Начало работы 26



жүктеу 0,8 Mb.
бет3/5
Дата24.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#16834
1   2   3   4   5

1.7 Ет қоректілер обасы

Сабақ мақсаты: ет қоректілер обасында патоморфологиялық және гистологиялық өзгерістерін оқып зерттеу.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973 ж. паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

Ет қоректілер обасының әр формасында мүшелердің өзгерістері:

-өкпелі

-ішекті


-жүйкелі ктатаралды

-аралас
1 Ет қоректілер обасы тері, ОЖЖ зақымдануымен, мұрын,көз кілегейінің қабынуымен, қызбамен жүретін ет қоректілердің вирусты ауруы. Бір айдан төрт жасқа дейінгі жануарлар ауырады.

Формалары: катаралды,ішекті-сирек,өкпелі,жүйкелі.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Жүдеу. Көз және мұрын айналасында қабыршақтар.Ойық жаралы гастрит, геморрагиялық колит, іріңді пиелонефрит, бронхит, ринит, пневмония, өкпе қабынуы. Эндокардта қан құйылу, миокардта инфаркт. Ми тамырларының гиперемиясы, ми домбығуы. Өкпеде эмфизема учаскелері.Қарын қыртысында, несеп жолында үлкен қан құйылулар.

Ажыратып балау: энцефаломиелит-орталық жүйке жүйесінің қатты зақымдануы. Катаралды құбылыстар әлсіз байқалады. Паратиф-диарея қатты байқалған, жиі күшіктер аурады. Талақ ұлғайған. Пастереллез-барлық жастағы жануарлар ауырады. Авитаминоз В1 - өлім тез пайда болады,1-2күн ішінде, ұстамалар байқалып, мал бұралып қалады.

Сабақ мазмұны:

1 тестілік тапсырма бойынша сұрау.

2 №6, №7 гистопрепараттармен жұмыс жасау.



Бақылау сұрақтары:

1Келесі аурулардан обаны ажырату:

-құтырық

-вирусты энтерит

-сальменеллез

-парвовирусты энтерит

-иттердің инфекциялық гепатиті

-түлкілердің энзоотиялық энцефаломиелит



1.8 Кампилобактериоз, Лайма ауруы, Эрлихиоз, Папиломатоз.

Сабақ мақсаты: Аурулардың патоморфологиясын оқып зерттеу..

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973 ж. паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

Келесі ауруларда мүшелердің патологиялық өзгерістері:

-кампилобактериоз,

-Лайма ауруы,

-эрлихиоз,

-папиломатоз


1 Кампилобактериоз. Этиология және патогенез: қоздырушысы Campyeobacter jejni диареямен жүретін ауру шақырады Campyeobacter jejni сау иттердің нәжісінен, сондай ақ парвовирусты және коронавирусты энтеритпен ауыратын иттерден пайда болады.

Клинико-анатомиялық байқалуы. Спонтанды диарея кезінде нәжістен кампилобактерия бөлінгенде иттерде катаралды энтероколит, нәжісте сілекей, кейде қан аралас қоспа бөлінеді.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Мықын ішек қабырғасы жуандаған, ішектің кілегейі ірі қыртысқа жиналып, қолмен қалпына келтірілмейді, шажырқай л.түйіні ұлғаюы тиіс.

Ішек қабырғасын гистологиялық зерттеуде аз ажыратылған ішекті торшалардың пролиферациясы анықталады.Крипталар күрт үлғайған,ішек талшықтарының ұзындығы қысқарған.

2 Лайма ауруы (боррелиоз,боррелиоз Лайма) - буын, миокард, бүйрек зақымдануы мен байқалады, әсіресе иттерде. Сонымен қатар жылқы, ірі қара мал сирек мысықтар ауырады.

Этиология: Лайма ауруының қоздырушысы – спирохетта, боремия, дорфери, иксодез, риценуз кенелерімен беріледі.

Спирохетта кене организмде барлық даму деңгейлерінде қатысады. Лайма ауруының қоздырушысы резервуары – жабайы жануарлар болып саналады. Соның ішінде тышқан тектес кеміргіштер. Иттерде борревирус адамда жиі ауыратын жерлерде тіркеледі.

