Қаныш Имантайұлы менмендіктің бітіспес дұшпаны болды. Ол жастарды тәрбиелеу барысында еркеліктің болмауын талап етті, ол қиындықтарды, кедергілерді жеңе білу керек деп айтатын.
Қаныш Имантайұлымен әңгімелесе отырып, әрбір адам өзін оңай және сергек сезінетін. Онымен кездескеннен кейін ерекше күш-қуат, өмір сүруге және жұмыс жасауға деген құлшыныс пайда болатын. Біз онымен әңгімелесе отырып, өзімізді туған әкемізбен сөйлесіп отырғандай еркін сезінетінбіз. Ол жастардың үлкен досы болды, өте ықыласты, мейірімді және сонымен қатар қатал және талапшыла болатын. Ол жастарды жақсы істерге бағыттайтын, оларға еңбектің ұлылығын түсіндіретін, еңбекті құрметтеуге, адал еңбекшілерге құрмет көрсетуге және жалқауларды жек көруге мәжбүрлейтін.
Ол көп нәрсеге үйретті. Жұмыс жасай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, адамдарда тек жақсы қасиеттерді көруге; ол адамдарға ілтипат көрсетуге, адамдардың қателіктері мен кемшіліктерін кешіруге үйретті. Ол адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, адамдардың еңбекке қатысты төзімділігіне үйретті.
Достарыңызбен бөлісу: |