Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы



жүктеу 289,24 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата14.05.2018
өлшемі289,24 Kb.
#13009
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      Жауапты қызметкер __________ _________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Ескертпе: қабылданған қысқарту ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi

 

Қазақстан Республикасы



Премьер-Министрінің

орынбасары – 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің

2017 жылғы 10 наурыздағы

№ 109 бұйрығына

3-қосымша



Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – 

Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 

 

қаулысымен



бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға 

арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде әзірленді, шағын 

қалаларда және ауылдық елді мекендерде микрокредит беруді кеңейту үшін (олардың әкімшілік 

бағыныстылығына қарамастан) жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен 

және шегінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарына субсидия беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті 

орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді 

жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – жергілікті атқарушы 

органдардың ауыл шаруашылығын басқару функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы

бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз 

құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге

асыратын алқалы атқарушы орган;;

      4) кредит – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және нысаналы пайдалану шарттарымен 

қарыз шарты негізінде микрокредит беру ұйымдары микроқаржы ұйымдарына ұсынатын ақша сомасы. 

Кредит бірыңғай сомамен, сондай-ақ бөліктермен (транштармен) берілуі мүмкін;

      5) қарыз шарты – оның шарттары бойынша микрокредит беру ұйымы кейіннен шағын қалаларда 

және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) микрокредит беру 




үшін микроқаржы ұйымдарға (бұдан әрі - МҚҰ) кредит беретін микрокредит беру ұйымы мен МҚҰ 

арасында жасалатын жазбаша келісім;

      6) қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияны аудару мен есептен шығаруға 

арналған арнайы ағымдағы шотты жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті екінші 

деңгейдегі банк;

      7) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      8) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет 

органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер

беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы 

 

Заңында



рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) операциялық шығыстар – Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру ұйымынан қаражат алған 

сәттен бастап микрокредит беру саласындағы қызметті жүзеге асырумен байланысты микроқаржы 

ұйымдарының шығындары;

      10) субсидиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – облыс әкімдігінің құрылымдық 

бөлімшелерінің, қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен, ӨКП, субсидиялау операторы қатысатын, облыс 

әкімінің орынбасары төрағалық ететін консультативтік-кеңестік орган;

      11) субсидиялау операторы (бұдан әрі – оператор) – "Аграрлық несие корпорациясы" 

акционерлік қоғамы;

      12) субсидиялау шарты – оған сәйкес МҚҰ-ның операциялық шығыстары субсидияланатын, 

қаражатты аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін ауыл шаруашылығы 

мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы мен МҚҰ арасында жасалатын субсидиялау 

жөніндегі жазбаша келісім.

2-тарау. Субсидияларды алу шарттары

      3. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына 

қарамастан) берілген МҚҰ микрокредиттерін беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға 

жатады.


      4. МҚҰ субсидияны алушылар болып табылады.

      5. Субсидиялар мөлшері микрокредит беру ұйымынан алынған қорландыру есебінен шағын 

қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) МҚҰ 

берген микрокредиттер көлемінің 10%-ын құрайды.

      6. Субсидиялар келесі шарттар сақтаған жағдайда беріледі:



      МҚҰ операторға келесі құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 

 сәйкес 


1-қосымшаға

нысан бойынша микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға өтінімді (бұдан әрі –

субсидиялауға арналған өтінім):

      микрокредит беру ұйымы мен МҚҰ арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі 

қоса берілген қарыз шартының көшірмесін;

      мынадай жолмен есептелетін субсидиялар көлемдерінің есептемесін:

      Wс = Wо*10%, мұндағы:

      Wс - МҚҰ-ның субсидияланатын операциялық шығыстарының сомасы;

      Wо - микрокредит беру ұйымынан алынған қорландыру есебінен ауылдық жерлерде және шағын 

қалаларда (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) МҚҰ берген микрокредиттердің көлемі. 

Бөлшек сан алынған жағдайда, нәтиже азайтылу жағына қарай тұтас санға дейін дөңгелектенеді;

      кредитті алу туралы қарыз алушының есеп шотының немесе кредитті аударуды растайтын 

құжаттың көшірмесі.

      7. Олар бойынша МҚҰ операциялық шығыстарға субсидиялар алған бұрын берілген 

микрокредиттерден қайтарылған қаражат (негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) 

есебінен МҚҰ-ға берілген микрокредиттерді беруге МҚҰ-ның операциялық шығыстары субсидиялауға 

жатпайды.

      8. Субсидия микрокредит беру ұйымы шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың 

әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) микрокредит беру үшін МҚҰ-ға берген қаражаттың операторы 

растаған толық игерілген көлемдері бойынша бір рет МҚҰ-ға төленеді.



3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      9. Комиссия мақұлдаған қарыз шарты бойынша субсидиялау көлемдерін есептеу шарттың барлық 

қолданыс мерзіміне шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік 

бағыныстылығына қарамастан) МҚҰ-ға берілген микрокредит көлемінің 10%-ы мөлшерде бір рет және 

микрокредит беру ұйымдарынан алынған қорландыру қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте 

комиссия облыс әкімінің шешімі негізінде құрылады.

      10. Субсидиялау комиссияның шешімі бойынша мынадай :

      1) МҚҰ-ның негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша мерзімі күнтізбелік 90 (

тоқсан) күннен асатын орындалмаған міндеттемелерінің болуы;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша МҚҰ шоттарына тыйым салынуы;




      3) МҚҰ-ның микрокредит беру ұйымы алдында қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толық 

орындауы;

      4) МҚҰ бюджеттік субсидияларды алудан бас тарту туралы жазбаша өтініш берген;

      5) қарыз шартын бұзу жағдайларында тоқтатылады.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша субсидиялауды тоқтату

операторының бастамасы бойынша жүзеге асырылады, ол оған көрсетілген фактілер белгілі болған 

сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде комиссияның кезектен тыс отырысының қарауына 

субсидиялауды тоқтату туралы мәселені жолдайды.

      12. Субсидиялау жөніндегі комиссия субсидиялау өтінімдерін қабылдауды тоқтату туралы 

шешім қабылдаған жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы 2 

жұмыс күні ішінде операторын хатпен хабарландырады.

4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      13. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен операторы 

арасында операторының қызметтерді көрсету тәртібін, шарттарын, сондай-ақ негізгі шарттар мен 

тараптардың жауапкершілігін көздейтін МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау бойынша оператор 

қызметін көрсету шарты (бұдан әрі – қызмет көрсету шарты) жасалады.

      14. МҚҰ микрокредит беру ұйымы ұсынған қаражатты толық игергеннен соң операторына осы 

Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, субсидиялауға арналған өтінім 

береді.


      Субсидиялау операторы субсидиялауға арналған өтінімді және осы Қағидалардың 6-тармағында 

көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға 

сәйкестігін тексереді;

      2) осы Қағидалардың шарттарына сәйкестік/сәйкессіздік туралы қорытындыны ресімдейді, әр 

қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемін есептейді;

      3) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушылардың осы Қағидалардың

шарттарына сәйкес болуы/болмауы туралы оператордың қорытындысын, әр қарыз шарты бойынша тиесілі

субсидиялар көлеміндерінің есептемелерін электрондық жеткізгіште жергілікті атқарушы органға 

жолдайды. Оператордың қорытындысы ұсыныс сипатында болады.

      15. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы субсидиялауға 

арналған өтініштердің келіп түсуіне қарай комиссияның отырысын ұйымдастырады. Комиссияның сандық

құрамы тақ болуы тиіс және кем дегенде бес адамнан құралуы керек. Комиссияның хатшысы оның 

мүшесі болып табылмайды.




      16. Егер комиссияның отырысына мүшелердің жалпы саныың кемінде үштен екі бөлігі қатысса, 

комиссияның шешімі заңды болып танылады.

      17. Субсидиялау өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім субсидиялау жөніндегі 

комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді.

      18. Субсидиялау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімі:

      1) МҚҰ атауы мен орналасқан жерін;

      2) мақұлданған/қабылданбаған қарыз алушылардың аттары аталып жасалған тізбені, қабылдамау

себептерін;

      3) әр қарыз шарты бойынша кредит сомасын;

      4) әр қарыз алушы бойынша әр қарыз шартының қолданыс мерзімін;

      5) әр қарыз шарты бойынша нысаналы мақсатын;

      6) әр қарыз шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасын қамтиды.

      19. Субсидиялауға арналған өтінімдерді қарау субсидиялауға арналған өтінім операторына 

түскен күннен бастап кезектілік тәртібімен жақын арадағы комиссия отырысында жүзеге асырылады 

және операторға субсидиялауға арналған өтінімдер түскен күнмен айқындалады.

      20. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы комиссия отырысы 

өткізілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің қолтаңбаларын жинайды, комиссия 

отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің түпнұсқасын ресімдейді және операторына жолдайды.

      21. Комиссия хаттамасынан үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде 

оператор комиссия қабылдаған шешім туралы және субсидиялау шартын жасау үшін ауыл шаруашылығы 

мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жүгіну қажеттілігі туралы МҚҰ-ны 

хабарландырады.

      22. Қарыз шарттары бойынша МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялау үшін ақшаны ұсыну 

субсидиялау шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы МҚҰ жасалған 

субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін арнайы банк шотын ашады, ал мұндай

мүмкіндік болмаса, қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.

      24. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы субсидиялау шартына 

қол қойылған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 

 сәйкес нысан бойынша

2-қосымшаға



микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау үшін бюджет қаражатын аударуға өтінім

негізінде МҚҰ шотына ақша аударымын жүзеге асырады.

      25. МҚҰ ақшалай қаражатты тек қана МҚҰ операциялық шығыстарының орнын толтыру үшін арнайы

банк шотында пайдаланады. Операциялық шығыстар сомасын толық растамаған жағдайда, МҚҰ арнайы 

банк шотынан ақшаны алу операциялық шығыстардың расталуына қарай жасалады.

5-тарау. Мониторинг

      26. Микрокредит беру ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде

ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға МҚҰ арқылы микрокредит 

берудің нақты игерілген сомасы және субсидиялау көлемі туралы ақпаратты ұсынады.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган микрокредит беру ұйымының

ақпараты негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде халықты 

жұмыспен қамту орталықтарына және Уәкілетті органға ақпаратты жарты жылдық және жылдық есепті 

қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

      27. Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның 

ақпараты негізінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін халықты жұмыспен 

қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға МҚҰ арқылы берілген микрокредиттер және 

субсидиялау сомалары туралы ақпарат береді.

 

Микроқаржы ұйымдарының



операциялық шығыстарын

субсидиялау қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан



Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға өтінім

      Қаржы институты: __________________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

      Қарыз алушы: _____________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының толық атауы)

      Кімге: ____________________________________________________________________

      (оператордың атауы)

№ Қатысушы туралы мәліметтер

1 Қарыз алушының атауы

2 Басшының тегі, аты, әкесінің аты




3

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі мен 

күні (нөмірі, күні және берілген орны, БСН/ЖСН)

4 Заңды мекенжайы

5 Нақты мекенжайы

6 Банктік деректемелері

7 Байланыс телефондары

8

Кредиттер бойынша бұрын алынған субсидиялар (болған жағдайда) туралы осы өтінімде



көрсетілген мәліметтер: шарттың № мен күні, кредит/лизинг сомасы, қаржы 

институтының атауы, бюджеттік бағдарламаның атауы

9

Банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензия туралы мәліметтер (болған 



жағдайда): лицензияның № мен күні, кім берді

      2. Субсидиялауға жататын кредит шарттары (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ (№ 


мен күні

)

Сома,



теңге

Сыйақы 


мөлшерлемесі

, %


Субсидиялау күніне негізгі 

борыш бойынша берешек 

қалдығы, теңге

КШ қолданыс 

мерзімінің 

аяқталу күні

Кредит 

беру 


валютасы

2

3



4

5

6



7

Кредит беру мақсаты*

Кредит нысанасы/Саны

8

9



      Ескертпе: *айналым қаражатын толтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылысы (қажеттісі 

қойылсын).

      Осымен:

      1) қарыз алушының кредит шарттары бойынша өзге мемлекеттік және/немесе бюджеттік 

бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі қолдау көрсетілмейтіндігі;

      2) қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жедел оңалту рәсімін қолдану жағдайларын 

қоспағанда, қарыз алушы қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанды өзгеру, таратылу немесе банкротқа 

ұшырау сатысында еместігі, сондай-ақ қызметтің Қазақстан Республикасының қолданыстағы 

заңнамасына сәйкес тоқтатылмағандығы;

      3) микрокредиттердің нысаналы мақсаты Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит

және микрокредит беру қағидаларына сәйкес келетіндігі;



      4) қарыз алушының шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде Микроқаржы ұйымдарының 

операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынғаны расталады.

      Қарыз алушының аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы

      __________________________________________________________________________

      мөр орны (болған жағдайда)

      Қаржы институты басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (

болған жағдайда) және қолы

      _______________________________________________________________

      мөр орны (болған жағдайда)

      Қаржы институты өтінімді берген күн 20___ жылғы "___" _______.

      Оператор өтінімді қабылдаған күн 20__жылғы "____" ____________.

      Өтінімді қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және телефон 

нөмірі

      __________________________________________________________________________



      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

_ _ _ _


      (кесу сызығы)

      Талон

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 

 бекітілген

қаулысымен

, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған 

бағдарламасы шеңберінде шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік 

бағыныстылығына қарамастан) микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға арналған

№___________________ өтінім 20__жылғы "____" ________ ______ сағат ____ минутта қарауға 

қабылданды.

      ___ _______________________________________________________________________

      (қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)




 

Микроқаржы ұйымдарының

операциялық шығыстарын

субсидиялау қағидаларына

2-қосымша

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға бюджеттен қаражат аударуға 

арналған өтінім

      20__ жылғы "____" __________

      Осымен, ____________________________________________ тиісті бюджеттік

      бағдарламасы аясында _____________________ микроқаржы ұйымы 20___ жылғы "____"

      __________ № _____ субсидиялау шартына сәйкес __________ облысының Ауыл

      шаруашылығы басқармасынан микроқаржы ұйымының № _________________ шотына

      ____________________ кезеңі үшін бюджеттен _______________________ теңге сомасында

      қаражат аударуды сұрайды.

      Микроқаржы ұйымының басшысы _______________

      (қолы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



жүктеу 289,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау