«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік Мекемесі туралы ереже



жүктеу 168,95 Kb.
Дата10.03.2018
өлшемі168,95 Kb.
#12099

Шығыс Қазақстан облысы   әкімдігінің

2012 жылғы  « 29» желтоқсан

№ 343 қаулысына қосымша

 

Шығыс Қазақстан облысы   әкімдігінің



2008 жылғы 13 мамырдағы

№ 01 қаулысымен бекітілді

 

 

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және



әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»

мемлекеттік Мекемесі туралы ереже

 

 



1.     Жалпы ережелер

 

1. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Басқарма) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.



2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Басқарманың, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарма қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 



2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Басқарманың миссиясы: мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды кешенді іске асыру, Шығыс Қазақстан облысы халқының әр түрлі жігі мен санаттарына сапалы әлеуметтік қызмет ұсыну. Нәтижелі жұмыспен қамтуға ықпал ету.



14. Міндеттері:

1. Халықты жұмыспен қамту саласында:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрін еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;

2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашуға ықпал ету;

3) бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығының қажеттілігіне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму келешегіне сәйкес кадрлар даярлау iсiне бағдарлау;

4) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек нарығын қорғау;

5) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа бағыттарымен үйлестiру;

6) еңбек нарығының ақпараттық базасын қалыптастыру;

7) мемлекеттiк органдардың халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететiн шаралар әзiрлеу мен iске асыру жөніндегі қызметін үйлестiру және реттеу, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

8) жұмыс берушілер, жұмыскерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету;

2. Халықты әлеуметтік қорғау саласында мыналарды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асыру:

1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарын сақтау;

2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк беру, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қол жетiмдiлiк;

3) мүгедектердiң, басқа азаматтармен қатар денсаулықтарын сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;

4) мемлекеттiк органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;

5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу;

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылары мен тұрғын үй көмегін тағайындау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-әрекеттерді үйлестіру.

15. Функциялары:

1)  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді бағалау және оған қажеттілікті белгілеу бойынша қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырады («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы);

2)  Шығыс Қазақстан облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-1 - тармағы);

3)  жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілейді («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 31-бабының 1-тармағы);

4)  жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын қолдауды жүзеге асырады («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 31-бабының 2-тармағы);

5)  әлеуметтiк жұмыс орындарын құруды ұйымдастыруды жүзеге асырады («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-4 - тармағы);

6)     қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруды жүзеге асырады («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-тармағы);

7) мемлекеттік жұмыспен қамту саясатына сәйкес Аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті бөлімдерін әзірлейді және орындалуын қамтамасыз етеді («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы);

8) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын нысаналы топтарды жыл сайын анықтап отыруды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 2-тармағы);

9) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-3 - тармағы);

10) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсетуді қамтамасыз етеді («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 4-тармағы);

11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің сақталуын бақылайды («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-5 - тармағы);

12) жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-7 - тармағы);

13) интернаттық ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындар квотасын белгілеуді сақтау мониторингін жүзеге асырады («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-6 - тармағы);

14) қызметтерінің (тауарларға, жұмыстарға) тарифтеріне (бағаларға, алым ставкаларына) мемлекеттік реттеу енгізілген ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбекақы төлеу жүйесі көрсеткіштерін еңбек бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 6-тармағы);

 15) арнаулы әлеуметтік қызметтердің  кепілдік берілген көлемінен артық ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемінің тізбесі мен ұсыну тәртібін әзірлейді және облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының                  1-тармағының 6) тармақшасы);

16) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің кадрлық қамтамасыз етілуін, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастырады («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 2-тармағының 3) тармақшасы);

17) облыс әкімдігі, облыстық қызметкерлер бірлестігі және жұмыс берушілер арасында үш жақты келісім әзірлеуге, келісуге, бекітуге қатысады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі         260-бабының 3-тармағы);

18) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының                  1-тармағының 1) тармақшасы);

19) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының        2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 2-тармағының                         7) тармақшасы);

20) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдайды («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының                  1-тармағының 1) тармақшасы);            

21) облыстың мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын медициналық-әлеуметтік мекемелері, мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары желісін дамытуға мүмкіндік туғызады («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 1-тармағының 3) тармақшасы);  

22) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2-тармағының     6) тармақшасы);   

23) мүгедектердi оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қаріпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы                13 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2-тармағының 5) тармақшасы);  

24) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес облыс аумағында медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2-тармағының     6) тармақшасы);  

25) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 10-бабының           2-тармағының 7) тармақшасы);  

26) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы                 10-бабының 2-тармағының 8) тармақшасы);  

27) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2-тармағының    9) тармақшасы);  

28) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасы);  

29) қоғамдық мүгедектер бiрлестiктерi, уәкiлеттi мәдениет органдарымен бiрлесiп, мәдени-көпшiлiк және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2-тармағының 12) тармақшасы);  

31) ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың олардың денсаулығы мен мүлкіне келтiрiлген зиянды өтеуге құқықтарын қамтамасыз етеді («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12, 13-баптары);  

32) басқарма арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн қамтамасыз етедi; («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы          29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы); 

33) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын қамтамасыз етеді («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының        2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 1-тармағының 3-тармақшасы); 

34) тұрғындардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген сұранысына талдау жүргізеді («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 2-тармағының 4) тармақшасы); 

35) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза болған  әскери қызметкерлердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызметін өтеген азаматтарға әлеуметтік қорғау бойынша және емделуге жол жүруге жеңілдіктер және өзге көмек түрлері бойынша қосымша шаралар көрсетуді үйлестіреді («Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңының 20-бабы);

36) мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіреді және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесін дамытады (БҰҰ Конвенциясы);

37) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін өзге де іс-шараларды жүзеге асырады («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 6-тармағы);

38) халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда ереуiл өткiзудi келiседi (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек  кодексi 18-бабының 4-тармағы);

39) ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындайды (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек  кодексi 18-бабының 2-тармағы);

40) Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары және міндеттері:

1. Құқықтары:

1) белгіленген тәртіпте облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан Басқарманың қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және өзге материалдарды сұрауға және алуға;

2) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға;

3) ведомствоға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, олардың іс-әрекетімен байланысты мәселелерін шешуге;

4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды дайындауға;

5) әлеуметтік қорғаудың тұрғын үй - азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссияның жұмысына қатысуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

2. Міндеттері:

1) бюджет қаражатын уақытында және мақсатты игерілуін қамтамасыз ету;

2) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

3) жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың олардың өкiлеттiгi шегiнде шығарған қаулыларын, шешімдерін, өкімдері мен нұсқауларын орындауға;

4) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.

 

3.     Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. Басқармада басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.



18. Басқарманың басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басқарманың басшысы:

1) заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметшілерін және медициналық-әлеуметтік мекемелердің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

3) Басқарманың актілеріне қол қояды, Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

4) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді, Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді және Басқарма қызметкерлеріне сенімхаттар береді;

6) азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа құқықтарды жүзеге асыруда ерлер және әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз етеді; 

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдауға міндетті және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

21. Басқарманың бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Басқарманың бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Басқарма ИСО 2000:9001 сапа менеджменті жүйесіне сәйкес жұмыс істейді.   

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

24. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.



Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

                                                  

 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



 

 

Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

1. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Аягөз балаларға арналған  арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;



2. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бородулиха арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Зимовьев арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

6. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «№2 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Первомай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

9. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «№1 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Серебрянск арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Уба» шипажайы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;



16. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үржар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Грехово кентінде мүгедектер үшін оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жүктеу 168,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау