнінің соңында жүргізіледі, ал қажет болғанда, ағымдағы жиыстыруды жүргізеді. Аптасына бір рет процедуралық кабинеттің қабырғаларын, еденін құрал- жабдығын жуып, жалпы жинастырады.
емшара бөлмесінде келесі жабдықтар болуы тиіс: шкаф немесе аспаптармен дәрі- дәрмектерді сақтауға арналған үстел; стерилизациялық препараттар (бикстер), парцинтез, плевральді пункция, т.б. жүргізуге даяр аспаптар жинағымен, шприцтермен, системалармен инелермен; аспаптар мен шприцтер үшін дизинфкциялдық қайнатушы: дистиллетор: үстелдік цептрифуга; бактерицидті там; ұзақ қоюлар үшін штативтер: таза прабиркалар үшін штативтер: қан тобын анықтауға арналған жиынтық; сары су, қан, дәрі- дәрмектерді сақтаутоңазытқышы; медициналық құжаттама үшін үстел; медициналық құжаттама қызметші киімін сақтау үш пластикалық алжапқыш; лас аспаптармен қолды тазалау үшін эмалданған таз немесе, күре тамырдың ішіне қою үшін орындық пен клиника мен қапталған кушетка; электротартқыш.
Емшара бөлмесінің медбикесінің жұсым күні процедуралық кабинетті қарап шығу мен ылғалды суртуде басталады. Емшара бөлмесінің медбикесі кезекші қызметкеркабинетті түн мезгілінде пайдаланған ба, жоқ па тексереді. Қолданылған және ластанған материалды ол 1 сағатқа дезинфектан ертінділердің, біріне салып қояды (3 % хлорамин, 1,5% кальци гипохлорид ертіндісі, 6 % сутегі тотығы, сосын тастайды, ал қолданылған медициналық аспаптарды, шприцтерді де дезинфектант ертінділердің бірінде жуып, дезинфекциялайды сосын 2% сабын-содалы ертіндімен (200 г. Сабын, 200г. Сода 10 л суға) бөлменің ылғалды жинауын жүргізеді. Осыдан кейін процедуралық бике стерильді хала киіп шашын бас киімінің астына жасырып қолын тазалайды. Аспаптар стерильдеуге қояды стерильді материалы бар бискстерді қояды. Сосын осы күні қан алуы, күре тамырдың ішіне қан құйылады, дәрі тамызғыш қою қажет науқастардық тізімін қарап, кезекке қояды. Алдымен биохимиялық зерттеулер үшін, қан алуды қажет болса қан тобын резус факторды анықтау керек. Осыдан кейін процедуралық бикс дәрігер тағайындаған күре тамырды егуді жүргізеді және күре тамырға дәрі тамызғышпен құюға дайындауды жүргізіп тек сосын ғана науқастарға дәрі тамызғыш қояды. Алдымен мүмкіндігінше ауыр науқастарға қызмет көрсетеді. Қажет болса процедуралық бикс медициналық аспаптарды торакоцентез немесе парацентез жүргізуге даярлайды. Осы медициналық манипулияцияларды жүргізуге дәрігерге көмектеседі және науқастың күйін қадағалайды. Емшара бөлмесінің дәрі дәрмек қорын аға медбикеден толықтырады. Жұмыс күнінің соңында процедуралық кабинетті ылғалды тазалайды. Жұмыс біткенде процедуралық бикс бактерицидті шамды жағып есікті кілітпен жауып кетеді. емшара бөлмесінің кіліті бөлімнің кезекші медбикесінде сақталады. Емшара бөлмесінде келесі медициналық құжаттамалар болады;
1) Қан тобы мен резус факторды тіркедің бақылау журналы.
2) Қан плазма құюды тіркеу журналы.
3) Қан алмастырушылар мен ақуыздың преппараттар есебі журналы.
4) Биохимиялық зерттеулер үшін қан алу есебі журналы.
5) Күре тамырға құю есебі журналы.
6) Күре тамырға тамызып құю есебі журналы.
7) Вассерман реакциясына қан алуды тіркеу журналы.
8) Күре тамырға құю системасы мен инелерінің шприцтердің есебі журналы.
9) Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі көмек көрсету мен процедуралық кабинетті санитарлық өңдеу бойынша нұсқаулар.
10) Улануларды қолданылатын уға қарсы дәрілер кестесі.
11) Процедуралық кабинеттің жалпы жинастыруын тіркеу жураналы.
12) Бактеризидті лампоның жұмысын тексеру журналы.
13) Тоңазытқыштағы температураның тексеру журналы.
Емшара бөлмесінің медбикесі неғұрлым тәжірибелі медбикелердің арасынан іріктеп алады, ол медициналық монипуляциялар техникасын жетік білуі және гигиена ережелерін қатаң сақтауы және қажетті денгейде процедуралық какбинеттің санитарлық тазалық күйін сақтап отыруы тиіс. Жұмыс орнындағы процедуралық медбикенің қауіпсіздігінің жалпы шаралары:
Медбике міндетті:1. Қолды жуудың денгейін сақтауы.
2. Биологиялық сұйықтықпен, соның ішінде қанмен байланысты қолғап киюі. Қолғапты шешкен соң дереу қолды жууы.
3. Төгілген немесе шашылған инфекцияланған материалды дереу алып тастау. Қолданылған аспаптарды, күту заттарын, құрал жабдықтар мен таңу материалдарын қолданғаннан кейін дереу нармативтік құжаттардағы дезинфекция құралын, тәртібін, кәсібінің ұсынысына сәйкес дезинфекциялау тиіс.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
бөлімшелердің емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыруды үйрену.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Емшара бөлмесін жалпы жиыстыруды қандай жиілілікте жүргізеді ?
А). Айына 1 рет.
Б) 2 аптада 1 рет
В) аптасына 1 рет
Г) аптасына 2 рет
Д) күн сайын
2. Емшара бөлмесінің медбикесі жұмыс күінің басынан бастап орындайтын шаралардың тезектілігі қандай.
А) стерилді халат киіп, қолын тазалайды
Б) процедура кабинетін қарап шығады
В) стерилді материалы бар бикстерді қойып, аспаптарды қайнатады
Г) биохимиялық зерттеу үшін қан алады
Д) процедура кабинетінің ылғалды тазалығын жасайды
3. Емшара бөлмесіне қойылатын санитарлық талаптар:
А) қабырғалары ақталған болуы тиіс
Б) раковина мен міндетті түрде жабдықталған болуы тиіс
В) кабинеттің ауданы 10 м2 кем болмауы тиіс
Г) кабинет жақсы жарықтандырылған және желденетін болуы тиіс
Д) кабинеттің ауданы 15 м2 кем емес. Науқастардың дұрыс камбинациясын таңдаңыз
А) 1,2,4,5
Б) 2,3,5,6
В) 1,2,5,6
Г) 1,4,5,6
4. Емшара бөлмесіндекелесі манипуляциялар жүреді
А) қанның тобын анықтау
Б) клизма қою
В) плевралдық пункция
Г) инъекциялар
Д) несеп қуығын катетрлеу
Е) қан алу үшін вене пункция жауаптардың дұрыс камбинициясын таңдаңыз
А) 1,3,4,6
Б) 1,3,5,6
В) 2,3,4,6
Г) 1,2,4,6
Д) барлық жауап дұрыс
5. Емшара бөлмесінің жабдығына ... жатпайды.
А) кушетка
Б) аспаптар мен дәрі дәрмектерді сақтау шкафы
В) тоңазытқыш
Г) ингаляциялық наркоз аппараты
Д) бактерицидті шам
Е) электро сорғыш
6. емшара бөлмесінің жұмасына бір рет жүргізілетін тазалық аталады.
7.Қандай манипуляциялар
1. емшара бөлмесінде жүргізіледі
2. таңу кабинетінде жүргізіледі.
сәйкестікті табыңыз
а) апперациядан кейінгі науқастарды таңу
б) инъекциялар
в) күре тамырға қою
г) жарақатты кварцтеу
д) лепероцентез
е) қанның тобын анықтау
8. Қандай медициналық құжат
1.процедуралық кабинетте
2. таңу кабинетіне қатысты
сәйкестікті табыңыз
а) қанның тобының резусфакторының тіркеуді бақылау журналы
б) таза жаралы науқастарды таңу есебінің журналы
в) күре тамырға құюдың есебі журналы
г) күре тамырға құюдың инесін системасын шприцтерінің есебі журналы
д) іріңді жарақаты бар науқастардың таңудың есебі журналы
9. Қандай манипуляцияларды
3. процедуралық бикс
4. таңу биксі жүргізіледі
сәйкестікті табыңыз
а) стирильдік столды даярлау
б) СЭС-ке опперациядан кеінгі жарақаттың іреңдеуі туралы хабарлайды
в) плевралдық пункция жургізуге дәрігерге көмектеседі
г) абцесті ашуда дәрігерге көмектеседі
д) күре тамырға құю үшін системаны толтырады.
а) антибиотикке сезімталдыққа тері астылық сынама жасайды
10. Кұре тамыр манипуляцияларды жүргізгенде манипуляцияларды медбике әрекеттерінің тізбектелуі қандай?
а) күре тамырлық тамызып құю үшін бір реттік системаны толтырады
б) биохимиялық зерттеулер үшін қан алуды жүргізеді
в) қанның биохимиялық зерттеуін, күре тамыр инъекциясы мен құюды тағайындалған науқастардық тізімін қарап шығады
г) науқастарға дәрі тамызғыш қояды
д) күре тамырға инъекция жасайды
Достарыңызбен бөлісу: |