Облыстық ҚОҒамдық-саяси газет – 1 0



жүктеу 2,62 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата14.11.2018
өлшемі2,62 Mb.
#19461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

АУЫЛ-АЙмАҚ

6

Сенбі, 25 қараша 2017 жыл



Рухани жаңғыру 

кемел келешекке

Елбасымыздың  «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» 

бағдарламалық  мақаласы  ұлт  реті­нде өзі­мі­зді­ң бет-бейнемі­з-

ді­, әлем  алдындағы  өзі­мі­зге  тән  кескі­н-келбеті­мі­зді­,  ұлттық 

болмысымызды  айқындайтын  құжат болып табылады. Себебі­ 

бұл  мақалада  ұлттық  құндылықтарымыз,  мемлекетті­ң  ұлттық 

құрылымы,  қазақ  елі­ні­ң  тарихи  мұралары  туралы   айтылады. 

Мұндағы  мақсат –  елі­мі­зді­  дамыған 30 елді­ң қатарына енгі­зу. 

Сондықтан  Елбасы  бі­здерге  ауқымды мі­ндеттер қойып отыр. Бұл  

жұмыс  қазі­ргі­ күнде  басқа  өңі­рлердегі­  сияқты  ауданымызда  да  

кең  көлемде  атқарылып  жатыр. Осы  жұмыстардың бағытын  бі­лу  

мақсатында  Қазталов аудандық і­шкі­ саясат бөлі­мі­ні­ң  басшысы 

Самал  Жангерееваға  жолығып,  әңгі­меге тартқан  еді­к.

Келісім кеңесі –

 татулық тірегі

Бірлігі  жоқ  ел  тозады,

Бірлігі  күшті  ел  озады.

(қазақ  нақылы)

Қ

оғамдық  келісім  кеңесі 

–  татулықтың  ұйытқысы. 

Билік  пен  халықтың  ара- 

 сын  жақындастыратын,  тығыз 

байланыстыратын  кеңес.  Ауданы-

мызда  бұл  кеңестің  құрылғанына 

төрт  жылдай  болды.  Осы  кезге 

дейін  бөлек  жұмыстанып  келген  

ақсақалдар  кеңесі,  әкелер,  ана- 

лар,  әйелдер,  жастар  кеңестері- 

нің  басын  бір  арнаға  тоғысты- 

рып,  біріге  жұмыла  жұмыстануда. 

Ал  оның  мақсаты  –  әр  округтен 

сайланған  осы  кеңестің  өкілдері 

ауылда  болып  жатқан  келеңсіз 

оқиғаларды,  ішкілікке  салынған  

отбасыларды,  ауылдың  тазалығы-

на  мән  бермейтін  тұрғындарды, 

құқықбұзушылыққа  бейім  жастар-

ды  тілін  ортақ  мүддеге  бейімдеп,  

округ  әкімімен  бірлескен  түрде  

ауыл  ішінде  күрделенген  мәсе-

лелердің  оңтайлы  шешімін  табу-

ға  тырысады.  Яғни  бұл  кеңеске 

ауыл  тұрғындарының  ілтипатына 

бөленген,  көпті  көрген  тәжірибе- 

лі  адамдар  сайланады.  Осы  қо- 

ғамдық  келісім  кеңесінің  арқа-

сында  ауылда  ұйымшылдық,  бір-

лік,  татулық  тіні  беки  түседі. 

Ауданымызда  16  ауылдық  ок-

руг,  30  мыңға  жуық  тұрғын  бар. 

Негізінен  қазақы  ауданбыз.  Со-

нымен  қатар  орыс,  татар,  грек, 

неміс,  башқұрт,  шешен  сынды 

өзге  ұлт  өкілдері  де  қоныс  теп-

кен.  Төрт  адам  –  Қазақстан  халқы 

ассамблеясының  мүшесі. 

Келісім  кеңесінің  қоғамдағы  

рөлі  зор.  Елбасымыз  келешек 

жоспарларымызды  іске  асыруда 

халықпен  тығыз  байланыста  болу 

үшін  әр  түрлі  деңгейдегі  қоғам- 

дық  келісім  кеңестерін  құруға  бер-

ген  тапсырма  орындалды.  Енді 

халықтың  көңілінен  шығатындай 

жұмыс  істеуіміз  керек.  Соның  

ішінде  қазіргі  уақытта  біздің  қо-

ғамдық  кеңестер  тұрмысы  төмен, 

кірісі  аз,  тұрақты  жұмыспен  қам- 

тылмаған  отбасыларына  әлеумет-

тік  қолдаулар  көрсету  мен  кәсіп-

керлікке  тарту,  үйрету  арқылы 

тұрмыстық  жағдайын  көтеру  не-

гізінде  ауданда  тұрақтылықпен 

бірлікке  бастаған  тәрбиелік  ша-

ралар  мен  нақты  істер  жүргізуде. 

Себебі  ауылдық,  әсіресе,  шал-

ғай  жердегі  отбасының  жағдайы 

жақсарса,  бұл  жалпы  ауданның 

әлеуметтік-экономикалық  өсуінің 

кепілі  болып  табылады. 

Ауданда  құрамында  32  мүше-

сімен  жұмысын  бастаған  қоғам-

дық  келісім  кеңесі  қазіргі  уақытта 

аудандағы  барлық  округтерде 

өкілдері  мен  қоғамдық  мемлекет-

тік ұйымдарды қамтып, 137 мүше-

ні құрады. 

Төрт жыл уақыт арасында билік 

пен  халық  арасында  көпір  пай-

да  болып,  әрбір  округте  билік 

өкілдерімен  қатар  қоғамдық  ке-

лісім  кеңесі  атқаратын  шаруалар 

да көбейді. 

Ауданымыз бойынша 16 округ-

тегі  қоғамдық  келісім  кеңесімен  

48  отырыс  оздырылып,  ауыз  су-

дың  тапшылығы,  табиғи  газ  оты- 

ны,  жол  қатынасы,  байланыстың 

болмауы  туралы  мәселелер  қоз-

ғалды.  Қоғамдық  келісім  кеңесте-

рі  осы  түйткілді  мәселелерді 

назарда  ұстап,  алдыңғы  кезекте 

шешу  қажеттігін  ұсынып  отырды. 

Күрделі  жөндеулер,  құрылыстар, 

жұмыссыздық,  коммуналдық  тө-

лемдердің  өсуі  немесе  бағадағы 

қарама-қайшылықтар, 

ауылдың 

тазалығы,  құқықбұзушылық,  мал 

ұрлығы,  отбасы  тәрбиесі,  ауыл-

дарды  абаттандыру  халықтың  жіті 

қадағалауында.  Мысалы,  ауылдық 

округтер  бойынша  тәртіп,  жастар 

мәселесі, абаттандыру, көбік қазу, 

аз  қамтылған  отбасыларға  көмек 

беру,  техникалық  су  тарту,  зират-

тарды  қоршау,  мал  ұрлығы,  алко-

гольдік  ішімдіктерді  үйден  сатуға 

тыйым  салу,  отбасылық  даулар, 

мал  бағу,  жұмысқа  орналастыру 

мәселелері кеңес отырыстарында 

жиі  қаралды.  Отбасындағы  бере- 

ке  мен  бірлік,  бай-қуатты  өмірі  

мен  ұрпақтар  сабақтастығын  сақ-

тау,  қалыптастыру  және  ауыл  шар- 

уашылығына  бейімделген  отбасы-

лық  кәсіпкерлікті  игеру  арқылы 

ауданда  тұрақтылық  пен  дәулеті 

сай  келетін  тұрмыс  қалыптастыру 

ендігі  жұмыстарымыздың  бағыты 

болмақ. 


Қоғамдық  келісім  кеңесі  ая-

сында  жалпы  өткен  10  ай  ішінде 

халықпен  бірлескен  ауқымды  жұ-

мыстар  атқарылды.  Соның  ішінде 

түрлі  қайырымдылық  шаралары, 

демеушілік  көмектер,  ауыл  той-

лары,  түрлі  акциялар,  байқаулар 

үнемі өткізіліп келеді. Тоғыз ауыл-

дық  округте  қоғамдық  келісім 

кеңестерінің  жалпы  кәсіби  емес 

13  медиаторы  жұмыс  атқаруда. 

Сондай-ақ  биыл  «Ауылнай»  тура- 

лы  ереже  бекітіліп,  енді  кіші  елді 

мекендерде  ауылнайлар  сайла- 

нып,  халық  пен  билік  арасын-

да  дәнекер  болып  жұмыс  атқар-

мақшы. 

Қоғамдық  келісім  кеңесі  ал-



дында  үлкен  міндеттер  тұр.  Елба- 

сымыздың  «Болашаққа  бағдар: 

рухани  жаңғыру»  бағдарламалық 

мақаласы  аясында  келісім  мен 

бірлігімізді нығайтуға бағытталған 

түрлі  қоғамдық-саяси  шаралар 

кеңінен  өткізіле  бермекші.  Соның 

ішінде  діни  ахуалға  қатысты,  от-

басылық  құндылықтарға  арнал-

ған  жастар  саясаты,  ардагерлер- 

ді ардақтау, тарихымызды қастер-

леу,  дәріптеу  бағытындағы  жұ-

мыстар  жалғасатын  болады. 

-

Е

лбасының  бағдарлама-

лық  мақаласы  –  халық-

тың,  қазақтың  үлкен  ұлы 

мәселесі.  Сондықтан  бұл  мақала 

санасы  сергек,  болашақты  ойлай-

тын  азаматтардың  барлығына  өте 

түсінікті  деп  ойлаймын.  Онда  ха- 

лыққа  барлық  мәселелер  өте  нақ-

ты  түрде  айтылған,  –  деп  баста- 

ды  әңгімесін  бөлім  басшысы.

–  Елбасы  мақаласынан  туын-

дайтын  жұмыстар  аясында  ауда-

нымызда  көптеген  игі  істер  ат-

қарылуда.  Бұл  бағытта  жұмыс 

топтары  құрылып,  аудандық  «Ру-

хани  жаңғыру»  бағдарламасының 

жоспары  құрылды.  Арнайы  алты 

бағытты  және  «Туған  жер»  кіші 

бағдарламасының  төрт  бөлігін 

қамтитын  бұл  жоспарда  ауданы-

мызға қажетті әлеуметтік, рухани-

мәдени  жобалар  көрініс  тапқан. 

Бұдан  басқа  ауданымызда  «Ру-

хани  жаңғыру»  бағдарламалық-

жобалық  кеңсесі  құрылып,  өз  жұ-

мысына кірісті. 

Ауданымызда облыс көлемінде 

алғаш  рет  «Туған  жер  –  тұғырың, 

туған  ел  –  қыдырың»  атты  жер-

лестер форумы ұйымдастырылып, 

форум  нәтижесінде  жеті  өзара 

ынтымақтастық  меморандумына 

қол қойылса, бүгінгі күні олардың 

бірқатарын  жүзеге  асыру  баста-

лып  та  кетті.  Бұл  форумда  меце-

наттар,  демеушілер  20  млн.  теңге 

көлемінде  өз  қаражаттарынан  игі 

істер  атқаратынын  жеткізген  бо-

латын.  Осы  меценаттар  арасында 

ҚР  Президенті  Әкімшілігі  құжат  

айналымын  қамтамасыз  ету  бөлі-

мінің  меңгерушісі,  Қазталов  ауда-

нының  құрметті  азаматы  Мирбо- 

лат  Жақыпов,  елімізге  танымал 

актер,  жерлесіміз  Тұрсынбек  Қаба-

тов,  ел  ішінде  «Атымтай  жомарт» 

атанып  кеткен  жеке  кәсіпкер,  ау-

дандық  мәслихат  депутаты  Нұр-

лыбай  Жолдыбайұлы  да  бар. 

Жалпы,  аудан  бойынша  «Туған 

жерге  туыңды  тік»  акциясымен 

2009-2017  жылдар  арасында  құ-

ны  141  млн.  760  мың  теңге  бола- 

тын 53 жоба іске асқан. Келер жы-

лы  ауданымыздағы  16  ауылдық 

округ бойынша 100 млн. теңгеден 

астам қаражатқа 75 жоба жоспар-

лануда. 


Биылдың  өзінде  «Туған  жер» 

бағдарламасы  негізінде  бірне-

ше  жоба  жүзеге  асырылды.  Атап 

айтсақ,  тек  Ақпәтер  ауылында 

4600,0 мың теңгенің жобасы қолға 

алынып,  іске  асырылды.  Оның 

ішінде  он  бір  Ұлы  Отан  соғысы 

ардагеріне  және  бір  Социалистік 

Еңбек  Еріне  арналған  заманауи  

лайтбокстар,  «Менің  жүрегім  –  

Ақпәтер»  композициясы,  ауыл 

ішіндегі  бірнеше  көшелерге  баған- 

дарымен  жарық  шамдар,  жаңадан 

билбордтар,  көше  атаулары,  мемо- 

риалдық тақталар орнатылды. Бұл 

ауылда  елге  сыйлы,  ауданымыз- 

дың  құрметті  азаматы,  еңбек  ар-

дагері, ауданымыздың әлеуметтік-

экономикалық  дамуына  өзінің  сү-

белі  үлесін  қосқан  Кәрім  Өтеғұлов 

тұрады.  Елге  өнеге  көрсетіп,  әр 

игі  істің  ұйытқысы  болып  жүрген 

Кәрім ағамыз өз қаражатына «Ана  

мен  бала»  монументін  қайта  жөн-

деуден  өткізумен  бірге,  Ақпәтер 

ауылындағы  тарихи-өлкетану  му- 

зейі  мен  аспан  астындағы  музей- 

дің  негізін  қалап,  қазіргі  уақытта 

рухани  орталықтар  тұрғындар игі-

лігіне  жұмыс  жасауда. 

Туған  өлкені  тану,  тарихи  атау-

ларды сақтау және ауданымыздың 

жер-су  атауларын  анықтап,  өске-

лең  ұрпақ  бойына  патриотизм 

сезімін  қалыптастыру  бағытында 

облыс көлемінде алғаш рет «Туған 

жер  –  алтын  бесік»  атты  өлкетану 

(Қазталовтану)  курсы  енгізіліп,  

5-9-сыныптар  арасында  барлық 

мектептерде  оқытылуда.

Сонымен  қатар  аудан  жастары-

нан,  мектеп  оқушыларынан  құрал-

ған «Туған өлке» тарихи-танымдық 

экспедициясы «Туған жер» бағдар-

ламасымен  ауданымыздың  бірқа- 

тар елді мекендерімен қатар көр-

шілес  Бөкей  ордасы,  Жәнібек 

аудандарында  болып,  өлке  тари-

хымен танысып қайтты. 

«100  жаңа  есім»  жобасы  ая-

сында  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан 

бері  ауданымыздың  әлеуметтік-

экономикалық  дамуына,  қоғамдық  

тұрақтылық  пен  рухани  жаңғы-

руына өзіндік үлес қосқан аға буын 

өкілдері  мен  ауыл  түлектерінен 

базасы  жасақтап,  еске  қалдыру 

мақсатында  олардың  есімдерін 

жинақтау жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ  «Туған  жер»  бағдар-

ламасы  негізінде  ауданымызда 

киелі  жерлерді  анықтау  бары-

сында  Қарасу  округіндегі  «Жал- 

пақтал»  қалашығы,  Жалпақтал  

ауылындағы  «Қожантай  мешіті»,  

Қараоба  ауылындағы  Омар  Жа- 

зықұлы  бейіті  тарихынан  мағлұ-

маттар  жи-нақталып,  облыстық 

ұлттық комиссияға табысталды. 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарлама-

сының  өзегі  ретінде  Қазақстан-

ның  30  дамыған  елдің  қатарында 



Тауфих  МҰҚАНОВ,

Қазталов  аудандық 

қоғамдық  келі­сі­м  кеңесі­ні­ң 

төрағасы


жүктеу 2,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау