Өңдеу Мамандығы: Емдеу ісі 301000 Курсы: Семестрі: 5



жүктеу 0,96 Mb.
бет13/13
Дата18.01.2020
өлшемі0,96 Mb.
#27052
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ситуациялық есептер

  1. Дәрігер науқасқа операциядан кейінгі кезеңде мұзды мұйықты операция болған орынға қоюды бұйырды. Медбике алдын мұздатқышқа қойылған мұз мұйықты алып сүлгіге орап, жарақатқа қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.

  2. Медбике науқас баланың тамағына қыздырушы компрессті төмендегіше қойды: дәке салфетканы 70 градус температурадағы ыстық суға малып, тамағына қойып, полиэтиленді пакетпен жапты, сосын қатты бинтпен таңып қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз. Науқас балаға компрессті қалай қою керек ?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 8 –бөлім , 405 – 427 бет



15 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Жылытқыш пен мұзды мұйықты қолдану.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану алгоритмін үйрету

тәрбиелік: Оқушыларда қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • енжар науқастарды тамақтандыру

  • ауыр науқасты тамақтандыру

  • келушілердің тамақтарын бақылау

  • зонд, гастростома аркылы тамақтандыру

  • тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы

  • парентеральды тамақтандыру

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі

  • қарапайым физиопроцедурапың түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстердің әсер ету принциптері, емдік эффекті

  • компресстердің түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстерге көрсетілімдер және кері көрсетілімдер

  • процедураны жүгізу үшін қажетті көрнекілер

  • процедураны қабылдау кезінде пайда болатын асқынулар және техника қаіпсіздігі

  • құралдарды өңдеу

Физиотерапияны қолдануға көрсетілімдер, физиотерапиялық әдісі беткейлі региональді және орталық қан айналуды жақсартады, ұлпаның трофикасын жақсартады, нейрогумаральдық регуляцияны қалыптастырады, және иммундық жүйенің бұзылуын қалыптастырады. Физиотерапия әдетте қызбалы жағдайда кері көрсетілім береді, аурудың тез таралуы, ағза – инфекциялық аурудың ең жоғары сатысында, туберкулездің актив кезеңінде, жаңадан пайда болған жаман сапалы және олардағы өзгерістерге көз қарас, қан жүйесінің ауруы, қан кетуіне дағдыланған және қан кетуі; қан айналымының жүрек тамырларының жетіспеушілігі ауруы қан айналымының ІІ сатысынан жоғары аортаны аневризмасы және үлкен тамырларда олар ауруға шалдығуы тез қозудан пайда болады. Емдеуде және профилактикада физикалық факторларды пайдалануда физиотерапиялық кабинеттерде және емхана, поликлиника бөлімдерінде жүргізіледі. Поликлиникада және басқа да емдеу – профилактикалық, қажет кезде емханалық палаталарда және үйлерде жүргізіледі. Физиотерапиялық бөлімшелер емханада жұмысты орындайды, және поликлиникада 10 дәрігерден кем болмаған жағдайда. Профилактикалық ұйымдар жас балдардың арасында жүргізледі, (өндірістік, демалыс үйлерінде санаторияларда). Физиотерапиялық бөлім ірі емхана және поликлиниканы басқарады. Дәрігер – физиотерапевт, арнайы дайындықты өткен кезде орта медбике жұмысшы физиотерапиялық жұмысқа жіберілмейді, тек қана арнайы дайындықты өткен соң.

Жылумен емдеу – ағзаға жылумен әсер ету емдеу мақсатында. Жылулық әсер адам терісі жылулыққа тигенде әсер етеді, сонда жылу алмасу жүзеге асырылады жылу өткізгіштік заңдылығымен немесе жылу ағзаның ішінде пайда болады, жұтылған энергиямен физикалық факторлардың әсерінен пайда болады. Термин “жылу-емдеу” әдетте емдеу процедураларында кең тараған, сол кезде жылулық әсер жалғыз және анықталған кезде болады. Көп кезде оқиғаларда бұл тәсіл экзогенді жылулықты пайдалануда: грелка, күйдіру компрессоры, припарки, сумен емдеу тәсілдері, балшықпен, жарықпен емдеу және т.б.

Жылумен емдеуде әр түрлі озокерит және парафинмен емдеу, сол кезде жылытылған озокерит, парафин заттары қолданылады.

Озокериттпен емдеуде озокеритті қолданамыз – мұнайлық битумның минералды топтары. Жоғарғы жылуды қолдану, озокериттің эффективтілігі жылу тасмалдауының бәсең жылу беру және минемальді жылу өткізгіштігінде. Олардың қыздыру температурасы 40-50°С (бірінші қабат) және 60-70°С (екінші қабат) күйікті болдырмайды. Жылу берудің негізгі факторлары механикалық және химиялық. Озокеритпен емдеуде ванналар, жағулар, физиотерапиялық әдіспен аппликациялау (гальванизация, электрофорезбен, ультродыбысты терапия, жарықпен емдеу, массаж және т.б.).

Парафинмен емдеудің нәтижесі. Парофинде озокерит компрессивті әсер етеді. Парафин сулы баняда 65-100 °С жүзіп жүреді және ванна түрінде және аплекация түрінде қолдандады. Озакеритпен емдеуде, парафинмен емдеуде және жылумен емдеудегі көрсетілімдер мен терінің кері көрсеткіштері.

Жылумен емдеудің механизімі өзгеріп тұрады , жергілілікті және жалпы қан айналымда, қан ағуын жылдамдатады, копилярлардың қызыметін жоғарлатады . Жылумен ұзақ емдеуде тері қызуы жоғарлайды. Жылумен емдеу кезінде жүрекжиырылады, қан қысымы төмендейді,тынысалу тереңдігі және жиілігі жоғарлайды , бұлшықет тонусы кішірейеді, эндокринді бездердің функциясы өзгереді. Ішкі ағзалар өзгереді әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесі, бірақта олардың функциональді жағдайына байланысты.

Жылумен емдеудің көрсетілімдері: Тірек қимыл аппаратының ауруларында, орталық және перифериялық нерв жүйелерінің аурулары және жарақаттан кейінгі өзгерісте, көптеген ішкі жүйелердің аурулары,периферияялық қантамырлары, тері аурулары, көз, құлақ, күйіктен және үсіктен кейін жылумен емдеудің обсалютті кері көрсетілімдер: Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, туберкулердің активті түрінде, қан кетуде,қан айналым жетіспеушілік сатыларында.

Қарапайым физиотерапияның әсер ету механизмі капиллярлардың кеңейіп, патологиялық аймақта қан айналымның күшеюіне байланысты.

Физиотерапия – адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл – күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.

Кыздырушы компресс қою

Мақсаты: Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.

Көрсетілімі:Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.

Қарсы көрсетілімі:Қан кетулер, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.

Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ерітінді, (бөлме температурасымен бірдей су (20-25ºС), 40% спирт немесе 6% сірке суы (жарты литр суға 1 кіші ас қасық сірке суы) клеенка немесе компресті қағаз, мақта, бинт, қайшы.

Парафин қою мақсаты: қанайналымды күшейту, босаңсыту, ауыруды басу. Парафинді көбінесе буын ауыруларында негізгі қабынуға қарсы ем қабылдағаннан кейін қолдануға болады

Сүлік қою.

Мақсаты: жергілікті қан алу, қанның қоюлануын төмендету

Көрсетілімі: артериялық гипертензия, бауырда венозды қалдықтың тұрып қалуы, ЖИА, венаның тромбозы және тромбофлебит, геморрой.

Құрал-жабдықтар: стерильді: лоток; пинцет; тампондар; салфеткалар; таңу материалы, медициналық банка, 70% спирт, 40% глюкоза ерітіндісі, мүсәтір спирті немесе натрий хлориді; ыстық су; 6-8 сүлік.

Қыша қағазын қоюға көрсетілімдер:

Миозит, бронхит, бұлшықеттердің физикалық шаршаудан кейін ауыруы;

Қыша қағазын қоюға қарсы көрсетілімдер:

Теріде іріңді процесстер, аллергиялық немесе басқа қышымалар, қызба, жүрек аритмиялары.



Емдік ванна- сумен емдеудің негізгі түрі болып табылады. Жалпы, жартылай және жергілікті ванна түрлерін ажыратады. Ұзақтығы: 10-20 минутқа дейін, қабылдау курсы 10-15 ванна. Емдік ваннаны күн ара немесе екі күн қатар сосын бір күн үзіліс жасайды. Ванналарды сумен емдеу бөлімінде немесе арнайы емдік және алдын-алу мекемелерінде қолданылады. Жанұя бір мүшесінің бақылауымен дәрігер тағайындауы бойынша емдік ваннаның белгілі бір түрін үй жағдайында қолдануға болады; егде жастағы науқастар және жас сәбиле ванна қабылдаса оларды ерекше бақылау қажет. Ваннаға түсіп болған соң құрғақ және жылы сүлгімен сүртініп, одан соң 30 минут демалу қажет.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)

Аудиториялық жұмыс: бөлімшелерде мұзды мұйық, компрес қолдануды үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1.Мұзды мұйықтан соң қандай асқынулар пайда болуы мүмкін ?



    1. Инфильтраттың қатайуы

    2. Терінің күлдіреуі

    3. Инфильтраттың жарылуы

    4. Терінің тартылуы

2. Суық комрессті қандай жағдайда қолданасыз ?

      1. тұншығуда

      2. бас ауырғанда

      3. бүйрек шаншуында

      4. инфильтраттың іріңдеуі

      5. жарақаттың қанауы

3. Компрессті қою уақыты ?

      1. 6-8 сағат

      2. 30 минут

      3. 2-3 сағат

      4. 12-14 сағат

4. Қыздыратын компресстің дұрыс қоылғанын қалай тексересіз ?

1) 2 сағат өткен соң компресстің астына саусақты енгізіп, оның ішкі қабаттарын анықтау

2) 2 сағат өткен соң копрессті шешіп ,тексеріп көру

3) 2 сағаттан соң шешіп көру

4) 2 сағаттан соң науқастың сезімін сұрау

5) 2 сағаттан соң, егер сарғаю байқалса

5. Суық компрессті ауыстыру жиілігі

1) сальфетка қызғанда

2) құрғап қалғанда

3) 2-3 минуттан соң

4) науқас суықты сезгенде

5) 10-15 минуттан соң

6. Қыздырушы комресс үшін не қажет ?

1) лоток, су, сальфетка, целлофан

2) жылы су, спирт, сальфетка, компресс қағазы, мақта, бинт

3) 2% хлорамин ерітіндісі, мақта, сальфетка, целлофан

4) Эсмарх кружкасы, су, мақта, спирт, клеенка

5) лоток, мақта, бинт, жасыл ерітінді, клеенка

7. Ылғалды компресс болмауы керек

1) суық


2) ыстық

3) қыздырушы

4) дәрілік

5) горчичникпен

8. Мұзды мұйықты қолдануға болмайды

1) жедел холецистит, жедел панкреатит

2) өкпеден қан аққанда

3) бүйрек шаншуында

4) жоғары қызбада

5) жарақаттың бірінші күнінде

9. Грелканы қолдануға болмайды

1) ішек коликасында

2) бүйрек коликасы

3) қабынған инфильтраттарда

4) жедел холецистит, жедел панкреатит

5) қызбаның бірінші кезеңінде

10. Мұзды мұйықты, грелканы дезинфекциялайды

1) 6% перекись водород ерітіндісі

2) 0,015% деохлор ерітіндісі (2 рет сүртіледі)

3) 0,5% гигасепт ерітіндісі ( толық саып қою)

4) кез келген жуатын ерітіндімен

Ситуациялық есептер


  1. Дәрігер науқасқа операциядан кейінгі кезеңде мұзды мұйықты операция болған орынға қоюды бұйырды. Медбике алдын мұздатқышқа қойылған мұз мұйықты алып сүлгіге орап, жарақатқа қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.

  2. Медбике науқас баланың тамағына қыздырушы компрессті төмендегіше қойды: дәке салфетканы 70 градус температурадағы ыстық суға малып, тамағына қойып, полиэтиленді пакетпен жапты, сосын қатты бинтпен таңып қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз. Науқас балаға компрессті қалай қою керек ?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 8 –бөлім , 405 – 427 бет





жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау