Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
5) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;
6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
10) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;
11) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;
12) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;
13) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
14) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
15) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
16) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
3. Әлеуметтік ұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құрған кезде тұрақты жұмыс орындары қолданылмайды және олар ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады.
6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың;
2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) оралмандар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;
2) белгіленген қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жұзеге асырады;
3) 5 жұмыс күні ішінде өтінімдерді бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді.
8. Тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны және нақты жұмыс жағдайы, төленетін еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі.
Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
9. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен Осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шарт жасасады.
10. Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін;
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейін ұсынылады) көшірмесін (кәсіптік оқытуға жолдама берілгенге дейін) қоса бере отырып, өтінім береді.
11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация береді;
2) жұмыссыздарға (олардың келісімімен) осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.
12. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезде:
1) жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, кәсіби және басқада ерекшеліктері;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендігі;
3) жолдама беру сәтінде жіберілетін жұмыссыздар үшін лайықты жұмыстардың болмауы ескеріледі.
13. Жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңынының 28-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің хабардар етуінің негізінде жұмыссызбен және жұмыс берушімен әлеуметтік келісімшарт жасасады.
Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбекақы мөлшерін және оны төлеу шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздерін қамтуға тиіс.
15. Жолдама берілгенге дейін бір жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында тұрған жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.
16. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысуы мүмкін.
17. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.
18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгелінген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде ұйымдастыру шарттарын жасасуға жол берілмейді.
19. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Бұл ретте, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.
20. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
21. Жұмыс берушілердің бастамасы бойынша бос жұмыс орны болғанда және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.
22. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі біткенге дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетеді.
24. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6475 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан бойынша есепті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады және аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны туралы;
3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі
25. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы мемлекеттік бюджет есебінен халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
26. Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экология бойынша үстемеақыларды есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, жұмыссыздың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды
27. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арнап жасалған шаттың және жұмыссыздармен жасалған әлеуметтік келісімшарттың негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және мемлекеттік бюджетте осы мақсаттарға көзделген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
28 Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың жалақыларына субсидия сомасын жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына аударады.
29. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________ ауданының,
қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________
Өтінім
____________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
жұмыссыздар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда жұмыссыздарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с
№
|
Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр
|
Жұмыс орындарының жоспарланған
саны
|
Жұмыстардың
жоспарлы ұзақтығы (айлар)
|
Айлық жалақы мөлшерi, теңге
|
Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
_____________ауылы (қаласы) 201__жылғы «__»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және _______________________________________________________ атынан
(жұмыс берушінің атауы)
__________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және
________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы «__»_________ № ___ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы_______________________________________________ (жазбаша)
мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) азаматтарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге ______________
___________________________________ адамды жіберуге;
(жазбаша)
2) Жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес Жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен айқындалған жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс уақытына, бір адамға жұмыс істеген толық айына _________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
сомасында жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді жүргізуге міндеттенеді.
4. Орындаушы:
1) жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін азаматтарға мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр
|
Саны
|
Жұмыстардың ұзақтығы, айлар
|
Айлық еңбекақының мөлшері, теңге
|
Еңбекақы төлеуге арналған өтемақының мөлшері айына, теңге
|
|
|
|
|
|
|
2) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін азаматтарға төленетін жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізуге;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;
5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;
6) әрбір азаматпен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;
7) қажет болған жағдайда азаматтарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
8) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
9) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
11) халықты жұмыспен қамту орталығымен әлеуметтік келісмшарт жасасуға;
12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес жасалған еңбек шарттарының негізінде жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс беруші
|
Жұмыс беруші
|
______________________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ________________________________
|
_______________________________
|
мекенжайы: _____________________
|
мекенжайы: _____________________
|
ЖСК
|
ЖСК
|
БСК
|
БСК
|
БСН (ЖСН)
|
БСН (ЖСН)
|
Коды
|
Коды
|
___________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
|
__________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
|
М.О.
|
М.О.
|
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
үлгiлiк шартқа
қосымша
Нысан
___________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Жеке куәлігінің №,
берілген күні
|
Туған күні
|
Еңбек шартының нөмірі мен күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Шарт бойыншажалақының мөлшері
|
Айдағы жұмыс
күндерінің саны
|
Нақты жұмыс
істеген
күндер
|
Есептелген
жалақының сомасы, теңге
|
Зейнетақы жарналарының сомасы
|
Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымша
_____________________ ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту орталығының директорына
_________________________ мекен жайының тұрғыны
_________________________________
Нысан
ӨТІНІШ
Мені әлеуметтік жұмыс орындарының қатысушыларының құрамына қосуыңызды сұраймын.
Қосымша на ___ парақта (қажеттілігіне қарай):
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін;
білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмесін.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйлерде заңмен сақталатын құпиясы бар деректерді пайдалануға рұқсат беремін.
*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш білдіруші жауапты болады.
Күні қолы
----------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
________________________________________________ азаматтың өтініші
20__ ж. «___» ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |