«назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет12/18
Дата31.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#18534
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

30 

 

PGСE  –  Білікті  мұғалім  мәртебесін  (QTS)  алу  үшін  бакалавр-



педагогтардың бір жылдық курсы.  

Біліктілікті  арттыру  жүйесі  өз  әріптестерін  үздік  халықаралық 

практикаларға  сәйкес  оқытуды  ұйымдастыруға  қабілетті  халықаралық 

деңгейдегі жаттықтырушыларды дайындауға бағытталған.  

Жаттықтырушылардың алдыңғы қатарлы тобы өз қызметін жаңадан 

ашылатын Зияткерлік мектептердің педагогтарын Зияткерлік мектептердің 

ең  төменгі  талаптарына  сәйкес  келу  үшін  қажетті  деңгейге  дейін  «жеткізуге» 

бағыттайды,  бұл  басып  озатын  жалдауды  және  мұғалімдерді  арнайы  оқытуды 

жүргізуге негіздейді.    

БАЖ  жұмыс  істеген  кезеңде  біліктілікті  арттыру  курстарында  және 

«Сыни  ойлау»  (Кембридж  Университетінің  сертификаттары),  «Балалардың 

дарындылығын  дамыту»  (Джонс  Хопкинс  Университеті  Талантты  жастар 

орталығының  сертификаттары)  (АҚШ)  бағдарламасы  бойынша  халықаралық 

бағдарламалар  бойынша  оқудан,  пәнді  ағылшын  тілінде  оқыту  (ТКТ) 

дағдылары  бойынша  ағылшын  тілінде  оқудан  өткен  Зияткерлік  мектептердің 

педагогтары  қатарынан  басты  ішкі  даму  ресурсы  –  сертификатталған 

жаттықтырушылар 

кластері, 

Кембридж 

Университетімен 

бірлесіп, 

Педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған Жалпы білім беретін мектептер 

мұғалімдерінің  біліктілікті арттыру бағдарламасының үшінші (базалық) деңгей 

бағдарламасы бойынша бағалау жөніндегі жаттықтырушылар мен сарапшылар 

қалыптасты. 

БАЖ  бағыттарының  бірі  Зияткерлік  мектептердің  мұғалімі  лауазымына 

кіргенге  дейін  мұғалімдердің  біліктілігін  алдын  ала  арттыру  жөніндегі  жұмыс 

болып  табылады.  Осылайша,  Университет  Колледж  Лондон,  Ұлыбритания 

(UCL) бірлесіп әзірленген бағдарламалар бойынша Назарбаев Университетінің 

базасында  100  педагогты  дайындау  жөніндегі  жоба  іске  асырылды. 

Қазақстанның білім беру жүйесін инновациялық дамыту жағдайында мектепті 

басқару  тәжірибесін  зерделеу,  тиімді  басқару  технологияларын  игеру 

мақсатында ашылатын Зияткерлік мектептердің болашақ директорларын алдын 

ала даярлау (тағылымдамадан өткізу) жүзеге асырылады.     

Сабақ берудің халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында шетелдік пән 

мұғалімдерін Зияткерлік мектептерге шақыру жөніндегі жоба іске асырылады.  

Стратегиялық  әріптестермен  бірлескен  жұмыс  Ұлыбританиядан,  АҚШ-

тан, Жаңа Зеландиядан, ОАР-дан және басқа да елдерден шетелдік оқытушылар 

– халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар тартуға мүмкіндік берді. 

Бұл  жоба  ұдайы  дамиды,  ол  Зияткерлік  мектептерге  сteamleader 

басшылығымен    педагогтар  командасын  жіберуді,  сыныпта  бір  мезгілде  екі  – 

қазақстандық  және  шетелдік  педагог  жұмыс  істейтін  «teamteacher»  жүйесін 

енгізуді көздейді. 

Педагогтарды  кәсіби  дамыту  жөніндегі  жүйелі  шаралар  Зияткерлік 

мектептер  мұғалімдерінің  «Болашақ»  бағдарламасына  қатысу  мүмкіндігін, 




31 

 

оның  ішінде  Зияткерлік  мектептер  педагогтарын  нысаналы  даярлауды  ашу 



арқылы кеңейтеді.    

Назарбаев  Университетімен  бірлескен  педагогтарды  сыни  ойлау 

жөніндегі курстарда оқыту, біліктілікті жыл сайын арттыру жөніндегі жобалар 

Білім  беру  Факультетінің  ұйымында  өз  жалғасын  табады,  мұндай  мұғалімдер 

магистр дәрежесін ала алады.  

Тұтастай  алғанда,  педагогтар  сабақ  берудегі  технологияларды 

интерактивті  пайдалануға,  сабақ  беру  мен  оқытудың,  зерттеу  жұмысының 

тұжырымды  (рәсімдік  емес)  әдістерін  енгізуге  қабілеттілікті  игереді,  ол 

сынамалар  мен  қателер  әдісінің,  практикалық  жұмыстардың  көмегімен  терең 

түсінуді дамытады.  

Тағылымдамадан өтуші мұғалімнен шебер мұғалімге дейін мұғалімдердің 

біліктілігінің  6  деңгейлік  жүйесін  көздейтін  қалыптасатын  педагогтарды 

аттестаттау  жүйесі  осы  маңызды  процеске  ықпал  етуге  танылған.  Жаңа 

аттестаттау жүйесі педагогикалық еңбекке қатынасты өзгертуді, педагогтардың 

қызметін бағалаудың оңтайлы өлшемдерін пысықтауды болжайды, мұғалімнің 

әлеуметтік мәртебесін арттыруға ықпал ететін болады.  

Мұғалімнің  кәсіби  өсуіне  сол  сияқты  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің 

үздік мұғалімі» конкурсы ықпал ететін болады.   

БАЖ  дамытудың  жаңа  кезеңі  басты  назарды  инновациядан  сапалы  іске 

асыруға,  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  тақырыбы  мен  нысандарын 

кеңейту арқылы инновацияларды қолдауға ауыстыру қажеттілігіне байланысты 

кәсіби дамытудың интеграцияланған жүйесін құру болады. 

Зияткерлік  мектептердің  БАЖ  қисынды  дамуы  Педагогикалық  шеберлік 

орталығын (бұдан әрі – ПШО) құру болды.   

 

3.3.2. Педагогикалық шеберлік орталығы 



 

ПШО  жалпы  білім  беретін  мектептер  мұғалімдерінің  біліктілігін 



арттыруды 

ұйымдастыру 

жолымен 

республиканың 

мұғалімдерінің 

педагогикалық  шеберлігін  дамытады.  ПШО-да  деңгейлік  бағдарламаларды 

әзірлеу,  жаттықтырушыларды,  бағалау  жөніндегі  сарапшыларды  дайындау 

ұйымдастырылған, осылайша елдің педагогтарын жаңа деңгейде кәсіби дамыту 

үшін жүйелі шаралар қабылданды.  

Зияткерлік  мектептерде  енгізілетін  және  іске  асырылатын  халықаралық 

деңгейдегі  педагогикалық  практикадан  үздік  мысалдар  курстардың  негізі 

болды.  Деңгейлік  бағдарламалардың  мазмұны  мынадай  мәселелерді  кешенді 

қарауға негізделеді: 

 



сабақ беру мен оқытудағы жаңа көзқарас

 



сыни ойлауды оқыту; 

 



оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау; 

 



сабақ 

беруде 


ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

пайдалану; 



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау