Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы



жүктеу 289,24 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата14.05.2018
өлшемі289,24 Kb.
#13009
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      22. Кепілдік беруші МҚҰ/КС құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс 

күні ішінде өз бетімен кепілдік берушінің ішкі құжаттарымен белгіленген рәсімге сәйкес алынған 

құжаттарды қарап, кепілдік беру (бермеу) туралы шешім шығарады.

      23. Берілген құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат ұсыну қажет болған 

жағдайда, кепілдік беруші МҚҰ/КС анықталған ескертулерді және/немесе ақпаратты беру туралы 

сұрауды жолдайды. Бұл ретте Кепілдік берушінің өтінімді қарау процесі тоқтатылады.

      24. Өтініштерді қарастыру қорытындылары бойынша, Кепілдік беруші микрокредит бойынша 

кепілдік беру туралы шешім қабылдайды және жаубын МҚҰ/КС жолдайды.

      25. Кепілдік беру бойынша Бағдарламаға қатысушы теріс шешім алған жағдайда,оған жазбаша 

дәлелді жауап беріледі.

      26. Кепілдік берушінің МҚҰ/КС кепілдік мүмкіндігі туралы оң шешім болған кезде кепілдік 

берушіге кредит/микрокредит беру, кепілді рәсімдеу туралы қол қойылған құжаттар көшірмелерін 

жолдайды.

      27. Кепілдік беруші өзіндік кепілдендіру талаптарымен оң шешім қабылдауға құқылы.

      28. МҚҰ/КС микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың көшірмесін алғаннан кейін 

кепілдік беруші МҚҰ/КС жолдайтын кепілдендіру шартын үш данада рәсімдеп, қол қояды.

      29. МҚҰ/КС және кәсіпкер кепілдендіру шартын жасасып және шарттың данасын кепілдік 

берушіге береді.

      30. Кепілдендіру шартын рәсімдеп, қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін МҚҰ/КС кәсіпкерге 

микрокредит беруді жүзеге асырады.

      31. Шығарылуы жоспарланатын кепілдікке төлем жасау мақсатында ЖАО кезекті жылдың басында 

кепілдендіруге бөлінген микрокредит сомасынан 50 %-ды кепілдік берушіге аударады.

      32. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға кепілдендіруге 

бөлінген қаражаттың қалған бөлігі келесі жолмен кепілдік шарттарын жасауға қарай, жыл бойы 

кепілдік берушіге аударылған, қаражаттың бірінші жартысын толық игергеннен кейін Кепілдік 

берушіге аударылады:

      1) кепілдендіру шартын жасағаннан кейін кепілдік беруші осы Қағидаларға 

 

3-қосымшаға



сәйкес нысан бойынша өтінімді ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға 

жолдайды;

      2) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган кепілдік берушіден 

кепілдендіру шартын жасасу туралы өтінім алғаннан кейін кепілдік берушінің ағымдағы шотына 

кепілдіктердің сомасынан 30 % мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.



      33. Осы Қағидалар шеңберінде кепілдендіруге бөлінген және кепілдік берушінің ағымдағы 

қаржы жылында пайдаланбаған қаражаты ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы 

органға қайтарылады.

      Жобаларды кепілдендіруге бөлінген бюджет қаражаттары жетіспеген жағдайда, ауыл 

шаруашылығы мәселері бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылында жобаларды 

кепілдендіруді тоқтатқаны туралы хабардар етеді.

      34. Кепілдендіру бойынша төлем кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша МҚҰ/КС, кәсіпкердің және 

кепілдік берушінің арасындағы шартқа сәйкес, микрокредитті қайтару бойынша МҚҰ/КС жұмысын 

растайтын құжаттарды қоса бере отырып, МҚҰ/КС өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      35. МҚҰ/КС пайдасына кепілдендіру бойынша төлем микрокредит бойынша мерзімі өтіп кеткен 

сәттен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң жүзеге асырылады.

4-тарау. Мониторинг

      36. Кепілдік беруші бизнес жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы, оның 

функцияларына мыналар жатады:

      1) МҚҰ/КС және/немесе қатысушы беретін деректер мен құжаттар негізінде, сонымен қатар 

кәсіпкерге өз бетімен бару кезінде алынған, өзінің деректері негізінде кепілдендіру шарты 

жасалған қатысушының мониторингісі;

      2) МҚҰ/КС беретін деректер немесе өзге дұрыс дереккөздер негізінде кәсіпкердің төлем 

тәртібінің мониторингі.

      37. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін кепілдік беруші кәсіпкер мен МҚҰ/КС 

Бағдарлама шеңберінде мониторинг тақыбырына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, ал

кәсіпкер мен МҚҰ/КС береді. Кепілдік беруші оны іске асыру орнына барып, жобаны іске асыру 

мониторингісін өз бетімен жүзеге асырады.

      38. Кепілдік беруші кепілдіктің күшін микрокредитті мақсатқа сай пайдаланбау, Бағдарлама 

талаптарын бұзу, кепілдендіру шартында кепілдік берушінің кепілдікті беру туралы шешімімен 

белгіленген талаптарын орындамау фактілері анықталған кезде, кепілдік шартында және Қазақстан 

Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда жоюға құқылы.

      39. МҚҰ/КС кәсіпкер жобасын іске асырылуына келесілерден тұратын мониторингті жүзеге 

асырады:


      1) ай сайын – ағымдағы мониторинг;

      2) жыл сайын – МҚҰ/КС ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте және міндетті тәртіпте 

жобаның іске асырылу барысы туралы ақпараттан тұратын (бизнес-жоспарға сай) кәсіпкер жобасының 

іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі.




      40. МҚҰ/КС қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сонымен 

қатар меншік құқықтарының бір уақытта сатылуы немесе бір уақытта өтуі және/немесе МҚҰ/НС 

акцияларының /үлестерінің 10 % астамын иелену және пайдалану құқықтарының өтуі туралы жазбаша 

түрде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      41. Осы Қағидалардың 

 сәйкес кәсіпкердің жобаны (-ларын) іске асыру барысына

4-қосымшасына

ағымдағы мониторинг туралы есепті МҚҰ/КС Кепілдік берушіге ай сайынғы негізде жазбаша түрде 

есептік кезеңнен кейінгі айдың бірінші күнінен кешіктірмей береді және Кепілдік беруші 

белгіленген жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жолданады.

      42. Кепілдік беруші МҚҰ/КС есептері негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 3 күніне 

дейін ай сайын ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға берілген 

кепілдіктер ескеріліп, елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және 

шағын қалаларда берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган кепілдік берушінің есептері

негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне дейін ай сайын халықты жұмыспен қамту 

орталықтарына және Уәкілетті органға ақпарат береді. Жарты жылдың және есепті жылдың 

қорытындысы бойынша есептіден кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ақпаратты береді.

      Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның ақпараты

негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейін ай сайын халықты жұмыспен қамту 

мәселелері бойынша уәкілетті органға берілген кепілдіктер бойынша ақпарат береді.

 

Ауылдық жерлерде және



шағын қалаларда

микроқаржы ұйымдары

және кредиттік

серіктестіктер беретін

микрокредиттер бойынша

кепілдік беру

қағидаларына

1-қосымша

 

"КазАгроКепіл"



 

акционерлік

 

қоғамы


 

_______________________

 

___________________ -нен



Кепілдік сомасын есептей отырып кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімді хат

      " " микроқаржы ұйымы / кередиттік серіктестік 20_ ж. _____ келесі талаптармен Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 

 бекітілген Нәтижелі 

қаулысымен

жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде микрокредитті беру

туралы оң шешім қабылданғанын хабарлайды:

1

Қарыз алушының толық 



атауы


жүктеу 289,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау