9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 28 мин (30%)
қабылдау бөлімінін құрылысы және кұрал - жабдықтары;
қабылдау бөлімінін санитарлық - эпидемиологиялық тәртібі;
қабылдау бөлімі медбикесінің функционалдык міндеттері;
дене биомеханикасына түсінік
пациентті төсекте қозғалысы
пациентті төсекте әртүрлі қалыпта (Фаулер қалпы.Симса, арқамен, ішімен, жанымен жатқызу қалпы)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
Науқас төсегіне және киіміне гигиеналық шарттар;
Ауыр науқастарға төсегін және киімін ауыстыру реті, оларды сақтау, зарарсыздандыру;
Науқас терісіне гигиеналық шарттар;
Активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;
Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;
Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу;
- Педикулез кезіндегі іс - шаралар;
Науқастың белсенділік тәртібі: қатал төсектегі, палаталық еркін болып 4 түрге бөлінеді. Бүл белсенділік тәртібі дәрігер таманынан белгіленеді.
1. Белсенді (еркін)-науқастың әрекеттері шектелмеген.
2. Палаталық- науқас тек қана дәрігер рүқсат еткен әрекеттерді ком-да атқаруы мүмкін.
3. Төсектегі-науқас белгілі себептермен төсекте жатады.
4. Қатал төсектегі-науқастың әрбір әрекеті төсекте жатсада шектелген.
-Науқастың төсектегі қалпы:белсенді, енжар, мәжбүр (ортопное, тізе шынтақ) болуы мүмкін. Белсенді қалып- науқас өзі төсектен түруы, отыруы, жүруі мүмкін жағдайда.
Енжар-науқас өзі әрекет жасай алмаса басын немесе қолын көтере алмаса.
Мәжбүр-науқас өзінің жағдайын жақсылау, ауру сезгісін азайту (мақсатымен) үшін мәжбүр болады. Мысалы: науқас буылу, жөтел, ентігу кезінде артопное қалпына түседі. Аяқтарын төмен қарата асылтырып, қолдарын кереуетке тіреп отыру, тыныс алуын жеңілдетеді; плеврал қабығының қабыньш өкпесінде ірің болған науқас науқастанған бүйіріне қарап жатып ауру сезімін жеңідцетеді.
Науқасты шалқасынан жатқан науқасты „оң бүйіріне" қарата жатқызу алгоритмі:
1. Науқастан сізбен бірге әрекет жасау сүралады.
2. Науқасқа алақанымен шынтақ орнынан үстау түсіндіріледі.
3. Науқас сол аяғын тізесінен бүгеді, мейірбикенің оң қолы науқастың бауырының төменгі жағында, сол қолы тізеде, сол табан оң тізе буыны астында болады.
4. Мейірбике науқасты оң бүйіріне жатқызу үшін оны төменгі санынан үстап күш жүмсап өзіне қарата жатқызады.
Науқасты жартылай отыру қалпынан отыру қалпына келтіру
алгоритмі:
1 Екі санитар науқастың бас жағында түрып, қолдарын оның қолтығының астына өткізеді.
2 Науқастың жағдайын бақылай отырып, жайлап „отырған" қалпына келтіреді.
3 Мейірбикелерден бірі науқастың иығынан үстап, екіншісі жастықты оның арқасына қояды.
4, Тізесінің астына қолай зат қойып науқасты орап қойылады.
Науқастың төсегінен орындыққа отыруына көмектесу:
1 Науқастан беліңізден үстауын сүрап, өзіңіз оның иығынан үстаңыз. Сіздің тобығыңыз науқастың тобығымен қарама-қарсы жайғасуы керек.
Арқаға бір қадам тастап, науқасқа үстап түруына көмектесіңіз.
Солға бүрылып науқастың орындық қасына түруына көмектесіңіз.
4 Науқасқа орындыққа отыруын айтып, оның иығынан үстап, тізесін тізеңізбен үстап түрып отыруына көмектесіңіз.
Науқасты орындыққа отырган қалпынан төсегіне жатқызу:
1. Науқастың тізесіне тізеңізді тақап түрыңыз.
2. Науқастың аяғын тізесінен бүгіп оның арқа жаурынынан үстаңыз.
3. Науқастың иілген қалпында орындықтан түруына көмектесіңіз.
4. Науқастың оң жаққа бүрып, кереуетке отыруына көмектесіңіз.
5. Науқастың оң жағында түрып, оң қолыңызды тізесінің астына келтіріп, сол қолыңызбен науқастың жаурынынан үстаңыз.
6. Науқастың аяғын көтеріп кереуетке қойыңыз, бас жағына жастық қойып жатқызыңыз.
Науқастың төсеніштерін ауыстыру.
Науқастың төсеніші мен іш киімдерін бір аптадан үзартпай ауыстыру керек. Жуылатын жерге жіберілгенше кір киімдерге арналған бактарға салынып арнайы бөлінген бөлімде сақталынады. Төсек орын жапқыштарын мейіркеш кіші мейіркеш көмегімен ауыстыру керек. Науқастың төсегі жетерліше қалың жастығы жүмсақ, көрпесі жыл мерзіміне сәйкес болуы тиіс. Сырқат жай-күйіне қарай төсек- орын жапқыштарын ауыстырудың түрліше тәсілдері болады. Егер сырқат жүріп-түратын жағдайда болса, онда ол төсек орын жапқыштарын кіші мейіркеш көмегімен өзі ауыстырады. Егер сырқаттың басы көтерілуіне рүқсат етілмесе кіші мейіркеш оны орындыққа отырғызады да, ақ жаймасын де ауыстырады.
Бірінші әдіс: Кірлеген ақ жапқышты бас және аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп, белі түсынан жайлап шығарып алады. Бинт тәрізді екі жағынан ораған таза ақ жайманы домалатып жайлап сырқаттың сегіз көзіне жақындатады да содан кейін басымен аяғына қарай түзетеді.
Екінші әдіс: сырқатты төсектің шетіне қарай жылжытып, кір жапқышты үзына бойына бинт тәрізді орайды да оның орнына тазасын төсейді, содан кейін сырқатты қарама-қарсы жағына жылжытып екінші жағынан кір жапқышты шығарып алып тазасын жаяды. Төсек-орын жапқышын әдетте екі адам сырқатқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады.
Науқастың іш киімдерін ауыстыру.
Ауыр науқастың іш киімін ауыстыруды мейіркеш қолдарын сырқаттың сегіз көзі астынан көйлектің етегін қамқыра үстап оны жайлап басына қарап ысырады. Осыдан кейін оның қолдарын босатады. Сырқатты осы әдіске керісінше тәртіппен киіндіреді, алдымен көйлектің жеңін кигізеді, содан кейін оны басынан өткізіп, түзетіп кигізеді.
Тері күтімі.
Сырқатты, әсіресе ауыр науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен түтастығы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жүмсақтығы мен серпінділігін сақтау үшін май жөне тері бездері функциясының маңызы зор. Алайда май мен терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен, термен бірге теріге шаң, микро организмдер де жиналады. Тері кірлеуінен ол қышиды, одан сызылған, қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің түтастығы бүзылады. Бүл, өз кезегінде, терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына көмектеседі. Осыған байланысты мейіркеш сырқаттың жеке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және оларға теріні таза сақтау жөніндегі қажетті әрекеттерді орындауға көмектеседі.
Мейіркеш өз аяғымен жүрген сырқаттың төсек-орнын, жапқыштары мен іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу графигін жасап орындауы тиіс. Науқас аптасына бір рет гигиеналық ванна, душ қабылдауы тиіс. Төсек тартып жатқан сырқаттарды 0,1% сірке қышқылы, ерітіндімен дезинфекциялап күнделікті сүрту қажет, ерітіндіні қолдану алдында қыздыру керек. Ерітіндісі бар ыдысты ағып жатқан ыстық судың немесе орталық жылу беру батареясына қояды. Егер бөлімшеде мүндай ерітінді болмаса, оны өздері жасауына болады. 0,5л жылы суға 1-2 ас қасық сірке суын, иіс су немесе спирт қосады. Егер бөлмеде бүл да табылмаса, теріні жылы сумен сүртуге де болады.
Сырқаттың терісін сүрту үшін сүлгінің бір шетін дезинфекциялайтын ерітіндіге малып, жайлап қысады да онымен мойнын, қүлағының сыртын, арқасын, көкірек клеткасының алдыңғы жағын және қолтық астын сүрте бастайды. Әсіресе емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше назар аударған жөн, себебі толық және өте терлегіш әйелдердің сол жерлері иістенуі мүмкін. Содан кейін теріні осы тәртіппен қүрғата түседі.
Ойық жара дегеніміз үстіңгі, ал кейде, терендеп жайыла түсетін беткі тканьнің жансыздануы. Ойылған жерлер әдетте сегіз көздің, жауырынының, үлкен үршықтық, шынашақтың түсына, жүйкеде, тізеде пайда болады. Ойықтың үлкеюінің негізі-сырқаттың қиын жағдайда жатып, қан айналымының бүзылуы.
Ойықтың бірінші белгісі-терінің бозарып, содан кейінгі қызаруы, ісінуі мен эпидермистің сьщырылуы, одан әрі терінің үлбіреуі мен шіруі. Ауыр жағдайларда тек жүмсақ ткань ғанат емес, шеміршек пен суйек те жансызданады. Оған инфекцияның енуі сепсиске алып келеді де, өлуіне себеп болады.
Ойықтарды болдырмау үшін оның профилактикасын дүрыс жасау қажет, оның негізгі элементтері мыналар:
1. егер сырқат жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту.
2. қиқым-сиқым болмауы үшін оның төсегін күніне бірнеше рет сілкіп салу.
3. Төсек жапқыш пен ішкі киімдері бүктеліп қалмау.
4. Көп уақыт шалқасынан жатқан ауыр науқас астына жастық тысына кигізілген үрленген резеңке дөңгелекті кигізіп, сырқаттың сегіз көзіне дөңгелектің тесігі турасынан келетіндей етіп салу.
5. Терісін күнделікті мына дезинфекциялайтын ерітінділердің біреуімен сүрту, камфора қоспасы, камфора спирті, этил спиртінің 40", 0,5"нашатыр спирті ерітіндісі, иіс су,сірке су ерітіндісі, салицил спирті,ал олар табылмаса, жылы сумен жуып, одан кейін қүрғата сүртеді.
6. Терінің гиперемиясы болған кезде белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні қүрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау,
7. Терінің қызарған жерін күніне 1-2 рет 5 немесе 10" калий перманганат жағу.
Ойық жараның емдеуі. Күлдіреген жерлерге 5-10" йод, 1" калий перманганат, бриллиант көгінің спирттегі 1" ерітіндісін жағады, содан кейін қүрғақ таңғыш салады. Шіріген жер шектелгенде өлі тканді алып тастап, жараны 1" салфеткамен жабады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады.
Тақырып: Көз, құлақ, мұрын және ауыз қуыстарынның күтімі.
Көзді күту
Жалпы режимдегі науқастар ертеңгі туалет кезінде көздерін өздері күтеді.
Төсектегі науқастарға әр күні көзін күтіп тұру керек.
Мақсат: ауыр науқастың көзін күтіп, дәрілік заттар тамызу, процедуралар жасау.
Құралдар мен материал:
Стерильді пипетка;
Лоток;
Стерильді шиша қалақша;
Көз ванночкасы;
Тампондар;
Көз тамшылары, мазь;
Фурациллиннің 0,02% немесе натрий гидрокарбонатының 1-2% ер-і;
Қолданылған материалдарға арналған лоток;
Дез.ер-і бар ыдыс.
Көз таулеті
Қолдарды өңдеу;
Стерильді лотокқа 8-10 тампон салып, оны антисептикалық ерітіндімен құю;
Науқасты жатқызу;
Тампонды шамалы сығып көздің сыртқы бұрышынан, ішіне қарай кірпіктерді және қабақтарды 4-5 тампонмен сүрту керек.
Көзді жуу
Көз ванночкасына тағайыналған дәріні құю керек.
Науқастың басын ванночканың үстіне еңкейтіп, көз терісіне тығыз жанастыру керек те, басын көтеріп кірпігін жиі қағуы керек.
1 минуттан соң науқасқа ванночканы көзін алмай стол үстіне қоюды өтінеміз, сонан соң басын көтереміз.
