2
3
KAZ Minerals Инфо
№ 4 (24) тамыз 2018
Төл сөз
Құрметті әріптестер!
Айдың басында Тобымыздың тари-
хында айтулы оқиға орын алды – ком-
паниямыздың трансформациясы жо-
лында тағы бір қадам жасалып, Ресей-
дегі Чукот өңірінің Баимская алаңындағы
мыс-алтын кен орынын сатып алу жөнін-
дегі келісімге қол қойылды. Бұл әлемдегі
игерілмеген ірі он кен орынның қатарын-
дағы жер. Аталмыш болашақ кеніш Боз-
шакөлдің, Ақтоғай І-дің және Ақтоғай ІІ-
нің барлығы бірдей шығаратын көлемді
бір өзі өндіре алады. Оған қоса, мұнда
ілеспе өнім түріндегі алтынның көлемі
де мол.
Көп адамдар «Неге осыншама алыс?»,
«Дәл қазір алудың қажеті қанша?» деген
сауалдар қойып жатыр. Өзім бірнеше рет
айтқанымдай, біз ұзақ мерзімді болашақ-
ты ойлап, компаниямыздың одан арғы
өсімін қамтамасыз етуіміз керек. Қазір
Ресейдегі активтерді сатып алудың ең оң-
тайлы кезеңі. Себебі кез-келген дағдарыс
– бұл мүмкіндіктердің уақыты. Біз дағда-
рысқа қарамастан Бозшакөл мен Ақтоғай
сияқты ірі жобаларды бір мезетте салып,
іске қоса алатындығымызды дәлелдедік.
Енді алға жылжу керек.
Шынымен Баимская жобасы алыс ор-
наласқан, бірақ біз мұндай жағдайда жұ-
мыс істеп үлгердік қой. Қазақстанда
теңізге шығатын жолы жоқ және логис-
тика бойынша ірі көлемді жабдықтар-
ды бүкіл құрлықты кесіп өтіп, құрылысқа
жеткізу қиын еді. Сондықтан, теңіз жолы
– бұл құрылысқа да, болашақта концент-
ратты жөнелтуге де тиімді артықшылық
болып табылады. Чукот өңірі үшін бұл
тарихи жоба. Баимская жобасынан осы
өңірді игерудің жаңа кезеңі басталады.
РФ үкіметі де, жергілікті билік те жобаны
іске асыруға мүдделі. Сондықтан жолдар-
ды, электр желілерін салуға, теңіз жолын
дамытуға, салықтық жеңілдік беруге да-
йын.
Әрине, Чукотканы ауа райы қолай-
лы өңір деп айту қиын. Бірақ, біз Қазақс-
танда да осындай жағдайларда жұмыс іс-
тейміз ғой. Тіпті осындай жағдайда ны-
сандарды салып, іске қосып та жатырмыз.
Баимская жобасы туралы инфографи-
каны 10-11-беттерден көре аласыздар.
Сонымен қатар біз өркендеу жобала-
рымыздағы өндіріс қарқынын артыруда-
мыз. Мен Ақтоғайдың командасын қыс-
қа мерзімде сульфидті фабриканы 100%
өткізу мүмкіндігіне жеткізуімен құттық-
таймын. Сіздер керемет үлгі көрсеттіңіз-
дер! Барлық дивизондар тұрақты көр-
сеткіштермен жұмыс істеп жатыр. Соның
арқасында біз бірнеше жыл бұрын уәде
еткеніміздей, 270-300 мың тонна мыс кө-
леміндегі жылдық жоспарымызды іске
асыратын боламыз.
Компаниямыздың тарихында ал-
ғаш рет біз жартыжылдықты адам өлімі-
не алып келетін жазатайым оқиғаларсыз
аяқтадық. Бұл маңызды жетістікке бірлес-
кен іс-әрекеттің арқасында қол жетті. Осы
бағытта жұмыс атқара берсек, өндірістегі
жарақаттарға жол бермейтін деңгейге же-
теміз деп сенемін. Дегенмен алдағы уа-
қытта да босаңсымай, қауіпсіздік сала-
сына мұқият болуымыз керек. Өкінішке
орай, Артемьев шахтасында шілде айын-
да орын алған жағдай бұған дәлел. Мерді-
гер компанияның қызметкері қаза бол-
ды. Мен өзіңіздің және әріптестеріңіздің
қауіпсіздігіне абай болуларыңызды сұ-
раймын. Әсіресе, алдағы мереке күндері
мұқият болыңыздар.
Мен компаниямыздың ұжымын кәсі-
би мереке – Шахтер және кен байытушы
күнімен құттықтаймын! Байырғы заман-
нан бастап сіздердің мамандықтарыңыз-
ды игерген адамдар кез-келген тау-кен
компаниясының негізі. Сіздермен бірге
ортақ істі атқарып жүргенімді мақтан тұ-
тамын. Әркім өз орнында KAZ Minerals-
тың қазірі мен болашағына өз үлесін қо-
сып жүр!
Айбынды еңбектеріңіз, кәсіпқойлы-
ғыңыз, мамандыққа деген адалдығыңыз
үшін алғыс айта отырып, табысты жұмыс,
сіздерге және отбасыларыңызға бақ-бере-
ке тілеймін!
Олег Новачук,
KAZ Minerals Тобы
Директорлар кеңесінің төрағасы
2
3
№ 4 (24) тамыз 2018
KAZ Minerals Инфо
Өндіріс
2018 жылдың алғашқы алты айында KAZ Minerals Тобы 139,6 мың тонна мыс
өндірді. Бұл былтырғы жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 18%-ға
артық (118 мың тонна). Өсімге Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін кен
байыту фабрикасы үлкен үлес қосты. Екінші тоқсанда кәсіпорын есептік қуатына
жетті.
Б
озшакөл КБК-нде 49,8 мың тонна,
Ақтоғай КБК-нде – 60,5 мың тон-
на, Шығыс өңір мен Қырғызстанда-
ғы Бозымшақ кенішінде – 29,3 мың тон-
на мыс өндірілді. 2018 жылы мыс өндірісі
270-300 мың тонна деңгейінде болады
деп жоспарланған. Жартыжылдық нәти-
жесі бойынша жеткен жетістіктер Топтың
барлық кәсіпорындары бойынша жоспар-
ланған көрсеткіштерді орындауға сенім
ұялатады
Бозшакөл
Бозшакөлдік кеннің құрамындағы
мыстың орташа үлесі бірінші жарты жыл-
да өткен жылдың осындай кезеңіндегі
0,56%-дан 0,49%-ға дейін азайды. Мыс
өндірісінің көлемі 2017 жылдың осын-
дай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға азай-
ды (52 мың тоннадан 49,8 мың тоннаға
дейін). Тоқсанға шаққанда мыс өндірісін-
де 15%-дық төмендеу байқалды: бірінші
тоқсанда 26,9 мың тонна болса, екінші
тоқсанда 22,9 мың тонна. Бұған кендегі
метал үлесінің азаюы, өздігінен жартылай
ұсақтау диірменінің қаптамасын ауысты-
руға байланысты сульфидті кендерді өң-
дейтін БФ-ның өткізу мүмкіндігінің тө-
мендеуі және каолин балшығы бар кен-
дерді өңдеу үлесінің артуына орай жалпы
бөліп алу коэффицентінің төмендеуі әсер
етті.
2018 жылдың бірінші жартысында ал-
тын өндірісі 62,3 мың унция болып, был-
тырғы жылдың бірінші жартысындағы
көрсеткішке сәйкес келеді. Кен құрамын-
дағы алтынның мөлшері тоннасына 0,31
граммнан 0,26 грамға дейін азайды.
2018 жылдың алғашқы алты айындағы
күмістің өндірісі 340 мың унция болып,
2017 жылғы бірінші жарты жылдықтағы
өндіріс көлемінен 6%-ға аз. Кендегі ме-
талдың мөлшері тоннасына 1,58 грамм-
нан 1,33 граммға дейін азайды.
Екінші тоқсанда Бозшакөлде молиб-
ден концентратының азғана мөлшері
өндіріліп, оның үлгілері әлеуетті клиент-
терге бағалау үшін жолданды.
Ақтоғай
Ақтоғай кен байыту фабрикасында
өңделген сульфидті кеннің құрамында-
ғы мыстың мөлшері 2018 жылдың бірінші
жартысында былтырғы жылдың осын-
дай кезеңімен салыстырғанда 0,75%-
дан 0,62%-ға дейін төмендеді. Дегенмен
бұл көрсеткіш супергенді байытылған
кенді өңдеудің арқасында кен денесін-
дегі 0,33%-дық мөлшерден жоғары болып
отыр.
Сульфидті кеннен мыс өндіру 49
мың тоннаға жетіп, былтырғы жыл-
дың бірінші жартысымен салыстырған-
да 117%-ға артық (22,6 мың тонна) бол-
ды. Өсімге өңдеу көлемінің 110%-ға ар-
туы және жоғары мөлшер мен бөліп алу
әсер етті. Сульфидті кенді өңдейтін БФ
өндірісті арттырудың айтарлықтай дең-
гейіне жетіп, бір ай бойы 100%-дық өткізу
мүмкіндігін сақтап отырды. Орта есеппен
екінші тоқсанда фабриканың қуаты 89%.
Ал бірінші тоқсанда 66% еді.
2018 жылдың бірінші жартысында
Ақтоғайдағы оксидті кендерді өңдейтін
кешенде 11,5 мың тонна катодты мыс
өндірілді. Бұл былтырғы жылдың осын-
дай кезеңімен салыстырғанда 11% жоға-
ры. Оксидті кешен толық қуатында жұ-
мыс істеп тұр.
Шығыс өңір мен Бозымшақ
2018 жылдың бірінші жартысында
«Шығыстүстімет» ЖШС-нің кәсіпорында-
ры мен Бозымшақ кенішінде мыс өндірісі
2017 жылдың алғашқы жартыжылды-
ғымен салыстырғанда 29,3 мың тоннаға
дейін немесе 11%-ға азайды. Орлов шах-
тасындағы кеннің құрамындағы мыс мөл-
шері азайды және Николаев БФ жоспар-
лы тоқтауына байланысты өңдеу көлемі
азайды. Бозымшақ толық жобалық қуа-
тындағы жұмысын жалғастыруда: бірінші
жарты жылда мұнда 3,7 мың тонна мыс
өндірілді. 2018 жылы Шығыс өңірдегі
кәсіпорындар мен Бозымшақта 65 мың
тонна мыс өндіріледі деп жоспарланған.
2018 жылдың бірінші жарты жылын-
дағы алтынның өндірісі – 27,2 мың ун-
ция. Жалпы 2018 жылы 45-50 мың унция
көлеміндегі өндіріс болады деп күтіліп
отыр.
Шығыс өңір мен Бозымшақтағы өң-
деу көлемінің,
кендегі металл мөлшерінің
төмендеуі және бөліп алудың азаюы сал-
дарынан 1,082 млн унция күміс өндірілді.
Жоспарлы жылдық көлем – шамамен 2
млн унция.
2018 жылдың бірінші жартысында
концентраттағы мырыштың өндіріс кө-
лемі Николаев кен байыту фабрикасын-
дағы жоспарлы тоқтауға және өңделген
кеннің құрамындағы металдың орташа
мөлшерінің 2,63%-ға азаюына (2017 жыл-
дың 1-жартысы: 3,07%) байланысты 24,9
мың тоннаға дейін төмендеді
Жылдың екінші жартысында Нико-
лаев БФ-да құрам мөлшері жоғарылап,
өндірістің артуы күтіліп отыр. Бұл кон-
центраттағы мырыштың өндіріс көлемін
арттырып, 60 мың тонна көлеміндегі
жылдық аралыққа жетуге көмектеседі.
KAZ Minerals-тың жарты
жылдағы өндірістік нәтижелері