208
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
міндет жүктеу
–
возложить обязанность
өкілеттік жүктеу
– возложить полномочия
комиссия құрылсын
– создать комиссию
жұмысқа қабылдансын
– принять на работу
белгіленген
тәртіпте
– в установленном порядке
жұмысқа қабылдау туралы
– о приеме на работу
кезекті демалыс туралы
– об очередном отпуске
кезектен
тыс демалыс туралы
– о внеочередном отпуске
ақшалай сыйлық беру туралы
– о денежном вознаграждении
ескерту жариялау туралы
– об объявлении замечания
материалдық көмек беру туралы – о
материальной помощи
күшіне енеді
– вступает в действие
қалпына келтірілсін
– восстановить
жарамсыз деп танылсын
–
считать недействительным
жауапкершілік жүктелсін
– возложить ответственность
жәрдем көрсетілсін
– оказывать помощь
бұйрықпен танысу
– ознакомиться с приказом
марапаттауға
ұсынылсын
– представить к награждению
іссапарға жіберілсін
– командировать
тексеру актісі негізінде
– на основании Акта проверки
кадрлармен
жұмыс кезіндегі
– за упущения в работе с кадрами
салғырттығы үшін
қызметтік этика Ережесін
– за допущенные нарушения
бұзғаны үшін
Правил служебной этики
209
Орынғазы Әбутәліп
25-cабақ
АНЫҚТАМА
Анықтамасы:
Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны
дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір түрі.
Анықтаманың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күшке ие. Себебі
біздің жеке басымызды куәландыратын құжатымызды жоғалтып алған
жағдайда, оның орнын уақытша анықтама ауыстыра алады. Сондай-
ақ, перзентханаларда сәбидің өмірге жаңа келгендігін растау үшін де
анықтамалар беріледі.
Анықтаманың түрлері:
1. Жеке адамға қатысты анықтама.
2. Қызметтік анықтама.
1. Жеке адамға қатысты анықтама
Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты
растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері,
еңбек өтілі, атқаратын қызметі, мамандығы, білімі туралы мәлімет, т.б.
Анықтамада берілген мәлімет әр кез мұқият тексерілуі қажет.
Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері немесе
ұйым жетекшісі, өкілдік берген хатшы айналысады.
Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай, әр
анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі.
Мысалы, “422/2”.
Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір
ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатын болса, ол жеке іс бумасына
немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен
анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана
анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар.
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері
тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің
қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті
кадр
бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды.
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы,
мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.
211
Орынғазы Әбутәліп
6. Анықтама беруші адамның қолы. Бұл мәлімет анықтаманың
жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей орын қалдырылып
барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы
қойылады және аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ филологиясы
факультетінің деканы _______________ Т. Сағымбеков
(қолы)
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланк-
те
дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
2. Қызметтік анықтама
Қызметтік анықтамалар бекітілген комиссия мүшелері жүргізген
қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады:
•
Белгілі бір мекемедегі материалдардың болуы туралы анықтама.
•
ЖОО ішкі бақылау комиссиясының анықтамасы.
•
Белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың
бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау
мақсатында да жазылған анықтама т.б.
Осындай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы
тексерілген істер бойынша (мысалы, оқу орнының оқу-тәрбие жұмысын
тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі
іс-шараларын тексеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы
ұйымға, басшыларға жеткізеді.
Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен
оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.
Жеке адамға қатысты анықтама мен қызметтік анықтамалардың
айырмашылықтары:
•
қызметтік анықтамада адресат деректемесі рәсімделеді,
•
жеке анықтамада адресат рәсімделмейді.