Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет18/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36

            1)  ауылдық  елді  мекендерде  (олардың  әкімшілік  бағыныстылығына  қарамастан) 
және  шағын  қалаларда  микробизнес  ашуға,  жұмыс  істеп  тұрған  бизнесті  кеңейтуге, 
кооперативтер құруға;
      2) қалалар мен моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған
бизнесті кеңейтуге берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.
            Ауылдық  елді  мекендерде  және  шағын  қалаларда  берілетін  кредиттерді/
микрокредиттерді  кепілдендіруді  –  "ҚазАгро"  ҰБХ"  АҚ  ЕҰ,  қалалар  мен 
моноқалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.
            Кредиттерге/микрокредиттерге  кепілдік  бергені  үшін  ЖАО-дан  алынатын 
комиссиялардың  мөлшері  ауылдық  елді  мекендерде  және  шағын  қалаларда  кепілдік 
мөлшерінің 30%-ын, қалалар мен моноқалаларда – 20 %-ын құрайды.
      Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік өтеусіз негізде ұсынылады.
      Ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері 
кредит/микрокредит сомасының 85 %-ынан аспайды.
            Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасына  сәйкес  салық  органдарында 
мемлекеттік  тіркелу  мерзімі  кредит/микрокредит  алу  үшін  МҚҰ/КС/ЕДБ-ға  жүгінген 
сәтте үш жылдан асқан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлі кооперациялардың 
мүшелері  үшін  кепілдіктердің  мөлшері  кредит/микрокредит  сомасының  50  %-ынан 
аспайды.
      Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.
      Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша 
сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6 %-дан аспайды.


            Кредиттер/микрокредиттер  бойынша  кепілдікті  қаржыландыру  кәсіпкерлік  және 
ауыл  шаруашылығы  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  атқарушы  орган  мен  кепілгер 
арасындағы  тиісті  шартқа  қол  қою  жолымен  жергілікті  бюджет  қаражаты  есебінен 
жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы  мәселелері  жөніндегі  ЖАО  Бағдарлама  шеңберінде  екі  кепілгерді 
тартуына болады.
            Бағдарлама  шеңберінде  кепілдік  беру  көлемі  тиісті  қаржы  жылына  жасалатын 
кепілдік  шарттары  бойынша  комиссияларды  төлеу  үшін  бөлінген  бюджет  қаражаты 
шегінде жүзеге асырылады.
      Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражатын игерудің растамасы болып 
табылады.
            Кепілдік  шығарылған  міндеттемелердің  орындалуын  қамтамасыз  ету  үшін 
кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.
      Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік шартында белгіленген 
жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
            Ауылдық  жерлерде  және  шағын  қалаларда  кредиттер/микрокредиттер  бойынша 
кепілдік  беру  тәртібі  мен  шарттары  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту  саласындағы 
уәкілетті  орган  бекітетін  Ауылдық  жерлерде  және  шағын  қалаларда  микроқаржы 
ұйымдары/кредиттік  серіктестіктер  беретін  кредиттер/микрокредиттер  бойынша 
кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
            Қалалар  мен  моноқалаларда  кредиттер/микрокредиттер  бойынша  кепілдік  беру 
тәртібі  мен  шарттары  кәсіпкерлік  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін 
Қалалар мен моноқалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін 
кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
      5.2.4. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау


            МҚҰ-ның  операциялық  шығындарын  субсидиялауды  ауыл  шаруашылығы 
мәселелері  жөніндегі  жергілікті  атқарушы  органдар  жергілікті  бюджет  қаражаты 
есебінен жүзеге асырады.
      МҚҰ-ның ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттер беруге 
арналған операциялық шығындары субсидиялауға жатады.
      МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.
      Субсидиялар мынадай шарттар бойынша беріледі:
      1) субсидия мөлшері "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ-дан алынған қорландыру қаражаты 
есебінен  ауылдық  жерлерде  және  шағын  қалаларда  МҚҰ  берген  микрокредиттің 
көлемінің 10%-ын құрайды;
            2)  субсидия  ауылдық  жерлерде  және  шағын  қалаларда  микрокредит  беру  үшін  "
ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ ұсынған, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ растаған қаражатты толық 
игеру көлемін субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді;
            3)  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту  саласындағы  уәкілетті  орган  бекітетін 
Микроқаржы  ұйымдарының  операциялық  шығыстарын  субсидиялау  қағидаларына 
сәйкес МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін ЖАО
ұсынған  қаражаттың  игерілуін  субсидиялау  жөніндегі  оператор  МҚҰ  ұсынған 
құжаттар негізінде растауға тиіс;
            4)  субсидиялау  мақсаты  үшін  Бағдарламада  көзделген  мақсаттарға  МҚҰ  берген 
микрокредиттер ғана ескеріледі.
      Бұрын берілген, олар бойынша МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған 
микрокредиттерден қайтарылған (негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер)
қаражат  есебінен  МҚҰ  берген  микрокредиттерді  беруге  арналған  МҚҰ-ның 
операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.


            МҚҰ-ның  операциялық  шығыстарын  субсидиялауға  арналған  қаражатты  бөлу 
туралы шешімді облыс әкімінің шешімімен құрылатын өңірлік комиссия (бұдан әрі – 
субсидиялау  жөніндегі  комиссия)  қабылдайды,  оның  құрамына  облыс  әкімінің 
орынбасары  –  комиссия  төрағасы,  облыс  әкімдігі  құрылымдық  бөлімшелерінің, 
субсидиялау жөніндегі операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. 
Субсидиялау  жөніндегі  комиссия  консультациялық-кеңесші  орган  болып  табылады. 
Ауыл  шаруашылығы  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  атқарушы  орган  субсидиялау 
жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
            МҚҰ  операциялық  шығыстарын  субсидиялау  тәртібі  мен  шарттары 
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы 
ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында реттеледі.
            Микрокредит  беру  жөніндегі  шараларды  қаржыландыру  кәсіпкерлік  және  ауыл 
шаруашылығы  мәселелері  жөніндегі  ЖАО  арқылы  республикалық  бюджет  және 
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Берілген микрокредиттер туралы есепті микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚҚ
"  АҚ  кәсіпкерлік  және  ауыл  шаруашылығы  мәселелері  жөніндегі  ЖАО-ға  ай  сайын, 
есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
      Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-лар микрокредит 
беру жөніндегі ұйымдардың есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-
күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Бағдарламаның
операторларына:
      1) "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуы;
      2) кепілдік беруді және субсидиялауды ескере отырып, ауылдық елді мекендерде 
және шағын қалаларда микрокредит беру барысы;


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау