Н. В. Ниретина қаныш сәтпаев – атақты ғалым, мемлекет және қОҒам қайраткері, Өз елінің патриоты


Қ.И.Сәтпаев – ақылдың нағыз шамшырағы, ХХ ғасырдағы қазақ жеріндегі ломоносов бейнесіндегі ерекше үйлесімдегі ғалым



жүктеу 120,76 Kb.
бет7/11
Дата21.01.2022
өлшемі120,76 Kb.
#34070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
broshyura Satpaeva-kaz

Қ.И.Сәтпаевақылдың нағыз шамшырағы, ХХ ғасырдағы қазақ жеріндегі ломоносов бейнесіндегі ерекше үйлесімдегі ғалым. Қ.И.Сәтпаевты жақын білгендердің бәрі оның көптеген ғылым салалары бойынша жоғары ғұламалығы, кез-келген ғылыми мәселелерді талқылау барысында ең тиімді шешімдерді таба білетіндігі, күрделі ғылыми мәселелерге бейімделе алатындығы таң қалдыратын. Егерде XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов Шығысты зерттеуде құйрықты жұлдыз секілді жарқ етсе, онда Қаныш Сәтпаев ХХ ғ ғылыми ерліктің алыбы, балуаны болып табылады. Егерде бұрын Шоқан Уәлиханов жеке-ғалым болса, Қаныш Сәтпаев біздің заманымызда тұтастай ғылыми мектептің басшысы, ғылымның бірегей ұйымдастырушысы, Қазақстан ғалымдар армиясының тәлімгері және тәрбиешісі.

Қ.Сәтпаев өзінің жан-жақты және жемісті ісімен Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың даумына баға жетпес үлес қосты, ғылымның осы саласында да өшпес із қалдырды. Міне сондықтан барлығы академик Қ.И.Сәтпаевты қоғамдымдық ғылымдардың қадірлеушісі және досы деп таниды. Ол Қазақстанның ғылым тарихында әрқашан осылай қалады»

Жоғарыда аталған Кәкімбек Салықов былай деді:

«Сәтпаев есімі тек қана Қазақстанның индустриясы және ғылымының даму тарихымен байланысты емес, барлық халықтық шаруашылық және республиканың экономикалық және мәдени өмірінің дамуымен және қалыптасуымен үздіксіз байланысты. Қазақстанда өзінің орасан ғылыми және азаматтық беделімен адамдардың жүрегіне және ақылына ауқымды және жан-жақты Қ.И.Сәтпаев сияқты әсер еткен ғалым жоқ шығар. Онымен бұрынғы Кеңестің және республиканың өкіметі санасатын, өйткені онда Жердің астындағы мен үстіндегіні көретін данышпандық бар.

Қ.И.Сәтпаев Жезқазған мен Орталық Қазақстанға байланысты жұмыстар айналасында ғана тұйықталып қалған жоқ, Қазақстанның барлық аймағындағы іздестіру және барлау ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға белсенді әрекет етті, сондықтан оның талапты ақылы және мейірімді жүрегі Қазақстанның барлық кеңейтілген аймақтарының жерінде және жер қойнауында өшпес із қалдырды».

Қаз КСР ҒА академигі – құрылтайшысы, ботаник А.В.Павлов Сәтпаев туралы өзінің очеркінде: « Өзінің мінезінің және орасан пайдалы ісінің арқасында Қ.И.Сәтпаев Қазақстанда кең танымалдыққа ие. Құрметті есім: Қаныш аға есімін, металлургиялық зауыттардағы, көмір шахталарындағы, кеңшарындағы және ұжымшарындағы кез-келген қазаққа таныс еді. Далада оның есімін айтқанның өзі жеткілікті, Қ.И.Сәтпаевты кез-келген киіз үйде, кез-келген ауылда құрметті қонақ болуға. Оның ісі ғана емес, оның тұлғасы да белгілі, себебі Қ.И.Сәтпаев газет және журналдардағы фотосуреттерде жиі көрініс береді. Оның Қазақстанның көптеген атақты суретшілері, мүсін шеберлері салды, тіпті ұлы Вучетичте – оның портретін сомдады және қашады».

Әсіресе Қаныш Имантайұлының досының, мұрагерінің Социалистік Еңбек Ері (1963) Василий Иванович Штифановтың берген бағасы қымбат:

«Оның «соңына түсті». Көптен бері соңына түсті, бірақ ол ағылшындардың және Мәскеудегі Главком мамандарының болмашы болжамдарын теріске шығарып, Жезқазған рудаларындағы мыстың қорын жылдам арттыру бойынша практикалық ісімен және даналығымен жеңді. Әрі ол мұның бәрін асықпай, өнегелікпен, іскерлікпен жасады. Қазір өткеннің барлығын ой елегінен өткізе отырып, мен мынадай қорытынды жасадым, шын мәнінде ол барлығына тойтарыс берген данышпан адам болған екен. Ол Серго Орджоникидзе мен Лазар Кагановичке тек қана Жезқазғандағы мыстың өте үлкен қорын дәлелдеп қана қоймай, Кеңес өкіметіне Жезқазғанның ерекше қажет екендігін негіздеп берді. Қазақстан үшін жезқазғандық геологтың салтанатты шеруі қуаныш болды, ал Мәскеу үшін – олжа және үлкен тірек болды. Сіздер, ақындар және жазушылар, осындай өнегені көргенде «жақсы жандардың» даңқын шығарыңыздар, ал, біз, қарапайым адамдар, мұндай жағдайда жоғары ақылды бағалаймыз. Енді алыстан жорамалдауға болады: Қаныш Сәтпаев ерекше ақыл иесі, соған орай оның жүрегі де кең болды».

− Екіншіден, менің жас достарым, сіздерге айтарым деп Штифанов өз әңгімесінде мынаны баса айтты – мен кейде Сәтпаевқа деген кейбір көмескі көзқарастармен келіспеймін, яғни, оған атақты геолог ретінде бір жақты қарайтындармен, дегенмен ол алдымен тамаша адам болды ғой. Турасын айтайын: ол пайғамбар. Ол барлық Жердің геологиясын білді, жер шары оның басында болды. Сәтпаев барлық жағынан ұлы. Алла оған тек бой беріп қана қоймай, адамдағы жақсыынң бәрі берілген. Бұл ерекше сападағы қоспа. Мұндай адамдар дүниеге жүз жылда бір келеді, Рустағы – Пушкин сияқты, ал, қазақтарға – екінші Сәтпаев, мың жылдық. Қаныш шын мәнінде заманалық тұлға. Өтпелі ғасыр қазақтар үшін Сәтпаев пен Әуезов сияқты осындай алыптардың ғасыры. Адамдар ойланбастан, оны Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, ғылымның барлық жүйесін жасаушысы ретінде айтады. Алайда, мұндай жұмысты басқа елдерде ғасырлар бойы жасайды. Еске түсіріңіздер, Ломоносовтан Келдышке дейін, қаншама патшалар, әміршілер болды, сондай-ақ Ресей мен Кеңес Одағындағы Ғылым академиясының президенттері де қаншама. Қазақстанда Қаныш осы орасан зор, ғасырлық жұмысты өзі жалғыз жасады, қайталап айтамын, бұған көптеген мемлекеттер бірнеше ғасыр жұмсады.

Қаныш Имантайұлын мен қалай білсем, солай есімде қалды.



Онда Толстойға ұқсастық бар: зұлымдыққа зорлықпен жауап бермейтін, жоғары деңгейдегі мейірбан адам болатын. Сірә, мұндай тек кемеңгер адамдар ғана кездеседі. Мұның бәрі оны замандастарынан бір саты жоғары тұратын, ұлы ойшыл етті. Жамандық ойлайтындардың қатары оның атағымен, ұлы істерімен қатар өсіп отырды. Алайда, оның дайын металл түрінде берген ғажайыптарына сөзсіз сенді. Ғажайып аз уақыт ішінде орын алды, жаулардың арам ойлары Сәтпаевтың аяқ алысына үлгермеді... Мен бақыттымын, осындай ақылды, сенімді досым болғанына».

Қаз КСР ҒА корреспондент-мүшесі, серіктесі, әріптесі П.Т.Тәжібаева былай деп еске алады:

«Ол жастарға сенетін, өйткені ол батыл, жігерлі, барлық жаңаны қабылдайды. Жастарға, Қаныш Имантайұлы, үлкен жауапкершілік жүктеді: ғылымның тапталмаған сүрлеу шыңына шығу үлкен еңбек пен білімді талап етеді. Ол кеңес ғалымының борышы, өзін өзі ұстай білу және ғылымдағы үздік адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі туралы айтты. Осы тақырыпқа бірнеше рет тоқталды.


жүктеу 120,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау