15) ісін жаңа бастаған кәсіпкер - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік
тіркелген мерзімі микрокредит үшін МҚҰ/КС өтініш берген сәтте кемінде 3 жылды құрайтын кәсіпкер
.
2-тарау. Кепілдік беру шарттары
3. Кепіл беру үшін қатысушылардың келесі критерийлерге әйкестілігі боку керек:
1) Бағдарлама шеңберінде қорландырылатын МҚҰ/КС арқылы ауылдық елді мекендерде (олардың
әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда бизнес ашу, жұмыс істеп отырған
бизнесті кеңейту, кооперативтер құру үшін микрокредитке мақұлдау алған Бағдарлама қатысушылары;
2) микрокредит алуға өтініш берген күні алдында, соңғы есептілік күніне салықтарды төлеу
берешектері, бюджетке міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері жоқ, қаржы институтары алдында мерзімі өткен
берешектері жоқ кәсіпкерлер.
4. Бағдарлама шеңберінде орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кепілдендіру қатысушылары
бола алмайды.
5. Кепілдендіруге:
1) ұйымдардың және кәсіпорындардың үлесін сатып алуға бағытталған;
2) мемлекеттік даму институттары тікелей берген;
3) жер учаскелерін сатып алуға арналған;
4) жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, оны салуға берілген;
5) тұтынушылық мақсаттарға берілген;
6) овердрафт түріндегі;
7) акцизделетін өнімді өндіруге бағытталған;
8) бұрын алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға немесе өтеуге бағытталған;
9) Бағдарлама қатысушыларына бұрын келтірілген шығындарды өтеу, Бағдарлама қатысушыларының
жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды
тұлғалар мен Бағдарламаға қатысушы жұмыскерлерден қаржылық көмек алуына байланысты туындаған
берешекті өтеуге;
10) делдал қызметтерге ақы төлеуге;
11) бағалы қағаздарды сатып алуға (қоржын инвестициялары);
12) үлестес тұлғалардан (байланысқан компаниялардан) негізгі құралдарды, активтерді сатып
алуға;
13) тіркелген/оффшорлық аймақтарда ашылған контрагенттердің банк шотының деректемелері
және/немесе заңды тұлға туралы ақпарат болатын, кез-келген шарттарға/келісімшарттарға/
келісімдерге төлем жасауға микрокредиттер жатпайды.
6. Кепілдендіру Бағдарлама шеңберінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МҚҰ/КС беретін, тек
жаңа микрокредиттер бойынша ғана беріледі.
7. Кепілдендіру жылына 6 %-дан аспайтын сыйақының номиналды мөлшерлемесімен
микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырыла алады.
8. Кепілдендіру жүзеге асырылатын, бір жоба бойынша МҚҰ/КС микрокредит сомасын қоса
алғанда, 8000 АЕК аса алмайды.
9. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері микрокредит сомасынан 85 %-нан артық
бола алмайды. Қалған микрокредит сомасынан 15 % қатысушы кепілдік қамтамасыз етеді.
10. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасынан 50 %-
дан артық бола алмайды. Қалған микрокредит сомасынан 50 % қатысушы кепілдік қамтамасыз етеді.
11. Кепілдендіру кепілдік бойынша оның міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге
шығарылған кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.
12. Кепілдендіру шарты жасалатын микрокредит қамтамасыз етуді микрокредит беру туралы
өзіндік шарт түрінде, соның ішінде кепілдік түрінде көрсете отырып, ресімделуге тиіс.
13. Комиссия көлемі микрокредиттер бойынша кепілдік беру жергілікті атқарушы органдардан
кепілдік көлемінен 30% құрайды және жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат
есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
14. МҚҰ/КС микрокредиттер бойынша кепілдіктерді әрі қарай беруі келесі жағдайларда
тоқтатылады:
1) Кепілдік берушінің кепілдігімен құрылған, МҚҰ/КС талаптар шегінен кепілдік берушінің
төлегені кредит қоржыны көлемінен (берешек қалдығы) 10%-ға асқан кезде;
2) микрокредит бойынша берілген кепілдік комиссия төлемі бойынша ЖАО жасалған шартты
бұзуы;
3) МҚҰ/КС микрокредит беру ұйымдарын қорландыруды тоқтатуы.
15. Кепілдік беруші іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық кампаниясын өткізуге және
өзінің ресми интернет ресурсында Бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға құқылы.
16. Кепілдік беруші келесі жағдайларда кепілдікті беруден бас тартуға құқылы:
1) жобаның экономикалық орынсыздығы және тиімсіздігі;
2) жобаның Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі;
3) Бағдарламаға қатысушының және олармен үлестес заңды және жеке тұлғалардың жағымсыз
кредиттік тарихының болуы;
4) микрокредит бойынша берілген кепілдік комиссия төлемі бойынша ЖАО жасалған шартты
бұзуы;
5) МҚҰ/КС микрокредит беру ұйымдарын қорландыруды тоқтатуы.
17. Кепілдендіру микрокредит бойынша негізгі қарыз сомасы шегіндегі субсидиарлық
жауапкершілік шарттарында беріледі.
18. Кепілдік беруші шешімімен микрокредит (-тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін
мүлік сақтандыруға жатады.
3-тарау. Бағдарлама қатысушыларының кепіл беру үшін өзара іс-қимыл тәртібі
19. Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға өтінішпен МҚҰ/КС жүгінеді.
20. МҚҰ/КС Бағдарлама қатысушысының өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткілікті
болмаған жағдайда, кепілдік берушінің жартылай кепілдігі бойынша микрокредит беру мүмкіндігі/
мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
21. Оң шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ/КС кепілдік берушіге өтініш жасап мыналарды:
1) Осы Қағидаларға
сәйкес нысан бойынша кепілдік сомасын есептей отырып,
1-қосымшаға
микрокредит беру мүмкіндігі туралы оң шешіммен хат;
2) Осы Қағидаларға
сәйкес кәсіпкерлік сараптамасын жүргізу үшін МҚҰ/КС
2-қосымшаға
кепілдік берушіге беретін құжаттар тізбесінде көрсетілген қажетті құжаттарды береді.
Достарыңызбен бөлісу: |