Облыстық ҚОҒамдық-саяси газет – 1 0



жүктеу 2,62 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата14.11.2018
өлшемі2,62 Mb.
#19461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

дАЛА-ҚАЛА

7

Сенбі, 25 қараша 2017 жыл

сап  түзеуі  үшін  латын  әліпбиіне 

өту  көп  күттірмейтін  мақсат-

міндеттің  бірі  еді.  Үлкендеріміз-

дің  көзіне  таныс  бұл  латын  әліп-

биін  біздің  аудан  тұрғындары 

да  қолдап,  жастарымыздың  тез 

меңгеретініне  сеніміміз  мол.  Өз- 

ге  жерде  емес,  өз  ауылдарымыз-

дағы  балабақшадағы  бүлдіршін-

деріміз  қазақ,  орыс,  ағылшын  тіл- 

дерінде  тақпақтар  айтып,  үш  тіл- 

ді  меңгерудің  нәтижесін  көрсетіп 

жүрсе,  бұл  әліпбиді  меңгеруде  де 

оларға  қиыншылық  туындамасы 

кәміл. Бұл бағытта да тиісті шара-

лар,  кездесулер  ауданда  жүйелі 

жүргізілуде.

Елбасы  «Болашаққа  бағдар: 

рухани  жаңғыру»  атты  бағдарла-

малық  мақаласында  туған  жердің 

тарихы,  мәдениеті,  діні,  тілі,  салт-

дәстүрі  және  әдет-ғұрпы  арқы-

лы  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  –  

рухани  жаңғырудың  басты  қағи-

даларының  бірі  екенін  атап  көр-

сетті. 


Меніңше, 

рухани 


жаңғыру 

белгілі  бір  межемен  аяқталмай, 

үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. 

Себебі  қазіргі  ғылым  мен  техно-

логия  аса  жылдам  қарқынмен 

дамып  бара  жатқан  заманда,  бә- 

секеге  қабілеттілігімізді  артты-

рып,  жасампаз  ұлт  ретінде  үнемі 

түлеп,  рухымызды  көтеріп,  жаңа-

рып,  өркендеп  отырмасқа  лажы-

мыз  жоқ.  Бір  сәт  мүлгіп  кетсек, 

бастайды

ғарыштың  жылдамдығымен  да-

мып  жатқан  әлемде  өркениет  кө- 

ші  бізді  күтіп  тұрмай,  біраз  жер- 

ге  ұзап  кетеді.  Содан  соң  ол  көш- 

ті  қуып  жетіп,  оған  ілесу  қиындай 

түседі.  Сондықтан  рухани  жаңғы- 

ру  да  ұлт  ретінде  жаңғырып,  да-

мып  отыруымызбен  қатар  жүруі 

керек.


Қазақ  халқының  рухы  биік-

теп,  бәсекеге  қабілеттілігі  артып, 

өнері  өрлеп,  ғылымы  өркендеп, 

мәдениеті  мен  дәстүрі  үстем  бо-

лып,  мейірімді,  адал,  ақылды,  бі- 

лімді,  бауырмал,  ұлтшыл,  елшіл, 

кең  пейіл,  отаншыл  жандар  қа-

уымы  қаумалаған  қоғам  құра  ал- 

сақ,  Елбасымыздың  айтқан  руха-

ни  жаңғыруы  осы  болмақ  деп 

ойлаймын.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы 

өткенімізді  оралтып,  бүгінімізді 

бағалауға,  тарихымызды  келешек 

ұрпаққа  аманат  етуге  мүмкіндік 

береді.  Өйткені  бұл  бағдарлама 

елімізді  кемел  келешекке  бастай-

ды,  –  деді  бөлім  басшысы  Самал 

Қанапияқызы.

Мөлді­р  ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов  ауданы

«Коконың құпиясы» 

қазақ тілінде көрсетілуде

Осы аптаның бейсенбі­сі­нде Оралдағы «City Center» ойын-сауық 

орталығында «Коконың құпиясы» атты анимациялық фильмі­ні­ң 

қазақ ті­лі­ндегі­ көрсеті­лі­мі­ өтті­. Шараға облыс бойынша танымал 

блогерлер және «Жас өркен», «Жас ұлан» ұйымының балалары 

қатысты. Облыс әкі­мі­ні­ң орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов 

көрермендерді­ аталған фильмні­ң тұсаукесері­мен құттықтады.

-

Б

үгін  кезекті  голливуд-

тық  мультфильм  қазақ 

тілінде  сөйлемек.  Мұн-

дай  жүйелі  жұмысты  атқарып 

жүрген  «Болашақ»  корпоратив-

тік  қорына  ризамыз.  Жастар  бос 

уақыттарында  жаңадан  шыққан 

фильмдерді көруге құштар.  Қазақ 

тілі  «Walt  Disney»-дің  39-шы  тілі 

болып,  голливудтық  фильмдердің 

негізгі  тілдерінің  қатарына  енді. 

Жаңа  анимациялық  фильмнің  тұ-

саукесері  құтты  болсын!  -  деді  Ға-

бидолла Абдоллаұлы. 

«Коконың  құпиясы»  –  «Бола- 

шақ» корпоративтік қорының бас- 

тамасымен  қазақ  тіліне  тәржіма-

ланған 23-ші фильм болып табыла-

ды.  Аталған  фильм  23  қарашадан 

бастап  қаламыздағы  кинотеатр-

ларда  көрсетілуде.  Анимациялық 

фильмнің  дубляж  режиссері  Шах-

Мұрат  Ордабаевтың  мәліметінше, 

дубляж  жұмыстарына  70-ке  жуық 

маман  жұмылдырылған.  Компью-

терлік  анимация  жанрында  қыз-

мет  етіп  келе  жатқан  «Пиксар» 

студиясының  кез  келген  фильмі 

көпшіліктің  ықыласына  бөленіп, 

әр жылдары «Оскар» сыйлығының 

жүлдегері атануда. 

Компанияның  кезекті  туынды-

сында  мексикалықтардың  «ата-

бабаны  еске  алу  күні»  атты  дәс- 

түрлі  мерекесі  кезіндегі  шытыр-

ман  оқиғалар  баяндалады.  Жан-

тәнімен  музыкант  болғысы  ке-

летін 12 жасар Мигель есімді бала 

аты аңызға айналған әнші Эрнесто 

де  ла  Крустың  жолын  жалғауды 

армандайды. Алайда Мигель етік-

шілер  әулетінде  дүниеге  келген 

соң, жазылмаған заң бойынша ата-

баба  ісін  жалғауы  тиіс.  Сонымен 

қатар  оның  отбасы  белгілі  бір  се-

бептермен  музыканы  жек  көреді. 

Арманы  үшін  үйінен  қашып,  бай-

қаусызда  «марқұмдар  әлеміне»  тап 

болған  Мигельді  түрлі  қиындық-

тар  мен  қызықтар  күтуде.  Со- 

нымен  Санта-Сесилья  тұрғында- 

рының  оқиғасын  желтоқсанның  

23-не  дейін  қаламыздағы  үлкен  эк-

рандардан тамашалауға болады.

Фильм  режиссері  Ли  Анкрич 

картинаны  барынша  әсерлі  етіп 

түсіру  үшін  арнайы  экспедиция 

жасағын құрған. Олар үш жыл бойы 

Мехикодағы  музейлерді,  шірке-

улерді,  шеберханаларды  және 

зираттарды  аралап,  Тлаколула, 

Эль-Туле, Сан-Маркос, Абасоло қа- 

лаларының  тұрғындарымен  тіл-

десіпті.  Осылайша  олардың  өмір 

сүру  салты,  сүйікті  асы,  отбасы- 

лық құндылықтары туралы білген. 



Дариға 

МҰШТАНОВА,

айтыскер 

ақын:

– 

Балаларға 



арналған әлемдік 

шығармалардың 

қазақ тіліндегі ау- 

дармасын  немерелеріммен  кө- 

руді  дағдыға  айналдырып,  тұ- 

рақты  көрермені  болдық.  Се-

бебі,  балаларымыздың  не  көріп 

жүргенін  біз  де  көруге  тиістіміз. 

Бұрын  шетелдік  мультфильм- 

дерді  қарамайтын  едім.  Түпнұс-

қадан  қазақ  тіліне  сапалы  ау-

дарыла  бастағалы  тәрбиелік 

мәнін  байқадым.  Қазақтың  ер-

тегілері  сияқты  рухани  маңызы 

бар  екен.  Балалар  ұғымына 

жатық  тілмен  аударылған.  Тәр-

бие  жұмысын  баладан  бастау  

өте дұрыс. 



Айым  ЖОМАРТҚЫЗЫ,

«Орал  өңі­рі­»

Мақсат 

ТӨЛЕУҒАЛИ,

мектеп оқушысы:

– Мен Ақжайық 

ауданының 

Са-


мал  ауылындағы 

мектептің  4-сы- 

ныбында оқимын. 

Әпкем «Коконың құпиясы» мульт-

фильміне алып келді. Маған қатты 

ұнады.  Жасы  менімен  шамалас 

Мигельдің  арманы  орындалса 

екен  деп  тілеп  отырдым.  Оның 

қасында  тілі  салпаңдап  жүретін 

Данте  деген  итке  қатты  күлкім 

келді.  Екеуі  түрлі  оқиғаға  тап  

бола  береді.  Сосын  Мигельдің  

марқұмдар  әлеміндегі  досы  Эк-

тор  да  күлкілі.  Өтірікті  көп  айта- 

ды  екен.  Бірақ  негізі  өте  мейірім-

ді  болып  шықты.  Енді  сынып- 

тастарымның  бәріне  көруге 

кеңес беремін.




жүктеу 2,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау