6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін басқа да түрлер.
Студенттерге әлеуметтік студенттік кредиттің мынадай түрлері беріледі:
1) қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асырудың 20 сағатына ваучер – 20 000 теңге,
сондай-ақ тиісті 2 академиялық кредит есепке алынады;
2) қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асырудың 50 сағатына ваучер – 50 000 теңге,
сондай-ақ тиісті 5 академиялық кредит есепке алынады.
"Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы әлеуметтік студенттік кредитті
ұйымдастыру бойынша оператор болып табылады.
Қоғамдық пайдалы қызметті ұйымдастыру үшін мыналарды:
1) студенттер үшін: жүйеде тіркелуді, олардың қоғамдық пайдалы қызмет түрін
таңдауын және т.б.;
2) ЖОО-лар үшін студенттің статусын растайтын құжаттарды енгізуді және ЖББП
циклының академиялық кредиттерін есепке алуды/алмауды және т.б. көздейтін "
Әлеуметтік студенттік кредиттер" ақпараттық жүйесі жасалады.
Қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге әлеуметтік студенттік
кредит беру тәртібі, шарттары және оны сүйемелдеу білім беру саласындағы уәкілетті
орган өз құзыреті шегінде бекітетін салалық көтермелеу жүйесінде айқындалады.
Жастар практикасын ұйымдастыру
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын
ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жастар практикасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.4.2 "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту
Жастар кәсіпкерлігін мақсатты мемлекеттік қолдау шағын орта бизнестің дамуына
септігін тигізетін болады.
"Жас кәсіпкер" жобасы жыл сайын 100 мыңға дейін жас адамды қамти отырып,
жастарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.
"Жас кәсіпкер" жобасына қатысушылар жас кәсіпкерлер, жас отбасылардың
мүшелері болып табылады.
Жастарды кәсіпкерлікке кеңінен тарту үшін "Жас кәсіпкер" жобасының шеңберінде
мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ЖОО мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
3) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлер үшін
мемлекеттік гранттар беру;
4) жастарға кредиттер/микрокредиттер беру;
5) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
NEET санатындағы жастарды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту тәртібі осы Бағдарламаның 5-тармағының 5.2.1-тармақшасына
сәйкес жүзеге асырылады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін NEET
санатындағы жастар Қазақстан Республикасының заңнамасында орта білімнен кейінгі
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша оқып жатқан студенттер үшін белгіленген мөлшерде стипендиямен
қамтамасыз етіледі.
ЖОО мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
Студенттерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ЖОО мен ТжКБ-да жүзеге асырылады,
себебі дәл осы білім беру жүйесі қажетті білім, дағдылар және құзыреттіліктер береді.
ТжКБ мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүзеге асыру үшін білім
беру ұйымдарының тізбесін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
ЖОО мен ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
курстары қосылады.
Колледждерде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту процесінің ұзақтығы факультативті
сабақтардың есебінен 36 сағатты құрайды.
Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі білім беру
саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды
даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("
Серпін") жобасы, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек
нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек
ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ
колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қаржыландыру
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға республикалық және жергілікті бюджетте
көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлер үшін
мемлекеттік гранттар беру
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру
шарттары мен тәртібі "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234
бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
қаулысымен
мемлекеттік
бағдарламасы
шеңберінде
жаңа
бизнес-идеяларды
және
бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру
үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларында
көзделеді.
Жастарға кредиттер/микрокредиттер беру
Кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын
қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды
жоспарлайтын жастарға беріледі.
Кредиттер/микрокредиттер беруді ұйымдастыру және қаржыландыру осы
Бағдарламаның 5-тармағының 5.2.2-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың барынша тиімді нысаны өтеусіз және қайтарымсыз
негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |