Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет16/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36

кооперативтерін ашу және зәкірлі кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамыту 
үшін;
      2) қалалар мен моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар 
құру,  ісін  жаңа  бастаған  және  жұмыс  істеп  жүрген  кәсіпкерлердің  қызметін  кеңейту 
үшін ұсынылады.
            Микробизнес  ашу  үшін  кредиттер/микрокредиттер  "Бастау  Бизнес"  жобасы 
бойынша  бизнес-жобаларды  қорғағаннан  кейін  не  сертификат  алған  күннен  бастап 
кредит/микрокредит  алу  үшін  жүгінген  күнге  дейінгі  соңғы  24  ай  ішінде  басқа 
бағдарламалар  шеңберінде  кәсіпкерлік  негіздеріне  оқыту  курстарынан  өткені  туралы 
сертификаттары  бар  болса  беріледі.  "Бастау  Бизнес"  жобасында  оқуды  аяқтағаны 
туралы  сертификат  (бизнес-жоспарларды  қорғау  кезеңіне  жіберілгендер  үшін)  алған 
Бағдарламаға қатысушылардың кредиттер/микрокредиттер алуға басым құқығы болады
.
            Кредит/микрокредит  алу  үшін  жүгінген  сәтте  дара  кәсіпкер  немесе  заңды  тұлға 
ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды және ауыл
шаруашылығы  кооперативтеріне  қатысушыларды  қоспағанда,  ауылдық  елді 
мекендерде  және  шағын  қалаларда  жұмыс  істеп  жүрген  кәсіпкерлер  мен  зәкірлік 
кооперацияларға  қатысушылар  үшін  кредиттер/микрокредиттер  кемінде  бір  жаңа 
тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
      Жұмыскерлер санының жылдық орташа өсу динамикасын айқындау үшін кредитор 
Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігінің  Мемлекеттік  кірістер  комитетінен 
алынған  ақпаратты  пайдаланады.  Жұмыскерлер  санының  жылдық  орташа  өсу 
динамикасын  есептеу  кезінде  есептік  кезең  келесі  қаржы  жылының  басы  болып 
табылады.
            Кредиттер/микрокредиттер  басым  тәртіппен  аудандардың,  шағын  қалалардың 
мамандану  карталарына  сәйкес  іске  асырылатын  жобаларға  ұсынылады.  Облыстық 
деңгейдегі  ЖАО  ӨКП-мен  бірлесіп,  аудандардың,  шағын  қалалардың  мамандану 
картасын  әзірлейді  және  қажет  болған  кезде  агроөнеркәсіптік  кешен  саласындағы 
уәкілетті  органмен  келісу  бойынша  өзгерістер  мен  түзетулер  енгізеді.  Бұл  ретте 
аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту 


саласындағы  уәкілетті  органмен  келісіледі,  оларды  ауыл  шаруашылығын  дамыту 
мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді.
      Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (
МҚҰ)/кредиттік  серіктестіктерге  (КС)/"АШҚҚҚ"АҚ-ға/  "ҚазАгро"  ҰБХ"  АҚ  ЕҰ 
ұсынылады.
            Аудандардың,  шағын  қалалардың  мамандану  картасы  бизнесті  дамыту  үшін 
әлеуетті  тауашалар  мен  перспективалы  бағыттарды  айқындау  бойынша  аудандық 
деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (
скрининг әдісі бойынша) "Атамекен" ҰКП, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді
.  Маркетингтік  зерттеу  аяқталғанға  дейін  аудандардың,  шағын  қалалардың  бұдан 
бұрын бекітілген мамандану карталары қолданылады.
      Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және 
шағын қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "
АШҚҚҚ"  АҚ,  сондай-ақ  МҚҰ  және  кредиттеуге  уәкілетті  "ҚазАгро"  ҰБХ"  АҚ  ЕҰ 
арқылы  кредиттеу  бойынша  қорландырылатын  кредиттік  серіктестіктер  арқылы 
беріледі.
      Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер "Даму" КДҚ АҚ арқылы 
қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ 
"АШҚҚҚ" АҚ арқылы беріледі.
            Бағдарламаға  қатысушыларға  кредит/микрокредит  беру  мақсатында  бюджеттік 
кредит жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен беріледі:
      1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық 
сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;
            2)  бюджеттік  кредиттің  нысаналы  мақсаты  –  Бағдарлама  шеңберінде 
бизнес-жобаларға микрокредит беру;


      3) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі 
қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредит ЖАО-ға
аударылған кезден бастап есептеледі.
            Кредиторлар  ЖАО-мен  жасалатын  қарыз  шарты  сомасының  кемінде  20  %-ын 
бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.
            Бағдарламаға  қатысушы  жер  учаскелерінің/жылжымайтын  тұрғын  үй  мүлкінің 
нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір 
жыл  ішінде  бизнес  мақсатқа  өзгертетін  жағдайларды  қоспағанда,  кредиттер/
микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін 
өнімдерді  өндіруге,  жылжымайтын  тұрғын  үй  сатып  алуға  және  салуға,  жер 
учаскелерін  (нысаналы  мақсаты  кәсіпкерлік  қызметпен  байланысы  жоқ)  сатып  алуға 
берілмейді.
      Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін 
сомалар  туралы  шешім  облыс  әкімдігінің  қаулысымен  бекітіледі.  Бір  облыста  бір 
мезгілде  екі  микрокредит  беру  ұйымы  мен  "АШҚҚҚ"  АҚ  қатысуына  жол  беріледі. 
Кәсіпкерлік  және  ауыл  шаруашылығы  мәселелері  жөніндегі  ЖАО-лар  микрокредит 
беру  ұйымдарына  және  "АШҚҚҚ"  АҚ-ға  кредиттік  келісімдер  бойынша  бюджеттік 
кредит қаражатын ұсынады.
            Микрокредит  беру  ұйымдарына  және  "АШҚҚҚ"  АҚ-ға  бюджеттік  кредит  беру 
шарттары:
      1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;
      3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшін – 12 ай;


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау