|
‡й тапсырмасын тексеру
|
Дата | 22.05.2018 | өлшемі | 6,65 Kb. | | #16339 | түрі | Сабақ |
| Сабақтың жалпы мақсаты: Білу: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер , материктің зерттелуі туралы білу. Түсіну: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, материктің зерттелуі туралы түсінеді. Қолдану: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздерді білу мақсатында кескін карта мен атлас картаны, оқушы дәптерін қолдану. Күтілетін нәтиже: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелу тарихы туралы біледі, картаны, атлас пен оқушы дәптерін қолдана алады. Түйінді идеясы: Жер шарындағы ең ыстық материк -Африка. Психологиялық ахуал орнату *Оқушылар бір-біріне қарама –қарсы тұрады: *Егер сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз – оң қолыңызды көтеріңіз; *Егер сіз адамның шыншылдығын бағаласаңыз алға адымдаңыз; *Егер сіз өз біліміңізге сенсеңіз аяғыңызды қозғаңыз; *Егер сізге география пәні ұнаса – шапалақтаңыз; *Егер де сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз – қол ұстасыңыз. Топқа бөліну - Топқа бөліну
- Оқушылар берілген сурет қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.
- Еуразия және Аустралия
- Үй тапсырмасын сұрау
- 1.Материктерді алып жатқан аумағына қарай атап шығыңдар.
- 2.Аса ірі материктік аралдар.
- 3. Жер қыртысының даму тарихы қандай эраларға жіктеледі?
- 4. Қандай негізгі климаттық белдеулерді білесіңдер?
- 5.Өтпелі климаттық белдеулер.
- 6. Дүниежүзілік мұхиттағы жылы ағыстарды атаңдар?
- 7. Табиғат кешені дегеніміз не?
- 8. Географиялық қабық дегеніміз не?
- Сурет көрмесін ұйымдастыру.
- “Мұхиттың алыбы” тақырыбында сурет салу.
“Ой қозғау” әдісі -Экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін материк. -негроидтық нәсіл басым материк. - көлемі жағынан Еуразия материгінен кейін тұрған материк - Тақырыпты дәптерге жазыңыз.
- Яғни біз бүгін қандай тақырып өтеді екенбіз?
- Тақырып: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
- Осы тақырыпқа сай алдымызға қандай
- мақсат қоямыз?
- Бүгінгі сабақтың жоспары:
- 1.Географиялық орны.
- 2.Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
- 3. Зерттелу тарихы.
- Топтарға тапсырма беру:
-
- Еуразия тобы: Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
- Аустралия тобы: Зерттелу тарихы.
- Бағалау
- Сэндвич арқылы бағалау
- Топбасшысының бағалауы
“Синквэйн” әдісі Бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты бес жолды өлең шығару. - Үйге тапсырма
- Тапсырманы оқу, кескін картамен жұмыс жасау.Кескін картамен жұмыс жасау
- С а у б о л ы ң ы з д а р !
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|