32
талантты және дарынды балаларды оқыту;
оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақ беру және оқыту;
оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Деңгейлік бағдарламаларды іске асыруда қазақстандық әріптестер
арасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы
мен елдің педагогикалық жоғары оқу орындарының біліктілігін арттыру
бөлімшелері әрекет етеді. Кембридж Университетінің Білім беру факультеті
халықаралық әріптес ретінде әрекет етеді.
Барлық оқу материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып
шығады және ПШО сайтында
www.cpm.kz
орналастырылады.
Тұтастай алғанда, ПШО және оның филиалдарының базасында жыл
сайын деңгейлік курстардың бағдарламалары бойынша 5000-ға жуық мұғалімді
оқыту жоспарланып отыр.
3.3.3. Орталық аппараттың және Орталықтардың қызметкерлері
ДББҰ Орталық аппараты мен Орталықтарының қызметкерлеріне кәсіби
даму мүмкіндігі берілген, бұл білім беру ұйымдарының тез өзгеретін жұмыс
істеу, Зияткерлік мектептерде инновацияларды енгізудің өсу қарқыны
жағдайында айрықша маңызды. Елде, сол сияқты шет елдерде семинарларға,
конференцияларға, тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарына қатысу
көзделген.
ДББҰ орта білім беруді дамыту, шетелдік модельдердің отандық
тәжірибемен бейімделуі мен интеграциялануын қамамасыз ету бөлігінде
меншікті қызметті ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Зерттеу мақсаты
Зерттеулердің негізгі мақсаты ДББҰ миссиясы мен пайымдауына қол
жеткізуге ықпал ететін практикалар мен іс-қимылдарды айқындау және
жетілдіру болып табылады. Бұл үш тілді оқыту, нәтижеге бағдарланған оқыту,
функционалдық сауаттылық, оқушылардың дағдыларға қол жеткізуін сыни
бағалау сияқты инновацияларды енгізу жағдайында аса маңызды.
Зерттеулердің нәтижелері инновацияларды одан әрі жетілдіру және білім беру
процесінің табыстылығы үшін пайдаланылады.
Бұдан басқа, бұл білімдер Зияткерлік мектептердің моделін өз жағдайына
енгізетін жалпы білім беретін мектептерді қолдау үшін пайдаланылады.
Зерттеулердің бағыты
Қолданбалы зерттеулер мынадай салаларда: педагогика (оқушыларды
оқыту және олардың жетістігі, белсенді зерттеу әдісі және т.б.), менеджмент
(мүдделі адамдардың өзара қарым-қатынасы, мақсаттар мен тәжірибені келісу
және т.б.), социология (қоғамның ДББҰ қызметіне қатынасы және т.б.),
психология (оқушылардың психологиялық жай-күйі, мұғалімдер мен ата-
аналардың қарым-қатынасы, олардың құндылықтары және т.б.) практикалық
шешімдер іздеуге бағдарланған.
33
ДББҰ Action Reaseach жобасы шеңберінде мұғалімдердің, Leadership
жобасы шеңберінде мектеп директорлары мен әкімшілігінің жеке практикасын
жетілдіру, Super, Hertcam жобасы шеңберінде Ұлыбританияның мектептерімен
ынтымақтастық мәселелері бойынша жеке зерттеулер мен әзірленімдер
жүргізетін болады.
3.4
Оқушылар контингентін қалыптастыру
Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының контингенті Зияткерлік
мектептің оқу бағдарламасын игеруге қабілетті балаларды конкурстық іріктеу
арқылы қалыптасады.
1-6-сыныптардың контингентін қалыптастыру «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарының 1-6-сыныптарына
қабылдау қағидасына сәйкес Зияткерлік мектептерде бос орындар болған кезде
конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Бұған Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектеп жатпайды, онда
эксперимент ретінде 1-6-сыныптарды қалыптастыру үшін балабақша құрылды,
оның контингенті жергілікті атқарушы орган айқындаған рәсімге сәйкес және
Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектептің 2-6-сыныптарына оқуға
қабылдау қағидасына сәйкес жинақталады. Экспериментті Көкшетау қаласында
бастауыш сыныптар ашу арқылы кеңейту жоспарлануда.
Оқушыларды 1-6-сыныптарда оқыту ішінара ата-аналарының қаражаты
есебінен ақылы негізде жүзеге асырылады, 7-сыныптан бастап оқушылар
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын
тағайындау және оның мөлшері қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президентінің «Өркен» гранты есебінен оқиды.
Грант тағайындау жасы оқушылардың дарындылығын бағалаудың және
айқындаудың халықаралық тәжірибесін талдауға негізделген. 12-14 жаста
оқушыларда жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілеттілік
анықталады.
Кембридж Университетімен бірлесіп әзірленген және оқушылардың
функционалдық сауаттылығын, шығармашылық және сыни ойлауын, зерттеу
дағдыларын және тіл құзыреттілігін дамытуға бағдарланған Интеграцияланған
білім беру бағдарламасын енгізуге байланысты оқушылар қабылдауға
қойылатын талаптар өзгерді. Білім берудің жаңа мазмұнын игеру үшін
үміткерлер пәндер бойынша білімді ғана емес, жаратылыстану-математика
ғылымдарын оқуға қабілетті болуы қажет, бұл оларға Зияткерлік мектепте
оқудың барлық кезеңінде табысты болуға мүмкіндік береді.
Оқушыларды конкурстық негізде қабылдаудың жаңа жүйесін әзірлеу
үшін
Ұлыбританияның,
Австралияның,
АҚШ
пен
Нидерландының
халықаралық тәжірибесі зерттелді.