6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі
бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын
мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы ауылдық
елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит беру туралы шарттарда
кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды қоспағанда,
жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін жаңа
жұмыс орындарын құру бойынша шарт міндетті түрде көрсетіледі;
8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде
кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары)
сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;
9) МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ ЖЖК 2020 бағдарламасының және Бағдарлама
шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз
алушылар қайтарған қаражат есебінен аудандардың және шағын қалалардың
мамандану картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан,
Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді
мынадай тәртіппен іске асырады:
2018 жыл аяқталғанға дейін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген
кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар
қайтарған қаражат есебінен;
осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы
ішінде және ЖАО-мен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу
мерзімінен аспайтын мерзімге бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша
қайтарылған қаражат есебінен.
Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/
ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ауыл шаруашылығы мәселелері
жөніндегі ЖАО-ға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ай
сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде берілген
кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/
қолма-қол), сондай-ақ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде
кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы жөніндегі есепті ұсынады.
Микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру
ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті
айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/ микрокредиттер
және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық
түрде/қолма-қол) ұсынады.
Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда кредит беру
/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру
тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін
Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру
қағидаларында айқындалады.
5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен
моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру
Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан)
және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге,
кооперативтер құруға;
2) қалаларда және моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп
тұрған бизнесті кеңейтуге берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана
ұсынылады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/
микрокредиттерді кепілдендіруді – "ҚазАгроКепіл" АҚ, қалалар мен моноқалаларда – "
Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.
Кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік бергені үшін ЖАО-дан алынатын
комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кепілдік
мөлшерінің 30%-ын, қалаларда және моноқалаларда – 20%-ын құрайды.
Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік өтеусіз негізде ұсынылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит
сомасының 85%-ынан аспайды.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында
мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит/микрокредит алу үшін КС/МҚҰ-ға жүгінген сәтте
үш жылдан асқан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мензәкірлік кооперациялардың
мүшелері үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50%-ынан
аспайды.
Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.
Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша
сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.
Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер
арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді
тартуына болады.
Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын
кепілдік шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты
шегінде жүзеге асырылады.
Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың
басында кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру үшін комиссияларға бөлінген
нысаналы трансферттер сомасының 50%-ын кепілгерлерге аударады. Нысаналы
трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында кепілгерлерге аударылған қаражаттың
бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай
кепілгерлерге аударылады.
Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражатын игерудің растамасы болып
табылады.
Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін
кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.
Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік шартында белгіленген
жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша
кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы
уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы
ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша
кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру
тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін
Достарыңызбен бөлісу: |