хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін
ұсынады.
Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң қорытынды
болған жағдайда, үміткер қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдайды.
Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі тиісті жергілікті органдары 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Үміткерлер көшуді өздері жүзеге асырады.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар
оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның
шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.
Үміткерлер көрсетілген елді мекендерге келген соң қабылдау өңірінің халықты
жұмыспен қамту орталықтары өз бетінше келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен
шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті
түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу
үшін халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттар тапсырады.
Үміткерлер Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде қабылдау өңірлерінің халықты
жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті
түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді және
құжаттарды қоса береді.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде
Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын,
білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметті көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган өңірлік
комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін
елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін
негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 жұмыс күні
ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар
етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік комиссияның шешімін алған күннен
бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу
не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда) және бұл туралы
үміткерді хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өз бетінше келген адаммен ерікті түрде қоныс
аударуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау ұсыну туралы жеке әлеуметтік
келісімшарт жасасады және оны Бағдарламаға қатысушының құрамына қосады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет
және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан
Республикасының азаматтары қатарындағы жұмыссыздар және өзін-өзі нәтижесіз
жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының
тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас
аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары –
индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберіндегі түлектер;
2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының
түлектері;
3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;
4) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға
қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына,
жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің
және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне
байланысты жұмыстан босатылған адамдар басымдықты пайдаланады.
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан
бөлме беруді;
3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үй беруді;
4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа
мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыруды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшесіне көшуге отағасына және
әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар олар
жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс
берушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган азаматтардың
ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық
(аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын өңірлік комиссияның қарауына
шығарады.
Өңірлік комиссия жыл сайын, 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс
аударуын ұйымдастыру үшін ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар
қалалардың тізбесін бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/
ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың
және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық
арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |