Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 235,04 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі235,04 Kb.
#14560


Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

2) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

3) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

4) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;

5) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;

6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

9) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

10) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

11) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

12) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

13) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.

4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:

1) оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша түлектер бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін әдейі арналған;

2) жастар пактикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттік бюджет есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі;



3) жұмыс орындарының саны іс-жүзінде шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.

5. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы белгіленген.

6. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;

2) белгіленген қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасы ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жұзеге асырады;

3) 5 жұмыс күні ішінде өтінімдерді бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

7. Тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы:

1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және тізбені алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қаржыландыру көздерін бекітеді.

Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.



8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен Осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шарт жасасады.

9. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарттың негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары білім беру ұйымдары түлектерінің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс.

10. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығына Осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

2) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім береді.

11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту мәселелері бойынша консультация береді;

2) жұмыссыздарға осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына жолдама береді.

Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.



12. Жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмысқа қабылдау немесе бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілер және жастар практикасына жіберілетін түлек арасында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайын, еңбекақы мөлшері мен оны төлеу шарттарын, қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтуға тиіс.

13. Жұмыс беруші мен жастар практикасын өту үшін қабылданған жұмыссыз арасында 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасалады.

Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

14. Жұмыс берушілер жастар практикасына қатысушылармен жасасқан шарттардың көшірмесін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

15. Жұмыс беруші жастар практикасына қатсушыға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді.

16. Жұмыс берушілердің бастамасы бойынша бос жұмыс орны болғанда және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.



17. Жұмыс беруші жастар практикасын өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді және жұмыс беруші жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша оның жп-дан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынады.

18. Жұмыс берушілердің таратылуына және банкрот болуына байланысты, сондай-ақ 21-тармақта көрсетілген жағдайларда еңбек қызметін тоқтатқан адамдар қалған өтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғасытуға құқығы бар.

19. Жастар практикасындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан адамдар әлеуметтік келісімшартты бұзған сәттен бастап жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады.

20. Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің жастар практикасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

21. Жастар практикасын ұйымдастырудың белгелінген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде шарттар жасасуға жол берілмейді.

22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.



23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі біткенге дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетеді.

24. Халықты жұмыспен қамту орталығы бюджеттік қаражаттардың пайдаланылу және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жастар практикасының қатысушысына еңбек ақы төлеген кезде жұмысқа орналасқан түлектердің міндетті зейнетақы аударымдары болуының мониторингін жүргізеді.

25. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6475 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан бойынша есепті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады және аталған есепте:

1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;

2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.



3. Жастар практикасын қаржыландыру тәртібі
26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру 6 айдан аспайтын мезімде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджеттен субсидиялау мөлшері экологиялық үстемақылар төлеуді есептемегенде, айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметін ескергенде) құрайды.

Жастар практикасына жіберілген жеке адамдарға еңбекақы төлеуді жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

27. Жастарпрактикасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен , сондай-ақ алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.



28. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға мемлекеттік бюджете не Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған өзге көздерден сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

29. Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектерге еңбекақы төлеуді ай сайын, жұмыс беруші жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы шартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметтері негізінде, еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді және жастар практикасына қатысушылардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарына (карточкалық) ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

1-қосымша

Нысан


______________ ауданының,

қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________

(басшының А.Т.Ә.)

Өтінім

_____________________________________________________________

(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)

жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.

Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:


Р/с


Кәсібі (мамандығы)

Талап етілетін білім деңгейі

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (айлар)































Қосымша:

1. Заңды тұлғаны және дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.

Басшы                                                      Күнi

М.О.
Жастар практикасын

ұйымдастыру және

қаржыландыру қағидаларына

2-қосымша

Нысан
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын

қаржыландыру туралы

_____ шарт

_____________ауылы (қаласы)                   201__жылғы «__»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры __________________________________________________________________,

                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

және _______________________________________________________ атынан

                       (жұмыс берушінің атауы)

__________________________________________________________________

(басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

(бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы «__»_________ № ___ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.

2. Шарттың жалпы сомасы ______________ теңгені құрайды, оның

жазбаша

ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:

1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге _________________________________адамды жіберуге;

(жазбаша)

2) Жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес жастар практикасына қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.

4. Орындаушы:

1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өту үшін мынадай мамандықтар бойынша жұмыс орындарын ұсынуға:



Р/с №

Кәсібі (мамандығы)

Білімі

Адам саны

Жастар практикасының ұзақтығы, айлар

Бюджет шығыстарының сомасы айына, теңге



















2) жұмыссыз азаматтармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;

4) қажет болған жағдайда, қабылданған жұмыссыздарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;

5) әрбір жұмыссызға қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;

6) қажет болған жағдайда, жұмыссыздарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

9) Мерзімінен бұрын жұмысқа орналасытуру;

10) Еңбек кітапшасына жазу;

9) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;

10) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу
5. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес жасалған еңбек шарттары негізінде жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

8. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.



5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
9. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

10. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

11. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Қолданылу мерзімі

12. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін.

13. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

14. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.



7. Тараптардың заңды мекенжайлары:


Тапсырыс беруші

Жұмыс беруші

______________________ ауданының) (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ________________________________

_______________________________


мекенжайы: _____________________


мекенжайы: _____________________



ЖСК

ЖСК

БСК

БСК

БСН (ЖСН)

БСН (ЖСН)

Коды

Коды

___________________ __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(қолы)


__________________ __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(қолы)


М.О.

М.О.

Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы

шартқа

қосымша
Нысан



_____________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы

201__ жылғы ____________

МӘЛІМЕТТЕР


Р/с


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Жеке куәлігінің №, берілген күні

Туған күні

ЖСН

1

2

3

4

5

1









2











Барлығы:







      кестенің жалғасы


Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге

Қызмет көрсетуші банк

20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №

6

7

8

9

10































Басшы ______________________

Бас бухгалтер ______________

      М.О.

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 3-қосымша


_____________________ ауданының (қаласының)

халықты жұмыспен қамту орталығының директорына

_________________________ мекен жайының тұрғыны
_________________________________
Нысан

ӨТІНІШ
Мені жастар практикасының қатысушыларының құрамына ____________________________________ Бағдарламасы бойынша қосуыңызды сұраймын.

Қосымша на ___ парақта (қажеттілігіне қарай):

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін;



білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмесін.

жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыруы немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақсы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) актілері.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
      Ақпараттық жүйлерде заңмен сақталатын құпиясы бар деректерді пайдалануға рұқсат беремін.
  *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш білдіруші жауапты болады.

      Күні                               қолы

      ----------------------------------------------------------
                             (кесу сызығы)

________________________________________________ азаматтың өтініші


20__ ж. «___» ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:


_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
жүктеу 235,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау