Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы



жүктеу 289,24 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата14.05.2018
өлшемі289,24 Kb.
#13009
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 

министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет 

министрлігінде 2017 жылғы 14 наурызда № 14892 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 

 бекітілген 

қаулысымен

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 

159-1)


159-2

, 159-3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 желтоқсандағы 

)

№ 919 


 бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 

қаулысымен

– 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 

 сәйкес Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит 

1-қосымшаға

беру және микрокредит беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 

 сәйкес Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы 

2-қосымшаға

ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 

 сәйкес Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын 

3-қосымшаға

субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы

құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен 

бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми 

жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік 

құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 

интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары – 

Қазақстан Республикасының

А. Мырзахметов



Ауыл шаруашылығы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 13 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 13 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 13 наурыз

 

Қазақстан Республикасы



Премьер-Министрінің

орынбасары - 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің



2017 жылғы 10 наурыздағы

№ 109 бұйрығына

1-қосымша

Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру 

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру 

қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 

желтоқсандағы № 919 

 бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті 

қаулысымен

дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты 

шеңберінде әзірленді және шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік 

бағыныстылығына қарамастан) кредит беру және микрокредит беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті 

орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді 

жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ауыл 

шаруашылығы басқармасы) – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті 

атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

      3) ауылдық елді мекендерінде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын 

қалаларда кредит беру/микрокредит беру жөніндегі шараларға қатысушылар (бұдан әрі - Қатысушылар

) – жұмыссыздар, халықты жұмыспен қамту орталықтарда тіркелуден қарамастан және өзін-өзі 

жұмыспен қамтығандар, мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері;

      4) ауыл шаруашылығы кооперативі – ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру 

шаруашылығы) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және 

материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредит беруде, сумен қамтамасыз етуде немесе 

кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік 

қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 

бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (

немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік 

кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы

бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз 

құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге

асыратын алқалы атқарушы орган;

      6) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек 

етуге дайын адамдар;




жүктеу 289,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау