ХАТ-ХАБАР
11
Сенбі, 25 қараша 2017 жыл
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк
орталығында терiлiп, беттелдi.
"Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды.
Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46
Индексі: 65533 Таралымы: 14 010, 3 баспа табақ.
Газет аптасына үш рет шығады.
Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВА
Кезекшi редактор:
н. ОРАзАЕв
Меншік иесі:
«Жайық Пресс» ЖШС
Бас директор
Жантас набиоллаұлы
САФУЛЛИн
Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы
ҒҰБАЙДУЛЛИн
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде
2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Бас редактор 51-25-80,
Бас редактордың
орынбасарлары 24-17-08,
54-18-08.
Редакция алқасы: Есенжол ҚыСтАУБАЕв,
Сырымбек тҰяҚОв
(бас редактордың орынбасарлары),
Жаннат ЕСПОЛАЕвА (жауапты хатшы),
Сәкен ӘБІЛХАЛыҚОв (қоғамдық-саяси бөлім),
нұртас САФУЛЛИн (гуманитарлық бөлім),
нұрбек ОРАзАЕв (экономика бөлімі).
Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдала-
нылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды.
Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым
авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiр-
мейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған мате-
риалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде»
жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-
ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл-
данады.
белгісімен жарияланған материалдар ақылы
болып есептеледі.
Жауапты хатшы 54-38-22.
Жарнама қабылдау
тел/факс: 51-51-09;
Бухгалтерия 54-04-90.
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru
телефондар:
А
1. Жаттықтырушы-бапкер (ат спорты бөлімі-
не) – 1 бірлік.
Қойылатын талаптар:
– Арнаулы жоғары дене шынықтыру және спорт
бойынша білімі;
– Жұмыс өтілінің болуы 4 жылдан кем емес;
– Мемлекеттік тілді білуі.
2. Жүргізуші – 1 бірлік.
– B, C, E категориясымен.
Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар қа-
жет:
– Байқауға қатысу туралы өтініш;
– Жеке куәлігінің көшірмесі;
– Білімі туралы құжаттың (диплом) көшірмесі;
– Еңбек кітапшасының көшірмесі;
– Медициналық анықтама;
– Тұрғылықты мекенжайы жөніндегі анықтама;
– Фотосурет – 2 дана;
– Сотталмағаны жөніндегі анықтама.
Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабар-
ландыру жарияланған сәттен бастап 10 (он) жұмыс
күні ішінде мына мекенжайға тапсырылады: БҚО,
Зеленов ауданы, Асан ауылы, Рабочая көшесі, 1А.
Толық мәліметтерді алу телефоны:
27-42-44, (факс) 27-42-45.
«Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК
азаматтық қызметкерлердің бос лауазымдары орнына байқау жариялайды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жыл-
ғы 8 қыркүйектегі №253 «Тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жө-
ніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойыла-
тын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет рег-
ламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгі-
зу туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын ке-
лесідей
сілтеме
https://legalacts.egov.kz/npa/
view?id=1813496 көруіңізге болады.
Қаулы жобасы бойынша ұсыныстарыңыз бол-
са, пікір қалдыруыңызға болады.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 8 қыркүйектегі №254 “Ме-
дициналық қызметке лицензия беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регла-
ментін бекіту туралы» қаулысына өзге-
ріс енгізу туралы облыс әкімдігінің қау-
лы жобасын келесідей сілтеме https://
legalacts.egov.kz/npa/view?id=1813483
көруіңізге болады.
Қаулы жобасы бойынша ұсыныста-
рыңыз болса, пікір қалдыруыңызға бо-
лады.
«Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық ша-
руашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
ММ «БҚО Орал қаласындағы жаңа қатты тұрмыстық
қалдықтар полигоны құрылысына техникалық-эко-
номикалық негіздемесін әзірлеу (жалғастыру)» жо-
басы бойынша 2017 жылдың 15 желтоқсан күні са-
ғат 15.00-де Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 119Н1
мекенжайында «Уралводпроект» ЖШС-ның акт за-
лында қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Жоба материалдарымен Орал қаласы Х. Чурин кө-
шесі 119Н1 үйінің екінші қабатындағы №25 бөлме-
де танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстар
қабылданатын электрондық мекенжай urwodpr@
mail.ru, факс: 8 (7112)535057.
Қатардағы құрам полицей лауазымы – 68 бірлік.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құ-
зыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыс-
тағы заңнамасына сәйкес қылмыстық және өзге де қол
сұғушылықтардан міндетті мемлекеттік күзетілуі тиіс
объектілердің күзетін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда
жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу-
ден өткен, медициналық және психофизиологиялық
куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерт-
теуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қыз-
метке жарамды деп таныған, Қазақстан Республикасы-
ның азаматы, 35 жастан аспаған, кемінде орта білімi
бар, мерзiмдi әскери қызмет өткерген азаматтар, сон-
дай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәй-
кес мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған
немесе кейiнге қалдырылған азаматтар қабылданады.
БҚО МКҚБ ММ кадр жұмысы бөлімі хабарландыру
жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде құжат-
тар қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар кон-
курс өткiзетiн ІІО-ның кадр қызметіне қолма-қол тәртіп-
те құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерін-
де қоса берілетін құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырула-
ры қажет.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар
ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және
барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақ-
стан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп-
те аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының,
басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестік-
тердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық
ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мем-
лекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның
қызметкерлері қатысуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы
мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі келесі
бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 34/1 мекенжайы бойынша орналасқан. Анықтама тел.: 92-16-19, 92-16-28
факс. 53-33-89 электрондық мекенжайынa erguzhieva@mvd.gov.kz, a.kenesov@mvd.gov.kz
Зеленов ауданы Мичурин ауылының
тұрғыны болған, бірімізге адал жар, бірі-
мізге сүйікті әке Бисенғали Құдесұлы
Қуаншалиев арамызда болса, 28 қара-
шада мерейлі 70 жасқа толар еді.
Асқар таусың орның бөлек өмірде,
Сағынумен күндер жылжып өтуде.
Алдымыздан шығар ма деп күлімдеп,
Ұл-қыздарың, немерелер күтуде.
Еске алушылар: зайыбы Батима, балалары Қуандық-
Гүлнар, Арман-Гүлнар, Бауыржан-Әлия, немере-жиендері
Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылы Ағатан бөлімшесінің тұрғын-
дары болған ардақты әкеміз, сүйікті атамыз Филан Ерқараұлы
Өтеновтің бақилық болғанына 20 жыл, аяулы анамыз, сүйікті
әжеміз Раушан Қожахметқызының бақилық болғанына 18 жыл
болады. Жатқан жерлері жарық, топырақтары торқа болсын.
Өмір-өзен ағынды өтер-кетер,
Сол ағынмен жақсы да, жаман да өтер.
Тек жақсының игі істері артта қалып,
Соңындағы ұрпағы мақтан етер.
Еске алушылар: ұл-келіндері, қыз-күйеу балалары,
немере-жиендері
Сырым ауданының тұрғыны болған
Бисенғали Құдесұлы Қуаншалиев ара-
мызда болса, 28 қарашада 70 жасқа толар
еді. Әрқашан көңіліміздің төрінен орын
алған ағамыздың жаны жәннатта, топы-
рағы торқа, иманы жолдас болсын.
Туыс үшін ақжарқын еді тілегің,
Азамат ең, атпал едің, ірі едің.
Жақсылығың жадымыздан өшпейді,
Мәңгілікке тоқтаса да жүрегің.
Еске алушылар: іні-келіндері Е. Жумалиев,
Қ. Молдағалиев, М. Хакимов, Е. Сембиев отбасылары,
Жымпиты ауылы
Қазталов ауданы Қазталов ауылының
тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірі-
мізге сүйікті әке Жасқайрат Садықұлы
Алғазиев арамызда болса, 28 қараша кү-
ні 63 жасқа толар еді.
Жаны ізгі, жомарт мінез, кең пейілді,
Әкетайым, сағынамыз біз өзіңді.
Қалып едік есімізді білер-білмес,
Содан бері өткіздік қанша күнді.
Еске алушылар: зайыбы Гүлнәр, бала-келіндері Бекжан,
Ержан-Гүлжауһар, қыз-күйеу балалары Самат-Айгерім,
Ерхат-Айнұр, немересі Эмирхан
Богатырев орта мектебін 1962 жылы бірге
бітірген сыныптастары Мүтиғолла және Мұ-
найдар Қазталов ауданы Қайыңды ауылының
тұрғыны болған, ұлағатты ұстаз
Маржан Сарыбаеваның
өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туған-
туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл ай-
тады.
“Жайық Пресс” ЖШС және “Орал өңірі” газе-
ті редакциясының ұжымдары “Жайық Пресс”
ЖШС-ның қызметкері Ғалия Мұхаметзәкірқызы
Өтегеноваға
анасының
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақ-
тасып, көңіл айтады.
кЕРУЕН САРАЙ
12
Сенбі, 25 қараша 2017 жыл
Ән байқауына Астана, Алматы,
Шымкент, Орал қалаларынан және
аудандардан барлығы 20 үміткер
қатысты. Қазақ әндерінің дамуы-
на өлшеусіз үлес қосып жүрген
Д. Қажымов шығармашылығын ке-
лер ұрпаққа жалғастыру, сазгер
арқылы елдің рухын биіктетіп, ән
өнерін дамытуды және жас та-
лантты орындаушылардың жаңа
есімдерін ашуды мақсат еткен бай-
қаудың қазылар алқасына ҚР ха-
лық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов
төрағалық етті.
Байқаудың салтанатты ашы-
луында облыстық мәдениет, ар-
хивтер және құжаттама басқар-
масының басшысы Қадырболат
Мұсағалиев сөз алып, жас үміт-
керлерге сәттілік тіледі. Өз кезе-
гінде сахнаға көтерілген белгілі
ақын Ақұштап Бақтыгереева жас
таланттарға ақ батасын берді.
- Бесігін әнмен тербейтін, жоқ-
тауын жырмен айтатын, қолына
домбыра берсе, кез келген жиын
тойда төгілтіп ән салатын өнерлі
халықтың ұрпағымыз. Сал Мұхи-
ты, Ғарифолласы, Құрманғазы, Дәу-
леткерей, Динасы бар Батыстың
төрінде ән бәйгесі болмауы мүмкін
емес. Әсіресе, бүгінгідей еліміз ер-
кіндік алып, өз домбырамыз төрге
шығып, өз сахнамыз өзімізге тиген
кезде өз таланттарымызды құр-
меттемеуге қақымыз жоқ. «Ақ Жа-
йығым - айдай ару мекенім» деп
өңіріміздің гимніне айналған ән
жазған Донеділ бауырымыздың
ән мерекесі қанатын кеңге жая
берсін! Өз халқыңның сахнасын-
да өз тіліңде ән шырқау да бақыт,
түсіне білген адамға. Бүгінгі ән
бәйгесіне түскелі тұрған жас та-
«Ақ Жайық - ару мекенім»
Сәрсенбі күні облыстық қазақ драма театрында
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің
иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші-
композитор Д. Қажымовтың әндерін орындаушылардың
ІІ республикалық «Ақ Жайық - ару мекенім» атты
ән фестивалі өтті.
ланттарымызға ұлттық өнерді қа-
дірлеңіздер, өз дауыстарыңмен, өз
жүректеріңмен шырқаңдар дегім
келеді, - деп тебірене сөйлеген
Ақұштап ақын өнерлі жастарға ақ
жол тіледі.
Дәулеткерей атындағы қазақ
халық аспаптары оркестрінің
сүйемелдеуімен ән шырқаған
Нұрғали Нүсіпжанов пен Донеділ
Қажымовтың әндеріне көрермен
ерекше ықыласпен қол соғып,
орындарынан тұрып, құрмет көр-
сетті.
- Бүгін мен үшін әрі қуанышты,
әрі қобалжулы күн. «Әркімнің өзі-
не ыстық туған жері» демекші,
осындай үлкен өнер мерекесін
ұйымдастырған ел азаматтарына
алғысым шексіз, - деп толқи сөй-
леген әнші-композитор Донеділ
Қажымов ән фестивалін өткізіп
жатқан облыс басшылығына, мә-
дениет қызметкерлеріне және Ал-
матыдан ат арытып арнайы кел-
ген белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжа-
новқа шынайы ризашылығын біл-
дірді.
Екі күнге созылған ән байқауы-
ның гала-концертіне де әнсүйер
қауым көп жиналды. Өнер тойына
облыс әкімінің орынбасары Ғаби-
долла Оспанқұлов арнайы келіп,
ақ тілегін арнады.
- Екі күн бойы Ақ Жайықтың тө-
рінде дүбірлі өнер тойы өтіп жатыр.
«Ақ Жайық - ару мекенім» атты рес-
публикалық ән фестивалінің екін-
ші мәрте өтуіне себепкер болған
Донеділ Қажымов ағамызды ме-
рейлі 65 жасымен құттықтаймыз!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты бағдарла-
малық мақаласында өнерге аса
мән бергендігі баршаңызға бел-
гілі. Ұлттық құндылықтарымыз-
дың насихатталуы, өнеріміздің ша-
рықтауы біздің елдің дамуына зор
үлес қосары сөзсіз. Өнер - біздің
рухани қазынамыз! Сондықтан да
Ақ Жайық өңірінен шыққан күй
аталарын, жалпы өнер тарланда-
рын әр кез насихаттап жүреміз,
- деп сөзін сабақтаған Ғабидолла
Оспанқұлов қазылар алқасының
төрағасы, ҚР-ның еңбек сіңірген
қайраткері Нұрғали Нүсіпжановқа
және әнші-композитор Донеділ
Қажымовқа облыс әкімдігінің аты-
нан сый-құрмет көрсетіп, иықта-
рына шапан жапты.
Екі күнге созылған өнер дода-
сының қорытындысында бас жүл-
де теректілік «Үш қоңыр» трио-
сына, бірінші орын сырымдық Бе-
кей Қанатовқа, екінші орын орал-
дық Мәди Сабыров пен шымкент-
тік Өсербай Бөріхановқа, үшінші
орын жәнібектік Райымбек Кәрі-
мов, оралдық Айым Шекеева мен
Еркебұлан Қайырғалиевке бұйырды.
Гала-концертте ән фестивалінің
жеңімпаздары өз өнерлерін дүйім
жұртшылыққа паш етті. Өнер до-
дасының жеңімпаздары мен жүл-
дегерлеріне естелік сыйлықтар
мен арнайы дипломдар табыс
етілді.
Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,
«Орал өңірі»
Кеше Орал
қаласындағы «Тех-
нодом» дүкенінде
«Табиғатты қорғаймыз,
Қазақстанды
қадірлейміз» жобасы ая-
сында акция басталды.
Осы шара барысында
тұрғындарға электрлік
қалдықтарды арнайы
контейнерге жинау
насихатталуда. Шара-
ны облыстық табиғи
ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасы «Технодом»
компаниясымен бірлесіп
ұйымдастыруда.
– Былтыр ҚР Энергетика
министрлігінің
бастамасы-
мен Астана қаласындағы сау-
да орталықтары желілерінде
электрлік қалдықтарды ар-
найы жәшікке жинауға үндеу
мақсатында акциялар ұйым-
дастырылды. ҚР Экологиялық
кодексінің 301-бабына сәйкес
2019 жылдың 1 қаңтарынан
Қалдықтарды әкел де,
жеңілдікке ие бол
бастап қауіпті қалдықтарды қо-
қыс алаңдарына төгуге тыйым
салынады. Соған байланысты
экологиялық тазалықты сақтау,
қоршаған ортаны қорғау мақ-
сатында осындай шаралар
алдын ала қолға алынуда, – де-
ді акцияға қатысқан облыстық
экология департаментінің бас
маманы Төлеген Бақтығалиев.
Экобокстарға электрлік тех-
ника құралдары немесе олар-
дың бөлшектері, тоқ өткізгіш
сымдар мен қолданылған те-
лефондар салынуы тиіс. Қал-
дықтар арнайы кәсіпорында
өңделмек. Мамандардың ай-
туынша, әлемде жылына 50
миллион тонна электрлік қал-
дық шығарылады. Яғни әрбір
адамның үлесіне жеті келіден
келеді. БҰҰ мұндай қоқыстың
көлемі келер жылы 33 пайыз-
ға артатынын айтып, дабыл
қағуда. Тұрмыстық қалдықтар-
дан шығып жатқан улы заттар-
дың 50 пайызы – батарейка-
лардың үлесінде. Қолданыл-
ған батарейканың біреуі жер-
дің 20 шаршы метр аумағын
ауыр металдармен ластайды.
Ал ескі теледидар салдары-
нан қорғасын мен фосфор
80 мың литр суға араласады.
Мысалдардан байқағанымыз-
дай, су мен ауаға таралған
және топыраққа сіңген ауыр
металдар салдарынан адам-
дар мен жануарлардың ағзасы
улануда.
– Акцияның ерекшелігі – қа-
рашаның 24-і мен 26-сы күн-
дері орталық базар маңындағы
дүкеніміздегі экобоксқа қал-
дықтар әкелген тұрғындар
бізден тауар сатып алғанда
арнайы жеңілдікке ие болады.
Бұған дейін еліміздегі «Техно-
дом» сауда орталықтарының
желілерінде 120-дан астам эко-
бокс орнатылған, – деді Орал-
дағы «Технодом» сауда дүке-
нінің менеджері Ольга Кузне-
цова. «Технодомдағы» тұңғыш
экобокстан кейін тағы екі жә-
шік басқа сауда орталықтары-
на орналастырылмақ.
Нұртай ТЕКЕБАЕВ,
"Орал өңірі"