«назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет14/18
Дата31.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#18534
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

34 

 

Жұмыс  стратегиялық  әріптестер:  Cito  Педагогиялық  өлшемдер 



институтымен  (Нидерланды)  және    Джонс  Хопкинс  Университетінің  (АҚШ) 

Талантты жастар орталығымен (CTY) бірлесіп жүргізілді.  

Әзірленген жүйе жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті 

балаларды  іріктеуге  бағытталған  және  математика  бойынша  суреттермен, 

кестелермен,  диаграммалармен  жұмысты  бағалау,  тілдер  бойынша  мәтінмен 

жұмыс  істеген  кезде  тілдік  құзыретті  бағалау  арқылы  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  тексеруге  бағдарланған  жаңа  тапсырмаларды 

қамтиды.  

Сол  сияқты  көргенін  есте  сақтауды, кеңістік  ойлауды,  логиканы  бағалау 

жүзеге  асырылатын  болады,  бұл  оқушылардың  жаратылыстану-математика 

бағытындағы мектептерде оқуы үшін маңызды.  

Алғаш  рет  тест  тапсырмаларының  сапасын  ескеруге  және  барлық 

үміткерлерге  апелляция  өткізбестен  тең  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ете 

отырып,  қорытынды  балдарды  автоматты  түрде  түзетуге  мүмкіндік  беретін 

оқушылардың нәтижелерін психометриялық өңдеу қолданылатын болады.  

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  5  және  6-сыныптарының  қабілетті 

оқушыларын  қолдауды  және  кейіннен  7-сыныпқа  түсуін  қамтамасыз  ету  үшін 

«Виртуалды мектеп» және «Каникулярлы мектеп» жобалары іске асырылуда.  

«Үздік» және «жақсы» бағаларға оқитын оқушылар Виртуалды мектепте 

онлайын  оқу  үшін  тіркеле  алады.  Виртуалды  мектеп  5  –  6-сыныптардың 

оқушыларына  жалпы  білім  беретін  мектептің  бағдарламасы  бойынша 

күрделілігі  әр  түрлі  деңгейдегі  онлайн-тапсырмалардың  сериясын  ұсынады. 

Виртуалды  мектептің  тапсырмаларын  табысты  орындаған  оқушылар  мектеп 

каникулдары кезінде Каникулярлы мектепке оқуға шақырылады. Каникулярлы 

мектеп оқушыларға  Зияткерлік  мектепке  түсу  үшін білімін  жақсартуға  қолдау 

көрсетуге  бағытталған  және  бірінші  кезекте  пәндік  бағдарланған  оқытуды 

қамтамасыз етеді.    

Каникулярлы  мектепке  қабылдаудың  басқа  да  мүмкіндігі  бар.  ДББҰ 

мұғалімдері  мен  психологтарын  қамтитын  топтар  5  және  6-сыныптардың 

оқушыларын  байқау  үшін  үлгерім  көрсеткіштері  үздік  мектептерге  барады, 

пәндік  және  психологиялық  тестілеу  өткізеді,  тестілеуден  табысты  өткен 

оқушыларды Каникулярлы мектепте оқуға шақырады. 

Талантты  жастарды  анықтау  және  қолдау,  олардың  академиялық  және 

әлеуметтік әлеуетін дамыту мақсатында Зияткерлік мектептер базасында жазғы 

мектептер  өткізу  және  жыл  бойғы  оқу-сауықтыру  орталықтарын  құру 

жоспарлануда.  

 

3.5 

Зияткерлік мектептер желісін құру және дамыту  

 

Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 



жоспарына  сәйкес  Қазақстанның  бүкіл  өңірлерінде  20  Назарбаев  Зияткерлік 

мектебі  жұмыс  істейтін  болады.  2013  жылғы  наурызда  Астана  қаласында  (2 




35 

 

мектеп),  Көкшетау,  Семей,  Талдықорған,  Орал,  Өскемен,  Қарағанды,  Ақтөбе 



және  Шымкент  (2  мектеп)  қалаларында  11  Зияткерлік  мектеп  жұмыс  істейді. 

2015  жылы  Қазықстанның  бүкіл  өңірінде Зияткерлік  мектептер  салуды  аяқтау 

жоспарлануда.  

Зияткерлік  мектептер  оқу  бейініне  қарай  физика,  химия,  биология, 

информатика  және  басқа  да  пәндер  бойынша  мамандандырылған  оқу  және 

кеңейтілген зертханалармен жарақтандырылатын болады.  

Тұтастай алғанда, жобалау, салу, материалдық-техникалық жарақтандыру 

жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыру  білім  беру  моделінің  талаптары  ескеріле 

отырып жүзеге асырылады.  

Бұдан  басқа,  оқушылардың  физикалық  және  рухани  жан-жақты  дамуын 

қамтамасыз ету үшін жыл бойғы оқу-сауықтыру орталықтары құрылады.  

Жобалау  мен  салуды  ұйымдастыру  үшін  ДББҰ  жанынан  еншілес  ұйым 

құрылды,  оның  құзыретіне  болашақта  салынған  ғимараттарды  күтіп  ұстау 

мәселелері кіретін болады.   

 

3.6 

Тәжірибені тарату 

 

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 



18  сәуірдегі  кеңейтілген  отырысында  берген  Назарбаев  Зияткерлік 

мектептерінің  тәжірибесін  көрсету  туралы  тапсырмасына  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  ДББҰ  тәжірибесін  тарату  жөніндегі  тұжырымды 

көзқарастарды мақұлдады. 

Мемлекет  басшысының  Зияткерлік  мектептердің  тәжірибесін  көрсету 

туралы  тапсырмасын  орындаудың  маңызды  бөлігі  педагогтардың  біліктілігін 

арттырудың  түбегейлі  қайта  құрылған  жүйесі  болып  табылады.  Оны 

жаңғыртуды  ПШО  әлемдік  тәжірибені  және  халықаралық  көзқарастар 

деңгейінде  даярлықтан  өткен  үздік  педагог  ұжымдар  жиналған  Зияткерлік 

мектептер тәжірибесін интеграциялау негізінде жүргізеді.    

Кәсіби  қоғамдастықтарды  дербес  оқытуды  және  дамытуды  қолдайтын 

кәсіби даму бағдарламалары әзірленді, онлайн ресурстар құрылды, онда кәсіби 

даму  үшін  мүмкіндік  беріледі,  онлайн  сабақтар  мен  семинарлар,  әр  түрлі 

конференциялар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.   

Республиканың педагог қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай 

жасау  үшін  ПШО  сайтының  базасында  www.cpm.kz.  біліктілікті  арттырудың 

деңгейлі  бағдарламалары  шеңберінде  оқудан  өткен  педагогтардың  желілік 

қоғамдастығы  құрылды.  ПШО  сайтының  форумы  мұғалімге  білікті 

консультативтік көмек алуға мүмкіндік береді.  

Кәсіби  желілік  қоғамдастық  Қазақстанның  әр  түрлі  өңірлерінде  тұратын 

мұғалімдерге  кәсіби  мәселелерді  шешуге  және  өзінің  шеберлік  деңгейін 

арттыруға мүмкіндік береді.  

Республика  ауқымында  бірыңғай  ақпараттық-әдістемелік  кеңістік  құру 

қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыруға  және  жүзеге  асыруға,  оқушыларды 




жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау