|
Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарҚазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналысының шарттары 3.1. Өрт техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
|
бет | 2/7 | Дата | 20.05.2018 | өлшемі | 1,42 Mb. | | #14357 | түрі | Регламент |
| 3. Қазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналысының шарттары 3.1. Өрт техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
5. Өрт техникасының негізгі түрлерінің санын, атаутізімі, техникалық талаптар мен орналастыру сызбалары мемлекеттік, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стандарттар, белгіленген тәртіпте бекітілген, мыналарға байланысты өртке қарсы қорғаныстың талап етілетін деңгейін қамтамасыз етуді есепке алып өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады:
1) осы объектіде мүмкін өрттің даму ерекшеліктерін;
2) өрт сөндіруге жұмсалатын өрт сөндіру заттарының шығын нормаларын;
3) өрттің ықтимал туындау орнына өрт бөлімшелерінің келу уақытын.
6. Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасын нормативтік және техникалық құжаттама болған жағдайда ғана орналастыруға, пайдалануға және қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
7. Өрт техникасын жіктеу осы техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.
8. Өрт техникасы ықтимал өртті жою үшін ғана қолданылуы тиіс.
9. Өрт техникасын шаруашылық мұқтаждықтары үшін немесе өндірістік міндеттерді орындау үшін пайдалануға тыйым салынады.
10. Өрт техникасының негізгі түрлерін белгілеудің дабылдық және ақ-қара түстері, дабылдық белгі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі белгілері "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
11. Пайдалануға енгізілген өрт мотопомпалары, өрт сөндірудің қол қондырғылары, өрт сөндіргіштер, су құбыры желісінің өрт жабдығы, өрт жарағы объектіде қабылданған нөмірлеу жүйесі бойынша есептік (түгендеу) нөмірлеріне ие болуы керек.
12. Өрт сөндіру қондырғыларының қолмен қосу қондырғылары, өрт сөндіргіштердің бекіту-іске қосу құрылғысы және өрт шкафтарының есіктері пломбылануы керек.
13. Өрт техникасы оған қызмет көрсету және қолдану қолайлығы, сондай-ақ қорғалатын кеңістіктің түрлі нүктелерінен жақсы көрінуіне қол жеткізу есепке алынып орналастырылуы керек.
Өрт техникасының негізгі түрлерін орналастыру орындарына апаратын жолдар (кіре берістер) үнемі бос болуы керек.
14. Өрт машиналары өрт депосы ғимаратында орналастырылуы тиіс.
Қалалар мен елді мекендерді, шаруашылық жүргізу объектілерін қорғауға арналған өрт сөндіру депосының түрі, автомобильдер саны, үй-жайлар құрамы мен олардың алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес анықталады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
16. Қала немесе тұрғылықты тармақ аумағында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін көшіру, өрт автомобильдерінің саны мен өрт бөлімшелерінің жеке құрамының саны "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкес анықталады.
17. Объектінің өртке қарсы қызметі мына жағдайларда өрт машиналарымен жабдықталуы керек:
1) объектінің (өнеркәсіптік кәсіпорын санатына жатқызылған) мемлекеттік өртке қарсы қызметінің аумақтық бөлімшесін көшіру орнынан барынша қашықтатылған ғимарат, үймарат, объект құрылымының жалпы пайдаланылатын жолдар немесе өтпелерге дейін мыналардан асатын қашықтыққа алшақтығы:
2 км - жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатты өндірісті, құрылыстың барлық алаңының 50 %-нан астамын алатын кәсіпорын үшін;
4 км - жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатты өндірісті, құрылыстың барлық алаңының 50 %-нан астамын алатын кәсіпорын, сондай-ақ Г және Д санатты өндірісті кәсіпорындар үшін.
Кәсіпорын алаңында отқа төзімділік деңгейі III, ІІІб, IV, ІVа, V, кәсіпорын құрылымының барлық алаңынан 50 % артық құрылым алаңымен, ғимараттар мен құрылымдар болған жағдайда өрт депосымен қызмет көрсету радиусын 40 %-ға азайтуға рұқсат етіледі.
2) объектінің (өнеркәсіптік кәсіпорындар санатына жатқызылмаған) мемлекеттік өртке қарсы қызметінің аумақтық бөлімшелерін мынадан аспайтын көшіру орнынан алшақтығы:
2 км - биіктігі 100 м-ден кем ғимараттар үшін;
1 км - биіктігі 100 м және артық ғимараттар үшін.
3) мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшесінде объектіні өрт сөндіру қажеттіктеріне талап етілетін су санының берілуін және биіктік деңгейлерден адамдарды көшіруді қамтамасыз ете алатын өрт машиналарының қажетті санының болмауы.
Өрт сөндіру қажеттіктеріне су берілуін қамтамасыз ету үшін талап етілетін өрт машиналарының санын анықтау бойынша есептеу әдісі осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында берілген.
18. Өрт автомобильдері, мотопомпалар мен әскери есепке алынған тіркемелерді ұстауға арналған өрт депосының үймараты ауасының есептелген температурасы кемі плюс 16 о С болуы керек.
19. Пайдалануға енгізілген (әскери есепке немесе резервке енгізілген) өртавтомобильдері, мотопомпалар мен тіркемелер өрт-техникалық жарақпен жинақталуы, отын, өрт сөндіргіш заттар құйылып жұмысқа дайын қалыпта болуы керек.
20. Әр өрт автомобиліне, өрт мотопомпасына және өрт сөндіру мақсатына бейімделген техникаға арнайы даярлықтан еткен моторист (жүргізуші) бекітілуі керек.
21. Объектіде өрт мотопомпаларын және тіркемелерін өрт туындау орнына жеткізу тәртібін қарастыратын жоспар әзірленуі керек.
22. Өрт автомобильдерін, мотопомпаларды және тіркемелерді техникалық күтім жасау және жөндеу бойынша жұмыстар түрі, кезеңділігі, мазмұны мен технологиялық жүйелігі "Өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі бойынша нұсқаулықтар" талаптарына және нақты түрдегі (маркалы) бұйымдарға арналған пайдалану құжаттамасының белгіленген талаптарына сәйкесуі керек.
23. Өрт техникасы жүйелері мен қондырғыларын жобалау, құрастыру, пайдалануға қабылдау, техникалық күтіп ұстау және қызмет көрсету кезінде "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентінде және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарда берілген талаптар сақталуы керек.
24. Жеке қорғаныс құралдары (оттектік оқшаулаушы газқағарлар немесе қысылған ауалы аппараттар) өрт автомобилінде тіке қалыпта арнайы жабдықталған, түбі мен қабырғалары бәсеңдеткіш материалымен қапталған ұяшықтарда орналастырылуы керек.
Қоршаған ортаның теріс температурасы жағдайда жеке қорғау құралдары, сондай-ақ резервтік регенеративті патрондар мен тыныс алу аппараттарының бетперделері өрт автомобильдерінің әскери есеп кабинасында орналастырылуы керек.
25. Әскери есепке арналған оттегілі (ауалы) резервтік баллондар мен регенеративті патрондар өрт автомобилінде түбі мен қабырғасы бәсеңдеткіш материалмен қапталған жеке жәшіктерде сақталуы керек.
Жәшіктер мөрленіп жабылуы, ал сыртқы жағына мына деректер көрсетілген салма бекітілуі керек:
1) патронның химиялық әктік жұтқыш пен жарағын сынау күні, сондай-ақ регенеративті патрон салмағы;
2) оттегілік (ауалы) баллон нөмірі мен оның толтырылған күні (баллондардың әрбірі немесе тобы).
26. Әскери есепке арналған резервтік регенеративті патрондар мен оттегілі (ауалы) патрондар өрт автомобилінде бітемелермен (тығындармен), ал регенеративті патрондар қосымша пломбыланып сақталып тасымалдануы керек.
27. Өрт сөндірушілерді жеке қорғау құралдарын пайдаланған, техникалық қызмет көрсеткен, тасымалдаған және сақтаған кезде "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарында газ-түтіннен қорғау қызметтеріне нұсқаулықта берілген, мемлекеттік, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стандарттар" талаптары сақталуы керек.
28. Азаматтарды жеке қорғау құралдары (оқшаулағыш өзін өзі құтқарғыш):
1) биіктігі 28 м артық емес ғимараттарда жұмыс орындарында;
2) түнгі мерзімде адамдар жаппай болатын үймараттарда;
3) қонақ үй номерлерінде;
4) өрттен қорғану орындары мен өрт қауіпсіз аймақтарда орналасуы керек.
Ғимарат, үймараттағы азаматтарды жеке қорғау құралдарының қажетті санын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелері және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес есептеп анықталуы керек.
29. Көшіруді қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмысшы орындары жеке қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ жоғары жылу әсерінен жеке қорғау құралдарымен жабдықталуы керек.
30. Мүмкін өртті жою үшін ұйым аумағы, ғимараттар, құрылымдары меншік объектіне қарамастан, сондай-ақ тұрғылықты тармақтар өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзіне ие болуы керек.
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзі ретінде табиғи және жасанды су айдындары, сондай-ақ ішкі және сыртқы су құбыры (оның ішінде ауыз су, шаруашылық, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы) қарастырылуы керек.
31. Табиғи су айдындарын, жасанды су айдыны мен өртке қарсы су құбыры құрылғыларын пайдалану қажеттігі, сондай-ақ олардың параметрлері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелері мен белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталуы керек.
32. Өртке қарсы су құбыры желілері бүтін қалыпта болуы және өрт сөндіру қажеттіктеріне арналған су шығыны нормаларын қамтамасыз етуі керек.
Өртке қарсы су құбыры желілерін жұмыс істеуге (су беруге) тексеру жылына кемі екі рет (көктем және күзде) жүзеге асырылуы керек.
Желіде арын жеткіліксіз болған жағдайда объектілерде қысым жоғарылататын сорғылар орнатылуы керек.
33. Сорғылық станса үймаратында өртке қарсы сумен қамтамасыз ету сызбасы мен сорғыларды орау сызбасы ілінуі керек.
Әр ысырмада және өрт сорғысында олардың арналуы көрсетілуі керек.
Сорғыларды іске қосу тәртібі нұсқаулықпен анықталуы керек.
34. Желіде қысым арттыратын сорғылармен жабдықталған жоғары немесе төмен қысымды өртке қарсы су құбыры бар объектілерде, суқұбырымен қамтамасыз етілмеген ғимарат, үймерет және құрылымдарда өрт бағанасымен және жалпы ұзындығы 100 м-ден кем емес, өрт бағанасына қосылған арынды өрт түтік құбырларымен жабдықталған посттар құрылуы керек.
Посттар орнына посттар сияқты жабдықталған тіркемелерді орнату рұқсат етіледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
35. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жабдықтары (өрт гидранттары мен өрт крандары) пайдалануға қабылдар алдында және жылына кемі екі рет (көктем мен күзде) техникалық қарап шығуға түсірілуі, су жіберу арқылы жұмыс қабілеттілікке (су беруге) тексерілуі керек.
Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау сынаулары плюс 5 о С-тан төмен емес температура жағдайында жүргізілуі керек.
Ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерін техникалық қарап шығу нәтижелері актпен және сынақ хаттамасымен рәсімделуі керек.
Ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерін сынау актісінің, су беруге арналған сынақ хаттамасы мен өрт крандарының клапандарын жұмыс қабілеттілікке сынау хаттамасының объектілері осы техникалық регламенттің 4-қосымшасында берілген.
36. Жерасты өрт гидранттары құдықтарының жүктесік қақпақтары ластан тазартылуы, ал суық кезеңде мұз, қардан тазартылып жылытылуы керек.
37. Объект аумағында немесе оған жақын жерде (200 м радиуста) табиғи немесе жасанды су көздері (өзен, көл, бассейндер, градирнилер) болған жағдайда оларға жылдың кез келген уақытында өрт автомобильдерін әкеліп су алуға арналған кемі 12 * 12 м өлшемді қатты жабынды алаңдармен кіреберістер (құрылғылар) жасалуы керек.
38. Жерасты өрт гидранттары, табиғи немесе жасанды су көздері жанында, сондай-ақ оларға қарай бағытта "Өндірістік объектілердегі дабыл түстері, белгілеулер мен қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкесетін сәйкес сілтемелер (көлемді немесе флуоресцентті немесе жарық шағылыстыратын жабындар пайдаланып орындалған жалпақ шаммен) орнатылуы керек.
Сілтемелерде су көзіне дейінгі қашықтықты көрсететін сандар нақты жазылуы керек.
Түнгі мерзімде су айдындарында өрт сілтемелеріне жарық түсірілуі керек.
39. Су арынды мұнаралар өрт техникасымен жылдың кез келген мерзімінде су алуға жарамды болуы керек.
Шаруашылық және өндірістік мақсаттар үшін өрт сөндіру қажеттіктеріне арналған су қорын пайдалану тыйым салынады.
40. Өрт клапандарын жаңадан салынып жатқан ғимараттарда (құрылымдарда) немесе қайта құралып жатқан объектілерде ішкі су құбырына өрт клапандарын құрастыру кезінде Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары орындалуы керек.
Өрт краны клапандарының иінтірегі (сермері) оны қолмен ұстап айналдыру қолайлығы қамтамасыз етілетіндей орналастырылуы керек.
Клапанның шығыс келтеқұбыры өрт түтік құбырын қосу қолайлығы қамтамасыз етілетіндей және түтік құбырды клапанның кез келген жаққа салу кезінде шұғыл "сынуы" болмайтындай үлгіде орналастырылуы керек.
41. Пайдалануға енгізуге 1,35 м биіктікте орнатылған және мыналармен жабдықталған өрт крандары рұқсат етіледі:
1) өрт жабдығына арналған қосу басы бар өрт клапанымен;
2) арынды өрт түтік құбырымен;
3) өрт қол бағанасымен;
4) клапанды ашуды жеңілдетуге арналған иінтірекпен (сермермен).
Өрт түтік құбыры өрт клапаны мен өрт бағанасына қосылуы керек.
Санамаланған жабдықпен өрт краны өрт шкафында орналасуы керек.
42. Жаңадан салынатын және қайта жөнделетін объектілерде өрт шкафтары оларда өрт краны жабдығының жинағын және кемі 5 кг өрт сөндіргіштің өрт сөндіру затының заряд салмағымен кемі екі қол өрт сөндіргішін орналастыру мүмкіндігімен үш нұсқаның кез келген түрінде (аспа, тіреме және кірістірілген) орнатылуы керек.
Өрт сөндіргіштерді өрт шкафының жалпы және жеке бөлігінде орналастыру рұқсат етіледі.
43. Өрт шкафтарын пайдаланудың плюс 5 о С-тан плюс 45 о С-қа дейінгі температуралық ауқымы шегінде болуы керек.
44. Өрт шкафтарының көлемдері онда орналастырылатын өрт клапандары, түтік құбырлары, бағаналары мен өрт сөндіргіштер саны мен диаметріне қарай анықталуы керек.
45. Өрт шкафының есіктерінде жинақтаушы бұйымдардың болуын көзбен шолып тексеруге мүмкіндік беретін мөлдір салмасы болуы керек.
Мөлдір салмасыз өрт шкафын орнату рұқсат етіледі, бұл жағдайда өрт шкафының есігіне жинақтаушы бұйымдар құрамы туралы ақпарат салынуы керек.
46. Өрт шкафының есіктерінде өрт шкафын қысылтаяң жағдайларда 15 м артық емес қауіпсіз ашуға мүмкіндік беретін, оларды пломбылау және жабуға арналған құрастырымдық элементтерге ие болуы керек.
47. Өрт шкафының есіктері кемі 160 о бұрышқа еркін ашылуы және түтік құбыр желісін және қол өрт сөндіргіштерін алып шығуға жылдам және кедергісіз жазуға мүмкіндік беруі тиіс.
48. Өрт шкафының құрастырымы табиғи желдетуді қамтамасыз етуі керек. Желдеткіш саңылаулары есіктердің жоғарғы және төменгі бөліктерінде немесе өрт шкафы қабырғасының бүйір беттерінде орналасуы керек.
Өрт шкафының табиғи желдетілуін қамтамасыз етудің өзге құрастырымдық шешімдері рұқсат етіледі.
49. Өрт шкафының құрастырымында оны құрылыс құрастырмаларына бекіту мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
50. Өрт шкафының бүйір беттерінде өрт кранының жинақтаушы бұйымдарының шартты өтпесіне сәйкесетін диаметрге ие құбыржолдарына арналған кіріс саңылаулары болуы тиіс.
51. Өрт шкафының қабырғасының сыртқы беттерінде әріптік белгілер, жазулар мен пиктограммалар қызыл дабылдық түсті болуы тиіс.
Есіктің сыртқы бетінде "ПК" қысқарған сөзін және (немесе) өрт кранының және тасымалданатын өрт сөндірушілердің шартты белгісі қосатын әріптік индекс болуы, сондай-ақ өрт шкафының реттік нөмірін және жақын жердегі өрт бөлігінің телефон нөмірін жазуға арналған орын қарастырылуы тиіс.
Өрт шкафының есігінде өрт қауіпсіздігі белгісі (өрт краны, өрт сөндіргіш) салынуы тиіс.
Өрт қауіпсіздігі белгілерінің түсті-графикалық суреті мен орналастыру (орнату) орны "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкесуі тиіс.
52. Өрт түтік құбырларының ұсталу және күтім жасалу тәртібі "Өрт түтік құбырларын пайдалану және жөндеу нұсқаулығы" талаптарына сәйкес келуі тиіс.
53. Қол өрт сатылары өрт автомобильдеріне орналасуы, тығыздап жатқызылуы және сенімді бекітілуі тиіс.
54. Қол өрт сатылары техникалық бүтін қалыпта болуы және кезеңдік сынауларға уақтылы түсірілуі тиіс.
Беріктікке сынағаннан кейін сатыларда қалдық ақаулар мен бүлінген бөлшектер болмауы.
55. Әскери есепте жоқ сатылар қоймада құрғақ желдетілетін үймаратта сақталуы тиіс.
Сатыларды сақтау кезінде адырналар мен басқыштар ағашына тіке күн сәулесінің түсуі, сондай-ақ жылыту құралдарынан жылу әсері тыйым салынады.
56. Құтқару жібі оралып жинақталуы және су өткізбейтін қаптамада сақталуы керек. Қаптама құрастырымы жіпті жылдам қолдануды қамтамасыз етуі, паспорт (формуляр) салуға арналған қалтасы және ұзындығы бойынша реттелетін тасымалдауға арналған белдігі болуы тиіс.
57. Пайдалануға қабылдар алдында және өртте әр пайдаланар алдында немесе оқуда, бірақ әр 6 ай сайын құтқару жіптері техникалық тексеруге және жұмыс қабілеттілікке сынауға түсірілуі керек. Құтқару жібіне су мен беткі-белсенді зат ерітінділері (6 % көбік түзгіш ерітінді) әсер еткен кезде беріктік қасиеттері мен сыртқы түрін сақтауы тиіс.
58. Қол өрт сатылары мен жіптеріне техникалық қызмет көрсету, кезеңдік сынаулар "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде еңбекті қорғау ережелері" талаптарына сәйкес жүргізіледі.
59. Биік ғимараттар мен құрылымдарда өртке қарсы аймақтарды қамтамасыз ету үшін қажетті ұжымдық пайдаланудың құтқару құрылымдарының саны (түтік құбырлы құтқару құрылғылары, арқандық-түсіру құтқару құрылғылары) есеппен анықталып жобамен ескеріледі.
Құтқару құрылғыларының қажетті санын анықтау бойынша есептеу тәртібі осы техникалық регламенттің 5-қосымшасында берілген талаптарына сәйкесуі тиіс.
60. Құтқару құрылғылары көшірудің негізгі жолдарын пайдалану мүмкіндігіне ие емес адамдарды қауіпсіз құтқару мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
61. Құтқару құрылғыларын орналастыру орындары ең кіші құтқару уақытын қамтамасыз ету шартынан шығып анықталуы тиіс.
Құтқару уақыты есеппен анықталуы керек және өрттің қауіпті факторлары құтқарылатын тұлғалар болатын аймақта сындарлы мәндерге жететін мәндерден аспауы тиіс.
62. Құтқару құрылғыларын орналастыру орындары сілтемелер мен апаттық жарық беруге ие болуы тиіс.
63. Көшіру жоспарында құтқару құрылғыларын орналастыру орындары мен оларға өту жолы көрсетілуі тиіс.
64. Әр құтқару құрылғысын орналастыру орындарында құрылғыларды жұмысқа дайындау және түсіру кезінде құтқарылатындар әрекетінің жүйесін көрсетіп тақтайша (ақпараттық тақтайшы) болуы тиіс.
65. Құтқару құрылғылары күрделі метеорологиялық жағдайларда жұмысқа қабілетті (жоғары және темен температура, жауын, қар, үлкен жел жүктемесі) және жұмысқа үнемі даяр болуы тиіс.
66. Құтқару құрылғылары автономды (ғимаратты энергиямен қамтамасыз ету көздерінен тәуелсіз) болуы тиіс.
67. Құтқару құрылғылары даярланбаған адамдар қолдану мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
68. Оқуда қолдану, техникалық қызмет көрсету немесе жалған іске қосылғаннан кейін құтқару құрылғылары қысқа мерзімде жұмысшы қалыпқа (бір аптадан артық емес) келтірілуі тиіс.
69. Құтқару құрылғыларын ғимаратқа бекіту құрылғыда бірге түсірілетін адамдардың барынша жоғары санынан 9 есе асатын жүктемеге төтеп беруі тиіс.
70. Құтқару құрылғылары ғимаратқа қатысты құрастырымдық орындауда шектелген болуы тиіс.
71. Құтқару құрылғыларының құрастырымдық орындалуы мен орналасуы өрт және құтқару қызметі бөлімшелерінің жұмысына кедергі жасамауы тиіс.
72. Құтқару құрылғыларын қолданғаннан кейін олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп тудырмауы тиіс.
73. Құтқару құралдарының түрі мен санын таңдау негіздеуі есеппен расталуы тиіс.
74. Құтқару құралдары мен құрылғыларын пайдалануға қабылдау оқу жұмыстарын міндетті өткізіп белгіленген тәртіпте жүргізілуі тиіс.
75. Халық аз шоғырланған топтарға арналған ғимараттар мен құрылымдар басым түрде құтқару түтік құбыр құрылғыларымен және құтқару науашаларымен (басқыштарымен) жабдықталуы тиіс.
76. Объектіде өрт қалқандары мен стендтерімен жиынтық құрамында орналастырылатын механикаландырылмаған өрт қол аспабына кезеңді күтім жасалуы тиіс.
Кезеңдік қызмет көрсету мына операциялардан тұруы тиіс:
1) тозаң, лас және жегі іздерінен тазарту;
2) бояуын қалпына келтіру;
3) пайдаланудан кейін қалдық ақауларды болдырмау үшін сүймендер мен тұтас металлдан жасалған ілгектерді түзету;
4) аспаптардың талап етілетін қайралу бұрыштарын қалпына келтіру.
77. Өндірістік және қоймалық үймараттарда орналастырылатын өрт қалқандарымен стендтері, сондай-ақ қорғалатын объект аумақтары онда бекітілген өрт аспаптары мен тасымалданатын өрт сөндіргіштердің алу (алып шығу) қолайлығы мен жылдамдығын қамтамасыз ету керек.
78. Өрт қалқандары ақ фонда 30 мм-ден 100 мм-ге дейінгі шекте енмен қызыл белгі түсті жиектемеге ие болуы тиіс.
Допускается выполнять окантовку пожарных щитов в виде чередующихся наклонных под углом 45 о полос красного сигнального и белого контрастного цветов.
РҚАО-ның ескертуі: Мемлекеттік тілдегі мәтінде 78-тармақтың екінші абзацы берілмегендіктен ресми тілдегі мәтіннен алынды.
79. Өрт қалқандарының жиектемелерін 45 о бұрышы астында қызыл дабыл және ақ ашатын түсті кезектесетін көлбеу таспалар түрінде орындау рұқсат етіледі.
80. Өрт қалқандары мен стендтерін орналастыру және жинақтау "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті талаптарына сәйкесуі тиіс.
81. Өрт жарағы көрінетін орында орналасуы, еркін және қолайлы қол жеткізуге ие болуы және өрт кезінде көшіруде кедергі болмауы керек.
82. Өрт қалқандарын механикаландырылмаған өрт аспабымен жинақтау "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкесуі және техникалық бүтін қалыпта ұсталуы керек.
83. Объектіде өрт сөндірушілердің қажетті санының түрін таңдау және анықтау олардың өрт сөндіру қасиетіне, жанғыш материал түрі бойынша өрт класына, қорғалатын үймарат немесе технологиялық жабдық ерекшеліктеріне және "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті талаптарын есепке алып өзге параметрлерге (оның ішінде қорғалатын үймаратта орта температурасы, өрт сөндіргіштен өрт сөндіру құралының ағу ұзындығы, оның жұмыс істеу уақыты мен өрт сөндіргіш сыйымдылығы) қарай жүзеге асырылады.
84. Өрт сөндіргіштер пайдалануға толық зарядталған және жұмыс істей алатын қалыпта, бекіту-іске қосу құрылғысын басқару торабы ашылып пайдалануға енгізілуі тиіс.
85. Өрт сөндіргіштер қорғалатын объектіде орналасуы және климаттық және механикалық әсер етулерден, өзге қолайсыз факторлардан (діріл, жемірлі орта, жоғары ылғалдық) қорғанысы болуы тиіс.
Өрт сөндіргіштер өрт жағдайында жақсы байқалатын және жеңіл қол жеткізілетін болуы тиіс.
Өрт сөндіргіштер өрттің барынша ықтимал туындау орнынан жақын, өтпе жол бойында, сондай-ақ үймараттан шығар есік маңында орналасуы және өрт кезінде адамдарды көшіруге кедергі келтірмеуі тиіс.
86. Тасымалданатын өрт сөндіргіштер өрт крандарымен бірге аспа тіреуіштерде немесе арнайы өрт шкафтарында орналастырылуы тиіс.
87. Толық салмағы 15 кг-нан кем өрт сөндіргіштер еденнен 1,5 м артық емес биіктікте орналастырылуы тиіс.
Толық салмағы 15 кг және одан жоғары тасымалданатын өрт сөндіргіштер 1,0 м артық емес биіктікте немесе кездейсоқ әсер ету жағдайында мүмкін құлаудан міндетті түрде бекітіліп еденде орналасуы тиіс.
88. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын орналастыру үшін өндірістік және қойма үймараттарында, сондай-ақ қорғалатын объект аумақтарында өрт қалқандары жабдықталуы тиіс.
89. Өрт сөндіргіштерді іске қосу тәртібін көрсететін негізгі жазулар мен пиктограммалар жақсы байқалатындай орналастырылуы және сыртқа немесе оған барынша ықтимал жақындау жағына қарай қаратылуы тиіс.
Жазбалар кезекті растау арасындағы мерзім бойына оларды нақты оқылуды қамтамасыз ететін болуы тиіс.
90. Өрт сөндіргіштерді қалқалайтын өндірістік немесе өзге жабдықтар көп орналасқан үймараттарда олардың орнын көрсететін сілтемелер орнатылуы тиіс.
Сілтемелер "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкес орындалуы және көрінетін орында, олардың көріну шарттарын есепке алып еден деңгейінен 2,0 м биіктікте орналасуы тиіс.
91. Өрттің мүмкін ошағынан өрт сөндіргіштің орналасу орнына дейінгі қашықтық "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес анықталуы және мыналардан аспауы тиіс:
1) 20 м - қоғамдық үймараттар мен құрылымдар үшін;
2) 30 м - жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1 - В4 санатты үймараттар үшін;
3) 40 м - Г санатты үймараттар үшін;
4) 70 м - Д санатты үймараттар үшін.
92. Есіктен өрт сөндіргішке дейінгі қашықтық оның толық ашылуына кедергі жасамауы керек.
93. Өрт сөндіргіштер температура мәні өрт сөндіргіштерде көрсетілген температуралық ауқымнан асатын орындарда орналастырылмауы керек.
94. Үймаратта немесе жылытылмайтын үймаратта орнатылған және теріс температура жағдайында пайдалануға арналмаған су және ауа-көбікті өрт сөндіргіштер жылдың салқын мезгілінде (ауа температурасы плюс 1 о С-тан төмен жағдайда) алып тасталуы керек. Бұл жағдайда олардың орнында және өрт қалқанында өрт сөндіргіштердің орналасқан орны туралы ақпарат орналастырылуы керек.
95. Пайдалануға енгізілген өрт сөндіргіштер техникалық қызмет көрсетуге түсірілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету өзіне мыналарды қамтиды:
1) кезеңдік тексерулер;
2) тексеріп шығу;
3) жөндеу;
4) сынаулар;
5) қайта зарядтау.
96. Кезеңдік тексерулер өрт сөндіргіш қалпын бақылау, өрт сөндіргіштің орналасу орнын және оның бекітілу сенімділігін, оған еркін қол жеткізу мүмкіндігін, өрт сөндіргішпен жұмыста нұсқаулықтың болуын, орналасуы мен оқылуын бақылау үшін жүргізілуі керек.
97. Өрт сөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және қажетті аспаптар мен материалдарды кәсіпорын немесе ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған, белгіленген тәртіпте өрт сөндіргіштерді орнату және пайдалану жөніндегі нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарды және өрт сөндіргіш заттар параметрлерін білуі бойынша тексеруден өткен, өрт сөндіргіштерге күтім жасау бойынша қажетті жұмыс көлемін өздігінен жүргізе алатын тұлға жүргізеді.
98. Жөндеу, сынау немесе қайта зарядтау үшін пайдаланудан шығарылған өрт сөндіргіштер балама параметрлі резерв өрт сөндіргіштермен алмастырылуы керек.
99. Өрт сөндіргішті пайдалануға енгізер алдында ол бастапқы тексеруге түсірілуі керек, оның барысында сыртқа қарап шығу жүргізілуі, өрт сөндіргіштің жинақталуы мен оның орнатылу орнының жай-күйі (өрт сөндіргіштің байқалуы немесе оны орнату орнын көрсету, оған еркін қол жеткізу мүмкіндігі), сондай-ақ өрт сөндіргішпен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың оқылуы мен түсініктілігі тексерілуі керек.
Сыртқы қарап шығу барысында мыналарға көңіл аударылуы керек:
1) өрт сөндіргіш корпусында, басқару тораптарында, сомындар мен басында майысу, бөлініп түсу, терең сызаттардың болуы;
2) қорғаныс және лак-бояу жабындарының қалпы;
3) нақты және түсінікті нұсқаулықтың болуы;
4) пломбыланған сақтандырғыш құрылғының болуы;
5) манометр немесе қысым индикаторының бүтіндігі (егер өрт сөндіргіш құрастырымымен қарастырылса), қажетті таңбаның болуы және айдалатын түрдегі өрт сөндіргіште немесе газ баллонда қысым шамасы;
6) өрт сөндіргіш салмағы, сондай-ақ өрт сөндіргіште өрт сөндіру затының салмағы. Өрт сөндіругі зат салмағы есептелу жолымен анықталуы керек;
7) майысқақ шланг (болған жағдайда) және өрт сөндіргіш затты таратқыш қалпы (механикалық бүлінулердің, жегі іздерінің, құюдың мүлт кетуі немесе өрт сөндіргіш заттың өрт сөндіргіштен еркін шығуына кедергі жасайтын өзге заттардың болуы);
8) жүру бөлігінің қалпы және өрт сөндіргіш корпусының арбада (жылжымалы өрт сөндіргіш үшін), қабырғада немесе өрт шкафында (тасымалданатын өрт сөндіргіш үшін) беку сенімділігі.
Тексеру нәтижелері бойынша өрт сөндіргіш паспортында қажетті белгілер жасайды. Өрт сөндіргішке реттік нөмір беріп оны затбелгіге жазады. Тексеру нәтижелерін өрт сөндіргіштерді есепке алу журналында белгілейді.
Өрт сөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету нәтижелері бойынша толтырылатын құжат үлгілері осы техникалық регламенттің 6-қосымшасында берілген.
100. Өрт сөндіргіштерді жыл сайынғы тексеру өрт сөндіргіштің сыртын қарап шығуды, оны орнату орны мен оған апаратын жолдарды қарап шығуды қамтуы керек.
Жыл сайынғы тексеру барысында газ баллонынан газды немесе газды өрт сөндіргіштен өрт сөндіру затын ығыстыратын шығу шамасын бақылайды. Өрт сөндіргіштерді (толық немесе таңдап) ашады, сүзгілер қалпын бағалайды және өрт сөндіргіш заттың параметрлерін тексереді.
Егер өрт сөндіргіш мемлекеттік, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стандарттар мен белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкеспесе, оны қайта зарядтайды.
101. Объектінің жоғары өрт қауіптілігі (жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатты үймараттар) жағдайда немесе өрт сөндіргішке шекті мәнге жақын оң (плюс 50 о С-тан жоғары) немесе теріс (минус 40 о С-тан төмен) қоршаған орта температурасы, ауаның 90 %-дан артық ылғалдығы, жегілік-белсенді орта, дірілдің әсері сияқты қолайсыз факторлар әсер етуі жағдайда өрт сөндіргіштерді тексеру және өрт сөндіргіш затты бақылау 6 айда бір реттен жиі емес жүргізілуі керек.
102. Барлық түрдегі өрт сөндіргіштерді зарядтау және қайта зарядтау пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуі керек.
103. Өрт сөндіргіштер қолданғаннан кейін бірден немесе егер жыл ішінде газды өрт сөндіргіш заттың немесе ығыстырушы газдың шығып кету шамасы рұқсат етілетін мәннен асса қайта зарядталуы керек.
104. Тасымалданатын өрт сөндіргіштен және жоғары қысымды баллоннан оларды пайдаланудың немесе сақтаудың бір жылы ішінде өрт сөндіруші заттың немесе ығыстырушы газдың шығуы мыналар үшін аспауы керек:
1) қажетті өлшеу дәлдігін қамтамасыз ететін манометрмен немесе бақылау манометрін қосуға арналған жалғастырғышпен жабдықталған айдалатын өрт сөндіргіштер мен ығыстырма газды жоғары қысымды баллондар техникалық құжаттамада және өрт сөндіргіштің немесе газ баллонының затбелгісінде көрсетілген атаулы жұмысшы қысым шамасынан 10 % артық емес
2) қысым индикаторымен жабдықталған айдалу өрт сөндіргіштерінде ығыстырушы газ кетуін мыналар үшін шкаланың жасыл секторында болуы керек қысым индикаторы тілінің қалпын бақылаумен рұқсат етіледі:
көмірқышқыл және хладонды өрт сөндіргіштер өрт сөндіргіш зат салмағының бастапқы мәнінен 5 % артық емес, бірақ 50 г-нан артық емес;
манометрі жоқ ығыстырушы газды жоғары қысымды баллондар, баллонда көрсетілетін ығыстырушы газ салмағының бастапқы мәнінен 5 % артық емес, бірақ 5 г-нан артық емес.
105. Жылжымалы өрт сөндіргіштен газды өрт сөндіруші заттың немесе ығыстырушы газдың кетуі мыналар үшін аспауы керек:
1) айдалатын түрдегі көмірқышқыл және хладонды өрт сөндіргіштер, сондай-ақ газ баллондары үшін өрт сөндіруші заттың немесе зарядталған газ салмағының бастапқы мәнінің 5 % артық емес;
2) қалған түрдегі айдалатын өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіргіш корпусының сыртында орналасқан газ баллондары үшін зарядталу қысымынан 10 % артық емес.
106. 5 жылда бір реттен жиі емес әр өрт сөндіргіш пен ығыстырушы газ құйылған баллон босатылуы, өрт сөндіргіш корпусы толығымен өрт сөндіргіш зат қалдығынан тазартылуы, сыртқы және ішкі қарап шығулар, сондай-ақ беріктікке гидравликалық сынаулар мен өрт сөндіргіш корпусының қымталғандығына, іске қосу басына, шланг және бекіту құрылғысына пневматикалық сынаулар жүргізілуі керек.
Тексеру барысында мыналарға назар аударылуы керек:
1) өрт сөндіргіш корпусының ішкі бетінің қалпы (металда майысулар немесе көтерілулер болуы, қорғаныс жабынының қабыршақтануы);
2) жегі іздерінің болуы;
3) төсем, жиектеме немесе тығыздаудың өзге түрлерінің қалпы;
4) сақтандырғыш құрылғылардың, сүзгілер, қысымды өлшеу құралдарының, редукторлар, бұранда, бекіту құрылғылары мен оларды орнықтыру орындарының қалпы;
5) газ баллонының салмағы, оны кезекті сынау мерзімі немесе газ жинақтайтын элементінің кепілдік пайдалану мерзімі;
6) шлангтің бекітілу беті мен тораптар қалпы;
7) өрт сөндіргіш заттың қалпы, кепілдік сақтау мерзімі және негізгі параметрлер мәндері;
8) беткі-белсенді зат немесе көбік түзгішке арналған контейнер қалпы мен қымталғандығы (суды және зарядтың өзге құрамбірліктерін жеке сақтап сулы және ауа-көбікті өрт сөндіргіштер үшін).
107. Механикалық бүлінулер немесе жегі іздерін байқаған жағдайда өрт сөндіргіш корпусы мен тораптары мемлекеттік, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стандарттар мен белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес беріктікке сынауға түсірілуі керек.
108. Сынауды тиімді аяқтағаннан кейін өрт сөндіргіш кептірілуі, боялуы (қажет жағдайда) және өрт сөндіргіш затпен зарядталуы керек.
109. Егер өрт сөндіргіш зат зарядын сақтаудың кепілдік мерзімі аяқталса немесе заряд параметрлердің біреуінен болсын нормативтік және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкеспесе, онда өрт сөндіргіштің бұндай заряды алмастырылуы керек.
110. Беріктікке арналған гидравликалық сынаулардан өтпеген өрт сөндіргіштер немесе жеке тораптар жөндеуге жатпайды, олар пайдаланудан шығарылып брак деп танылады.
111. Жүргізілген тексерулер мен сынаулар нәтижелері өрт сөндіргіш затбелгісінде, оның паспортында және өрт сөндіргіштерді есепке алу журналында белгіленеді.
112. Өрт сөндіргіштерге техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйым) қысым астында жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеу, өрт сөндіргіштерге техникалық күтім жасау және қауіпсіз жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткен, өрт сөндіргіштерге, ығыстырушы газ көздеріне және өрт сөндіргіш заттардың пайдаланылатын түрлеріне арналған нормативтік және техникалық құжаттаманы білетін білікті мамандары болуы керек.
113. Өрт сөндіргіштерге техникалық күтім жасау бойынша жұмыс жүргізетін ұйымда ауа алмастыратын желдеткішпен (қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес) және қажетті қойма үймаратымен жабдықталған жұмысшы үймараты болуы керек.
114. Ұйымда өрт сөндіргіштерден шығарылатын өрт сөндіргіш заттар қалдықтарын жинау үшін қажетті сыйымдылықтарға ие болуы керек.
115. Өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау бойынша жұмыстар жүргізетін ұйымда өрт сөндіруші заттарды өңдеу немесе кәдеге жаратуға арналған қажетті жабдықтары болуы керек.
116. Ұйымда өрт сөндіргіштерді бұзу және жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қажетті аспап және өрт сөндіргіштердің ішін қарап шығу үшін қауіпсіз жарық беру көзі (қорек көзі 36 В артық емес) болуы керек.
117. Ұйымда өрт сөндіргіштердің, өрт сөндіру заттарының негізгі параметрлерін тексеру және өрт сөндіргіштер мен олардың тораптарына сынаулар жүргізуге арналған қауіпсіз аттестатталған жабдығы болуы керек.
Қауіпсіздік мақсатында сынақ жабдығы жекелеген үй-жайда орналастырылуы тиіс.
118. Ұйымда өрт сөндіргіштерді кептіру және бояуға арналған камераға, өрт сөндіргіштер мен баллондарды кептірілген газбен зарядтаудың қауіпсіз жүйесіне, газ баллондары мен өрт сөндіргіштердің салмағы мен қымталғандығын бақылауға арналған жабдыққа ие болуы керек.
119. Ұйымда орындалған жұмыстар, оларды жүргізу күні, өрт сөндіргішке зарядталған өрт сөндіргіш зат маркасын, ұйым атауы мен оның заңды мекен-жайы туралы ақпарат көрсетілуі керек затбелгі немесе құлақшалардың қажетті жиынтығы болуы керек.
Құлақшалар немесе затбелгілер "Орауға, таңбалауға, затбелгі тағуға және оны дұрыс орналастыруға қойылатын талаптар" техникалық регламенті , сондай-ақ мемлекеттік, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стандарттар мен белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкесуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|