Патогенез: Толығымен анықталмаған. Борревир қан бойынша таралады, сондықтан да бактериямен, сетициямен жүргізіледі. Кейіннен жүйелі зақымданулар пайда болады – артриттер, миокардит, нефрозды – нефрит, соның ішінде артриттер лайма ауруы кезінде тұрақты болып саналады.

Патолого–анатомиялық өзгерістер: Зақымдалған буындарда серозды – эксудат болады. Синовиальды қабаттарда ойық – жара байқалады және ол жуандаған. Жүрек бұлшық етінде сұрғылт ошақтар пайда болады және гиперемия. Бүйрек ептеп ұлғайған, шұбар түсті. Көптеген және жеке лимфа түйіндері ұлғайған микроскопиялық өзгерістер, буынды – синовиальды қабат жуандаған. Миокардты іріңсіз қабыну, бүйректе – бүйрек каналицтарының эпителий торшалары некроздалған.

Балау және ажыратып балау: Лайма ауруын диагностикалауда эпизоотологиялық жағдайын, клиникалық белгілерін және паталого анатомиялық өзгерістер мәліметтерде қарап анықталады. Боррелий бөлу мақсатымен қанды зерттеу қажет. Ажыратып балауда сары ауру лептоспироз кезеніндегі бауырлы симптоматикаға назар аудару керек.

3 Эрлихоз-Rhipice-phalus sanquineusj – кенелерімен берілетін трансмассивті ауру. Барлық жастағы жануарлар зақымдануы, әсіресе неміс овчаркасында кездеседі. Қанды мүшелер ауыр күйде зақымдалады.

Этиология және патогенез: Қоздырушысы – риккетсия, эрлихия, канис, қан мүшелерін зақымданумен сипатталады. Қанның формула элементтері өзгереді, қанды – пластинкалар саны өзгереді. Ауру барысында лимфоцит, нейтрофильді лейкоциттер қатынасы өзгермейді.

Патологоанатомиялық өзгерістер: Жүдеу, тері асты және борпылдақ клечатка домбығады. Ішектің кілегейлі қабықтарында қуықта, коньюктивада, қызыл иекте, миокард жуандағанда, эпикард астында, тері асты клечатка, өкпе мен бүйректе қа құюлар байқалады.Лимфа түйіндер, соның ішіне шажырқайларға ұлғайған қан құйылу әсерінен шұбар болып келеді. Бауырда қан құйылулар және өлі еттердің ұсақ ошақтары байқалады.

Балау: Нақты диагнозды бактериологиялық зерттеу арқылы қояды. Иттерде эрлихоз сәулелі аурумен ұқсас келеді.

4 Папиломатоз. Папилома әртүрлі этиологиямен патогенезге ие болатын кілегей қабат немесе тері эпителиінің зарарсыз ісігі. Иттерде папиломалар түрлі клиника – анатомиялық синдромдар жүреді.


  1. Ауыз қуысындағы көптеген папиломалар,олар жас малдарға тән.

  2. Әр жастағы иттерде бірлік папиломалар.

  3. Венерикалық папиломалар

  4. Қабақ және коньюктива папиломалары

  5. Саркома тәрізді фибрапапиломалар.

Осы 5 синдромдардан тек қана ауыз қуысының папиломалары жақсы зерттелген. Бұл ауру жас иттерге тән. Ал ересек иттерді ауру жануарлармен біріктіріп ұстаған жағдайда ауырады.

Патогенез: Папиломатозбен жұқтырылу ауыз қуысының кілегейлі қабаттарын зақымдайды. Кей жағдайда сирек коньюктива және тері арқылы. Инкубациялық кезең 1 айға дейін. Вирус тері немесе кілегей қабатқа енген соң эпителий торшаларына екі жолмен әсер етеді: біріншіден, базальды торшалардың күшейтілген митозын үстемдейді. Осының арқасында домбыққан өсінділер пайда болады. Екіншіден, дистрофиялық өзгерістер торшаларға шақыртады.

Патологоанатомиялық өзгерістер: Папилома кілегей қабаттарда шодырайып тұрады, ал беткейі тайғақ келеді. Тілдің, таңдайының сирек жұтқыншақ пен өңештің және бас аумағының терісінде көп папиломалар байқалады. Түрлі – түсті қырық қабатқа ұқсас келеді. Консистенциясы тығыз беткейі бұдыр болып келеді.

Микроскопиялық өзгерістері: жұқа нағыз пластинканы қаптап тұратын күрт жуандаған көп қабатты эпители өсінінен тұратын папиллома.Шипті қабатта ұлпалардың вакуольды дистрофиясы, акантоз. Шипты қабат сыртқы зонасының торшасы ядро ішіндегі телец қосындылардан тұрады. Электронды микроскопия арқылы онда папилломавирус анықталады. Ол папилломалардың осы түріне тән.

Сабақ мақсаты:

1 № 8, № 9 препараттармен жұмыс жасау

7 кестені толтыру

7 кесте – Төмендегі аурулар кезінде байқалатын өзгерістер





Аурулар

Мүшедегі өзгерістер

Кампилобактериоз













Лайма ауруы













Эрлихиоз













Папиломатоз














Бақылау сұрақтары:

1Келесі аурулардың патоморфологиялық өзгерістерін анықтау:

-кампилобактериоз

-Лайма ауруы

-эрлихиоз

-папиломатоз


1.9 Мысықтардың вирусты иммунодефециті,созылмалы полиатрит және вирусты лейкемия.

Сабақ мақсаты: Мысық ауруларының патоморфологиясын оқып зерттеу.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973ж. паталогоанатомиялық атлас


1 Мысықтардың вирусты иммунодефициті бұл созылмалы латентті инфекциялық ауру. Мұнда иммунды жүйелер зақымданады. Жануарларды көбіне бес жасқа дейінгі аралықта аурады. Әсіресе, аталықтар.

Жануарлардың ауруымен жұқтырылуын серологиялық әдіспен анықтаймыз.

Патогенез: Вирус сілекеймен бөлініп, бір малдан екінші малға жұқтырылады. Қоздырушысы Т – лимфоцитке әсер етеді. Жұқтырылған мысықтарды вирустардың әсерлерінен т – лимфоцит саны өзгереді.

5 деңгейде өтеді:

1 Жіті – бұл деңгей бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылады. Мұнда қызба лимфаденопатия байқалады.

2 Жасырын вирус тасымалдаушы деңгейі бір жылға дейін созылады.

3 Лимфоденопатия деңгейі бірнеше айға созылады.

4 Иммунодефицит пайда болу деңгейі : дене массасы жоғалады, созылмалы диарея, жоғары тыныс жолдарының қабынуы, стоматит, генгивит, экзема, дерматит. Бұл деңгей бір айдан 1 жылға дейін созылады.

5 Бұл деңгейде жүдеу, қаназдық, жаңа түзілулер байқалады. Деңгей бірнеше айға созылады. Иммунодефицит вирусымен жұқтырылған көптеген мысықтарда эрозиялы – стоматит, генгивит, демодекоз, натоэдроз.

Іріңді дерматит абцесс перетомит байқалады.Спецификалық макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістер мысықтардың вирусты иммунодефецитіне тән емес. Бірақ та экспериментальды инфекция нәтижесінде өлген мысықтарда кейбір паталого – анатомиялық өзгерістер анықталған.

Жануарлардың өлімге ұшырауы иммунодефециттің вирусынан жұқтырылғаннан 120 -150 апта өткенен кейін пайда болады.

Сойып жаруда келесілер анықталады: жүдеу, скелет – бұлшық еттерінің атрофиясы, өкпенің домбығуы, бронхопневмания, трахеялық бронхит, жеке лимфа түйіндерінің атрофиясы.

Балау. Диагностикалау үшін серологиялық және иммунологиялық зерттеуді қолданамыз.

2 Созылмалы полиатрит. Вирус түзеуімен негізделген мысықтар ауруы.

Клиникалық өзгерістері және морфологиялық өзгерістері: осы аурудың екі формасын анықтайды:

1. Эрозиялық форма – сирек кездесетін форма. Ол ересек мысықтарды жиі байқалады. Созылмалы түрге тән. Сирақ, білек, саусақ буындарының зақымдануымен байқалады. Буындарға пальпация жасағанда сүйек аралығындағы шекара сезілмейді. Буын қуыстарында нейтрофильді лейкоцит және лимфоциттердің біршама көлемі қосылған фибринозды эксудат жиналады. Синовиальды қабаттар лимфоциттермен және плазматикалық торшалармен инфильтрацияға ұшыраған. Синовиальды торшалапр ұлғайған және жиі лимфоидты түйіршіктермен орналасқан. Буынды шеміршек эрозиясы пайда болуы мүмкін.

2. Екінші форма жас аталық мысықтарда, соның ішінде пішілгендерде ғана кездеседі және 1,5 – 5 жастағылар. Дене қызуы күрт жоғарылайды. Буын аумағында ауырсыну байқалады. Лимфа түйіндер ұлғайған ауру басында буындар шамалап ісінген, оның қуысындағы фибринозды эксудат жиналып, кешірек эксудатта плазматикалық торшалар мен лимфоциттер пайда болады. Гистологиялық зерттеу жүргізуде аурудың басында ұлғайған лимфа түйіндерінен лимфоидты гиперплазия анықталады. Аурудың осы формасында буындар мен сүйектердің өзгерісі екі жақты болып өтеді. Көбіне тілерсек, алдыңғы шынтақ және тізе буындары сирек, сонымен қатар кеуде, бел омыртқаларының буынды беткейлері зақымдалады. Аурудың бастапқысында зақымдалған учаскесінде сүйектің губка тәріздес заттарының жұмсаруы ауруға тән келеді.
3 Панлейкопения-мысықтардың парвовирусымен шақырылатын аурулар.Қанды ұлпалар және ішекті крептолар зақымдалады. Панлейкопенияның қоздырушысы барлық мысық жетістіктерге патогенді келеді. Сонымен қатар енотқа, норкаларға да патогенді.

Патогенез: Панлейкопения көбіне иттердің парвовирусты интеритіне ұқсас келеді. Панлейкопенияның қоздырушысы парвовирус буаз мысықтың плацентасы арқылы еніп, төлдің жұқтырылуын шақыртады. Нәтижесінде мишықтың гипоплазиясы туындайды. Вирус көз сечаткасының дамуын тоқтатады, сонымен қатар жілік майды зақымдану да ұшыратады. Жілік майда торша саны аурудың үшінші күніне қарай азаяды.

Клиникалық белгілері: Панлейкопения жұқтырылғаннан кейін 56 күн өткен соң байқала бастайды. Жіті түрінде байқалады: көбіне қызба, қанаушылық, тәбетінің жоғалуы, құсу, іш өту және қаназдық. Кейбір мысықтарда көп жағдайда клиникалық мысықтарда көп жағдайда клиникалық белгісіз қысқа уақытта өлімге ұшырау байқалады.

Патологоанатомиялық өзгерістер: Сырттай көзбен қарағанда малдың жүдегені байқалады. Тері, бұлшықет, тері асты клечатка құрғақ келеді. Кілегей қабаттары майлы ұлпа, ақ немесе сұрғылт – ақ болады. Сонымен қатар ішкі мүшелерде анемияға ұшыраған. Ішкі мүшелерді зерттеуде макроскопиялық паталого – анатомиялық өзгерістер ішекте байқалады. Көбіне ішектің сірілі қабаты гиперемияға ұшырайды. Көптеген ұсақ қан құю бұлшықет қабынуда байқалады. Жіңішке ішектің кейбір жерлері кеңейген, пальпация жасауда қатты болып байқалады. Себебі, кілегей қабаттардың сірілі қабаты асты домбығады. Ішек жыны сулы жағымсыз иіске тән сарғыш сұр түсті, кейде жыны қанаралас болып келеді. Кілегей қабат әдетте тайғақ, сұр түсті, оның үстінде қан құюлар фибрин пленкалары анықталады. Шажырқайлы лимфа түйіндер ұшыраған.

Балау және ажыратып балау: Панлейкопения макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістер негізіне қарап қойылады. Өлгеннен кейінгі вирусалогиялық зерттеулер паталогиялық материал вирустың болмауын көрсетуі мүкін.Ал олардың тірі кезінде қойылатын диагноз панлейкопенияның улануымен вирусты лекемияның клиникалық белгілеріне ұқсас келеді. Сойып – жаруда ажырату кезінде ішекте және тимусқа назар аудару керек. Тірі кезінде балау үшін панлейкопенияны уланудан,құртты инвазиядан, вирусты лейкемиядан ажырату керек. Союда ажыратып балау панлейкопенияға тән тимуспен ішектің зақымдануын ескеру керек.
Сабақ мазмұны:

Ойын


Топ 3 звеноға бөлініп, оларға тақырып беріледі.

1 созылмалы полиартрит

2 вирусты иммунодефицит

3 вирусты лейкопения


Жергілікті пункттегі аурулармен күресу,оны балау,таралу жолдарын келтірмеу жоспарын құру.

1.10 Ит, мысықтар ауруларының патоморфологиясы тақырыбы бойынша қорытынды бақылау.

Сабақ мақсаты: Студенттердің білімін бағалау.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973ж. паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1 Фронталды сұрау

-лептоспироз

-листериоз

-стрептококкоз

-колибактериоз

-сіреспе

-микобактериоз

-мелиоидоз

-нокардиоз

-актиномикоз

-дерматофилез

-микоплазмоз

-бластомикоз

-гистоплазмоз

-поротрихоз

-питилоз

-мысықтардың вирусты иммунодефициті

-созылмалы полиартрит

-вирусты лейкемия

-кампилобактериоз

-Лайма ауруы

-эрлихиоз

-папиломатоз

-стрептококкоз

-колибактериоз

-сіреспе

-туляремия

-микобактериоз

-мелиоидоз

2 Тестілік тапсырма


1.11 Терісі қымбат аңдардың тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Сабақ мақсаты: Терісі қымбат аңдардың ас қорыту мүшелерінің ауруларының себептерін оқып зерттеу.

Материалмен жабдығы: №18-20-шы суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973ж. паталогоанатомиялық атлас.



Дайындыққа сұрақтар:

1 Келесі ауруларда этиология,патогенез, сою суреті:

-катаралды бронхопневмония

-плеврит


-ринит
1 Катаралды бронхопневмония – брохпен өкпенің жеке бөлшектерінде қабыну процессінің дамуымен сипатталатын ауру.

Этиология және патогенез: бронхопневмония экзогенді және эндогенді факторлармен шақырылады. Біріншіге қоршаған ортаның төменгі температурасы,жоғары ылғалдық, тыныс жолдарына бөтен дененің түсуі себеп келеді. Екіншіге – инфекция және организм резистенттілігінің төмендігі. Нутрий күшіктерінде бронхопневмония гайморитпен асқынады. Терісі қымбат аңдарда патогенез ауыл шаруашылық малдар бронхопневмониясы мен жалпы алғанда ұқсас келеді.

Патологанатомиялық өзгерістері: Өкпе тегіссіз боялған. Өзгерген учаскелердің түсі қара-қызылдан сұр-қызылға дейін, ұстағанда тығыз. Өкпе беткейінен ептеп шығыңқы. Ересек күшіктерде бронхопневмонияның созылмалы түрінде іріңді ошақтар байқалады.Бронх қуысынан экссудат бөлініп,кілегейі гиперемияға ұшыраған.

2 Плеврит – плевралды қуыста сұйықтық жиналуымен жүретін плевраның қабынуы. Плевра жапырақтарының қабынуы сірлі, сірлі-фибринозды, іріңді, геморрагиялық түрге бөлінеді. Таралуы бойынша біріншілік, екіншілік.

Этиология және патогенез: плеврит бронхопневмониядағыдай шақырылады, кейде өкпе қабынады. Екіншілік плеврит кеуде торшасы жарақатталғанда және тыс инфекция түссе туындайды.

Патологоанатомиялық өзгерістері: Эксудативті плевритте кеуде қуысында қабыну түріне байланысты лейкоциттен тұратын бұлдыр сұйықтық,фибрин талшықтары,микроб торшалары анықталады. Құрғақ плеврит кезінде плеврада қабыну ошағы аумағында фибрин анықталады. Созылмалы түрінде – бұрма болады.



Бақылау сұрақтары:

1 Катаралды бронхопневмония макросуреттері қандай ?

2 Катаралды бронхопневмония микросуреттері қандай ?

3 Плевриттің макросуреті қандай ?

4 Плевриттің этиологиясы қандай ?

5 Катаралды бронхопневмония ақыры қалай ?



1.12 Терісі қымбат аңдардың ас қорыту мүшелерінің аурулары.

Сабақ мақсаты: Терісі қымбат аңдардың ас қорыту мүшелерінің ауруларының себептерін оқып зерттеу.

Материалмен жабдығы: №11,14,24,26-шы суреттер көшірмелері, микроскоптар,микропрепараттар,П.И.Кокуричев 1973ж. паталого-анатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

Келесі аурулардың мүшелеріндегі паталоганатомиялық процесстерді, этиологиясы, патогенезі:

-стоматит

-гастроэнтерит

-ішек бітелуі

-майлы гепатоз

1 Стоматит ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы.

Этиология және патогенез: Стоматит сүйек жаңғақтары, балық қылтаны, тор сымдарымен қызыл иек және таңдай зақымданудан дамиды.егер жара стрептококктармен жұқтырған жағдайда қабыну процессі ауыз қуыс кілегейінің басқа да аумақтарына және терең орналасқан ұлпаларына таралады. Екіншілік стоматит инфекциялық және жұқпалы емес аурулардан дамиды.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Кілегей қабат гиперемияға ұшыраған, домбыққан. Жақ асты лимфа түйіндер ұлғайған, кейде іріңді қабынған.

2 Гастроэнтерит – қарын және ішектің бұзылуымен жүретін ауруы.Гастоэнтериттер бөлінеді: ағымы бойынша – жіті, созылмалы, патологиялық процесс сипаты бойынша – катаралды,геморрагиялық,ойық жаралы,пайда болуына қатысты – біріншілік,екіншілік.

Жіті түрінде ішек пен қарынның кілегейі өзгереді, ол лейкоциттермен инфильтрацияға ұшырайды, домбығып, деструктивті өзгеріске ұшырайды.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: ішек пен қарын кілегейі домбыққан, гиперемияға ұшыраған, нүктелі және ала қан құйылулар, ауру ауыр өтсе некрозға ұшырайды. Кілегей беткейі созылмалы мөлдір немесе бұлдыр сілекеймен қапталған.

Созылмалы түрінде ішек қабырғасы жұқарған,мөлдір,кілегей атрофияға ұшыраған.Ішек жыны қызғылт-қара түсті.

Нутрийлерде жіті катар әдетте барлық ішекті зақымдайды. Мұнда кілегей ептеп гиперемияға ұшыраған, тамырлар инъецирленген. Ішек жынының консистенциясы ботқа тәріздес.

Ішектің созылмалы катарында жіңішке немесе тек жуан ішек зақымдалады. Нәжістің консистенциясы қатты.Ішек аумағында ішектің созылмалы қабыну кезінде асқыну ретінде инвагинация түзілуі мүмкін.

3 Ішек бітелуі – ішек қуысының бөтен денелермен бітелуі немесе тарылуы.

Этиология және патогенез: бітелу көбіне шаш шаригімен түзіледі,басқа малдарда резеңке қалдығы,гельминттермен. Бөтен дене ішек жынының жылжуына кедергі туғызып, кілегейде қабыну процесін шақыртып, ас қорыту бұзылады.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: ішек қуысында бөтен дене, кілегей қабынуы, перитонит.

Балау: Құрсақ қабырғасы арқылы ішекке пальпация жасау жолымен балау.

4 Майлы гепатоз - бауырда шамадан тыс май жиналып, зат алмасу бұзылуымен сипатталатын ауру. Алиментарлы негізделген майлану, токсикалық, гипоксемиялық, дистрофиялық түрлері кездеседі.

Этиология және патогенез: Қараша-ақпан айларында жоғары калориялық азықпен азықтандыру бауыр торшаларында май жиналуымен олардың қызметінің бұзылуына әкеледі.

Бауырдың майлы дистрофиясы организмде ақзат жетіспеуінен,аналықтардың лактациялық жүдеуінде және т.б. себептерде дамиды.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Диффузды майлануда бауыр көлемі ұлғайған, жұмсақ, сарғыш-қызыл түсті. Гистологиялық зерттеу арқылы мүшенің барлық паренхимасы бойынша ірі майлы тамшылардың біркелкі-деффузды таралуы анықталады. Торша ядросы ығысқан,көбіне некробиотикалық өзгерген.

Дистрофиялық және токсикалық зақымдануда бауыр көлемі ұлғаймаған, бозғылт-сарғыш қоңыр түсті.

Көзге көрінетін кілегей қабаты боз,ептеп сарғыштау. Майлы ұлпа әр белсенділікте сары боп келеді.Ішек пен қарын кілегейі катаралды қабынған, талақ ұлғайған.

Сабақ мазмұны:

1 12,25,33,55,141 б.суреттерді оқу,паталогоанатомиялық атлас.

2 №11,12,13 гистопрепараттарды оқып,суреттеу

3 Тақырып бойынша мұражайдағы препараттармен танысу

Бақылау сұрақтары:

1 Гастроэнтерит кезінде өлім себебі.

2 Ішек бітелуі кезінде өлім себебі.

3 Майлы дистрофия себептері.

4 Бауырдағы майлы дистрофияның макросуреті.

5 Бауырдағы майлы дистрофияның микросуреті

6 Келесі ауруларда паталогоанатомиялық суреті:

а) асфиксиядан өлуі.

б) интоксикациядан өлуі.

7 Стоматит кезінде макросурет.

8Ішек бітелуімен стоматит этиологиясы.

1.13 Терісі бағалы аңдардың несеп бөлу мүшелерінің патологиясы.

Сабақ мақсаты: Несеп мүшелерінің ауруларында патологиялық сою суретімен этиопатогенезін оқу.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1Ауру патоморфологиясы:

-цистит

-нефрит


-нефрооз

-эндометрит

1 Нефрит – шоғырлардың тамырлы зақымдануымен қоса бүйректердің ошақты қабынуы (гломерулонефрит)Жіті созылмалы,қабыну процессінің сипатына қарай –асептикалық және іріңді.

Этиология және патогенез: вирусты плазмоцитоз ауруымен байланысты көбіне күзендерде кездеседі.Вирусты этиологиялы интерстициалды нефрит нутрилерде байқалады.Аңдарда жиі іріңді нефрит кездеседі,ол – жатыр,өкпе,ішек және т.б. зақымдалған мүшелерден бүйрекке инфекция түсу нәтежиесінде пайда болады. Патогенезі зерттелмеген.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: жіті гломерулонефрит кезінде бүйректерде әдетте макроскопиялық өзгерістер болмайды; созылмалы түрінде олар ұлғайған немесе кішірейген, бұдырлы, көптеген сұрғылт немесе қоңыр ошақтармен. Гистологиялық шоғырларда Шумлян-Боумен капсуласында дегенеративті өзгерістер анықталады.

Балау: Көбіне сою жолымен анықтайды. Тірі кезінде несепте – протеинурия, гематурия, цилиндрурия анықтау жолымен балайды.

2 Нефроз – қабынбаған сипатта бүйректің дегенеративті ауруы.

Терісі бағалы аңдарда бүйрек атрофиясы немесе тұз,май жиналу түрінде өтеді.

Этиология және патогенез:ет қоректілерде бүйректің майлы дистрофиясы бауырда май жиналумен бірге өтеді. Жиі күзенмен сасықкүзендер жиі шалдығады, сирек түлкілер.

Мұндай бұзылулардың себептері зат алмасу күрт бұзылумен жүретін азықтану бұзылуы. Бүйректе әктің жиналуы көбіне шөп жегіш малдарда кездеседі-нутрии және шиншил.

Әктің жиналуы жинағыш трубкада әкті цилиндр түрінде капиллярмен тамыр қабырғасы интерстициалды әктену түрінде өтеді. Осы бұзылу себептері толығымен зерттелмеген.

Бүйрек атрофиясы несептің несеп жолдары бойынша киын ағу нәтежиесінде бүйрек астаушасына несептің тұрып қалуынан пайда болады. Ағыс бұзылуының себебі несеп жолдарында гельминт немесе несеп тастары жиналуы.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Майлы дистрофияда бүйрек сарғыш-қоңыр.Гистологиялық зерттеуде иірілген каналец эпителиалды торшаларында ұсақ немесе ірітамшылы инфильтрация анықталады.

Бүйректердің майлы инфильтрациясы шөпті жануарларда көлемі ұлғаймайды.

Балау: қиынға түскен.Нематодалармен жұқтырылуын несепте паразит жұмыртқасын анықтау жолымен.

3 Тынжытас ауруы – бүйрек шоғырында немесе қуықта құм түзілуімен сипатталатын ауру.

Этиология және патогенез:тас пайда болуының себебі сулы-тұзды алмасу бұзылуы, сүйек шамадан тыс қоректендіру, А және В6 витаминдерінің жеткіліксіздігі, нуклеотидті алмасу бұзылуы. Уремия кезінде жүйке жүйесі бұзылады: қанаушылық, сіреспе, кома.

Балау: сою арқылы.Тірі кезінде несепті зерттеу арқылы протеинурия, гематурия, цилиндрурия анықтау жолымен балайды.


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау