8
Сенбі, 25 қараша 2017 жыл
ТУғАН жЕР
Орман шаруашылығы
Облыстағы мемлекеттік орман
қорының жалпы ауданы 216851
га құрайды, соның ішінде орман-
мен көмкерілгені 102892 гектар.
Облыстың орманды жерлері 0,67
пайызды құрайды.
Облыстағы сегіз орман шар-
уашылығы мемлекеттік мекеме-
лерінде елді мекендерді көгал-
дандыруға қажетті көшеттер мен
орманды қалпына келтіру жұмыс-
тарына қажетті 4,0 миллион да-
надай егілімдер өсіретін орман
тұқымбақтары бар.
Облыстағы орман және жануар-
лар дүниесін қорғау жөніндегі мем-
лекеттік мекемелермен 500 гектар
жерде орман отырғызу жұмыстары
жүргізіледі.
Бүгінгі күні Тайпақ орман және
жануарлар дүниесін қорғау жөнін-
дегі мемлекеттік мекемесінің мем-
лекеттік орман қорының жаппай
қурауы күрделі сұрақтардың бірі
болып отыр. Осыған орай облыс
бюджетінен 8,0 миллион теңге
қаражат бөлініп, Жайық өзенінің
жайылма ормандарының жағда-
йына ғылыми-зерттеу жұмыстары
жүргізіліп жатыр (2017-2018 жыл-
дар аралығында).
Ормандардың санитарлық жағ-
дайын қалыпты ұстау мақсатында
жыл сайын тұрмыстық қалдық-
тардан тазарту экологиялық ак-
циялары оздырылады. Ағымдағы
жылы «Туған жер» бағдарламасын
жүзеге асыру мақсатында «Таза
орман!» акциясы өткізіліп, оған
9544 адам қатысып, 1140,4 тонна
қалдықтар мен қураған ағаштар
шығарылды. Барлығы 257 техника
тартылды.
2016 жылы Қазақстан Респуб-
ликасының Тәуелсіздігіне 25 жыл-
дығына орай «25 игі іс» респуб-
ликалық акциясы аясында облыс-
тық «Болашақ!» - «Таза жағалау!
Таза орман!» экологиялық акция-
сы оздырылды. Акцияға облыс бо-
йынша 15550 адам қатысып, 72 тех-
ника тартылды, барлығы 720 тон-
на тұрмыстық қалдықтар мен 530
текше метр қураған ағаштар тазар-
тылды.
Орман өрттерінің алдын алу
шаралары
Өрт қаупі кезеңіне сегіз орман
шаруашылығы мекемелерінде ор-
ман өрт бекеттері жасақталып, 80
өрт сөндіргіш сарбаздары жұмыс-
қа қабылданды.
2015-2016 жылдары орман жә-
не жануарлар дүниесін қорғау жө-
ніндегі мемлекеттік мекемелердің
материалдық-техникалық
база-
сын нығайту мақсатында облыс
бюджетінен 111,1 миллион теңге
қаражат бөлінді. Ағымдағы жылы
облыс бюджетінен 46,7 миллион тең-
ге бөлініп, орман шаруашылығы
мекемелеріне екі дана Беларус -
1221.2 тракторлары және екі дана
«ГАЗ» су тасығыш аутокөлігі сатып
алынды.
Орман және жануарлар дүние-
сін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемелері бойынша жоспарлан-
ған өрт қауіпсіздік алдын алу шара-
лары түгелдей орындалды, соның
ішінде: минералдандырылған ор-
ман жолақтарын орналастыру -
2000 шақырым, минералданды-
рылған орман жолақтарына күтім
жұмысын жүргізу - 7300 шақырым,
өрт кезінде пайдаланатын жол-
дарды жөндеу - 70 шақырым, ор-
ман аралық соқпақтарын кесу 97
шақырым қашықтықта орындалды.
Көгалдандыру жұмыстары
2016 жылы ағаш отырғызу ак-
циясы бойынша 61855 ағаш көшет-
тері отырғызылды. Көгалдандыру
жұмысына Шыңғырлау, Ақжайық,
Жаңақала аудандары мен Орал
қаласы белсенді айналысып, жыл
сайын демалыс саябақтарында,
тынымбақтарды, аутокөлік жол-
дары бойында және өздерінің ме-
кеме аумағына ағаш отырғызып,
оларға күтім жасауда.
Біздің облыста да көгалданды-
руға көп көңіл бөлінуде. Тек осы
жылдың өзінде «Бүкілқазақстандық
ағаш отырғызу акциясы» кезінде
44284 дана ағаш көшеттері отыр-
ғызылды. Акцияға аудан және
қала әкімдіктері, өндірістік меке-
мелері, мемлекеттік мекемелер,
қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық
ақпарат құралдарының қызметкер-
лері белсене атсалысты. Бұл акция
ағымдағы жылдың күз мезгілінде
де өз жалғасын тапты.
Бірақ та барлық облыс аудан-
дарында бұл жұмыстар жоғарғы
деңгейде жүргізілмей келеді. Ау-
дандық бюджетті қалыптастыру ке-
зінде көгалдандыру шараларына
қаражат бөлуді қарастыру қажет.
Жақсы ағаштарды өсіру үшін
сапалы ағаш көшеттерін таңдап,
оларды суару жұмыстарын ұйым-
дастыру керек. Сондықтан кә-
сіпорындар, мекеме басшылары
мемлекеттік тапсырысқа хабарла-
ма беру кезінде, сонымен қатар
тұрғын үйлер, мектептер, бала-
бақшалар мен басқа да құрылыс-
тар салу кезінде көгалдандыру
сұрақтарын қарастыру қажет, егер
де көгалдандыру жұмыстарын жа-
самаған болса, нысандарды қабыл-
дамау керек.
Біз барлық облыс тұрғындарын
көгалдандыру жұмысына көңіл
бөліп, бірге атсалысуға шақыра-
мыз.
Экологияны жақсарту және
қоршаған ортаны қорғау үгіт-на-
сихат шаралары кеңінен орын-
далып келеді, осы бағытта 320,0
мың теңгеге 600 дана плакаттар да-
йындалып, 36 билборд жасалды.
Су ресурстары
Жайық өзенінің бассейні Батыс
Қазақстан облысында ең жүйелі
табиғи нысан және ауыз судың көзі
болып табылады. Өзеннің бассей-
нінде 87 елді мекен орналасқан,
онда облыстың 75 пайыз халқы
тұрады.
Соңғы жылдары Ирикла су
қоймасының жұмысын реттеу, тө-
менге су босату мәселелері Қа-
зақстан-Ресей үкіметаралық дең-
гейде құрылған комиссияның жұ-
мыс тобы отырысында бірлесе ше-
шіледі. Биылғы жылдың 1-2 мау-
сымында Ресейдің Орынбор қа-
ласында өткен трансшекаралық
Жайық өзені бассейні бойынша
су қорын бірлесе пайдалану мен
қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей
комиссиясы жұмыс тобының ке-
зекті отырысында жаз айларында
Ирикла су қоймасынан төменге
секундына 60,0 текше метр су жі-
беру жөнінде шешім қабылданды.
Облысымызда ұзындығы 180
шақырымды құрайтын Киров-Ше-
жін каналын қайта жаңғыртудың
үшінші және төртінші кезеңдері
бойынша кешенді жұмыстар жүр-
гізілуде. Жобаның толығымен іске
асуы жыл сайын Жайық өзенінен
Үлкен өзенге жіберілетін су кө-
лемін 50 миллион текше метрге
ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Су нысандары мен су шаруа-
шылығы құрылыстарын эколо-
гиялық талаптарға сәйкес күйде
ұстау үшiн Орал қаласының шегін-
дегі Жайық өзенінің 9 шақырымы,
Шаған өзенінің 5 шақырымы мен
Шалқар көлінің су қорғау аймақ-
тары мен белдеулері белгiлендi.
Ағымдағы жылы Шаған және Дер-
көл өзендерінің су қорғау аймақ-
тары мен белдеулерін айқындау
үшін жобалық-сметалық құжат-
тама дайындауға облыстық бюд-
жеттен 19,4 млн. теңге бөлінді. Ке-
лер жылы Жайық өзені мен транс-
шекаралық Үлкен өзен мен Кіші
өзендерінің су қорғау аймақтары
мен белдеулерін айқындау жұмыс-
тарын аяқтау жоспарланып отыр.
Балық шаруашылығы
Облыста балық шаруашылығын
дамыту және жануарлар дүние-
сін қорғауға жағдай жасау үшін
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі-
нің қаулысымен 86 су айдында-
ры жергілікті маңызға ие балық
шаруашылығы су айдындары бо-
лып табылды. Бүгінгі күні 42 жер-
гілікті маңызға ие балық шаруа-
шылығы су айдындары балық
шаруашылығын жүргізу мақсаты-
на бекітіліп берілді. Жыл сайын
резервтік қордағы балық шаруа-
шылығы су айдындарында балық-
тың тұншығу қаупін алдын алу
үшін облыстық бюджеттен қаржы
бөлінеді. Ағымдағы жылы осы
жұмыстарды 10 балық шаруашы-
лығы су айдындарында жүргізуге
облыстық бюджеттен 976,9 мың
теңге бөлінді. Сонымен қатар жыл
сайын субъектілер балық шаруа-
шылығын дамыту жоспарларына
сәйкес балықтандыру жұмыста-
рын жүргізеді. Биылғы жылы ба-
лықтандырудың көлемі 78 пайыз-
ды құрады. Су айдындарында бұл
шаралар балық ресурстарының
өнімділігін арттыру мақсатында
жүргізіледі. Мемлекет субъекті-
лерге су айдындарын жалға бере
отырып, жеке балық шаруашы-
лығын жүргізуге және жеке ба-
сының пайдасын көруге барлық
жағдайды жасауда. Біз балық шар-
уашылығы субъектілерінің алды-
на жыл сайын өз су айдындарын
балықтандыра отырып, өсірілген
тауарлы балықпен облыс тұрғын-
дарын қамтамасыз етуге, облыс
орталығында және аудандарда
дүкендер ашуға міндет қоямыз.
Қалдықтарды басқару
Қатты тұрмыстық қалдықтар
қоршаған ортаға айтарлықтай
салмақ түсіруде. Батыс Қазақстан
облысының аумағында 6,1 мил-
лион тонна қоқыс жинақталған.
Аудандарда 318 қоқыс орындары
және Орал, Ақсай қалаларында
екі ҚТҚ полигондары орналасқан.
Қалдықтарды басқарудағы әлем-
дік тәжірибелерді қарастыратын
болсақ, мегаполистердің геогра-
фиялық орналасуының шағынды-
ғы қалдықтарды өңдеудің аймақ-
тық нарығын қалыптастыруға мүм-
кіндік беретін еуропа елдері ерек-
шелігі сол біздің елде тәжірибе
көрсеткендей, ірі қалдықтарды өң-
деу зауыттарын салу пайдасыз бо-
луда. Қазақстан үшін қалдықтарды
бөлек жинау, сұрыптау және оны
орта, кіші бизнес кәсіпорында-
рында өңдеу жүйесі тиімді.
Облыста макулатура, резина,
пластик өңдеуді жүзеге асыратын
11 кәсіпорын бар. Бүгінде ҚТҚ
өңдеу көлемі 2,14 пайызды құрай-
ды.
Осы мақсатта Қазақстан ӨКЖ-
өндірушілердің кеңейтілген жауап-
кершілігін енгізуді және барлық
аймақта қалдықтарды басқару бо-
йынша жол картасын жасауды бас-
ты бағыт етіп таңдады.
ӨКЖ операторы дегеніміз не?
Үкіметтік деңгейде ӨКЖ операто-
рын енгізу (өндірушілердің кеңей-
тілген жауапкершілігі) шығары-
латын өнімнің экологияға теріс
ықпалын азайтуға бағытталған.
Өңдеуші кәсіпорындар ӨКЖ
операторынан қалдықтарды жи-
науға және қайталама пайдала-
нуға төлемақы алады. Мысалы,
2016 жылы республика бойынша
шиналарды өңдеу зауыттары 540
миллион теңгедан астам және ескі
аутокөліктерді кәдеге жаратуға
тапсырған жеке, заңды тұлғаларға
849,1 миллион теңгеден астам қар-
жы төленді. Сонымен қатар ӨКЖ
тұрғындарды қалдықтарға сауатты
қарауға шақыратын экологиялық
ағарту жүйесін дамытуды қарас-
тырады.
БҚО қалдықтарды бөлек жи-
науды енгізуде Орал қаласында
410 пластик жинайтын контей-
нер, аудандарда 102 торлы кон-
тейнер, 54 дана сынапқұрамды
шамдар мен құрылғыларды жи-
найтын контейнер орнатылды.
Макулатура қабылдайтын пункт-
тер «Куксова» ЖК, «Усенова» ЖК,
«Глухов» ЖК, «Борисов» ЖК болса
және ескі резина мен шиналарды
«Губер» ЖК, пайдаланылған ауа
және май сүзгілерін «Арктур» ЖШС
қабылдайды.
2017 жылы Орал қаласы поли-
гонына ТЭН дайындауға 22,0 мил-
лион теңге, Ақсай қаласына 15,0
миллион теңге қаржы бөлінді.
Орал қаласында қазіргі полигон-
ды жаңарту үшін финдік инвес-
тормен жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік орман қорын
және жануарлар дүниесін
қорғау, су ресурстарын тиімді
пайдалану, табиғат қорғау
шараларын өткізу БҚО табиғи
ресурстар және табиғат пайда-
лануды реттеу басқармасының
орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мем-
лекеттік мекемелерінің басты
міндеттері болып табылады.
А
Амангелді ДӘУЛЕТЖАНОВ,
БҚО табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы
Табиғат – алтын бесігің