236
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
хаттамамен
таныстыру
– ознакомить с протоколом
хаттаманы бекіту
– утвердить протокол
шешімді жүзеге асыру
–
реализовать решение
хаттаманы жүргізу
– вести протокол
хаттаманы іске тігу
– подшить протокол к делу
хаттаманы
қарау
– рассмотреть протокол
хаттамадан көшірме
– выписка из протокола
хаттаманың
нөмірі
– номер протокола
237
Орынғазы Әбутәліп
«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәнінің глоссарийі
Адресация –
лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми
қызметінің
толық аты, қажет жағдайда тегі, әкесінің аты, аты.
Анықтама –
мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдей-
тін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық ісқағаздың
түрі.
Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған
адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу
мақсатында жазылатын ісқағазының бір түрі.
Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағаз,
құжат.
Жарнама – тауардың өтімділігін арттыру және коммерциялық
мақсатта жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар
етуге бағытталған кұжат.
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл
мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға
сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар та-
лап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі
ресми құжат.
Кепілхат –
белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,
ақша) алынғанын куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды
реттейтін ресми құжат түрі.
Қолхат – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат,
құжат) алғандығын және оны белгілі мерзімде қайтарып беретіндігін
міндеттеп көрсететін құжат.
Құжаттау үрдісі элементтері: құжаттарды дайындау; құжаттарды
жолдау, тіркеу; сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жүзеге асырылуын
бақылау;
құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында
белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық
тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын ісқағазының
бір түрі.
Өмірбаян – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін ісқағазының
бір түрі.
Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру,
сұрау туралы ресми құжат.
238
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Өтінім – мекемеішілік қатынаста қажетті заттарды алуға арнайы
бланк түрінде толтырылатын құжат.
Ресми құжатқа тән белгілер: мазмұнының
қысқа әрі
тұжырымды баяндалуы
; тұжырымдардың
дәл, нақты болуы;
сөздер мен терминдердің
нақты, тура мағынасында пайдаланы-
луы; терминдер мен тұрақты орамдардың
бірегейлігі; терминнің ең
қолданылу
жиілігі; жоғары қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық
нормалардың қатаң сақталуы
.
Тапсырыс – мекемеаралық
қажетті заттарды алуға арнайы бланк
түрінде толтырылатын құжат.
Телефонхат –
телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық
сипаттағы құжат.
Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. «Айтылған
я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді. Резю-
ме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік
шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін
ісқағазының бір түрі.
Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға
тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар
екендігіне сеніп берілетін ісқағазының түрі.
Cтиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді
білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін
ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасы.
Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің
жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аударатын, осыған байланыс-
ты қойылған міндеттерді шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама
түрі.
Хабарландыру – мәжіліс, жиналыстар, мәдени шаралар, тендер-
лер, вакансиялар
туралы мәлімдейтін құжат.
Хаттама жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және
алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім
шығарудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Ісқағаздарының қызметтері – реттеуші, негіздеуші, айғақтаушы,
жүйелеуші, қайнар көзі, көрсеткіші.