Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 300,36 Kb.
Pdf просмотр
бет16/27
Дата25.01.2020
өлшемі300,36 Kb.
#27288
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

      Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында 
Заңның 
 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар 
20-бабы
басымдыққа ие болады.
      Бос орын пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін 
жұмыс берушінің бастамасы бойынша және қатысушының келісімімен тұрақты 
жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен 
қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген 
мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
      Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды халықты 
жұмыспен қамту орталықтары Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және 
қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту 
орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға 
еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге 
субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге 
асырады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың 
жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар 
бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды
және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны ескергенде 
жалақының белгіленген мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына 
арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы 
мөлшерінен аспауға тиіс.
      Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік 
жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін ЖАО дербес белгілейді.


      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы 
төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде нақты жұмыс 
істеген уақытына ай сайын жүргізеді.
      Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз 
қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша 
үстемеақылар белгілейді.
      Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтардың қатысу 
шарттары мен оларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен 
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік жұмыс орындарын 
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
      Жастар практикасын ұйымдастыру
      Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы
) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін 
ұйымдастырылады.
      Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағанына 3 жыл 
болмаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға 
арналған.
      Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда 
ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы 
жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам 
қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
      Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс 
орындарына арналған бос орындардан тыс жүргізіледі.


      Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
      Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар 
практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
      Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде 
жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары 
түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
      Жұмыссыздар жастар практикасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту 
орталығына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 
сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      Білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жастар 
практикасына жіберуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
      Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға 
дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және жастар практикасына қатысушының 
келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші 
халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың 
көшірмесін жолдайды.
      Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін 
бұзған жағдайда олармен жасалған тиісті шарт бұзылып, жұмыс берушілержастар 
практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды 
бюджетке өтеуге тиіс.
      Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет 
қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым 
салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.


      Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын 
қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай бойы жүзеге асырылады.
      Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық 
немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік 
көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек 
демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке 
тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы 
органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын 
ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері 
жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және 
қаржыландыру қағидаларында анықталады.
      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен 
қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар 
жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы 
бағытта болады.
      Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің 
өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
      Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
      1) жұмыссыздардың;


жүктеу 300,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау