7) кепілдік беруші – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы;
8) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша Кредит беруші алдындағы кепілдік
берушінің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
9) кредит беруші – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі
– "АШҚҚҚ" АҚ), микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік;
10) микрокредит – микроқаржы ұйымдары /кредиттік серіктестіктер/ "АШҚҚҚ" АҚ Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу
шарттарында микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;
11) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз
қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық құралдарға, оның ішінде банктік көрсетілетін
қызметтерге қажеттіліктерін, олардың ақшасын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
12) қарыз – Кредиттік келісім негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және
мақсатты пайдалану шарттарында микрокредит беру ұйымы микроқаржы ұйымдарына және кредиттік
серіктестіктерге беретін ақша сомасы. Қарыз бір сомамен және бөлшектермен (траншпен) берілуі
мүмкін;
13) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
14) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;
15) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми
мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен
айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы"
Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды
тұлға;
16) стартап жобалары – Бағдарламаға қатысушыларының бизнес жобалары, оның заңды тұлға
ретінде/жеке кәсіпкердің ресми мәртебесі мемлекеттік тіркелуінің мерзімі несие берушіге шағын
несиені алу үшін өтініш білдірген уақытта бір жылдан кем уақытты құрайды;
17) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен),
жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері,
отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері және жалдамалы
жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер (оның ішінде жеке кәсіпкерлік, шаруа
қожалықтар, фермерлік қожалықтар, жеке қосалқы шаруашылық) қатарындағы жеке тұлғалар;
18) үміткер – оған шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік
бағыныстылығына қарамастан) кредит беру/микрокредит беру жөніндегі шараларға қатысушы
мәртебесін беруге өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде кредит немесе микрокредит алуға
үміткер жеке тұлға заңды тұлға;
19) халықты жұмыспен қамту орталығы – "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6
сәуірдегі Қазақстан Республикасының
сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
Заңына
шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы орган құратын мемлекеттік мекеме;
20) шағын қала – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728
бекітілген, Өңірлерді дамытудың 2020 дейінгі бағдарламасына
көрсетілген
қаулысымен
2-қосымшада
халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;
21) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік
тіркелген мерзімі микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге кредит/микрокредит үшін
жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер.
2-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру
шарттары
3. Қатысушыларға микрокредиттерді шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың
әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) кредит берушімен бюджеттік қаражат есебінен беріледі.
Уәкілетті орган қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық шарттарында жылдық 0,01% сыйақы
мөлшерлемесімен 7 жылға микрокредит беру үшін бюджеттік кредит түрінде ЖАО қаражат бөледі.
4. ЖАО бюджеттік кредит қаражатын микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ ұсынады
және азаматтық заңнамаға сәйкес мынадай шарттарда қарыз беру шарттарын жасасады:
1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан артық емес;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01%;
3) игеру кезеңі – 12 ай;
4) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларына кредит беру/микрокредит
беру, Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларына кредит беру/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС-ні
қорландыру.
5. Микрокредит беру ұйымы МҚҰ/КС-ге қарыз ұсынады, азаматтық заңнамаға сәйкес МҚҰ/КС-пен
мынадай шарттарда кредиттік келісім жасасады:
1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз
етілу шарттарында немесе қаржылай тұрақты МҚҰ мен КС үшін қамтамасыз етусіз жүзеге асырылады;
2) кредит беру мерзімі – 7 жылдан артық емес;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 %-ға дейін;
4) игеру кезеңі – микроқаржы беру ұйымынан қарыз алған сәттен бастап 12 ай;
5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларына кредит беру/микрокредит
беру.
Микрокредит беру ұйымдары МҚҰ/КС және "АШҚҚҚ" АҚ үшін негізгі берешекті өтеу бойынша
кредит беру мерзімінің ұзақтылығынан үштен бірінен артық емес мерзімге жеңілдік кезеңін ұсынады
.
6. ЖАО ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын
қалаларда микрокредит беруді ұйымдастыру үшін ЖАО-ға ұсынылған бюджеттік кредит қаражатының
көлемдерін одан әрі микрокредит беру үшін "АШҚҚҚ" АҚ және микрокредит беру ұйымы арасында бөлу
жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады.
ЖАО бюджеттік кредит қаражатының көлемдерін бөлу жөніндегі ұсыныстары "АШҚҚҚ" АҚ-мен және
микрокредит беру ұйымымен келісіледі.
Бұл ретте, микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуын ЖАО дербес айқындайды. Бір
облыста микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ бір уақытта қатысуына жол беріледі.
7. Микрокредиттер Қатысушыларға мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, нысаналы пайдалану
қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда ұсынылады:
1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл
шаруашылығы кооперативтерін құру үшін микрокредит мерзімі - 7 жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8000 айлық есепті көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК)
дейін;
3) микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан артық емес;
4) кредит берушінің шешімі бойынша қарыз алушыға негізгі берешегі мен сыйақысын өтеу
бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен артық емес кезеңге жеңілдік
ұсынылады;
5) Қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарты салық заңнамасына сәйкес оның салық
органдарында тіркелуі болып табылады;
6) микрокредиттердің мерзімі мен сомасы микроқаржы ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ-ның кредиттік
өнімдерімен бекітілетін, Бағдарламаға қатысушылардың қызмет бағыттарына сәйкес анықталады.
8. МҚҰ/"АШҚҚҚ" АҚ-ға дербес кәсіпкердің микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі
бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, дербес
кәсіпкердің қарызбен/микрокредитімен байланысты қандайда бір комиссиялар, алымдар және/немесе
Достарыңызбен бөлісу: |