Бойынша гендерлік зерттеуі 1 Қысқаша шолу



жүктеу 54,06 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі54,06 Kb.
#16271


 

Еуропалық Одақтың Орталық Азия

 

бойынша 

гендерлік зерттеуі 



Қысқаша шолу 

Хелен  Дубок  (топ  жетекшісі)  пен  Дильбар  Турахановадан  (гендердлік  мәселелер  жөніндегі 

сарапшы) тұратын кеңесшілік топ 2017 жылдың ақпан – наурыз аралығында Қазақстан бойынша 

гендерлік  зерттеу  жүргізді.  Зерттеу  мақсаты  –  ресми  және  бейресми  деңгейдегі  гендерлік 

теңсіздіктің сақталған-сақталмағандығын анықтап, гендерлік жағдайды жақсарту, сонымен қатар 

Еуропалық Одақ көмегімен кемсітушілікті жою бойынша мемлекетке нақты ұсынымдар беру үшін 

Еуропалық Одаққа Қазақстандағы гендерлік жағдай жөнінде шолу ұсыну болды. 

Қазақстанда  әлі  күнге  дейін  толыққанды  гендерлік  талдау  жасауға  кедергі  келтіретін  білім  мен 

ақпараттағы  елеулі  кемшіліктер  бар.  Жынысы  мен  жасы  бойынша  облыстардан  келетін 

топтастырылған  сенімді  деректердің  айтарлықтай  жетіспеушілігі  байқалады.  Халықаралық 

міндеттемелер мен ұлттық заңнамаға сәйкес әйелдер мен ер адамдардың тең құқықтарының іс 

жүзінде  іске  асырылуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  Қазақстан  өз  саясатының  аясында  2016 

жылы  "Қазақстан  Республикасының  отбасылық  және  гендерлік  саясат  Концепциясын"  бекітті. 

Бірақ,  Қазақстанда  мемлекеттік  саладағы  гендерлік  теңсіздік  мәселесінің  шешімі  бүгінгі  таңға 

дейін  табылмай,  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  секторларда  әйелдер  мен  ер  адамдар 

үшін  тең  дәрежедегі  нәтижелер  қамтамасыз  етілмеген.

1

 

Қазақстан  білімге  қолжетімділік 



бойынша  гендерлік  паритетке  жетіп  қалды  деуге  болады:  жоғарғы  оқу  орындарында 

студенттердің басым бөлігін әйелдер құрайды (магистратура бөлімінде 64 пайыз, докторантура 

бөлімінде  58  пайыз).  Жұмыспен  қамтылу  мен  күндізгі  оқу  салаларында  әйелдер  санының  көп 

болуына  қарамастан,  қазақ  қоғамында  әйел  мен  ер  адамның  рөлі  туралы  дәстүрлі  көзқарас 

басым. Отбасындағы міндеттер бөлінісі қатаң болып қалуда, сөйтіп, үй шаруасына байланысты 

және  жұмыс  орнындағы  тапсырмаларды  орындаудың  нәтижесінде  әйелдердің  үлесіне  түсетін 

жұмыс ауыртпалығы арта түседі. 

2006  жылы  құрылған  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  жанындағы  Әйелдер  істері  және 

отбасылық-демографиялық  саясат  жөнiндегi  ұлттық  комиссия  Қазақстанның  гендерлік  теңдік 

жөніндегі  стратегиясын  жүзеге  асыратын  негізгі  ұйым  болып  табылады.  Комиссия  жоғары 

деңгейлі  болғанымен,  тек  кеңесші  ұйым,  сондықтан  гендерлік  тәсілдемені  әртүрлі  салаларға 

біріктіру  немесе  гендерлік  теңдік  саясатының  жүзеге  асырылуын  тиімді  қадағалау  өкілеті  мен 

тікелей әлеуеті жоқ. Қазақстанда кешенді гендерлік тәсілдеме гендерлік теңдікті қамтамасыз ету 

құралы  ретінде  тиісті  деңгейде  түсінілмей,  барлық  салаларға  енгізілмеді.  Жергілікті  деңгейде 

мемлекеттік  емес  ұйымдар  және  халықаралық  ұйымдар  басқарған  бірнеше  жекеленген 

гендерлік  бюджеттендіру  бойынша  бастамалар  іске  асырылды,  бірақ  олардың  қолданысы 

шектеулі болды. Дегенмен, жаңа гендерлік бюджеттендіру барлық секторларда қолданылуы тиіс 

негізгі басым бастама ретінде "Гендерлік және отбасылық саясат концепциясына" енгізілді. 

Қазақстанда  жасөспірімдердің  өз-өзіне  қол  жұмсау  көрсеткіші  өте  жоғары.

2

 



Екі  онжылдықта  - 

1990-


1999  жж.  және  2000-2009  жж.  -  бұл  көрсеткіш  10-14  жас  аралығындағы  ұл  балалар  үшін 

әлем  бойынша  ең  жоғары  болса  (100  000  адамға  шаққанда  8,53),  қыз  балалар  бойынша 

әлемдегі төртінші көрсеткіш болды (100 000 адамға шаққанда 2,86). Ұл балалардың өз-өзіне қол 

                                                

1

 

Қазақстанның  іскер  әйелдер  қауымдастығы  (2016),  Қазақстан  Республикасының  2006-2016  жылдарға 



арналған Гендерлік теңдік стратегиясының жүзеге асырылуын бағалау, 11-15 б. 

2

 



Кайри Колвес және Диего де Лео (2014), "Әлем бойынша 10-14 жас аралығындағы балалардың өз-өзіне 

қол жұмсау көрсеткіштері: соңғы екі онжылдықта орын алған өзгерістер",  Аустралия өз-өзіне қол жұмсауды 

зерттеу  және  алдын  алу  институты,  Өз-өзіне  қол  жұмсаудың  алдын  алу  жөніндегі  ұлттық  озық  тәжірибе 

орталығы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өз-өзіне қол жұмсау мәселелерін ғылыми зерттеу мен 

оқыту 

жөніндегі 



ынтымақтастық 

орталығы, 

Гриффит 

Университеті, 

Квинсленд, 

Аустралия. 

Ұлыбританияның психиатрия туралы журналында жарық көрген. 



 

жұмсау оқиғалары көп болғанымен, соңғы екі жылда қыздардың өз-өзіне қол жұмсау саны артып 



келеді.  Балалардың,  әсіресе,  ауылдық  жердегі  қыздардың  өз-өзіне  қол  жұмсауы  келесі 

себептерге  байланысты:  неке  қиюдың  дәстүрлі  нормалары,  жыныстық  репродуктивті 

құқықтарды  мойындамау  және  некесіз  жүктілік.  Қыздардың  ерте  тұрмыс  құруы  -  Қазақстанда 

ешкімге құпия емес жағдай, және оған, тіпті, мемлекеттік лауазымдағы ер адамдар да барады. 

Мұның  қыздарға  тигізетін  әсері  жойқын.  Олар  оқуын  аяқтамайды,  нәтижесінде  мамандықсыз 

қалады.  Қазақстанда  қырғыз,  күрд,  түрік  және  әзірбайжан  сияқты  этникалық  топтар  арасында 

қалыңдықты  алып  қашу  өте  кең  таралған  жағдай.  Жас  қыздарды  алып  қашудан  отбасы  да 

қорғап қала алмайды. 

Қазақстанда  әйелдер  арасында  жұмыспен  толық  қамтылмау  мен  жұмыссыздық  көрсеткіштері 

айтарлықтай  жоғары.  Есептеулерге  сәйкес  екі  миллион  әйел  "өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған" 

санатына  жатады.  Шын  мәнінде,  бұл  бейресми  түрде  жұмыспен  қамтылған  немесе  бейресми 

секторда  жұмыс  істейтін  әйелдер,  олар  жүкті  болғанда  және  босанғанда  берілетін  жәрдемақы, 

науқас  болған  жағдайда  берілетін  жәрдемақы,  зейнетақы  сияқты  барлық  әлеуметтік 

кепілдіктерден шет қалады. 

Сонымен  қатар,  еңбек  нарығында  әйелдерді  сатылас  және  көлденең  кемсітушілік  бар.  Ер 

адамдармен  салыстырғанда  әйелдердің  білім  деңгейі  жоғары  болғанына  қарамастан,  әйел 

жұмыс  күші  негізінен  білім  беру,  денсаулық  сақтау  және  қызмет  көрсету  сияқты  дәстүрлі  үш 

салада  шоғырланған.  Қазақстанда  ауылдық  жердегі  әйелдер,  әсіресе,  ерте  тұрмыс  құруға 

мәжбүр болған немесе білім деңгейі төмен әйелдер халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған 

тобының  елеулі  бөлігін  құрайды.  Жалпы,  ауылдық  үй  шаруашылықтары  жұмыссыздықтың 

жоғары  деңгейі  мен  табыстың  төмен  болуынан  зардап  шегіп  отыр,  сондықтан  үй 

шаруашылықтарының басым бөлігі үшін маусымдық жұмыс жалғыз табыс көзі болып табылады. 

Ауылдық  жердегі  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылықтың  басты  себебі,  негізінен,  тұрмыстық 

кедейлік және әйелдер үшін мүмкіндіктердің жоқтығы.  

Қазақстанда гомофобтық көзқарас сақталған. ЛГБТ өкілдері, әсіресе,  гомосексуалдар қоғамның 

ең  қатты  қысым  көрсетілетін  тобы  екендігі  белгілі.

3

 

Сонымен  қатар,  Қазақстанның  ЛГБТ 



өкілдерін  олардың  жыныстық  көзқарасына  байланысты  зорлық-зомбылық,  кемсітушілік

4

 



және 

полицияның  заңсыз  тұтқынға  алуынан  қорғай  алмағандығы  туралы  ақпарат  бар.  Бұған  қоса, 

медицина  мамандары  ЛГБТ  өкілдеріне  олардың  жыныстық  көзқарасы  үшін  көмек  көрсетуден 

бас тартқан.

5

 

Қоғамдық  және  жеке  саладағы  гендерлік  теңдік  мәселесі  Кеңес  Одағы  кезінен  бері  алға 



баспаған  тәрізді.  Дегенмен,  ресми  түрде  гендерлік  теңдік  Кеңес  Одағы  заманынан  кейінгі 

кезеңде мемлекеттік саясатқа енгізілген болатын. 

Халықаралық  талаптар  мен  стандарттарға  жауап  беретін  жетістіктер  де  бар  (саяси  өмірге 

әйелдердің  қатысу  көрсеткіші  артып  келеді).  Бірақ  шын  мәнісіне  келгенде  қоғам  мен 

мемлекеттегі  патриархаттық  жүйені  жеңу  үшін  гендерлік  теңдік  күн  тәртібі  жеке  өмір  саласын 

қамтыған  жоқ.  Қазақстанда  гендерлік  теңдікке  қол  жеткізу  жолындағы  ең  басты  кедергілер  – 

гендерлік  теңдік  саясатын  салалық  министрліктерде,  үкіметте  және  Әйелдер  істері  және 

отбасылық-демографиялық 

саясат 

жөнiндегi 



ұлттық 

комиссияда 

жүзеге 

асырудың 



институционалдық әлеуеттің жоқтығы. Гендерлік теңдік туралы заңнама жалпы ұлттық көлемде 

жеткілікті деңгейде сақталмайды. Саяси құжаттарда да заңнамалық кемшіліктер бар. "Қазақстан 

–  2030",  "Қазақстан  –  2050"  және  "100  қадам"  сияқты  мемлекетке  2050  жылға  қарай  жол 

көрсетуге  тиісті  деген  барлық  негізгі  стратегиялық  құжаттар  гендерлік  мәселелерді  мүлдем 

қарастырмайды.  Ауылдық  жерлерде  гендерлік  теңдікке  қол  жеткізудегі  тағы  бір  кедергі  – 

әлеуметтік  нормалар.  Осындай  нормалардан  қыз  алып  қашу  және  қыздардың  ерте  тұрмыс 

                                                

3

 



АҚШ Мемлекеттік департаменті (2014)  "2013 жылғы адам құқықтарын қорғау тәжірибесі жөніндегі елдер 

бойынша есеп – Қазақстан", 2014 жылғы 27 ақпан, АҚШ

 

 

4



 

Хьюман Райтс Уотч (2015) "Өзімнің ешкім екенімді түсінген кезім осы", Қазақстандағы ЛГБТ өкілдері өмір 

сүретін қорқыныш атмосферасы", ISBN 978-1-6231-32637. АҚШ. 

5

 



Хьюман Райтс Уотч (2015) "Өзімнің ешкім екенімді түсінген кезім осы", Қазақстандағы ЛГБТ өкілдері өмір 

сүретін қорқыныш атмосферасы", ISBN 978-1-6231-32637. АҚШ. 




 

құруы сияқты жағымсыз құбылыстар бастау алады. Қазақстанда патриархаттық көзқарас басым. 



Бүгінгі күнде де өзекті болып қалған 2010 жылы өткізілген жағдайды бағалау деректеріне сәйкес 

"бұл терминмен [гендер] таныс үкімет қызметкерлері оны тек әйел мәселелерін шешу немесе ер 

адамдар мен әйелдердің үкімет комитеттері мен кеңестерінде тең қатысуын қамтамасыз ету деп 

түсінеді".

6

 

Қазақстанда  гендерлік  теңдік  әйелдерге  салыстырмалы  тар  шеңберлі  салаларда 



көмек  көрсетуге  теңестіріледі,  ал  әйел  жағдайын  жақсарту  мемлекеттің  әйелдерге  ана  ретінде 

әлеуметтік  қорғау  жөніндегі  міндеттерін  атқару  деп  қарастырылады.  Осылайша,  кемсітушілік 

тәжірибесіне қарсы тұру мен әйелдердің де, ер адамдардың да тең мүмкіндіктерін қамтамасыз 

ету  мәселесіне  аз  көңіл  бөлінеді.  Бұл,  бір  жағынан,  тұжырымдаманы  дұрыс  түсінбеушіліктің 

салдарынан.

7

 



Қазақстандағы гендерлік теңсіздік немесе әйелдердің қорғалмағандығына ерекше 

мән  берілетіндігінің  еш  дәлелі  жоқ,  ал    бағдарламалар  әйелдер  мен  ер  адамдардың  жеке  топ 

ретіндегі  өмірі  үшін  нақты  пайда  мен  салдарын  бақылау  индикаторларын  қамтымайды. 

Гендерлік  мәселеге  арнайы  бағытталған  көрсеткіштердің  жоқтығы  бұл  саладағы  ілгерілеуді 

бағалаудың  мүмкін  еместігін  білдіреді.  Шын  мәнінде,  гендерлік  теңдіктің  құқықтық  кепілдігі  мен 

нақты өмір және тәжірибе арасындағы айырмашылығы анық. 

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ гендерлік теңдік мүддесі аясында іс-әрекет етуге құқылы басқа 

субъектілердің  көмегімен  гендерлік  теңдік  пен  әйелдердің  құқықтары  мен  мүмкіндіктерін 

кеңейтуді  (GEWE)  насихаттайтын  институт  ретінде  қарастырылмайтындығына  қарамастан,  ол 

үкіметке ықпалы бар саяси тетік деп  қабылданады. Қаржылық шығынсыз  гендерлік мәселелер 

бойынша тиімді саяси диалог жүргізу мүмкіндіктері бар. Еуропалық Одаққа құлақ асады және ол 

гендерлік  теңдікті  алға  бастыру  мақсатында  өзінің  саяси  беделін  іске  қосуға  қабілетті.  ЕО 

белгілеген  II  гендерлік  теңдікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-әрекет  жоспарының  (GAP) 

мақсаттары Қазақстан үшін өзекті, және ЕО осы мақсаттар бойынша, ұлттық дамудың бір бөлігі 

ретінде,  мемлекеттің  гендерлік  теңдік  саласындағы  тапсырмаларды  орындаудың  тиімділігін 

арттыруға  көмегін  тигізе  алады.  Қазақстан  үшін  гендер  саласында  ұсынылған  басты 

тапсырмалардың  ішіне  келесі  кіреді:  "Қыз  балалар  мен  әйелдер  мемлекеттік  салада  да,  жеке 

салада да оларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғалуы тиіс"; "Әйелдердің 

қаржы қызметтеріне, өндірістік ресурстарға, соның ішінде жер, сауда және кәсіпкерлікке теңдей 

қолжетімділігін  қамтамасыз  ету";  "Кемсітушілік  әлеуметтік  нормалар  мен  гендерлік 

стереотиптерді жою және өзгерту". 

Сонымен қатар, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде бірінші кезектегі тапсырма болып 

табылатын  бірқатар  жаңа  іс-шаралар  анықталған.  Олардың  ішінде  қазіргі  кездегі 

стереотиптерді өзгерту мақсатында гендерлік мәселелер бойынша білім беру: әйелдер 

мен  қыз  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылық  туралы  деректерді  жинау,  талдау  мен 

таратуда  көмек  көрсету;  гендерлік  зорлық-зомбылыққа  қатысты  мінез-құлық  үлгісін 

өзгерту  мақсатында  кең  ауқымды  білім  беруді  ынталандыру,  сонымен  қатар  ер 

адамдар  мен  ұл  балаларды,  жалпы,  қоғамдастықтарды  қатыстыру.  Қазақстанда 

гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қосатын 

нақты  бастамалар  келесі  іс-шараларды  қамтуы  тиіс:  тұрмыстық  зорлық-зомбылық 

мәселелерін  шешудің  жаңа  тәсілдерін  қолдау,  ер  адамдар  еріксіз  еңбек  құрбандары 

болатын  адам  саудасына  қарсы  тұру,  құжаттары  жоқ  тұлғаларға  көмек  көрсету  мен 

әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықтың қызметтерге қолжетімділігін жетілдіру. 

 

                                                



6

 

С.  Сомач  пен  Д.  Рубин.  2010.  Гендерлік  бағалау:  ЮСАИД/Орталық  Азия  Республикалары.  Вашингтон, 



Колумбия аймағы: АҚШ Халықаралық даму агенттігі. 18 б. 

7

 



Қазақстанның  феминисттер  лигасы.  2010.  Әйелдерге  қатысты  кемсітушіліктің  барлық  түрлерін  жою 

жөніндегі Конвенция Комитеті. Астана. 



жүктеу 54,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау