1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11 12
Жиыны:
0
Лауазымды адам __________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
Жауапты қызметкер __________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Шағын қалаларда және
ауылдық елді мекендерде
кредит беру және
микрокредит беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалану туралы есеп
№
Кредит
берушінің
атауы
Түпкілікті
қарыз
алушының
атауы
Жеке
сәйкестендіру
нөмірі/
бизнес
сәйкестендіру
нөмірі
Жобаның
атауы
Кредит
берілген
күн
Кредит
беру
мерзімі
, айлар
Кредит
сомасы
,
теңге
Кредит
бойынша
сыйақы
мөлшерлемесі
Қарыз
қаражатының
нысаналы
мақсаты (
қарыз
қаражатының
әрбір
бағытының
атауы мен
сомасын
көрсете
отырып)
Қаражатты
іс жүзінде
мақсатты
пайдалану
(қарыз
қаражатының
әрбір
бағытының
атауы мен
сомасын
көрсете
отырып)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Жиыны:
Нысанның жалғасы
Іске асыру
орны (аудан,
қала)
Экономика
саласы
Бизнесті ашуға
/бизнесті
кеңейтуге
Кепілдік сомасы
(болған
жағдайда)
Жобаны жүзеге асыру
есебінен құрылатын жаңа
жұмыс орындары
12
13
14
15
16
Лауазымды адам __________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
Жауапты қызметкер __________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 109 бұйрығына
2-қосымша
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер
беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары мен кредиттік
серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген,
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған
(бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және ауылдық жерлерде және шағын
бағдарламасы
қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша
кепілдік беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті
орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
2) ауыл шаруашылығы кооперативі – ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және
материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредит беруде, сумен қамтамасыз етуде немесе
кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік
қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
бірлескен өндірістік және (немесе) өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе
) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік
кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
3) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын
басқару функциясын іске асыратын облыстың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз
құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге
асыратын алқалы атқарушы орган;
5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша микроқаржы ұйымға/ кредиттік
серіктестік алдында Кепілдік берушінің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
6) кепілдік беруші – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы;
7) кепілдендіру – кәсіпкердің микроқаржы ұйымдарға/кредиттік серіктестік алдында
микрокредит бойынша міндеттемелерін негізгі берешек сомасы шегіндегі субсидиярлық жауаптылық
шарттарында орындауын қамтамасыз етуде кепілдік берушілігін ұсынуды көздейтін мемлекеттік
қолдаудың түрі;
8) кепілдендіру шарты – осы Қағидалар шартына сәйкес кепіл ұсыну туралы кепілдік беруші,
кәсіпкер және микроқаржы ұйымдар/ кредиттік серіктестіктер арасында жасалған үшжақты жазбаша
келісім;
9) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және/немесе заңды тұлғалар өз
қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның ішінде банктік қызмет көрсетуге деген
қажеттіліктерін олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында
тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
10) қаржы институты – банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар екінші
деңгейдегі банктер, кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен
кредиттік серіктестіктер;
11) қатысушылар – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын кәсіпкерлік
субъектілері мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері;
12) микрокредит – микроқаржы ұйымдарының/кредиттік серіктестіктердің ақылылық,
мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз ету шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық
валютамен микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға берілетін қарыз қаражаты;
13) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;
14) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, әділет
органдарында мемлекеттік тіркелуімен ресми мәртебесі анықталатын және есептік тіркеуден өтуімен
, кредиттер/микрокредиттер беру қызметін, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26
қарашадағы Қазақстан Республикасының
(бұдан әрі – Заң) рұқсат етілген қызметтің қосымша
Заңымен
түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;