өзге де төлемдер алынбайды, бұл ретте осындай комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер
мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, микрокредит беру ұйымымен алдын ала жазбаша келісілуі тиіс.
9. Бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша түпкілікті қарыз алушылар қайтарған қаражат
есебінен қайта кредит беруге/микрокредит беруге жол беріледі.
10. Кредит берушілер кредиттік келісім сомасының кемінде 20 %-ын стартап жобаларын
қаржыландыруға бағыттайды.
11. Бизнес ашу үшін микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасының шеңберінде кәсіпкерлік
негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификат болған кезде беріледі.
12. Бар бизнесін кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін микрокредиттер
жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шарты кезінде беріледі.
Бұл ретте кредит беруші мен Қатысушы арасындағы шарттарда бастаушы кәсіпкерлердің
жобаларын қоспағанда, жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарт міндетті түрде көрсетіледі.
13. Микрокредиттер өңірлік кәсіпкерлікті дамыту карталарына сәйкес іске асырылатын
жобаларға басым тәртіппен ұсынылады, олардың ішінен:
кредит беруші қарыз сомасының 80%-ын өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасында көрсетілген
басым қызмет түрлеріне сәйкес микрокредиттер беруге жолдайды;
қарыз сомасының 20%-ы басым қызмет түрлеріне қарамастан микрокредиттер беруге жолданады.
Қарыз алғаннан кейін алты ай өткен соң басым қызмет түрлеріне кредит беру/микрокредит
беру үшін көзделген игерілмеген қарыз сомасы болған жағдайда кредит беруші қаражат қалдығын
басым қызмет түрлеріне қарамастан кредит/микрокредит беруге жолдайды.
14. Микрокредиттер:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалған орта және ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтіндерге;
3) тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұрғынүй жылжымайтын мүлігін сатып
алу мен салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизге жатқызылған өнімді өндіруге;
4) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және
бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері барларға 10 АЕК артық емес көлемде берешекке
жол беріледі) ұсынылмайды.
Берешегінің жоқтығы кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға өтінім беру күніне дейін
кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын берілген мемлекеттік кірістер органының анықтамасымен
расталады.
15. Кредиттерді беру Қағидалардың осы тарауында қарастырылған шарттарға сәйкес жүзеге
асырылады.
3-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру
тәртібі
16. Микрокредит алу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттамалары
бойынша оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттармен (шағын бизнес ашатындар үшін міндетті)
осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып микрокредит алу үшін
өтінішпен МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға жүгінеді.
17. Кредит беруші Қатысушыдан микрокредит алуға құжаттар топтамасымен өтінімді алған
сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде оның толықтығын, сондай-ақ кредит берушінің кредиттік
өнімінің шарттарына сәйкестігін тексереді.
18. Құжаттар топтамасы толық болмаған және/немесе өтініш кредит берушінің кредиттік
өнімінің шарттарына сәйкес келмеген жағдайда кредит беруші осы Қағидалардың 17-тармақта
көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасымен бірге өтінішті қайтару себептерін көрсете
отырып, ресми хатпен қайтарады.
Қатысушы қайтару себептерін алып тастаған кезде толық құжаттар топтамасымен өтінішті
қайтадан енгізеді.
19. Кредит беруші Қатысушыдан құжаттардың толық топтамасымен өтінімді алған сәттен бастап
15 жұмыс күні ішінде бизнес жобаны бағалауды жүргізеді және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес
кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
20. "АШҚҚҚ" АҚ, КС және МҚҰ Қатысушымен кредит/микрокредит ұсыну туралы шартқа қол қоюды
жүзеге асырады және кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалану мен уақытылы өтеуінің одан әрі
мониторингімен кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.
21. Кредиттерді беру Қағидалардың осы тарауында қарастырылған тәртібінде жүзеге асырылады
.
4-тарау. Мониторинг
22. Қатысушылар кредитті/микрокредитті алған күннен бастап күнтізбелік 90 күннің ішінде
кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды қоса беріп растайды.
Жаңа жұмыс орнын құру кредитті/микрокредитті алған күннен бастап күнтізбелік 180 күннің ішінде
жасалған еңбек шартымен расталады.
23. Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсатын өзгерту немесе кредитті/микрокредитті
мақсатты пайдалануды растау мерзімін/игеру мерзімін ұзарту кредит берушімен келісім бойынша
жүзеге асырылады.
24. Егер Қатысушы осы Қағидалардың 22-тармақта көрсетілген мерзім ішінде мақсатты
пайдалануын және жұмыс орындарын құруын растамаған жағдайда Қатысушы мен кредит беруші
арасындағы шартта көрсетілген мөлшерде Қатысушы айыппұл төлейді және алынған қаражатты толық
көлемде Кредит берушіге қайтарады.
25. Кредит беруші ішкі құжаттарға және қарыз алушылармен шарттың талаптарына сәйкес
Қатысушы кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануын толық расталғанға дейін қаржыландырылған
жобалардың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
26. МҚҰ/КС ай сайын есептіден кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде берілген
микрокредиттер бойынша ақпаратты микрокредит беру ұйымына ұсынады. Микрокредит беру ұйымы мен "
АШҚҚҚ" АҚ ай сайын есептіден кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы
басқармасына берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша ұсынады.
27. Ауыл шаруашылығы басқармасы кредит берушілердің қаражатты уақытылы игерулерінің
мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады. Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ-ның
есептері негізінде есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ай сайын халықты жұмыспен
қамту орталықтарына және Уәкілетті органға берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады,
жарты жылдың және есепті жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты есептіден кейінгі айдың 10-
күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты негізінде ай сайын есептіден
кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті
органға берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады.
28. Микрокредитті мақсатты пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша МҚҰ/КС есептіден
кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына микрокредиттерді мақсатты
пайдалану туралы тоқсан сайынғы есепті осы Қағидаларға
сәйкес нысан бойынша ұсынады
3-қосымшаға
.
29. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ микрокредиттерді мақсатты пайдалану туралы
есепті ауыл шаруашылығы басқармасына тоқсан сайынғы негізде есептіден кейінгі айдың 20-күніне
дейінгі мерзімде осы Қағидаларға
сәйкес нысан бойынша ұсынады.
3-қосымшаға
30. Берілген кредиттер бойынша есептік ақпарат Қағидалардың осы тарауында қарастырылған
тәртіппен және мерзімде ұсынылады.
Шағын қалаларда және
ауылдық елді мекендерде
Достарыңызбен бөлісу: |