ЕЛ-жұРТ
5
Сенбі, 25 қараша 2017 жыл
Таяуда Жәңгір хан атындағы
БҚАТУ-да аталмыш жоғары
оқу орнының студенттері мен
оқытушылары БҚО Қазақстан
халқы ассамблеясының
«Ынтымақ» атты депутаттар
тобымен кездесті. «Президент
және біз» тақырыбындағы
жиын сұрақ-жауап түрінде
өрбіді.
Ж
үздесуді аталмыш оқу
орнының
ректоры,
биология ғылымдары-
ның кандидаты Нұрлан Серғалиев
ашты.
- Санаулы күндерден соң, Қа-
зақстанның алғашқы Президенті
күнін атап өтеміз. Бұл - Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
сан жылғы салиқалы саяси еңбегі
мен Отанымыздың жарқын келе-
шегі жолындағы қажыр-қайратын
ұлықтау күні. Өйткені Тәуелсіздік
жылдарындағы бар жетістіктер
Президентіміздің ерік-жігері, қа-
жыр-қайратымен тығыз байланыс-
ты. Осы атаулы күнмен бәріңізді
құттықтаймын! - деді Н. Серғалиев.
Облыстық мәслихаттың депута-
ты және «Ынтымақ» тобының
жетекшісі Максим Пак өздерінің
қоғамдық міндеттері туралы баян-
дады.
- Біздің мақсатымыз - басқа да
мүдделі тараптармен бірге өңір-
дегі қоғамдық ынтымақты нығайта
түсу. Сонымен бірге Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевтың баста-
маларын ел арасында кеңінен
насихаттап, толық түсінік беру бо-
лып табылады. Біз сіздерді ашық
әңгімеге шақыра отырып, көңілі-
ңізде жүрген сұрақтарды іркілмей
бергеніңізді қалаймыз, - деді өңір-
дің кәріс ұлттық-мәдени бірлес-
тігінің төрағасы.
- Кезінде Жәңгір хан жыл сайын
дерлік Қап тауының баурайындағы
Пятигорск қаласының төңірегін-
де демалыпты. Өзімен бірге үнемі
72 адамды апарса керек. Әр са-
парында ол қасындағыларды жи-
нап алып, «Тек жүрмеңдер, мұнда
өнер мен шаруашылықта, кәсіпте
не жаңалық бар, соны көңілде-
ріңе түйіп жүріңдер! Бізге қажет-
тісі болса, сұраңдар және үйре-
ніңдер!» - дейді екен. Өзі де жәй
жүрмей, бір дағыстандық зергерді
тауып, Ордаға көшіріп әкелген.
Мәселен, «Ұлы жібек жолының» бір
құрамдас бөлігі ретінде Солтүстік
Кавказ да Қазақстан тарапынан
қызығушылыққа ие болса дей-
міз. Сол жақта еліміздің иелігін-
дегі «Қазақстан» шипажайы мен
«Қазақстан геологы» деген дема-
лыс үйі бар. Ставрополь өлкесіндегі
осындай қадау-қадау жерлерге екі
киіз үйден тігіп, туристер игілігі-
не ұсынса, қандай жақсы! Әрі сол
аймақта өмір сүретін балқар, шер-
кеш, құмық сынды түркі тілді ұлттар
бар. Мәселен, балқар тілінің туған
тілімізден айырмашылығы шамалы.
Тіпті осыған орай арнайы туристік
бағдарлама жасаса да, артық емес.
Таяуда Атырау қаласында болған
«Ибн Батутта ізімен» атты ғылыми
жиынға қатыстым. Көршілер де
«Жібек жолының жаңғырығы»
сияқты менің ойларыммен үндес
бағдарлама жасамақ көрінеді. Осы
ұсынысыма сіздің қоғамдық ұйым
қолдау жасаса деген тілегім бар,
- деді БҚАТУ музейінің директоры
Нұржан Төлепов. Бұл ұсынысты де-
путат М. Пак та, ректор Н. Серғалиев
те қолдады.
Жиынның сұрақ-жауап бөлімін-
де БҚАТУ-дың политехникалық
факультетінің екінші курс студенті
Диана Молдағашева Максим Пак-
тан бірлестіктің жұмысы туралы
баяндауын өтінді. - Бізде «Ұлттық-
мәдени бірлестіктер тек ән-би,
мерекелік шарамен айналысады»
деген қате түсінік бар. Рас, олар
да қажет. Бірақ тек онымен шек-
теліп қалмаймыз. Ізгілік те басты
жұмыс бағыттарының біріне жа-
тады. Мәселен, «Арба» қоғамдық
ұйымын қамқорлығымызға алдық.
Одан басқа өткен жылдары бір
қазақ отбасына көмектесіп, олар-
дың Оңтүстік кәріс елінде жанұя
мүшесінің біріне тегін ота жасауы-
на қолұшын бергеніміз бар. Жал-
ғызбасты қариялар мен көп балалы
отбасылар, тұрмысы нашар жанұя-
ларға қамқорлық көрсету де енші-
мізде, - деді өз жауабында М. Пак.
Ал агрономия факультетінің
үшінші курс студенті Жансая Қой-
шиеваның сұрағына «Еділ-Жайық
қазақтары қауымдастығының» төр-
ағасы Аманжол Зинуллин жауап
берді. – Шыны керек, Кеңес өкіме-
тінің тұсында ұлтымыз көп қағажу
көрді. Дініміз, тіліміз, діліміз шет-
тетілді. Енді, міне, бәрі артта қалып,
тәуелсіз қазақ елінде отырмыз.
Елбасымыздың бір көрегендігі
- ол өзге ұлттардың да Отанымыз-
да өзін еркін сезінуіне мүмкіндік
берді. Ал биылғы «Болашаққа бағ-
дар: рухани жаңғыру» бағдарлама-
лық мақаласын Елбасының қазақ
ұлтының келешегін көркейтуге ба-
ғытталған кемеңгер мақсаты деп
түсінемін. Біздің бірлестік 1998
жылдан бері қызмет істейді. Мақ-
сатымыз - ана тіл, діл мен дәстүр-
ді жаңғырту және сақтау. Басқа-
сын айтпағанда, соңғы кезде «Қыз
тәрбиесі - ұлт тәрбиесі», «Ер-аза-
маттың жанұядағы орны» атты ша-
раларға ұйытқы болдық. Бүгіндері
біз сияқты саны аз ұлттарға жа-
һандану мен тексіздік (космополи-
тизм) қатер төндіруде. Сондықтан
өзге ұлт өкілдерінің қазақтың ру-
хани жаңғыруына түсіністікпен
қарағанын қалар едік. Өйткені қа-
зақтың Қазақстаннан басқа Отаны
жоқ, - деді А. Зинуллин. Әрі қарай
ол оқытушы А. Жұбанәлиеваның
латын әліпбиіне көшу жайындағы
сұрағына қазір сол мақсатқа орай
курстар ашыла бастағанын және
оны меңгерудің қиындығы жоқты-
ғын айтты.
Қазақстан халқы ассамблеясы
облыстық филиалының жастарға
көмегі жөніндегі сұраққа облыстық
мәслихаттың депутаты Салтанат
Тұманбаева жауап қайтарды. Оның
айтуынша, жастарға қамқорлық
жүйелі. Мәселен, оның өзін жо-
ғары оқу орнының төртінші кур-
сында жүргенінде-ақ, БҚАТУ әкім-
шілігі жұмысқа алыпты. -Мысалы,
29 қарашада Орал қаласында ме-
ценаттардың қатысуымен жерлес-
тер форумы өтеді. Онда да жас-
тар үшін жағымды жаңалықтар
ұсынылады. Сондай-ақ түрлі мем-
лекеттік бағдарламалар да жас-
тарды жұмыспен қамту, кәсіби
және техникалық, өзге де білімін
жетілдіруге бағытталған. Демек,
жастардың өздері ұмтылса, мем-
лекеттен қолдау бар, - деді С. Тұ-
манбаева.
Серік ІЗБАСАРҰЛЫ,
«Орал өңірі»
«Президент және біз»
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні
Екі жыл бұрын Березов пен
Бестаудан басталған көштің
биыл екінші кезеңі жүзеге
асырылуда. Екі ауылдан екінші
кезеңде 373 түтін, яғни 1456
адам келеді деп жоспарланған.
Жоба аясында Ақсай
маңындағы Аралтал ауылында
жаңадан салынған үш және төрт
пәтерлі үйлерге 100 отбасы
қоныстанды.
Қазан айында Ақсай қаласын-
дағы 10-шағынауданда 9 қабат-
ты 153 пәтерлі екі
тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қарашаның 22-сіне дейін 263 от-
басы жаңа қоныстарын қолай кө-
ріп, келісімшартқа қол қойды. Енді
қалған отбасылармен келісімшарт
жасалуда. Айта кетейік, 2015 жылы
Бөрлідегі көштің алғашқы кезеңін-
де 82 отбасы Ақсайдағы көппә-
терлі екі тұрғын үйге қоныс аудар-
ды. Қазіргі уақытта березовтықтар
мен бестаулықтарға әлеуметтік
тұрғыда жан-жақты қолдау көрсе-
тілуде. Қаладағы 10-шағынауданда
320 орындық балабақша ашылды.
Аралталда «РаЗаСтрой» ЖШС 300
бала сиятын мектептің құрылысын
жүргізуде.
Экологиялық ахуал зардабына
байланысты балалардың денсау-
лығын оңалтуға баса мән берілді.
2014-2015 жылдары облыстағы
«Ақжайық» шипажайында 145 оқу-
шы, Алматы қаласы маңындағы
«Алатау» республикалық шипа-
жайында - 10, Ақтөбедегі «Дару»
сауықтыру орталығында тоғыз ба-
ла ем қабылдады. Сондай-ақ С. Ас-
фендияров атындағы ҚазҰМУ «Ақ-
сай» республикалық балалар кли-
никалық ауруханасында - 6, Алма-
ты қаласындағы педиатрия және
балалар хирургиясының ғылыми
орталығында екі бала тексеруден
өтті. Өткен жылы Березов ауылы-
нан Ақсай қаласына бірінші кезең-
де көшірілген отбасылардағы 18
жасқа дейінгі 122 бала көп бейінді
облыстық балалар ауруханасына
ем алу үшін жіберілді. Былтырғы
тамыз айында березовтық 22
бала Ресейдің Орынбор облы-
сы Тюльганский ауданы Ташла
ауылындағы «Солнечная страна»
оқу-сауықтыру орталығында ем қа-
былдап, демалуларына мүмкіндік
жасалды. Биылғы көктемде Бере-
зов мектебінің 5-9-сыныптарында
оқитын 38 бала Қарағанды облы-
сындағы «Березники», 30 оқушы
Алматы облысындағы «Маралсай»
шипажайларында демалды. 2014
жылы «ҚПО б. в.» компаниясының
демеушілігімен 30 зейнеткер мен
бюджеттік мекемелердің 10 қыз-
меткерінің денсаулығын оңалтуға
жағдай жасалды. Сол жылы ком-
пания және 59 адамның өңіріміз-
дегі Жаңақала ауданаралық са-
уықтыру орталығында емделуіне
демеушілік жасады.
Нұртай ТЕКЕБАЕВ
Бөрлідегі көш сәтімен жүзеге асуда