Көзін құрғақ томпонмен сүртеміз.
Көздерді химиялық күйіктерде және кірпіктерді жапсыратын бөлінділер дамығанда жуамыз. Басын арқасына шалқайтып, самайына аққан суға арнап лоток қоямыз. Жуу үшін дистильденген су, салқын қайнатылған су, физиологиялық ерітінді қолданылады.
Күйіктер кезінде көзді жуу үшін күйдірген ерітінді түріне қарай ерітінді таңдайды. Процедураны жасар алдында мейірбике мұқият қолын жуады. Ерітіндіні резиналы баллон немесе арнайы ыдысқа – ундинкаға алады. Судың қатты ағысымен алдымен жабысқан қабақтарды, сонан соң сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен ашып, самайдан мұрынға қарай бағыттап көз алмасын жуады. Сонымен қатар қарапайым мақта түйіршігін қолдануға да болады.
Көзге тамшылар тамызу
Тамшы тамызу үшін арнайы пипетка қолданылады, ол алдымен қайнатылады. Сол қолмен төменгі қабақты абайлап тартып, науқасақа қарама-қарсы жаққа қарауын өтініп, мұрын жанынан 1 тамшы тамызамыз, сонан соң екіншісін тамызып, көзін жұмуды өтінеміз.
Көз мазін жағу
Көз мазін тюбиктен немесе арнайы қалақшамен жағады. Мазь және қалақша стерильді болуы керек. Науқастың қабағын төмен тартып, мазді жағып саусақпен шырышты қабатқа жағады.
Құлақты күту
Сыртқы құлақ жолында сарғыш-қоңыр түсті бөлінді - құлық жиналады. Оның жиналуы естуді төмендетеді. Сау құлақты күту, үнемі оны сабынды сумен жуып тұруға бағытталған. Сыртқы құлақ жолын өткір заттармен тазалауға мүлдем болмайды. Өйткені ол қабырғасын немесе құлақ пердесін зақымдауы мүмкін.
Ұзақ төсекте жатқан науқастарға үнемі мейірбике құлағын тазалап тұруы керек.
Құлақ жолынан құлықты және іріңді бөліндіні тазалау
Құралдар мен материалдар
Жане шприці;
Лоток;
Мақта;
Сутегі асқын тотығының 3% ер-і;
Дәке;
Стерильді пипетка;
Дәрілік заттар;
1:5000 35-37С фурациллин ер-і.
Құлаққа сутегі асқын тотығының 3% ер-ң бірнеше тамшысын тамызады, сонан соң мақтамен құлықты алып тастайды. Егер де құлық көп жиналған болса Жане шприцімен немесе резиналы баллонмен жуады.
Құлақтан құлықты фурациллин ер-н жуады. Оны мейірбике дәрігер қатысуымен және көргеннен кейін жасайды. Науқасты отырғызып, иығына плеенка жауып, қолына бүйрек тәрізді лотокты береді. Жане шприціне 37С фурациллин ер-н алады. Шприц ұшына процедура кезінде құлақ аппаратын зақымдап алмас үшін резиналы трубка киіледі. Құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып, құлақ жолының артқы – жоғарғы қабырғасымен ер-і жібереді. Құлық бөліктермен немесе толығымен шығады. Құлақ жолын процедура біткен соң мақтамен сүртіп, спиртпен өңдейді.
Сыртқы құлақ жолын құрғақ тазалау
Егерде құлақтан ірің шығатын болса, оны үнемі құрғақтай немесе ылғады тазалаудан өткізіп тұру керек. Құрғақ тазалау үшін, құлақ зондына мақтаны орап алып, оны күйдіру керек. Осы кезде мақта зарарсызданады. Сонан соң мақтамен сыртқы құлақ жолын тазалауға болады. Мақтаны құлаққа абайлап, құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып енгізеді. Қолданылған мақтаны зондтан алу үшін, оны марль дәкемен ұстап алу керек. Процедураны құлақ жолы тазарғанша қайталау керек.
Сыртқы құлақ жолын ылғалды тазалау
Егерде ірің қатып қалған болса, онда ылғалды тазалау қолдануға болады. Ол құлықты тазалағандай, бірақ шприцке жай су емес, калий перманганатының немесе бор қышқылының әлсіз жылы ерітіндісін жинап жүзеге асырылады. Процедурадан соң науқас басын жуған құлағы жағына қисайтуы керек. Құлақтан сұйықтық қалдықтары шыққан соң, оны құрғақ етіп сүртеді де, 2-3 сағатқа марль тығынын қояды.
Құлаққа дәрілік заттар тамызу
Құлаққа дәрі тамызу үшін, науқастың басын сау жағына қисайтады. Құлақ қалқанын сол қолмен артқа және жоғары тартып, оң қолындағы пипеткамен тамшыларды санап тамызады да (балаларға 5-6 там, ересектерге 6-8 там), құлаққа мақта тығынын қояды.
Мұрынды күту
Ауыр науқастардың мұрынында көп шырыш және шаң жиналып, тынысты тарылтады. Сонымен қатар науқастың жағдайын ауырлатады.
Әлсізденген науқастар мұрынын өздері тазалай алмайды, сондықтан мейірбике оған көмектесіп тұруы керек.
Құралдар мен материалдар
Лоток, мензурка, вазелин майы, мақта тығындары, қолғап, дез. ерітіндісі бар ыдыс.
Мұрынға вазелин майын немесе глицеринді басын шалқайта тамызып, 2-3 минуттан соң мақтамен тазалайды.
Мұрынға тамшылар тамызу
Құралдар мен материалдар
Стерильді көз пипеткалары, вазелин майы, лоток, дәрі, мақта тығыны, дез. ерітіндісі бар ыдыс.
Науқасты жатқызып немесе отырғызып, басын артқа шалқайту керек. Егер мұрынында бөлінділер мен қатпалар болса, мақтамен тазалап алу керек. Көз пипеткасымен мұрынның екі бөлігіне де жететіндей етіп қажет дәрі мөлшерін алып алу керек. Сол қолмен мұрын ұшын көтеріп әр бөлікке тағайындалған мөлшерін тамызу керек.
Мұрын қуысын бөлінділер мен шырыштан құрғақ және ылғалды тәсілдермен тазалауға болады. Шырыш пен іріңді мұрын жолдарынан, вазелин, ментол немесе басқа майлармен малынған мақтамен тазалайды. Егер қатпалар болса, оны зарарсыздандыратын ерітінділермен жуу керек. Бір мұрын жолына құйылған ерітінді, екінші жолмен немесе ауыз арқылы науқас ұстап отырған лотокқа ағады.
Мұрынды жуу кезінде науқас қандай қауіпсіздік шараларын сақтауы керек?
Мұрынды жуу кезінде науқас жұтынбай және сөйлемей отыруы керектігін ескерту керек. Өйткені инфицирленген сұйықтық евстахиев түтігі арқылы орта құлаққа өтіп, қабыну туғызуы мүмкін.
Ауыз қуысын күту
Белсенді науқастар әр күні азанда және кешке ауыз қуысын тұзды сумен (1 стакан суға ¼ шәй қасық тұз) шайып, тісін жуып тұруы керек.
Ауыр науқастарға мейірбике әр тамақтанған соң ауызын сүртіп тұруы керек. Ол үшін мақтаны бор қышқылының 5% ерітіндісіне, немесе натрий гидрокарбонатының 2% ер-е, калий перманганатына, жылы суға батырып алады.
Құралдар мен материалдар
Қолғап, шпатель, мақта, пинцет немесе қысқыш, зарарсыздандырушы ер-і немесе жылы су;
Орындалуы: науқасты жартылай отырғызып немесе басын жанына бұрып, мейірбике пинцетпен мақтаны алып, зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып алған соң, науқастың тілі мен тісін сүртеді. Сонан соң науқас ауызын шаяды.
Стоматит дамыған кезде ауыз қуысы қалай күтіледі?
Ауыр науқастарды жиі стоматит дамиды – ауыз қуысы шырыш қабатының қабынуы. Тамақтану кезінде ауырсыну, сілекей ағу, дене қызуының жоғарылауы орын алады.
Шырышты қабатқа медикаментозды ем ретінде шаю және аппликациялар қолдануға болады.
Стоматиттің емі зарарсыздандырушы ерітінділер қолданумен жүзеге асырылады. Осы ерітінділерді ауыз шаю мақсатында да қолдануға да болады.
Аппликациялар - марльды дәкелерді зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып ауыз қуысына қояды. Процедураны күніне бірнеше рет қайталайды.
Шаю алмұрт тәрізді баллонмен немесе Жане шприцімен жасалады. Науқастың кеудесі клеенкамен жабылып, баллонға немесе Жане шприціне антисептикалық ерітіндіні алады. Науқастың басын жанына бұрып, иегінің астына лоток қойылады. Протез тістері алынса, алып тастау керек. Ауыз бұрышын жоғары тартып, ұртына баллон немесе шприцтің ұшын енгізіп, шамалы қысыммен ауыз қуысын шаяды. Қолданылған құралдарды зарарсыздандырады.
Кейде науқастардың еріні кеберсіп, жаралар пайда болады. Ол кезде ерініне суға малынған марль дәке қойып, кез келген маймен майласа болады. Ауызды қатты ашып, пайда болған қабықтарды ашуға, тіс щеткесімен қолдануға болмайды. Ауызды әр тамақтанған соң шайып тұру керек.
Афтозды стоматит дамығанда ауыз қуысы қалай күтіледі?
Жоғары дене қызуы немесе қан айналым бұзылысы бар науқастарды кейде афтозды стоматит дамиды, және ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ол кезде негізгі сырқатты емдеп, ауызды иісті кетіретін заттармен (натрий гидрокарбонатының 2% немесе натрий хлоридінің 1% ерітінділерімен, басқа да ерітінділермен немесе дезодаранттармен) шайып тұру керек.
1. Тақырып: Аяқ, шаш күтімі. Науқасты жуындыру.
Стационардағы науқастардың шашы қалай күтілуі керек?
Ұзақ төсекте жатқан науқастарға үнемі шаш күтімі керек. Ер адамдарға шашын қысқа етіп қысқартады, аптасына бір рет гигиеналық ванна және шашты жуудан өткізіп тұру керек. Ұзын шаштары бар әйелдердің шашын күніге жиі тісті жеке тарағымен тарап, тұру керек. Бөтен тарақпен пайдалануға қатаң тиым салынады. Қысқа шаштарды түбінен ұшына қарай тарайды. Ұзындарын паралель шоғырларға бөліп ұшынан бастап, үзбей тарайды. Сірке қышқылына малынған жиі тарақ кір мен сіркені оңай алады.
Бас қалай жуылады?
Басты жақсы жуу үшін түрлі сабынсулар мени балалар сабынын қолданған дұрыс. Егер науқастың жағдайы болса, гигиеналық ванна кезінде басты да жуып жіберу керек. Егер науқас төсектен тұра алмаса, басын төсекте жуады. Науқастың шаштарын мейірбике әр күні тексеріп тұруы керек. Сабындау кезінде шаш түбіндегі теріні мұқият сабынмен ысқылау керек. Сонан соң шаштарды құрғатып, таралады. Басты жуып болғани соң басқа орамал тағылып, суықтаудың алды алынады. Басты жуу мен тырнақтарды қысқарту аптасына бір рет жасалады.
Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын төсекте жуу.
Клеенка, жылы су, ыдыс, сабын, губка, сүлгі, қайшы және қолғап дайындау керек. Процедура алдында қолды жуып алып, құрғатып, қолғап киіп алу керек. Сонан соң матрацты тізе астына орап, клеенка төселеді, жылы суы бар ыдыс торға қойылады. Жеке губкамен, сабынмен аяқтары жуылып, сонан соң құрғатылады. Егер тырнақтары өсіп кеткен болса, оларды қысқарту керек. Қайшыны қолданып болған соң зарарсыздандырылып, аяқ жууға арналған барлық заттар алынып тасталады. Қолдар жуылып, кептіріледі.
Науқастың тырнақтары қалай қысқартылады?
Тырнақтарды қысқарту үшін кішкентай қайшыны қолданады. Қысқарту кезінде теріні зақымдап алмау керек. Процедурадан соң қайшыны спирт немесе 0,5% хлорамин ерітінідісіне малынған дәкемен сүрту керек.
Науқастарды қалай жуындырады?
Ұзақ төсекте жататын, патасына бір рет гигиеналық ванна қабылдамайтын науқастарды; күніне бірнеше рет жуындырып тұру керек, өйткені шап аралықта жиналған зәр немесе нәжіс қалдықтары теріні зақымдап, жауыр дамуына алып келеді. Жуындыру үшін калий перманганатының әлсіз ерітіндісін немесе кез келген басқа зарарсыздандырушы ерітінді қолданылады. Ерітінді жылы (35-38С) болуы керек. Жуындыруға лоток, құман, Эсмарх кружкасы, корнцанг, стерильді мақта, дәке, клеенка, жөргек, сабын, судно, қолғап қажет. Тұрмыс сабыны кесіндісін майдалап, суға көпіртеді. Жиі әйелдерді жуындырады.
Әйелдерді жуындыру ерекшелігі қандай?
Егер науқас өзі жуына алса, оның бір өзін қалдыру керек. Егер де олай болмаса - науқас арқасында, тізесін бүгіп, аяқтарын шамалы ашып жатуы керек. Мейірбике науқастың оң жағында тұрады. Сол қолына жылы дезинфекциялы ерітіндісі бар ыдысты ұстап, оң қолымен – сабынды суға малынған дәкесі бар корнцанг алып, сыртқы жыныс мүшесінен тік ішекке қарай ерітіндіні бір рет (жоғарыдан төмен қарай) құяды.
Сыртқы жыныс мүшесі мен шап аралықты мынадай ретпен өңдеу керек: қасаға аймағы, сыртқы жыныс мүшелері, шап аралық, тік ішек аймағы. Дәкені де осылай ретімен ауыстырып тұру керек. Былғанған дәкені қайта өңдеуге қолдануға болмайды. Қолданылған дәкелер дезинфекциялы ерітіндісі бар лотокқа тасталады. Бір қолмен жыныс еріндерін ашып, бір жыныс ерінін жуады, сонан соң дәкені алмастырып, тура осылай екінші ерінді жуады; шап аралықты қасағадан бастап тік ішекке қарай жуады, пациенттің шайынуын тура осындай ретпен қайталайды. Сонан соң осындай бағытта құрғақ мақта дәкемен теріні сүртеді. Процедура біткен соң судноны, клеенканы алып, қолғапты шешіп, төсегін салып науқасты орап жатқызады.
Ерлерді жуындыру ерекшелігі қандай?
Ерлерді жуындыру әлдеқайда жеңілірек. Науқас арқасында, тізесін бүгіп жатады, жамбасының астына судно қойып, бір қолына жыныс мүшесін алады, суды шап аралықпен шапқа бағыттап ағызады. Жыныс мүшесінің басын үрпіден бастап айналдыра қасаға аймағына қарай жуады. Дәкені тура әйелдерді жуындырғандай ауыстырып тұрады. Дәке орынына мақта томпондарын қолданған ыңғайлы. Құрғақ мақта томпонымен теріні сүртеді; егер шап аймағында бөрпелер болса, оны вазелин немесе кез келген басқа маймен сүртуге болады. Процедураны аяқтау тура әйелдердегідей.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)
Аудиториялық жұмыс: аурухана бөлімшелеріндегі науқастарға яқтың, шаштың, көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз құысының күтімін үйрену
12.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
Ауыр науқастарда шаштарының сынғыштығы дамып, түсуі орын алады. Оларға шаш тараудың қажеттілігі барма?
Міндетті түрде, және жиі;
Мүмкіндігінше тарамауға тырысу керек;
Екі күнде бір рет тарау керек;
Бес күнде бір рет тарау керек;
Әдеттегідей тарау, бірақ сирек тісті тарақ қолдану керек.
Науқастарды қандай ерітіндімен жуындырады?
Калий перманганаты ерітіндісімен;
Фурациллинмен;
Жылы сумен;
Барлығы дұрыс.
Жыныс мүшелерін өңдеу реттілігін көрсетіңіз:
Анальды саңылау аймағы, шап аралық, сыртқы жыныс мүшелері, қасаға аймағы;
Сыртқы жыныс мүшелері, шап аралық, қасаға аймағы, анальды саңылау аймағы;
Қасаға аймағы, сыртқы жыныс мүшелері, шап аралық, анальды саңылау аймағы;
Шап аралық, сыртқы жыныс мүшелері, қасаға аймағы, анальды саңылау аймағы;
Қайшыны қолданып болған соң дезинфекциялайды:
0,5% новокаин ер-е;
0,5% хлорамин ер-е;
Ағын сумен жуу;
Сутегі асқын тотығы ер-н.
Басты жуу, тырнақты қысқарту жасалады:
Кірлеуіне қарай;
Аптасына бір рет;
Аптасына екі рет;
Он күнде бір рет.
Педикулезбен күресу үшін мынадан басқаның бәрін қолданады:
Сутегі асқын тотығы ер-н;
Карбофостың 0,15% ер-н, ниттифор;
Сабынды-керосин эмульсиясының 10% сулы ер-н;
Сірке қышқылының 10% ер-н.
Сіркені жоюға қолданады:
Жылы асхана сірке қышқылы ер-н;
Сутегі асқын тотығы ер-н;
Сабынды су;
Сынап жақпа майын.
Плошицаларды анықтағанда өңделеді:
Сулема сірке қышқылымен (1:300);
33% күкірт қышқылы мазімен;
5-10% сұр сынап мазімен;
Барлығы дұрыс.
Судноны дұрыс пайдалану тәсілі:
1. Науқас жүрелей отырады, бөлмеде алдымен терезе ашылады;
2. Судноны босатып, оны дезинфекциялайды;
3. Басқа науқастардан пердемен оқшаулайды;
4. Қолданылған судноның көзін жояды;
5. Дәрігер міндетті түрде қатысуы керек;
6. Дезинфекцияланған судноны науқастың жамбасына қояды;
7. Науқас тізесін бүгіп, жамбасын көтереді.
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,4,5,7; Б) 6,3,5,2; В) 3,7,6,2; Г) 1,5,2,4; Д) 6,1,7,3.
10. Неліктен науқасты жуындырған кезде суды жыныс мүшелерінен тік ішекке бағыттап ағызады?
1. Науқасты осылай жуындыру ыңғайлы;
2. Инфекцияны тік ішектен жыныс мүшелеріне енгізбес үшін;
3. Су судноға ағуы үшін;
4. Шап пен шап аралықты мұқият жуу үшін;
5. Төсекті және киімді былғамас үшін.
Ситуациялық есептер
Реанимация бөлімінде 10-тәулікте науқас ем қабылдауда. Стационар жағдайында әйел адамдардың шашын қалай күтеді?
Науқастың басында бит табылды. Педикулезбен күресу үшін қандай инсекцидтер қолданасыз?
12. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)
Н - 1, 2- бөлім, 154 – 173 бет
12 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға науқастарды тамақтандыруды үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда науқастарды тамақтандыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда науқастарды тамақтандыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Науқас төсегіне және киіміне гигиеналық шарттар;
Ауыр науқастарға төсегін және киімін ауыстыру реті, оларды сақтау, зарарсыздандыру;
Науқас терісіне гигиеналық шарттар;
Активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;
Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;
Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу;
- Педикулез кезіндегі іс - шаралар;
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
енжар науқастарды тамақтандыру
ауыр науқасты тамақтандыру
келушілердің тамақтарын бақылау
зонд, гастростома аркылы тамақтандыру
тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы
парентеральды тамақтандыру
Науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса( қатаң төсек төртіп).
науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек, физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.
Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.
Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)
Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін .
Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.
Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.
Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру.
Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.
Жасанды тамақтандыру
Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.
Зонд арқылы тамақтандыру
Көрсетілімдері: ес-түссіз жатқан науқастар, ас қорыту жүйе өтімсіздігі. Дайындаңыз: жіңішке стерильді зонд диаметрі 0,5-0,8 мм, вазелин немесе глицерин, воронка немесе Жане шприці, сұйық тамақ (тәтті шай, морс, гомогенді эмульсиялар) фонендоскоп, лейкопластыр, түйрегіш, зондты жабатын қабық, шприц.
Гастростома аркылы тамақтандыру
1. Көрсетілімдері: жоғарыдағыдай бірақ ұзақ уақытқа
Дайындау : қоректік қоспалар (бульон, кілегей, сок, кілегей коспалар) Воронка, пластырь, 70 % спирт, асептикалық таңғыш, индифферентті мазь, цинк, дерматол пастасы;
Қоректендіру клизма (тік ішек арқылы тамақтандыру).
Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне
негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий
хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.
Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту
клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)
резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.
Парентеральді тамақтандыру.
Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.
Ескерту: белокты препараттарды науқастарға жылдам жібергенде оларда ыстық, беттері қызарып, тыныс алуы киындайды. Парентеральды тамақтандырғанда тәулікті ескеру қажет
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)
Аудиториялық жұмыс: бөлімшелерде науқастарды тамақтандыру.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Порционник құрамына кіретін мәліметтер:
А) әр түрлі диеталық столдардың саны
Б) науқастар саны
В) палаталар аталуы
Г) тамақтану төртібі
2.Қажет диета жөне оның қолдану ұзақтығын .. анықтайды.
А) диеталық медбике
Б) аға медбике
В) дәрігер
Г) палаталық медбике
3. 1 г көмір су организімге .. ккал береді.
А) 0,3 ккал
Б) 4,1 ккал
В) 5,5 ккал
Г) 7,3 ккал
4. 1 г май организімге .. ккал береді.
А) 4,1 юсал
Б) 3,3 ккал
В) 9,3 ккал
Г) 8,8 ккал
5. Көмір су .. қүрамында болады
А) крахмал
Б)ет
В) қант
Г) жұмыртқа
6. Тамақтану тәртібі бұл – .. .
А) кулинарлық емдеу сипаттамасы
Б) тамақ, ішу уақыты және жиілігі
В) тамақтың сапалық құрамы
Г) тамақтың мөлшерлік құрамы
7. Сау адамның тамақтану рационына .. кіреді.
А) 80-100 г белок
Б) 400-500 г көмірсу
В) 200 г май
Г) витаминдер, микроэлементтер
8. Порционник талаптарын ас блогына жеткізеді:
А) палаталық медбике
Б) аға медбике
В) бөлімше меңгерушісі
Г) диеталык медбике
9. Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары .. болуы керек.
А) белок ара қатынасы жоғары
Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты
В) 1:1:4 белок, май, көмірсуға сәйкес
Г) май ара қатынасы жоғары
10. Тамақты .. үлестіреді.
А) кіші мед. қызметкері
Б) буфетші
В) палаталық медбике
Г) диеталық дөрігер
Ситуациялық есептер
1 .Түнде науқасқа асқазан жара ауруымен бөлімшеге келіп түсті. Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?
2. Науқастарға тамақты үлестіретін кім жөне қашан өткізілді? палатада ауыр халде жатқан науқастар біреуінде емдік процедуралар аяқталады, ал екіншісінде физиологиялық бөлінулер қабылданып жатыр. Басқа науқастар тамақ іше ме ?
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 5 – бөлім, 308 – 332 бет
13 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: ЕПҰ-да емдік тамақтандыруды ұйымдастыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға науқастарды тамақтандыруды үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда науқастарды тамақтандыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда науқастарды тамақтандыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Науқас төсегіне және киіміне гигиеналық шарттар;
Ауыр науқастарға төсегін және киімін ауыстыру реті, оларды сақтау, зарарсыздандыру;
Науқас терісіне гигиеналық шарттар;
Активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;
Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;
Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу;
- Педикулез кезіндегі іс - шаралар;
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
енжар науқастарды тамақтандыру
ауыр науқасты тамақтандыру
келушілердің тамақтарын бақылау
зонд, гастростома аркылы тамақтандыру
тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы
парентеральды тамақтандыру
Адамның негізгі энергия көзі тамақ болып табылады. Тамақ жалпы алғанда ағзадағы зат апмасу процесіне әсер етеді, бүл жасушалар, үлпалар және органдар күйінің функционалды және морфологиялық өзгеруіне алып келеді. Тамақты қабылдағанкан кейін, тамақты қорыту аппаратының әр бөлімінде оның механикалық және химиялық өңделуі жүреді, соңында ақуыздір, көмірсулар және майлар ыдырап қаңға және лимфаға сіңіріледі.
Аминқышқылдар, липидтер, май қышқылдары және жай қанттар энергетикалық және пластикалық функцияларды атқарады. Олардан жаңа үлпалар мен жасушалар қүралады, гормондар синтезделеді, ферменттер және ағзаның негізгі қүрылымдық ақуыздары түзикді. Бүл заттардың катаболизмі кезінде, жасушалық метаболизмін және І..-.іыстың жасалу кажеттіліктерін қамтамасыз ететін энергия бөлінеді.
Тамақтану - тамақтық заттардың келіп түсуінің, қорытылуының және сіңірілуінің күрделі физиологиялық процесі.
Тамақтану тәртібі - күнде тамақтану мөлшері мен тамақтану уақытының әртүрлілігі арасындағы рационның сандық және сапалық бөлінуі.
Рационалды тамақтану - адам жасын, жынысын, еңбек сипатын, климатты және басқа факторларды ескеретін сау адамның толық физиологиялық тамақтануы.
Балансирленген тамақтану - оптималды қатынаста ағзаны барлық қажетті тағамдық заттармен қамтамасыз ету.
Диета - сау және ауру адамның тамақтану тәртібі.
Диетотерапия ,- ауруға емдеу мерзіміне тағайындалатын емдік тамақтану.
Тағам калориялыгы (энергетикалық қүндылығы) - тағамдык заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергия, килокалорияда есептеледі.
Қолдан тамақтандыру - клизма, зонд, фистул, парентерально арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу.
Тамақтық рацион - бір күнде қолданылатын тағам өнімдерінің қүрамы мен мөлшері. Сау адамның толык физиологиялық тамақтануы адам жасын, жынысын, еңбек сипатин, климатты және баска факторларды ескеріліп жүргізіледі. Мүндай тамақтану рационалды деп аталады.
Тамақтық рационға келесі талаптар қойылады:
1. Тамақтыц энергетикалық қундылыгы ағзаның барлык энергошығындар қамтамасыз ету керек. Тағам калориялығы -қоректік заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергия мөлшері, тағам массасының бірлігі бойынша есептеледі және килокалорияда есептелінеді.
Ағзада тотығуы кезінде: 1 г ақуыз 4,1 ккал бөледі, 1 г май - 9,8 ккал, 1 г көмірсу - 4,3 ккал.
2. Тамақтың қүрамында болуы керек:
- қажетті химиялық қүрамы - қоректік заттардың өзяра балансирленген оптималды мөлшері;
- жақсы сіңірілуі керек, бүл тек қана оның қүрамынан емес, сонымен қатар дайындау әдісіне да байланысты; жоғары органолептикалық қасиетгері болу керек: сыртқы түрі, иісі, консистенциясы, дәмі, түсі, температурасы;
өнімдердін кең ассортименті нәтижесінде әр түрлі болуы және оларды кулинарлы өңдеудің әртүрлі әдістерінің болуы; қанығудын жағымды сезімін кұру және асқазанда асқынудың болмауы және т.б.; санитарлы-эпндемиялык қауіпсіздіктің нормаларына сәйкес келу.
Тамақтану тек қана маңызды физиологиялық қажеттілік емес, сонымен қатар ол процесс болып табылады. Мұнда токталатын жай, егер дұрыс емес тамақтану режимі болса, тамақту дұрыс дайындамаса, адамды корлап тамақтандырса адам ағзасында тамаққа деген желкеніштГ қабілеті пайда болады. Бұл проблема ауыр ауруларды, балаларды, психикасы бұзылған науқастарды емдеуде көп көрінеді.
Стационарда тамақтандыруды ұйымдастыру — бұл экономикалық жагынан қиын және күрделі сұрақ. Емханалық кухняда тамақ өнімдерін таңдау шектелген, сондыктан тағамдык "рационды емдік-профилактикалық мекеменің мүмкіндіктеріне карап курастырады. Мұның өзінде де тағамдык рацион бір қатар талаптарға сай болу керек.
Тамақтану тәртібіне тамактану саны мен уақыты, олардын арасындағы интервал, энергоқүндылыгы, химиялық кұрамы, өнім түрі, бір тағамның массасы бойынша тамақтык рационды болу кіреді.
Балансирленген тамақтану. Тағамдық заттар және олардың өзара байланысы туралы ағза талап ететін мәліметтер балансирленген тамақтануда карастырылған. Мұнын мақсаты тамақтын дұрыс сіңірілуін қадағалау және өмір барысында ағзаға кажетті қоректік заггармен қамтамасыз ету және олардын аракатынасы туралы мәліметтерді жинау болып табылады.
Оптималды арақатынасы емдік диеталар үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бұл көмірсулар, майлар және ақуыздар күрамын ,Ін өзгеруіне байланысты.
Әртүрлі адамдардып тамақтану рационынын калориялмк ерекшелІктері. Тәуліктік рационның калориялыгы дене массасының, жастың, істейтін жүмыстың, ауру сипатынмн, жазылран тәртіптің нормаларына байланысты. Мысалы, отырып жүмыс істейтІн адамға 1 кг дене массасына 40-50 ккал қажет, ауыр жұмыс істейтін адамға - 70-100 ккал, баяу қозғалатын қарт адамға -30-35 ккал қажет.
Ақуыздар рационнын қажетті қүрылымды бөлігі. Асқі.ін аурулық инфекция кезінде, адам азганда, туберкулез, анемия және баска да аурулар кезінде ағзаға өте қажет. Ақуыз көп мөлше^-де негізінен етте, балықта, жүмыртқада көп кездеседі, ал өсімдіктерд;еи ақуызқұрамдастарға бұршак тұқымдастары жатады.
Ақуыздын тәуліктіқ қажеттілігі орта есеппен 80-100 г (оның 50 г - жануар ақуызы), ал ауыр жүктеме кезінде - 160 г-ға денін. Күндізгі рацион құрамында 60% жануар ақуызы және 40% өсімдік ақуызы болу керек.
Майлар. Энергетикалық құндылығы өте жоғары, жасушалы мембраналардың, жүйке жүйесінің, бүйрек үстінің қүрылымдық компоненттері. Май қорлары жылу шығынынан қорғайды, энергияның және эндогенді судың негізгі көзі болып табылады (тәулігіне 200,0 мл ). Майлар тотыққан кезде көп энергия бөледі, бүл организмнің шығындарын компегісациялау үшін жүмсалады. Майлармен қоса ағза май еріткіш витаминдер (А, О, Е, К) алады. Тамақтық рационға мал майлары (сиыр, қой, шошқа, балық және т.б.) және өсімдік майлары (күнбағыс, жүгері, әртүрлі жаңіақ майлары және т.б.) кіреді.
Тәуліктік қажеттілік: 70-80% - малдың майы, 20-30% - өсімдік майы, бүл орта есеппен 80-100 г-ды қүрайды (оның 20-25 г - өсімдік майы).
Көмірсулар (жай және күрделі). Тамақтық рационның негізгі бөлігін қүрайды және оның энергетикалық қүндылығының 50-60% қамтамасыз етеді: бүлар негізінен ағзаның энергетикалық шығындарының көзін қамтамасыз етушілер болып табылады. Көмірсулар және де ақуыздар мен майлардың ауысуына қажет («майлар көмірсуларда ериді»). Көмірсулар негізінен өсімдіктер өнімінде, қантта және крахмалда көп кездеседі. Глюкоза - ми үшін негізгі энергия көзі. Бүдан бөлек қорытылмайтын полисахаридтерде көмірсуларға жатады (клетчатка, гемицеллюлаза, пектиндер), бұл.ар сіңірілмейді, бірақ ішек перистальтикасын, өт бөлінуді реттейді. Қорытылмайтын полисахаридтер көкеністерде, жеміс-жидектерце, қара нанда кездеседі. Крахмалдың негізгі тағамдық көзі - үн және үн өнімдері, картоп. Қант жеміс-жидектерде, көкеністерде кездеседі, кондитерлік бүйымдарды, компотты, кисель, джем, балмүздақ, тәтті сусындар жасауда кең қолданылады.
Стационарда емдік тамақтарды ұйымдастыру. Стационарда емдік тамақтарды жалпы басқаратын бас дәрігер немесе оның орынбасары ал бөлімшелерде-бөлімше меңгерушісі.
Диетолог- дәрігер барлық бөлімшелерді емдік тамақтармен қамтамасыз етуін ұйымдастырады, диеталық медбикемен басқарылады. Диетолог- дәрігердің нұсқауын барлық тамақ блогы жұмысшыларына қатысты. Диетолог- дәрігер тағайындалудың дүрыстығын жөне емдік тамақтарды қолдануьн, олардың нәтижесін талқылап, жеті күндік тамақтану тәртібін құрастыру, жаз,қыс айларында диета түріне олардың сапасына, химиялық құрылымын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол тамақ блогының жүмысын, дайын болған тамақты қарап бақылайды. Диеталық медбике тамақ блогы жүмысына жөне санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануын бақылайды. Дәрігер- диетологқа бағынады.
Оның міндеттері:
тамақ сапасын анализдеу, дұрыс сақталуын бақылау
Дәрігер диетологтың басқаруымен күнделікті ас мәзірін тамақ картотекасына
сәйкестігін қүрастыру.
Диеталардың химиялық кұрамын және энергетикалық құндылығьн санау.
Медициналық құжаттарды толтыру.
Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық тәртібі.
Аурухананың тамақ блогы құрылысы, мазмұны, тамақ дайындауын қатаң кадағалау қажет.
2Тамақ блогында көзге көрінетін жерде «Санитарлық ереже« ілініп түрады. Тамақ блогы, үлестіру бөлмесі және буфеттердің жүмысшыларын инструкцияға қатысты медициналық қараудан өткізіледі.
Тамақ блогы қызметкерлері тек қана санитарлық минимумнан сынақ тапсырғаннан кейін гана жіберіледі
Тамақ блогы бөлімшесінде асхана ыдыстарын жууға катаң тыйым салынады.Бүны тек қана бөлімше буфеттерінде жуады.
Тамақ блогы және буфет құрал-жабдықтары аурухана және емхана табельдері құрал-жабдықтарына сәйкес керек.
Орталықтандырылған тамақ заттарын тасымалдау болмағанда және нақты әкелуге арнайы транспорт жылына бір рет паспортизациядан өтеді.
Аурухана бөлімшелеріндегі буфеттер қамтамасыз етілуі тиіс:
суық жөне ыстық су
екі секциялы жуғыш ванналар, олар канализацияға қосылған, ыдыстарды шаятын және кептіретін сеткалар.
Тамақты қыздыратын электроплита
Ыдыстарды, тамақтарды сақтайтын шкафтар (нан,тұз,қант)
Бір науқасқа шаққанда ыдыс жиынтығы
Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар
Жинастыратын заттар (шелк, ветошь,щеткалар)
Таңбаланған «буфетка арналған«
Дайын болған тамақты екі сағат ішінде тасу керек.
Науқастарға тамақты буфетші немесе бөлімшенің кезекші медбикесі таратады
Бөлімшелердің барлық науқастары асханада тамақтанады. Науқастардың тамақтары (үйден келген шкафта, сөрелерде (құрғақ тамақтар) ал тез бұзылатын тоңазытқышта сақталады
Порционникті және порционник талаптарын құрастыру
Дәрігер науқасқа диетаны тағайындап немесе болдырмау жөне ауру тарихына стол нөмірі жазылады
Палата медбикесі тағайындау парағына диета туралы мәліметтерді таңдайды
Медбике порционникті 2 экземплярда жасайды
Онда стол туралы мәлімет және науқастар залы және оларды қабылдайтын.Бір экземплярды бөлімшенің аға медбикесіне тапсырады ол басқасын таратушыға берілген порционникте палата нөмірі, аты-жөні,наукастың тамақтанатын орнын көрсетеді, асхана, палата.
Порционникті аға медбике таңертең ұсынады. Науқастар саны, емдік столдар туралы мәліметтерді береді. Порционникті аға медбике және бөлімше меңгерушісі талаптар жазады. Таңертең қүжаттарды аурухананың диеталық мейіркешіне береді.
Достарыңызбен бөлісу: |