4
Сенбі, 25 қараша 2017 жыл
кӨкЕЙкЕСТІ
Б
ұл туралы таяуда жаңар-
тылған білім жүйесіне
байланысты өткен жиын-
да облыс әкімі Алтай Көлгінов
мәлімдеді. Осынау алқалы бас-
қосуға «Назарбаев зияткерлік мек-
тептері» АҚ-ның басқарма төр-
айымы Күләш Шәмшидинова,
Шәмшидинова жаңартылған білім
мазмұнының мәні мен маңызы
жөнінде баяндады. Оның сөзіне
қарағанда, қазір әлем өзгеріп жа-
тыр, яғни жаһандану, техноло-
гиялық инновация, климаттың өз-
геруі, көші-қон үрдісі қарқынды
жүруде. Саясат, экономика, білім,
мәдениет бәрі жаңа арнаға бет
бұруда. Бұл үдерістен адам, со-
ның ішінде бала да тыс қалмай-
тыны белгілі. Жаңартылған білім
жүйесінің қажеттілігін осы тұрғы-
дан қараған жөн. Бұрын балалық
шақ отбасы, аула, мектеппен бай-
ланысты болса, қазір виртуалды
орта алғашқы орынға шықты. Мұ-
ның бәрі балаларды қоршаған
ортаның өзгергендігін көрсетеді.
– Егер тарихқа көз салсақ, қо-
ғам сұранысына байланысты бі-
лім беру миссиясының өзгеріп
отырғанын көре аламыз. Нақты-
лап айтсақ, қоғам талқысы арқы-
лы оқу-тәрбиенің мазмұны мен
формасы, әдістері, педагогикалық
ойлау мен бағыт-бағдары айқын-
далып отырған. Классикалық бі-
лім парадигмасы ХVІІІ ғасырдан
бастау алғаны белгілі. Бұған дейін
еңбек нарығында тек қол еңбегі-
не мән берілсе, енді базалық са-
уаттылық, нұсқаумен және бұй-
рықпен жұмыс істей білушілік, зе-
ректілік, өнертапқыштық негізге
алына бастады. Осынау алғашқы
индустриалды революцияның та-
лабы бойынша мектептер осы
бағытта білім беруді қолға алды.
ХХ ғасырдың басындағы екінші
индустриалды революция кезін-
де білім деңгейін көтеруге, жаңа-
ша ойлауға, адамның білім мен
ақпаратты алып қана қоймай,
олармен жұмыс істей білуге, ес-
те сақтау, сөйлеу мәнеріне, мәсе-
лелерді шешу мүмкіндігіне назар
аударылды. ХХ ғасыр соңында-
ғы үшінші индустриалды револю-
цияда компьютерлік сауаттылық,
сараптап, талдап, сыни ойлау, ау-
қымды ақпараттар ағынымен жұ-
мыс істеу бастапқы орынға шық-
ты. Ал қазір біз төртінші индуст-
риалды революция кезеңіндеміз.
Бүгінгі еңбек нарығының талабы-
на сәйкес адам жүйелі ойлайтын,
әрбір сала бойынша коммуника-
тивті, көптілді, мультимәдениет-
ті, кез келген жағдайда адамдар-
мен де, жобалармен де жұмыс
істей білетін, клиент таба алатын,
көркем еңбекке, шығармашылық-
қа икемі бар, креативті болуы ке-
рек. Яғни бұрын мектеп тек база-
лық дағдыларды үйретсе, енді
бұған қоса оқушының заман та-
лабына сай икемді болуына атса-
лысуы тиіс. Оксфорд университе-
ті ғалымдарының зерттеулеріне
қарағанда, бүгінде мектептің бас-
тауыш сыныбында оқып жүрген
балалардың 65 пайызы ертең
қазіргі біздің қоғамда жоқ жаңа
кәсіптің иесі атанады. Бес жыл-
дан соң бүгінгі еңбек нарығы үшін
маңызды деп танылған машық
пен дағдының 35 пайызының бә-
сі төмендейді. Көп кешікпей жо-
йылатын 20 мамандықтың ішін-
де бағдарламашы (программист)
да бар. Себебі, жай ғана бағдар-
ламашы ертең сұранысқа ие бол-
майды. Олардың орнын робот
басады. Жұмыссыздық деңгейінің
артатынын осыдан-ақ бағамдауға
болады. Мәселен, Ұлыбритания-
да 2030 жылы 1,3 млн. бюджет
қызметкерінің жұмысын роботтар
атқара бастайтыны болжануда.
ЮНЕСКО-ның есептеуі бойынша
тиісті біліктілігі мен кәсіби дағды-
сы бар жоғары білімді маманға
деген сұраныс 2020 жылы әлем
бойынша 40 млн. адамға жетеді.
Қазір республикамызда қолда-
нысқа еніп жатқан жаңартылған
білім мазмұны осындай ауқымды
мәселелерді шешуге қауқарлы.
Бұған дейін білім беру ұйымдары
«білімді адамды», яғни бойында
білімі, біліктілігі, тиісті дағдысы
бар жанды қалыптастырып кел-
ді. Қазір ондай жүйе заман тала-
бына сай емес. Бейнелеп айтқан-
да, тек энциклопедиялық біліммен
жаңа әлемнен орын табу қиын.
Сол себепті мектептер «өмір-
лік іс-әрекетке дайын адамды»,
яғни белсенді, шығармашылық
тұрғыдан ойлап, әрекет ететін,
интеллектуалды, рухани, физика-
лық жағынан өз-өзін жетілдіре бі-
летін жандарды дайындауы тиіс.
Мұндай жағдайға жету үшін бі-
рінші кезекте мұғалімнің өзі тиіс-
ті талапқа сай болуы керек. Ол
үшін үш факторға арқа сүйеген
дұрыс. Біріншісі, «Жақсы білім –
өмірлік азық» деген қағидадан
аттап өтіп, өмір бойы білім алу-
ға мән беру. Содан кейін баста-
машылдық, яғни бойында көш-
басшылық қасиетті қалыптастыр-
ғаны жөн. Үшіншісі, білімділіктен
құзыреттілікке көшу. Соңғысын
тарқатып айтып өтейін. Сөздің
шыны керек, қазіргі білім моделі
қоғамның да, жеке адамның да
сұранысын қанағаттандырмайды.
Сол себепті оқушыны білім нә-
рімен сусындатуда жаңаша әдісті,
яғни күрделі әрі әмбебап тәсіл-
дерді қолданып, оқушымен серік-
тес болғаны абзал. Міне, осындай
деңгейге жету бізге оңай болма-
сы анық. Бұл бағыттағы кедергінің
бірі – мектептерде әлі күнге дейін
мұғалімнің сабақты дайын ақпарат-
пен түсіндіруі. Ал оқушылар сол
материалды мұғалімнің айтқаны
бойынша қабылдайды. Бұл жа-
ңартылған білім мазмұнына сай
емес. Жаңа жүйе бойынша мұға-
лім сабақ тақырыбына байланыс-
ты қосымша сұрақтар дайындап
келуі тиіс. Сыныпта оқушылармен
бірге сол сұрақтарға жауап іздеуі
керек. Осылайша есеп шығарып,
ауызша, жазбаша тапсырмаларды
орындап, оқушының тақырыпты
меңгеруіне ұйытқы бола білуі мін-
деттеледі. Иә, санамалап шыққа-
нымыздың бәрі мұғалім үшін үл-
кен ауыртпалық, оны меңгеруде
өзінің үйреншікті, жанына жайлы
ортасынан алыстайды әрі нәтиже-
сіне де алаңдайды. Осындай жағ-
дайда мұғалімге жан-жақтан үл-
кен қолдау керек, – деген Күләш
Ноғатайқызы Назарбаев зияткер-
лік мектептері тарапынан білім ұя-
ларына көрсетілетін әдістемелік
қолдау шараларына да тоқталды.
Ж
иын барысында облыс-
тық, қалалық мектеп-
тер директорлары, ау-
дандық білім бөлімдерінің бас-
шылары, педагогикалық шеберлік
орталығының қызметкерлері бұл
бағытта атқарылып жатқан істер-
ді баяндады. Мектепте биылдан
бастап жаңартылған білім мазмұ-
ны бойынша оқып жатқан өз ба-
ласының бойынан байқаған өзге-
ріске байланысты жаңа білім жү-
йесіне оң баға беріп сөйлеген
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың
ректоры Нұрлан Серғалиев төрт
жылдан кейін студент болып ке-
летіндер үшін университетте әзір-
лік басталғанын айтты. «Ең бірінші
кезекте, біз, яғни профессорлық-
педагогтік құрам өзгеруіміз керек,
- деді Нұрлан Хабиболлаұлы.
– Оқудың әдіс-тәсілдері де жа-
ңаруы тиіс. Күні кеше осы бағытта
университетте үлкен жиын өткізіп,
осы мәселелерді талқыладық. Бұ-
йыртса, жаңаша біліммен қарулан-
ған жастарды қабылдап, оларға
заманауи жоғары білім беруге біз
барынша дайындалып үлгереміз».
Шара соңында БҚО әкімдігі мен
«Назарбаев зияткерлік мектепте-
рі» АҚ арасында өзара ынтымақ-
тастық жөнінде меморандумға
қол қойылды.
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,
«Орал өңірі»
«Тек энциклопедиялық біліммен
жаңа әлемнен орын табу қиын»
Назарбаев зияткерлік мек-
тебінің тәжірибесі өңіріміздегі
білім ұяларында пилоттық не-
гізде қолданылып келсе, енді
ол жүйелі түрде барлық мек-
тепке енгізілетін болады. Алыс
елді мекендердегі шағын жи-
нақты мектептер де одан тыс
қалмақ емес.
өңіріміздегі білім ұйымдарының
басшылары мен мұғалімдер қа-
тысты.
Жиынды ашқан облыс басшы-
сының айтуынша, Елбасының тіке-
лей тапсырмасы бойынша ашыл-
ған Назарбаев зияткерлік мектеп-
тері әлемдік тәжірибені қолда-
нып отырған республикамызда-
ғы алдыңғы шептегі білім ұяла-
ры болып табылады. Оралдағы
Назарбаев зияткерлік мектебінен
білім алғандар да далада қалып
жатқан жоқ. Олар елімізді айтпа-
ғанда, әлемнің белді оқу орында-
рында оқуда.
– Біздің алдымызда тұрған мін-
дет – Назарбаев зияткерлік мек-
тебінің тәжірибесін өңіріміздегі
барлық білім ұясына енгізу. Осы
мәселеге байланысты ақылдасу
мақсатында Күләш Ноғатайқызын
облысымызға арнайы шақырған
едік. Шақыруымызды қабыл алға-
ныңыз үшін және облыстық білім
басқармасы басшысының лауазы-
мына Шолпан Қадырованы таға-
йындар алдында өзіңізбен сөйле-
сіп, рұқсат сұраған кезде өңіріміз-
дегі білім саласының жағдайын
ескеріп, жақсы маманыңызды біз-
ге жолдап, қолдау көрсеткеніңіз
үшін өз ризашылығымды білді-
ремін.
Облыстағы мектептерді жаңар-
тылған білім мазмұнына көшу бо-
йынша нақты жоспарымыз бар.
Бірінші кезекте біз әр аудандағы
және қаладағы екі-үш мектепті,
яғни барлығы қырық шақты білім
ұясын толығымен жаңа жүйе бо-
йынша оқытуды қолға алмақпыз.
Содан соң мұғалімдердің білікті-
лігін арттыруға жіті мән бермек-
піз. Ол үшін қаламыздағы Оқу-
шылар сарайында арнайы бөлме
ашып, онда жаңартылған білім
континенттерін орналастырамыз.
Сөйтіп, бұрынғыдай педагогтар-
дың сабақ кестесін бұзбай, уақы-
тын алмай, қаражатты шығында-
май, онлайн режимінде оқытуды
ойластырудамыз. Шағын жинақты
мектептердің материалдық-тех-
никалық базасын дамыту да на-
зардан тыс қалмақ емес. Интер-
неті жоқ шалғай елді мекендер-
дегі мектептер онлайн режимін-
де жаңартылған білім мазмұнын
меңгеретін болады. Мұның бә-
рі Елбасының цифрландыру тап-
сырмасы аясында жүзеге асады.
Қала мектебі мен ауыл мектебі
арасындағы айырмашылықты ба-
рынша төмендетуге бұл жүйе де
оң әсерін беретін болады, – деді
Алтай Сейдірұлы.
Мінберге көтерілген Күләш
Олимпиаданы «Қазақстан –
2050» жалпыұлттық қозғалысы
республикалық «Дарын» ғылы-
ми-тәжірибелік
орталығымен
бірлесіп, «Самұрық-Қазына» ұлт-
тық әл-ауқат қорының, ҚР Білім
және ғылым министрлігінің қол-
дауымен ұйымдастырды.
«Қазақстан – 2050» жалпыұлт-
тық қозғалысы осы жылдың шіл-
десінен бастап қазан айына де-
йін еліміздің барлық аймағын-
дағы мектептерден «Жасыл энер-
гетика», «ІТ», «Модельдеу және
робототехника», «Тұрмысқа пай-
далы өнертабыстар» тақырыпта-
ры бойынша оқушылардың жоба-
ларын қабылдады. Аталған олим-
пиаданың негізгі мақсаты – оқу-
шылардың жобаларын әрі қарай
дамыту және өндіріске енгізу.
Ұйымдастырушылардың айтуын-
ша, олимпиадаға 200-ден аса жо-
ба ұсынылған. Оның 20-сы ірік-
теуден өтіп, қазылар алқасының
талқысына түсті. Соның ішінде
10 үздік жобаға арнайы ментор-
лар бекітіліп, оқушылардың жо-
басын әрі қарай дамытуға жол
ашылды. Аталмыш олимпиадаға
өзінің инновациялық жобасымен
Орал қаласындағы физика-мате-
матикалық бағыттағы Назарбаев
зияткерлік мектебінің 11-сынып
оқушысы Қуаныш Аманғали да қа-
тысты. Оның «Әлеуетті қан тапсы-
рушыларды іздеудің инновация-
лық жүйесі» деп аталатын жоба-
сы (жетекшісі – информатика пә-
нінің мұғалімі Айсұлу Сүлейме-
нова) үздік 10 жобаның қата-
рына енді. Нәтижесінде Қуаныш-
тың менторы болып «MOS Busi-
ness Incubator» мекемесінің бас
директоры Павел Коктышев бекі-
тілді. Енді олар жобаны әрі қарай
дамыту және оны халық тұты-
натын тауарға айналдыру мақса-
тында жұмыстанатын болады.
Ментор
куәлігін
иеленген
Қуаныш Аманғалидың жобасы
«ZhureqForm» және «ZhureqLink»
деп аталатын екі құрамдас бө-
ліктен тұрады. Алғашқысында ар-
найы постерлар жасалып, он-
лайн формасында сауалнама тол-
тыру және деректер базасын жа-
сақтау қарастырылған. Ал екін-
ші бөлікте қан тапсырушыларды
іздеуге арналған дербес әлеумет-
тік желі жұмыс жасайды. Атал-
мыш деректер базасы қажет ке-
зінде донорды тез табуға үлкен
септігін тигізбек. Қазіргі кезде
бұл жоба Батыс Қазақстан об-
лыстық қан орталығында тәжі-
рибелік сараптаудан өтуде.
Ақмоншақ ЖҰМАЕВА,
Назарбаев зияткерлік
мектебінің баспасөз
хатшысы,
Орал қаласы
Ментор куәлігін
иеленді
Жуырда Астана қаласында
инновациялық жобалардың
ұлттық олимпиадасы мәреге
жетті.