26
мақсатында пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты бағалауды және
қабілетті психометриялық бағалауды үйлестіретін оқушыларды конкурстық
негізде іріктеу жүйесін әзірлейді және енгізеді;
оқушыларды оқытудағы жеке дара прогреске мониторинг жүргізу.
Бұл үшін ДББҰ Сито Педагогикалық өлшемдер институтымен
(Голландия) бірлесіп, әрбір оқушының жеке оқу траекториясын ұдайы түзету
үшін оқушылардың пәндер бойынша жетістіктеріне мониторинг жүргізу
жүйесін (модель, құралдар, технология) әзірлейді және енгізеді;
оқушыларды бастауыш, негізгі және жоғары мектептерді
бітіргеннен кейін сырттай қорытынды бағалау.
Бұл үшін ДББҰ Кембридж Университетімен бірлесіп, халықаралық
көзқарас деңгейінде бағалау құралдарын (тапсырмалар, әртүрлі типтегі тесттер,
портфолио форматтары, жобалар, шығармашылық жұмыстар), өлшемдері мен
технологияларын әзірлейді және енгізеді. Ағылшын, қазақ (екінші ретінде)
және орыс (екінші ретінде) тілдерін тіл білудің жалпы еуропалық шеңбер
деңгейіне сәйкес білуді бағалау үшін Педагогикалық өлшемдер орталығы
базасында
CambridgeEnglishLanguageAssessment
орталығының
филиалы
ашылатын болады.
Оқушылардың жекелеген пәндер бойынша оқу жетістіктерін тәуелсіз
білім беру ұйымдарының халықаралық сертификаттар беріп сырттай бағалауы
ұйымдастырылатын болады.
Халықаралық ұйымдардың Зияткерлік мектептердің қызметін
бағалауы (аккредиттеу және авторландыру)
Зияткерлік мектептерге көрсетілетін білім беру қызметтерінің жоғары
сапасын растау, мектептердің білім беру бағдарламасын халықаралық тану,
бітірушілерге әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік беру үшін
олардың қзыметін бағалау нәтижелері бойынша халықаралық ұйым
аккредиттеген мектептердің мәртебесін алу қажет. Астана қаласының
Зияткерлік мектебіне жоғары (DP) және негізгі (MYP) мектептің білім беру
бағдарламалары бойынша «Халықаралық Бакалавриат мектептері» мәртебесін
алу қажет.
Зияткерлік мектептер үш кезеңнен өтеді: дайындық – қызметін
халықаралық стандарттардың талаптарына өзін-өзі бағалау үшін, халықаралық
ұйымға өтінім беру кезеңі, өзін-өзі бағалау нәтижелерін валидациялау және
мәртебе беру туралы шешім қабылдау үшін халықаралық ұйым комиссиясының
сапары.
Аккредиттеу және авторландыру жөніндегі жұмыс Кембридж
Университеті
мен
Халықаралық
Бакалавриат
Ұйымы
халықаралық
сарапшыларының консультациялық қолдауымен жүзеге асырылады.
Зияткерлік мектептердің қызметін өзін-өзі бағалау құралдары мен
технологиялары білім беру ұйымдарының қызметін стандартталған
инспекторлық тексеруді ұйымдастыру үшін еліміздің білім беру жүйесіне
берілетін болады.
27
Білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау мыналарды бағалауды
қамтиды:
мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың тиімділігі;
Зияткерлік мектептер іске асыратын оқу бағдарламаларының
сапасы;
үш тілділік саясатының тиімділігі;
педагогтардың кәсіби құзыретінің сапасы;
педагог кадрлардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін
арттыру сапасы;
ПШО базасында біліктілікті арттырудың деңгейлі курстарының
мұғалімдері мен жаттықтырушылары қызметінің тиімділігі;
оқытатын ортаның жай-күйі;
оқушылардың денсаулық жағдайы және психологиялық қызмет
жұмысының тиімділігі;
мектеп әкімшілігі жұмысының тиімділігі;
мектепті басқару тиімділігі.
Білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау жөнінде зерттеулер жүргізу
үшін зерттеу нәтижелерін жинау, өңдеу және талдамалық қорытындылар
дайындау үшін құралдар (көрсеткіштер, индикаторлар, сауалнамалар,
сұрастыру және т.б.) мен тиісті технологиялар әзірлеу қажет.
Зияткерлік мектептердегі білім берудің жай-күйін және көрсетілетін білім
беру қызметтерінің сапасын кешенді бағалау үшін қызметкерлерді оқыту,
бағалау процесіне Зияткерлік мектептің әкімшілігін және тәуелсіз
сарапшыларды тарту қажет. Бұл Зияткерлік мектептердің рейтингін айқындауға
және сапалы білім беру қызметтерін көрсетуде кінәратсыз бәсекені құруға
мүмкіндік береді.
Білім берудің жай-күйін кешенді бағалау нәтижелері мыналар үшін
пайдаланылатын болады:
білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында даму
бағдарламаларын және мектептердің қызметінің тиімділігін жетілдіру жөнінде
ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
қоғамды ақпараттандыру мақсатында талдамалық баяндамалар
дайындау.
Білім беру сапасын бағалаудың кешенді жүйесін жасау және енгізу,
бағалау саласындағы әлеуетті орнату үшін Педагогикалық өлшемдер орталығы
(бұдан әрі – ПӨО) құрылды.
3.2.1 Педагогиккалық өлшемдер орталығы
ПӨО оқушылар мен педагогтарды конкурстық негізде іріктеу рәсімдерін
ғылыми-зерттеу,
ұйымдастырушылық
және
ақпараттық-технологиялық
қамтамасыз етуді, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуді,