Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы
келетін адамдар тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына/
ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері
үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік
қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде
көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес Бағдарламаға
қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультациялар береді, құжаттарды қабылдайды,
жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады, үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың
құрамына қосады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылармен жеке
әлеуметтік шарт жасасады.
ЖАО халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру
қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден қоныс
аударушылар үшін жатақханалар салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге
асыра алады.
ЖЖК 2020 бағдарламасының шеңберінде қабылдау өңірлеріне жатпайтын
өңірлерде салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге
қоныстану үшін Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту
орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере
отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу
өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және 5 жұмыс күні ішінде
құжаттарды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның
қарауына жолдайды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш
берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту
туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын
хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға
қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған
күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді.
Бағдарламаға қатысушылар тізіміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен
қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша
әлеуметтік қолдаумен қатар жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу бойынша
іс-шараларды қамтиды.
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру
қағидаларына сәйкес растаушы құжаттардың негізінде халықты жұмыспен қамту
орталықтары Бағдарламаға қатысушыға көшуге субсидиялар төлейді.
Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде ЖЖК
2020 бағдарламасы шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс
күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру
қағидаларында айқындалады.
Бағдарламаға қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыруға
қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек нарығы" ААЖ-да
орналастырылады.
Тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) арқылы қоныс аударушыларды тұрғын
үймен қамтамасыз ету
Қоныс аударушылар мен оралмандарды Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын
үймен қамтамасыз ету пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
Қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ЖАО
мыналарды:
1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй
салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);
2) Бағдарламаның салынып жатқан объектілері бойынша техникалық-экономикалық
негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді;
3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер
учаскелерін бөлуді;
4) магистральдық инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.
Тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) жұмыс берушілер тарапынан қоса
қаржыландырылған кезде жүзеге асырылады, бұл ретте жұмыс беруші тұрғын үй
құнының кемінде 15%-ын қоса қаржыландырады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органға республикалық
бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылады.
Аталған міндетті іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет
қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа
да көздерді тартуы мүмкін.
Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган
арқылы жүзеге асырылады.
ЖАО мен жұмыс беруші ниет шартын жасасады, онда мынадай міндеттемелер
көзделеді:
1) тұрғын үйді бірлесіп салу тәртібі;
2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру;
3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері.
Тұрғын үйлер салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті
бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің соңғы құнын
анықтағаннан кейін ЖАО бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі, мердігер және
жұмыс беруші тұрғын үй құрылысы және жұмыс берушінің аталған құрылысты қоса
қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.
Пайдалануға енгізілгеннен кейін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдардың
теңгеріміне беріледі.
Құрылыс кезінде ЖАО үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасайды, оның
шарттарының бірі Бағдарламаға қатысушының жұмыс берушіде 5 жыл бойы жұмыспен
өтеуі болып табылады.
Әлеуметтік келісімшарт талаптарын, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйде
тұрудың 5 жылдық мерзімін бұзған кезде жалға алу төлемдері қайтарылмайды, ал
тұрғын үй келесі қатысушыға беріледі.
20 жылдық мерзім аяқталған соң Бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді
жекешелендіру шарттарынан бас тартқан жағдайда жалға алу шарты ұзартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |