Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 300,36 Kb.
Pdf просмотр
бет2/27
Дата25.01.2020
өлшемі300,36 Kb.
#27288
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

      Мұндай орнықты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама
бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың 
әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз 
еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі санын азайтуға 
мүмкіндік берді.
      Осы проблемаларды шешу үшін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" 
бағдарламасының (бұдан әрі – ЖЖК 2020 бағдарламасы) шеңберінде 2011 жылдан бері
жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен 
қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде 
іске асырылды. ЖЖК 2020 бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 
наурыздағы Қазақстан халқына 
 іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл 
Жолдауын
жоспарының ("2009 және 2010 жылдардағы жол карталарының" кадрларды жұмыспен 
қамту және қайта даярлау стратегиясы) қисынды жалғасы болып табылды әрі 
дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды.
      Еңбек нарығындамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша қосымша
шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет 
алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет 
қойды.
      Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капиталдың сапасын арттыру 
саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулы 
болуын қамтамасыз ету "Қазақстан – 2050" Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің 
ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму 
басымдықтары ретінде айқындалды.
      Осыған байланысты Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті 
дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан 
әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті 
меңгерудің тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың 
әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының 
тиімді моделін құруға бағдарланған.


      2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен айқындамалар 
пайдаланылады:
      1) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі –ӨКП) – жергілікті деңгейде 
қаржылай емес қолдау операторы;
      2) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы 
жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі 
ведомствоаралық комиссия;
      3) "АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік 
қоғамы;
      4) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек 
нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның
халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту 
орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға
және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында 
ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      5) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай 
отырып жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту 
орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;
      6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда 
практикалық көмек көрсетуге және жеке тұлғаның кәсіптік білімін, дағдыларын, 
мүдделері мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілігін арттыруға 
бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
      7) әлеуметтік келісімшарт – Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту 
орталығы арасындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді 
шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың 
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді 
шараларына қатысутуралыкелісім, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек 


жағдайларын, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттарын, қаржыландырумерзімін және
көздерін қамтиды;
      8) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан 
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан 
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      9) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара 
кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін 
жүгінген сәтте бір жылдан аз уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес
жобалары;
      10) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы;
      11) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының
тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс 
орындарын және өтемақы төлемін ұсынып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік 
оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау 
нысаны;
      12) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай 
ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын
дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
      13) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары
бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің 
еңбегіне ақы төлеуге жұмыс беруші жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеу;
      14) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 


жүктеу 300,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау