2
МАЗМҰНЫ
1 КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1.1 Девиз, миссия және пайымдау .................................................................. 4
1.2 Стратегиялық мақсат .................................................................................. 5
1.3 Стратегиялық міндеттер ............................................................................ 5
1.4 Зияткерлік мектептерді құрудың алғышарттары .................................... 5
1.5 Қызметінің қағидаттары ............................................................................ 6
2 БАСҚАРУ ............................................................................................................. 7
2.1 Жоғары Қамқоршылық кеңес .................................................................... 7
2.2 Қамқоршылық кеңес ................................................................................... 8
2.3 Басқарма....................................................................................................... 8
2.4 Зияткерлік мектептердің Директорлар кеңесі ......................................... 8
2.5 Зияткерлік мектептерді мектепішілік басқару ........................................ 9
2.6 Есептілік .................................................................................................... 10
3 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР .................................................................... 10
3.1 Сабақ беру және оқыту ............................................................................ 10
3.2 Білім беру сапасын бағалау жүйесі ......................................................... 25
3.3 Кәсіби даму................................................................................................ 28
3.4 Оқушылар контингентін қалыптастыру ................................................. 33
3.5 Зияткерлік мектептер желісін құру және дамыту ................................. 34
3.6 Тәжірибені тарату ..................................................................................... 35
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ .................................................. 38
2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ........................................ 40
ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР .............................................. 40
3
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев серпінді білім беру бағдарламаларының бастамашысы бола
отырып, білім беру жүйесін дамытуды қолдайды. Мемлекет басшысы барлық
бағдарламалық құжаттарда сапа, адами капиталға инвестициялардың
толықтығы және ұлттың бәсекеге қабілеттілігі арасындағы өзара байланысты
атап көрсетеді. «Қазақстан- 2050» Стратегиясында ол былай деген болатын:
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз керек.».
2008 жылғы 12 наурызда Президент жаратылыстану-математика
бағытындағы пәндерді оқуға қабілетті дарынды балаларды іріктеу және оқыту
үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Зияткерлік мектептер
желісін құру жөніндегі бірегей жобаға бастамашы болды.
Зияткерлік мектептер Президенттің ойынша ұлттың зияткерлік әлеуетін
дамытуға жәрдемдесуге тиіс. Ал мектептердің түлектері Қазақстанның әл-
ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өрелі үлес қосады.
Президент қойған міндеттерді орындау үшін Зияткерлік мектептер
инновациялық білім беру моделін әзірлейді, олар үздік қазақстандық және
халықаралық тәжірибені интеграциялайды.
Дәл
осындай
көзқарас
мектептердің
түлектеріне
Назарбаев
Университетіне, үздік қазақстандық және беделді шетелдік жоғары оқу
орындарына ойдағыдай оқуға түсуге және оқуларын аяқтауға мүмкіндік береді.
Олар еңбек нарығында сұранысқа ие болатын болады, әлеуметтік-
экономикалық және саяси салаларда белсенді ынтымақтасатын болады,
инновацияларды жер-жерде енгізеді, осылайша, Қазақстанның халықаралық
аренадағы беделі мен іскер абыройын арттыратын болады.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясында айтылғандай «Қазіргі әлемде жай
ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің
азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде
жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.». Зияткерлік мектептер
қоғамда «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын енгізуге арналған, ол Мемлекет
басшысының сөзінше әрбір қазақстандықтың жеке кредосы болуға тиіс.
Қазақстан халқына 2011 жылғы сәуірдегі өзінің жолдауында Нұрсұлтан
Назарбаев білім беруді және адами капиталды дамыту аса маңызды мәселелер
болып табылатындығын баса айтты. Президент Зияткерлік мектептер үкіметтің
тәжірибені трансляциялау арқылы орта білім беру жүйесін реформалау
жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылатындығын және Зияткерлік
мектептердің миссиясы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал
ететіндігін атап өтті. Зияткерлік мектептердің басты міндеті бәсекеге қабілетті
түлектерді даярлау ғана емес, сонымен бірге өзінің тәжірибесін трансляциялау
арқылы Қазақстанның орта білім беру жүйесін дамытуға ықпал етуден, барлық
адамдарға сапалы орта білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуден
тұрады.