мәСЕЛЕ
Сенбі, 25 қараша 2017 жыл
9
«Орал өңірі» газеті
редакциясының басшы-
лығына Орал қаласындағы ел
аузында «Ескі әуежай» атанып
кеткен ауданның тұрғыны
Бәтима Байғалиеваның аты-
нан ол тұратын Евразийская
көшесінің 13 тұрғыны қол
қойған арыз хат түсті.
«Біз Ескі әуежай ауданындағы
(Старый аэропорт) Евразийская
көшесінің тұрғындары, осы арыз-
ды жолдай отырып, төмендегі жағ-
дайды баяндаймыз.
“Ескі әуежай” ауданына көшіп
келгелі 10 жылдан астам уақыт
бойына электр жарығын пайда-
лануда проблемадан көз ашпай
келеміз. Атап айтсам, жарық жиі
сөнеді, әсіресе, қыс мезгілінде бұл
жағдай жиілеп, жарық 3-4 сағаттан
астам уақыт бойына өшіп қалады.
Ток тұйықталуы салдарынан өз ба-
сымда екі тоңазытқышым жанып
кетіп, істен шықты. Көршілерімде
де бірнеше мәрте теледидар, элек-
троника бұйымдары, тұрмыстық
заттары жанып кеткендігін көріп,
естіп, куә болып жүрміз. Жыл са-
нап ауданымызда жаңа үйлер са-
лынып, тұрғындар саны көбейген
сайын электр желісіне бұрынғыдан
бетер күш түсіп, жарықты пайдала-
ну қиындап барады.
Аудан жаңадан бой көтере бас-
таған кезде әкімдік арнайы біздің
аудан үшін ақ кірпіштен биік қы-
лып салған трансформатор ныса-
ны салынған күйі тұрды, еш пайда-
ланылмады. Ең сорақысы, жуырда
осы трансформаторды әкімдік же-
кеменшікке сатып жібергенін біл-
дік. Қазіргі кезде трансформатор-
ды бұзып, кірпіштен үй салу үшін
пайдаланғалы жатыр. Халықтың
игілігі үшін салынған трансформа-
тордың жекеменшікке сатылған-
нан гөрі ел игілігі үшін қызмет ет-
кені дұрыс емес пе еді?
Сіздің назарыңызға осы жанай-
қайымызды жеткізе отырып, мәсе-
ленің оң шешілуіне қолұшын бе-
руіңізді сұрап, аталған арызға қол
қоюшылар...» деп он үш тұрғынның
мекенжайы, телефон нөмірі жазы-
лып, қолдары қойылыпты аталмыш
хатта.
Евразийская көшесіне аяқтай
барып, ондағы шаштараз қызмет-
керімен, дүкендегі сатушылармен,
сондай-ақ өзге де тұрғындармен
тікелей тілдескен едік.
- Электр жарығы жарты сағат,
екі сағаттап өте жиі сөнеді. Жуыр-
да тіпті күн ұзағына жанбады. Шаш-
таразға келген тұтынушымыздың
шашын жартылай алып, ақшасын
кері қайтарып берген кезіміз де
болды, - дейді шаштараз Қымбат
Нұрышева.
Коняхин көшесінің тұрғыны
Әділбек Ахметов өзі тұратын көше
жарықтарының біраз бөлігі ша-
мамен жыл жарым уақыттан бері
мүлде жанбайтынын айтты.
- Электр жарығы негізінен қыс
мезгілінде көбірек сөнеді. Ескі
трансформатор жүктемені көтере
алмайтын болып тұр ғой. Бір-екі
рет жанып кеткесін жөндеуден өт-
кізілді. Көше жарығына да, үйлерге
де қуаты жететіндей жаңа транс-
форматор орнатылса екен дейміз,
- дейді Евразийская көшесіндегі
№70 үйдің тұрғыны Бақтыбай
Құрманғалиев.
- Жарық жарты сағатқа сөніп
қалса да, айтарлықтай әлекке түсе-
міз. Күні бойына сөніп қалған кез-
дер де болды. Ондай кезде бал-
мұздақ секілді тоңазытқышты қа-
жет ететін тауарларымызды басқа
жерге тасуға тура келеді. Трансфор-
маторды бірнеше рет жөндегені не
керек, қайтадан жанып кетеді. Лау-
лап жанып жатқанын да көзіміз
көрді, - деді трансформатор тұрған
маңдағы, жолдың қарсы бетінде
орналасқан «Көктөбе» дүкенінің
сатушысы Жанна Әбдуәлиева.
Арыз иесі Б. Байғалиева үйіне
апарып, жанып кеткен тоңазыт-
қыштарын көрсетті.
- “Ескі әуежай” ауданына 2004
жылы көшіп келдік. 2006 жылы ақау-
сыз жұмыс жасап келген тоңазыт-
қышым жанып кетті. Осыдан бір
жыл бұрын тағы бір тоңазытқы-
шым істен шықты. Жөндеуші ше-
берлер тоңазытқыш моторлары
үйге келіп тұрған токтың қалыпты
Орал қаласы әкімінің назарына!
«Евразийская көшесі
жобаға енбей қалды»
филиалы тарапынан Орал қаласы-
ның аталмыш аудан қарайтын сол-
түстік-шығыс бөлігін сапалы электр
энергиясымен қамту қажеттігі ту-
ралы мәселе қала әкімдігіне бір-
неше мәрте қойылса да, әлі күнге
дейін шешімін таппай келе жатқа-
нын айтты. Оның айтуынша, «Ескі
әуежай» ауданындағы электр желі-
лері «Батыс Қазақстан ТЭК» АҚ қа-
лалық филиалының құзырында
болмағандықтан, аталмыш меке-
ме өз бетінше ол жерге қандай да
бір құрылыс жұмыстарын немесе
күрделі жөндеу жүргізуге құқы жоқ.
Ол үшін қала әкімдігі тарапынан
қаржы қарастырылып, техникалық
жағдай туғызылуы шарт көрінеді.
Ендігі кезекте Орал қалалық құ-
рылыс бөлімінің басшысы Марат
Молдашевты (суретте) аталмыш
мәселе бойынша әңгімеге тарттық.
- Әуелде тұрғындар «Ескі әуе-
жай» аумағындағы жерлерді өз
иеліктеріне детальды жоспарлау
жобасынсыз, яғни заңсыз алған.
Сол себепті де кейін олар өз қа-
ражаттарына электр желісін жүр-
гізген. Бірақ жұмыс сапасыз жасал-
ған. Енді өткен қыста аталмыш ау-
данның тұрғындары қала басшы-
лығына сапасыз электр қуаты, са-
пасыз жол үшін наразылықтарын
білдіріп, теннис корты маңына ше-
ру ұйымдастырмақ ниет танытты.
Біз мәселе көтерілген көшелерге
аяқтай барып, мән-жаймен таныс-
тық. Нәтижесінде бүгінгі таңда же-
келеген көшелерді электр қуаты-
мен жүйелі қамту бағытындағы жо-
ба жасақталуда. Бірақ ол жобаға
Евразийская көшесі енбеді. Өйткені
осыған дейін аталмыш көше тұр-
ғындары тарапынан мұндай мәсе-
ле көтерілген емес. Светлая, Абдо-
лов, Московская, Сырым Датов кө-
шелерінің аралығындағы аумақты
қайтадан электрлендіру үшін жа-
салған жобаның құны 270 млн. тең-
ге шамасында болып отыр. Бұл жо-
баның жасалуына аталған аралық-
қа кіретін Ниетқалив көшесі тұр-
ғындарының көтерген мәселесі
және «Батыс Қазақстан ТЭК» АҚ
қалалық филиалы тарапынан қала
әкімдігіне жазылған хат мұрындық
болды. Бүгінде жобалау жұмысы
аяқтала келді. Қаржы бөлінсе, ке-
лесі жылдан бастап жүзеге асыры-
луы тиіс. Ал Евразийская көшесінің
жағдайына келер болсақ, шынын
айту керек, мұндағы мәселемен
жаңа ғана танысып отырмыз. Сол
себепті де мәселенің шешілуіне
қанша уақыт қажет боларын нақты
айта алмаймыз. Тұрғындар тара-
пынан қала әкімдігіне, «Батыс Қа-
зақстан ТЭК» АҚ қалалық филиалы-
на хат түссе, келесі жылдан бастап
жобалау жұмыстарына қаражат
сұрастырып көруге болар. Арыз
хатта көрсетілген халық игілігі үшін
салынған трансформатор нысаны-
ның жекеге сатылуының жай-жап-
сарынан хабарым жоқ. Ол туралы
қазіргі таңда сол жерге иелік етіп
отырған қожайыннан сұрау керек.
Жалпы, ол трансформатор комму-
налдық меншікте болған болса,
оны сатқандығы туралы құжаттар
Орал қалалық қаржы бөлімі ар-
қылы дайындалады, - деді ол.
Қаржы бөлімінің қызметкерле-
ріне де жолықтық. Алайда олар
мән-жайды анықтау үшін қала
әкімінің атына жазбаша хат түсіру
керектігін айтты. Аталмыш хат жө-
нелтілгеннен кейін қала әкімдігі-
нің қабылдау бөлмесіне, кеңсе қыз-
метіне бірнеше мәрте хабарластық.
Кеңсе қызметкерлері заң негізін-
де сұрағымызға қараша айының
14-іне дейін жауап берілетінін мә-
лімдеген еді. Алайда әлі күнге де-
йін ешқандай жауап жоқ...
Бір айта кетерлігі, тұрғындар
жазған арыз хаттың ішінде мынадай
сөйлем бар. «Ең сорақысы, жуыр-
да осы трансформаторды әкімдік
жекеменшікке сатып жібергенін
білдік». Дұрысы, «трансформатор-
ды» емес, «трансформатор орна-
ласуы тиіс аумақты» болса керек.
Өйткені мақаланы жазу барысын-
да бұрын трансформаторлық стан-
саға арнап ақ тастан салынған ғи-
мараттың орнында жаңадан салын-
ған тұрғын үй тұрғанын көрдік. Ал
трансформатордың өзін сатқанды-
ғы туралы дерек анықталған жоқ.
Қалай болғанда да, тұрғындардың
жүйкесін жұқартқан мәселеге бай-
ланысты қалалық әкімдік тарапы-
нан толыққанды жауап берілуі тиіс
еді.
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,
«Орал өңірі»
PS:
Мақала жазылған соң қалалық әкімдіктің кеңсе қызметіне әлденеше рет қоңырау шалу арқылы
жоғарыда айтылған мерзімнен бір апта кешіктіріп бір жауап алдық. Хатта ауданды электр
қуатымен жүйелі қамту бағытында екі жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқаны айтылған.
Олар жоғарыда Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы айтқан және «Жұлдыз» шағынауданын
электрмен қамту бағытындағы жобалар. Ал нақты Евразийская көшесіне қатысты және транс-
форматор орналасуы тиіс ғимараттың неліктен бұзылып, орнына тұрғын үй салынғаны жөнінде
ешқандай мәлімет берілмеген...
болмауы, яғни желідегі жүктеменің
көбейіп кетуі себепті жанып кет-
кен деді. Үйді жылытатын суды ай-
налдырып тұратын насос электр
тоғы арқылы жұмыс жасайды. Ал
қыстың көзі қырауда жарық 3-4 са-
ғаттап сөнген кезде үйіміз салқын-
дап кетеді. Көпшілікке ортақ осын-
дай мәселелермен көше тұрғын-
дарының бәрі бірдей жұмыстарын
тастап, қаладағы коммуналдық ме-
кемелерді аралап жүре алмайды.
Сондықтан олар мені бірауыздан
осы мәселеге қатысты сенімді өкіл
ретінде сайлады, - дейді ол.
«Асылхан» дүкенінің сатушысы
Дәмелі Сәрестекова қыстың күнін-
де жарық бір сөнсе, қайта-қайта сө-
нетінін, ондай жағдайда жөндеу-
шілер де келіп болмайтынын, жа-
рықтың жоқтығы жұмыстан келе-
тін тұрғындарға, сабақ оқитын ба-
лаларға қолайсыздық туғызаты-
нын айтты.
- 2004 жылы үйіміздің қасында-
ғы электр бағаналары мен сымда-
рын өз қаражатымызға орнатқан
едік. Қазір ағаш бағаналардың түп-
тері шіріп, босап тұр. Ал көшенің
қарсы бетіндегі үйлерге үкімет та-
рапынан тас бағаналар орнатылды.
Енді ескі трансформатормен бірге
тозған бағаналарды да ауысты-
рып берсе екен, - дейді Евразий-
ская көшесінің бойындағы №96
үйде тұратын Нұрлан Нұрпекеев.
Тұрғындар шағымының жай-
жапсарына қаныққаннан кейін
«Батыс Қазақстан ТЭК» АҚ-ның қа-
лалық филиалына бас сұғып, Әуе
желісі және жинақтық трансформа-
торлы қосалқы станса қызметінің
басшысы Александр Уракчинцев-
тен мәселенің мәнісін сұрадық.
Александр Викторович «Батыс
Қазақстан ТЭК» АҚ-ның қалалық